ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ИНКЛЮЗИВТІ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІ



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
КІРІСПЕ
Қазіргі таңда, қоғамның әлеуметтік осал топтарына жататын мүмкіндігі шектеулі адамдардың өмірлерін жоғары деңгейде ұстау әр мемлекеттің парызы. Қазақстан Республикасында мүгедек балаларды әлеуметтік сақтау 1991 жылы қабылданған Қазақстан Республикасы мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы заңына сәйкес жүргізіледі. Сонымен қатар, 2005 жылы 13 сәуірде қабылданған, 2006 жылдың 1-ші қаңтарынан қолданысқа енгізілген Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау № 39-ІІІ ҚРЗ заңының негізгі мақсаты - мүгедектерді әлеуметтік қорғауды қамтамасыз ету және олардың тіршілік-тынысымен, қоғаммен етене араласу үшін тең мүмкіндіктер жасаудың құқықтық, экономикалық, ұйымдастырушылық шарттарын айқындау. Бұл заңдарда мүгедектерді әлеуметтік қорғауды мемлекеттік реттеу, мүгедектердің қоғамдық бірлестіктері, т.б. мәселелер қамтылған. Заңға сәйкес, мүмкіндіктері шектеулі балаларды арнайы әдістермен тәрбиелеу, оқыту, еңбекке баулу, өмір сүрген ортасына әлеуметтік бейімдеу шаралары негізінен үш министрліктің (денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім және ғылым) қатысуымен жүзеге асырылады. Заңда көрсетілген негізгі бағыттар бойынша қолдау шаралары мүмкіндіктері шектелген, даму процестерінде әртүрлі дәрежедегі ауытқулары бар балалар үшін қамқорлық болып саналады. Мүгедектерді біздің қоғамда оқыту, дамыту және тәрбиелеу үшін барлық жағдайды жасау - бұл заңның негізгі мақсаты. Бұл топқа жататын адамдардың құқықтарын қорғау өте маңызды, өйткені олар біз секілді жандар және олар тең жағдайда өмір сүруге құқылы. Мүмкіндігі шектеулі жандарды жақсы білім беру жүйесімен қамтамасыз ету үрдісін қатаң қадағалау қажет, себебі білім алу адам өміріндегі ең маңызды қадам болып табылады. Өзінің мүгедектігі бар адамдар мен балалардың мұқтаждықтарын қанағаттандыруға бағытталған күш-жігерін растау мақсатында Қазақстан 2008 жылы 11 желтоқсанда БҰҰ Мүгедектер құқықтары туралы конвенциясына қол қойды. Дегенмен, бұл құқықтар мемлекеттің кейбір аумақтарында тең дәрежеде қорғалмайды, әсіресе бұл кіші қалаларда жиі кездеседі. Бұл зерттеу жұмысында осы қиындықтар анықталады және оларды шешудің мүмкін жолдары ұсынылады. Қысқаша айтқанда, зерттеу жұмысының барысы келесідей. Біріншіден, Қазақстан Республикасындағы инклюзивті білім беру жүйесі шетел елдердің тәжірибесімен салыстырылады және жүйенің мүмкін кемшіліктері мен артықшылықтары анықталады. Екіншіден, мемлекеттегі қазіргі жағдайға баға беріліп, оны күшейту мақсатында жолдар ұсынылады. Мәжіліс депутаты, Омарбекова Жанаттың айтуы бойынша Қазақстандағы мүмкіндігі шектеулі 144 мың баланың үштен бір бөлігі ғана арнайы білім беру жүйесімен қамтамасыз етілген. Бұл Мүгедектер туралы конвенцияның жүйелі түрде жүзеге асырылмауын көрсетеді. Сондықтан біздің және мемлекеттің басты мақсатымыз әлсіз топтардың құқықтарын толық қорғау.

қазақстандағы инклюзивті білім беру жүйесі
Зерттеу жұмысымның тақырыбы туралы жалпы мәліметтерді жинау мақсатында екінші ретті ақпарат көздері - ғаламтор, журналдар мен кітаптар қолданылды. Инклюзивті білім беру - бұл физикалық, психикалық, зияткерлік және басқа да ерекшеліктеріне қарамастан балаларды жалпы білім беру жүйесіне енгізетін жүйе. Терминнің өзі латын тілінен шыққан: include - қосу, қамту. Инклюзивті білім беру аясында оқыту процесіне бейімделетін бала емес, керісінше, білімнің сипаты мен қарқыны баланың қажеттіліктеріне бейімделеді.
Мүгедектігі бар балаларға білімді басқа жолмен де береді:
Үйде оқыту
Қашықтықтан оқыту
Интернат және арнайы мектептер
Орта мектептердегі түзету сыныптары
Ерекшеліктері бар балалардың орта мектептерде бейімделуі мамандандырылған мектептерге қарағанда тез және тиімді өтеді, өйткені балалар сол жерде әлеуметтік тәжірибе алады. Сонымен қатар, дені сау балалар ерекше қажеттіліктері бар балалармен бірге оқи отырып, толеранттық пен жауапкершілікті дамытып, дербестікке үйренеді. ҚР-ның білім және ғылым экс-вице-министрі Жақыпова Фатиманың айтуы бойынша, Қазақстанда инклюзивті білім беруге мұқтаж мүгедек балалардың саны жыл сайын өсуде. 2017 жылы жалпы білім беру мектептеріне ерекше білім беру қажеттіліктері бар 60006 бала барған, ал 2018 жылы бұл сан 61336-ға өсті. Ұлттық білім беру деректер базасына сәйкес, қазіргі уақытта инклюзивті білім алу үшін келесі жағдайлар жасалған:
балабақшалардың 20% -ында (6159-ның 1232-сі);
жалпы білім беретін мектептердің 60% -ында (7014 мектептің 4207-сі);
техникалық және кәсіптік білім беру оқу орындарының 30% -ында (821 колледждің 250-де).
Білім және ғылым министрлігінің деректері бойынша, 2019 жылдың соңына дейін, инклюзивті білім беру үшін балабақшалардың 30%-ы, мектептердің 70%-ы және колледж 40%-ы сай келетін болады. Егер сыныпта ерекше қажеттіліктері бар бала пайда болса, онда мектеп өзінің оқу орнын қажетті жиһаздармен және жабдықтармен жабдықтап, оқулықтармен және психологиялық-педагогикалық қолдаумен қамтамасыз етеді (ҚР БҒМ №595 бұйрығы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ИНКЛЮЗИВТІ БІЛІМ БЕРУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗІ
Мүмкіндіктері шектеулі балаларды біріктіріп оқытудың модульдік бағдарламалары
Норма мен патологиядағы психикалық даму заңдылықтары туралы тұжырымдама
ИНКЛЮЗИВТІ БІЛІМДЕГІ ЛОГОПЕД - ДЕФЕКТОЛОГТАРДЫҢ РӨЛІ
Қазақстанның барлық мектептерінде инклюзивті білім беруді енгізу
Америка Құрама Штаттарында мүмкіндігі шектеулі балаларды оқыту
Инклюзивті білім берудің халықаралық тәжірбиесі
Инклюзивті білім берудің мазмұны
Инклюзивті білім берудің халықаралық тәжірибесі
Мүмкіндігі шектеулі балаларды қашықтықтан оқыту
Пәндер