Ақтөбе облысы бойынша ғимаратты жоспарлау



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 20 бет
Таңдаулыға:   
Жетекші
Дайындаған
Урымбаева К.К
Акылбеков Д
Аты-жөні
Қолы
күні
Дата
Ақтөбе құрылыс-монтаж колледжі 3051 тобы
бет - 5
Беттер - 28
Литер
Масса
1418000 "Сәулет өнері"
Мазмұны
өзг
бет
Масштаб
Жетекші
Дайындаған
Урымбаева К.К
Акылбеков Д
Аты-жөні
Қолы
күні
Дата
Ақтөбе құрылыс-монтаж колледжі 3051 тобы
бет - 5
Беттер - 28
Литер
Масса
1418000 "Сәулет өнері"
Мазмұны
өзг
бет
Масштаб


КІРІСПЕ
Сәулет өнері адамдардың өмірімен мен қызыметіне қажетті, материалдық тұрғыдан ұйымдасқан орта құрайтын үйлер мен құрлыстар, сондай - ақ кешендер, қоғамның эстетикалық көзқарасына сәйкес құрылыстар, сәулет өнері мәдениет саласын құрайды. Қай елге, қалаға барсақ та, біз ғажайып әдемі сұлулығымен көз тартатын ғимараттар, сарайлар, мешіттер, тұрғын үйлер, өнеркәсіптік кешендер көріп жүрміз. Бірақ осы өнер түрі қалай аталатынын біле бермейміз. Бұндай сұлулық сырын бойына сіңірген өнер туындысын -сәулет өнері немесе архитектура дейді, грек тілінен аударғанда аға құрлысшы деген мағына береді. Архитектура деген тек ғимараттар мен құрылыс салу емес, сонымен бірге адам баласының өмір сүру тіршілігіне қажет кеңістік пен ортаны тиімді, пайдалы етіп ұйымдастыру. Сәулет өнері асқан шеберлікті қажет етеді. Рим архитекторы Витрувийдің айтуынша Сәулетті шығармаларда бұлжытпай орындалатын 3 қасиет болуы керек деген.
Олар:
а) беріктік - инженерлік есеп;
ә) қолайлылық - тұрмыс жағын білуге байланысты;
б) әдемілік - талант - талғамға байланысты.
Сәулет өнері техника, ғылым және өнермен тығыз байланысты. Қазіргі заманда адамдар сәулетті де салтанатты өмір сүргілері келеді. Сондықтан сәулет өнері де адамдардың талғамына қарай дамып отырады. Сіздер білесіздер, бүгінгі күні сәулет өнері техникалық жабдықтармен тығыз байланысты. Әдемілік шарттарын ұштастыру үшін сәулетшіге ғылыми сана, суреткерлік ой керек. Адам баласы көне заманнан бастап құрлыспен айналысқан. Олар үйді қамыстан, балшықтан, ағаштан, тал шыбықтардан салған. Тіпті су айдынында да үй тұрғызып үйренген. Ғасырдан - ғасырға мұра болып келген сәулет өнері туындылары архитектуралық ескерткіштер қатарына жатады.

1.1. Ақтөбе қаласының тарихы
Қазіргі уақытта халық саны бойынша Ақтөбе облысында бірінші орын алады және Қазақстандығы төртінші қала болып келеді (Алматы, Астана, Шымкент-тен кейінгі).
Халық санының жылдам өсуіне байланысты үкімет қаланың әлеуметтік-экономикалық даму жобасын әзірледі. Ақтөбе қаласының миллион халқы бар мәртебесін алу үшін бағытталған бас жобасын ретке келтіру жұмыстары жүріп жатыр. Проекттіні жүзеге асыру 2011 жыл мен 2040 жыл аралығына есептеліп отыр.
Ақтөбе қаласы халқының саны 367 220 саны бар Ақтөбе қаласынан басқан тағы да 5 селолық округтер кіреді. (Благодарның, Қарғалы, Құрайлы, Новый, Сазды) жалпы алғанда 22 ауданға ие, сол аудандардағы адам саны 48 368 адам (2012 жылдың 1 Қаңтары бойынша). Қала әкімшілігіне тәуелді территорияда барлығы 415 588 халық тұрады.
Қала Ақтөбе төбесінің етегінде орыналасып, темір жол станциясының маңында шоғырланған Ескі қала деп аталатын және солтүстік-батыста орналасқан, әкімшілік ғимараттар мен сауда орталықтары орналасқан Әбілқайыр хан даңғылының бойында шоғырланған Жаңа қала деп аталатын екі негізгі ауданнан құралған.
Ескі қаланың аудандарына Құрмыш, Мәскеу (Москва), Татар слободасы (Татарка) және Оторвановка аудандары жатады. Қаланың ескі бөлігі негізінен бір қабатты жеке тұрғын үйлерден тұрады, арасында Ресей империясы заманында тұрғызылған ғимараттар кездеседі. Жаңа қаланың аудандарына Шанхай (Шаңқай), Сазды, Болашақ, Кең Дала аудандары мен мөлтек аудандар жатады.
Аты аталған аудандардан бөлек Жилгородок (Тұрғындар қалашығы), Авиагородок, Сельмаш, Заречный, Қарғалы (Жилянка), Кірпішті (Кирпичный), Жаңақоныс (Новый), Ақжар, Бауырластар, 41-ші разъезд және т. б. аудандар бар. 2000-шы жылдардан бастап қала аумағында 30 астам жаңа аудан пайда болды. 2012 жылдан бастап 5 мөлтек ауданнан құралған,
тұрғындар саны болашақта 260 мың адамға жетуі мүмкін Нұр Ақтөбе (бұрынғы Актобе-Сити) ауданының құрылысы жүріп жатыр.

1.2.Бас жоспар
Бас жоспар графикалық бөліктен және есеп айырысу мен түсіндірме жазбадан тұрады.Құрылыс жоспарының графикалық бөлігі: салынып жатқан ғимараттың құрылымы, оларды көтеру және монтаждау тетіктері, сондай-ақ оларды монтаждау және бөлшектеу алаңдары, кранның жұмыс істейтін аумақтары мен қауіпті учаскелер, құрылыс материалдары қоймалары және жинақталатын бөлімдер мен қоймалар, уақытша және тұрақты жолдар мен коммуналдық қызметтер, орналасқан жері. уақытша әкімшілік, тұрмыстық және өндірістік үй-жайлар, құрылыс алаңының шекаралары; уақытша ғимараттар мен құрылыстардың экспозициясы, шартты кескіндер. Кестенің негізінде еңбек және материалдық-техникалық ресурстарға қажеттілік анықталады; ресурстарға, уақытша ғимараттар мен құрылыстардың түрлеріне және санын есептеуге негізделген; бас жоспар құрылыс алаңының шекарасын сызады; уақытша ғимараттарға орналастыру; салынып жатқан ғимараттың контуры, инженерлік коммуникациялар мен жолдар.
Түсіндірме бөлігінде жұмыстың таңдалған әдістерінің негізінде материалдардың ашық сақталуы үшін сақтау орнын есептеу және құрылыс қоймаларын орналастыру жүзеге асырылады; учаскелік және кірме жолдарды жобалау (оның ішінде уақытша); уақытша әкімшілік ғимараттар мен құрылыстарды есептеу, оларды құрылыс алаңына таңдау және орналастыру; материалдарды жабық түрдегі қоймаларды орналастырыңыз;құрылыс алаңының сыртқы жарықтандыруын есептеу және жобалау; электр энергиясын тұтынушыларды, олардың орналасқан жері мен қуатын анықтайды; жылу тұтынушыларын анықтау және жылумен жабдықтау жүйесін жобалау; суды тұтынушыларды анықтау және сумен жабдықтау жүйесін есептеу; құрылыс алаңын сығылған ауамен, байланыс желілерімен және кестемен қамтамасыз ету жүйесін есептеу және жобалау; Құрылыс алаңының қоршаулары.

2.1. Іргетас
Іргетастар - ғимараттардың жер үстіндегі конструкцияларының салмағын көтеріп топырақты негіздерге таратуға арналған, жер астында орналасатын конструциялық бөлшек.
Іргетастар көтергіш қабырғалар мен бағандардың астына орналасады. Негіздердің беріктігі топырақтардың минералдық құрамына, тығыздығына және ылғалдығына тәуелді. Іргетастардың орналасу тереңдігі топырақтардың беріктігіне және ғимараттардың салынатын климаттық ауданына байланысты есептеліп тағайындалады.
Кез келген үйдің немесе ғимараттың бойындағы салмақ пен түрлі жүктер оның іргетасы орнатылған грунтты негіздерге түседі.
Негіздер деп салынатын уйлердің іргетасының табаны арқылы түсіп таралған күшті көтеретін грунт қабаттарын немесе қабатын атайды.
Грунт деп пішіні мен ірілігі әр түрлі қатты түйіршіктерден тұратын жер қабығында болатын құбылыстардың әсерінен мүжіліп ұсақталынған тау жыныстарын атайды. Жалпы грунттарды олардың табиғи қасиеттеріне байланысты сусымалы құмды және иленгіш балшықты деп екі топқа бөледі.
Сусымалы грунттардың иленгіш грунттарға қарағанда қатты түйіршіктерінің арасындағы байланыс жоқ. Керісінше, иленгіш грунттарда мұндай байланыс әжептәуір мықты болады, бірақ та оның шамасы қатты түйіршіктердің беріктігінен бірнеше есе төмен болады.
Көптеген құрылыс материалдарымен салыстырғанда грунттар өздерінің жоғары кеуектілігімен, су өткізгіштігімен, жоғарғы сығымдылығымен, осалдығымен т.б. ерекшеленеді. Сондықтан грунттарды құрылыс мақсатына пайдаланғанда олардың қасиеттерінің ерекшеліктерін ескерген жөн. Іргетас көбінесе жер бетінен 2 төмен орналасады. Іргетастың қабырға немесе тіреу 3 сүйенетін жоғарғы бетін оның жиегі 4 деп атайды.
Іргетастардың жіктелу түрлері:
а)тереңдігіне байланысты
-тайыз (3 м дейін);
-терең (3 м асатын).
б) тұрғызу әдістеріне байланысты
-құйылмалы;
-жиылмалы.
в) материалдарына
-тасты;
-бетонды;
-темірбетонды;
-темірден;
-ағаштан.
2.2 Терезе
Терезе - ғимараттардың бөлмелеріне жарық түсіретін және желдетуге арналған конструциялық бөлшек. Терезелер қорғағыш конструкция болғандықтан бөлмелердің жылу сақтау талаптарына жауап беруі тиіс.
Терезелер жармалардың саны бойынша бір, екі, үш жармалы ашылатын немесе ашылмайтын, ілгектер арқылы терезе қорабына ілінетін.
Желдеткіш үйымдастыру бойынша: форточка немесе жарма арқылы.
Шынылау әдістері бойынша: бір, екі, үш қатарлы.
Шынылардың түрлері бойынша: жай шыны-қалыңдығы 3-4 мм; арнайы шынылар (күн сәулесінен қорғайтын, жарық азайтатын ) ; сымдармен күшейтілген шынылар; шыныблоктар.
Терезелердің материалдары ағаш, темір, темір-пластик, пластикалық.
Терезе құрамалар қалыңдықтары 140 мм кем болмайды, сондықтан олардың жылу және дыбыс өткішбегіш қасиеттері сұрақ туғызбайды.
Терезелердің өлшемі: 1860х1500 мм -- үш-жармалы; 1180х1500 мм екі жармалы; 920х1500 мм бір жармалы.
Терезелердің құрамына терезе асты тақтайлар (ағаштан, пластиктен) және сырт жағында орналасатын цинкпен қапталғын қаңылтыр кіреді.
Қабаттар арасындағы аражабындарды пайдалану барысында олардың көтергіштік қабілеттілігін тексеру қажет. Нормативті талаптардың асып кеткен жарылулар мен майысулар рұқсат етілмейді.
Пайдалану барысында темірбетонды жабындарда пайда болатын негізгі ақауларға: нормативтен жоғары майысулар, тоңдану, қабырғалармен байланысқан жерлердегі жарылулар, жабын панелдері арасындағы жарылулар жатады.
Жабыннның көтергіштік қабілеті төмендейтін жабындарда жарылулар мен майысулар табылған жағдайда 10.2.3.п. көрсетілген сілтемелер орындалуы тиіс.
Сыртқы қабырғалардың аймағында аражабындар мен тонданған кезде келесіні жүзеге асыру қажет.
Шатыр жабынында жылуоқшаулағыш қабатын есептік мәніне жеткізу керек. Сыртқы қабырғалардың аймағында полюста 1 м еңімен жылу изоляциясын 15-20% жоғарлату керек.
Сыртқы қабырғалармен жанасқан қабаттар арасындағы арақабырғаларды жылыту үшін сол орындарды жылу изоляцияларын орнату, кірпіш қабырғалардың ішкі беттерін сылау, панель қабырғаларының түйіскен жерлерін нығыздау қажет.
Тоңданған жағдайда үйбеті қабаты жабынында орналасқан баспалдақтар мен желдеткіштерді үйасты қабаты жағынан жылытқан жөн болады. Темірбетонды және темір арқалықтарды шатыр бөлмелері жағынан жылытқан жөн.
Шатырдың жабындысындағы сусымалы жылытқыштарының жойылмауы үшін олардың үстіңгі жағынан ізбес - құм қабықты төгу керек.
Үстінгі қабаттарда орналасқан тұрғын пәтерлерде жоғары дымқылдық, газдалғандық және ерекше иістер анықталған жағдайда, жоба бойынша жабын герметизациясымен қажетті жұмыстарды орындау қажет.
Ағаш жабындысын байқаудан өткізген кезде оның едендерінде орналасқан желдеткіштерінің күйіне, сыртқы қабырғаларға түйісу орындарына, олардың құбырларға қалай қиылысқанына, жылытқыш материалдардың күй-жағдайына және шатыр жабындыларының темір арқалықтарының жылытуына, едендердің түсуі мен төбелер сылақтарының жарылуларына көңіл бөлу қажет.
Ағаш жабындыларын пайдаланған кездегі пайда болатын негізгі ақауларға келесілер жатады: үй саңырауқұлақтары және ағаш жегіш жәндіктердің болуы, қаттылықтың (қалтылдақтық) жеткіліксіздігі және контрукция беріктігінің шамадан артық кетуі немесе оның көтергіштік элементтерінің әлсіреуі, темір арқалықтардың орналасқан жерлерінде шатырдың тондануы және жылытқыш қабаты еңінің жеткіліксіздігі, жабындардың құбырлармен түйіскен жерлерінің дымдануы және т.б.
Егер ағаш жабындарында жанама (ерекше иіс, еденнің түсуі, қалтылдақтық, сулану және т.б.) немесе тура (ағаштың шіруі, бетте саңырауқұлақтардың пайда болуы және т.б.) белгілері көрінсе 7 бөлім нұсқауларын негізге алу қажет.
Майысулар мен қатты қалтылдақтық көрінсе, 10.2.3. п. сілтемелерін орындау керек.
Жабындар арқылы өтетін жылу жіберуші құбыры мен ыстық сумен қамту құбыры арасындағы түйіскен жерлерде жарықтар көрінген жағдайда, олардың арасындағы кеңістікке гильзалар орнату қажет.
Кірпішті күмбездермен, жарылулар және бөлек кірпіштердің құлауы кезінде 10.2.3.п. көрсетілген шараларды қабылдау керек

2.3.Еден
Едендерді пайдалану кезінде келесі талаптарды сақтау керек:
- цоколь жылуоқшаулауы мен техникалық еденасты техникалық түзу жағдайда болу керек (үй саңырауқұлақтардан құтылу үшін);
- еден тақтайларында табиғи желдету желдеткіш торлар немесе ірге бастырғылар жарықтары арқылы қамтылуы керек;
- едендердің конструкциясына ұзақ әсер ететін ылғалды жою шаралары қабылдануы тиіс;
- еденнің қорғау - әрлеу жабындары қалпына келтіріліп отыруы керек.
Пайдалану барысында пайда болатын ағаш едендердің негізгі ақауларына келесілер жатады: уатылу, кебу және бырысу, аймақтық шөгу, сықыр, қалтылдақтық, беттің тегіс болмауы, тақтай және паркетті едендердің шіруі, жабын негізінің қыртысталуы, бояу қабаттың бұзылуы.
Барлық зақымдалған паркеттің жабыстырғыштары жаңасына ауыстырылуы керек.
Жаңадан қаланған жабыстырғыштар тұрған еденнің деңгейінен 0,5-1,0мм жоғары жатуы керек. Жөндеу жұмыстары біткенен кейін жаңа жабыстырғыштар тізіліп, еденге жаппай циклевка жайылады.
Паркетті едендерді екі айда бір рет мастикамен қашау керек немесе арнайы тозуға төтеп беретін лакпен бояу қажет. Егер паркет жабыстырғышы негізгі битумді мастикамен жабыстырылса, еденді скипидарлы мастикамен қашау тиым салынады, себебі ол битумді ерітіп жібереді де, паркетті қарайтады. Мұндай едендерге тек сулы мастикаларын ғана қолдану керек.
Еден тақтайларын механикалық тозудан, ылғалдың зиянды әсерлерінен сақтау үшін оларды үш жылда бір рет майлы бояулармен бояған жөн болады.
Жаңа еден тақтайлары қатты кеуіп қалған кезде, оларды қорытып, бояу керек.
Қатты тозған немесе зақымдалған бөлек тақтайларды жаңасына үш жағынан ауыстыру керек. Жөндеу жұмыстары біткеннен соң жаңа тақтайларды грунттайды, сылап екі рет бояп шығады.
Линолеумнан және синтетикалық материалдардан жасалған едендердің пайдалану барысында міндетті түрде жоятын негізгі ақауларына келесілер жатады: жарылулар, қабарулар, қирату, негіздің қыртысталуы, отырғызу процесстері.
Цементті-құмды қабатпен жабылған едендегі тозған линолеумді ауыстыру кезінде, еден астын цементті ертіндісімен тегістеп, жөндеуден өткізу қажет, содан кейін линолеум төсеу керек. Еден астындағы негіз қатты, тығыз, жақсы бетпен тегістелуі керек. Басқа жағдайларда тегістеу үшін қалау материалдарын - жартылай қатты ағаш тақтайларын және басқа да материалдарды қолдануға болады
Ксилолитті едендердің бөлек бөліктері бұзылған жағдайда, сол бөліктер алынып, орнына ксилолитті масса жағылады. Басқа жағдайларда ксилолитті еденді басқа материалдардан жасалған жабындардың төсем қабаты ретінде қолдануға болады.
Ксилолиті едендерді пайдалану және жөндеу кезінде тиым салынады:
- едендерді жиі және мол сулауға (жоғары электр өткізгіштікке ие болып едендер жарамсыз болып қалады);
- негізді тегістеу кезінде ізбес, цементті-әкті ерітінділерін, күйінді цементтерді қолдануға.
Керамикалық тақталардан жасалған едендердің негізгі ақауларына қыртысталу және жабындардың бұзылуы, жергілікті түсу, шұңқырлар, жарылулар және уатылулар жатады.
Бетонды негіздіктен қалған керамикалық тақталар ерітіндіден тазартылып, сумен жуылады. Тақталардың бекітуін цемент ерітіндісімен жүргіземіз, сонымен қатар ауыстырылатын тақтаны коллоидты-цемент, эпоксидты немесе желімнің көмегімен ауыстырамыз.
Цементті едендердің бұзылған орындарын бітеу кезінде оларды сондай материалмен жабу керек. Негіздіктің беті берік, кесілген, шаңнан тазаланған және ылғалды болу керек.
Цементті едендердің жөнделген орындарын екі күннен кейін цементпен қатырып тастау керек.
2.4.Баспалдақтар
Жөндеудің барлық түрлерінде өртке қарсы талаптар орындалуы тиісті, осыған қатар:
- баспалдақтар торына шығатын есіктер ашық кезінде баспалдақ алаңының еңін кемітпеуі керек;
- баспалдақ торларында жанатын сұйықтықтар мен газ құбырларын және де басқа құралдарды орналастыруға рұқсат етілмейді, саты торларда жанатын сұйықтықтармен газ құбырларын және құбырларды орналастыруға рұқсат етілмейді, қоса салынған шкафтар, коммуникацияларға және өрт сөндіру крандарына арналған шкафтардан басқа, электрлік кабельдер және сымдар (дәліздерді және саты торларын жарықтандыруға арналған электр өткізгіштерден басқа), жүк таситын лифтілерден шығатын есіктерді қарастыру.
Баспалдақтарды тексеру барысында баспалдақтар алаңының беттері мен көтергіштік конструкцияларының жағдайын, марштардың бекітілуін, қанаттар мен тұтқалардың, марштардың қабырғаларға түйісулерін тексеру қажет.
Темірбетонды баспалдақтарды пайдалану кезінде жөндеуге жататын негізгі ақауларға келесілер жатады: темірдің коррозиясы, марштардың майысулары, марштардың қабырғаларға тығыз түйіспеуі, баспалдақтар марштардағы жарылулар және шұңқырлар, сатылардың күштің әсерінен уатылуы, қоршалулардың бекітуінің әлсіреуі, баспалдақтар алаңыныңдағы керамикалық тақталардың бұзылуы, қанаттардың бұзылуы.
Темір баспалдақтарды міндетті түрде бояп отыру керек. Коррозияға түскен жерлерді бояудың алдында тоттан тазалау қажет.
Сатылы марштардың майысулары табылған жағдайда деформация динамикасын бақылауды ұйымдастыру керек. Егер деформация ұлғая берген жағдайда 9.2.3. п. сілтеме талаптарын орындау қажет. Сатылардың көтергіштік элементтерін қатайту жоба бойынша орындалуы керек.
Темірбетонды саты конструкцияларында пайда болған жарылуларды, шұңқырларды бітеу жүйелену түрінде орындалуы тиіс, яғни ақау пайда болған кезде оны сол материалмен ауыстырып жауып тастау керек.
Сатылы алаңдарда зақымдалған керамикалық тақталарды ағымда жөндеу жұмыстары кезінде ауыстыру керек.
Саты қоршауларының әлсіреуін темір сымдарын орнату арқылы жоюға болады.
Жарылған және майысқан ағаш тұтқаларды сондай өлшемдегі, пішіндегі жаңа тұтқаларға ауыстырады. Ұсақ зақымдарды (қабыршақтар, тегіс емес бет) бетті тазартумен немесе бөлек бөлшектерді ауыстыру арқылы жояды.
Зақымданған поливинилхлоридті тұтқа учаскелерін кесіп тастайды және сондай пішіндегі, өлшемдегі жаңасына ауыстырады.
Сақтандыратын шарбақтардың, терезе қоршауларын, лифт шахталарын бекіту беріктігін жүйелі түрде тексеру керек, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сәулет
Қазақстан Республикасының ұлттық мұрағаттары
Сейсмикалық аудандастыру
Арман елді мекен территориясын жоспарлау
Мемлекеттің экономикалық тұрақтылығын қамтамасыз етудегі салықтардың алатын орны мен рөліне талдау жасау болып табылады
Инвестициялар мәні, маңызы және түрлері
Туристік кәсіпорын қызметінің келешегін түрлі стратегияларды қолданып, арттыру жолындағы жоспарлауды теориялық және тәжірибелік тұрғыда зерттеу және нақты тұжырымдар мен ұсыныстар жасау
Негізінен жобаланған нысан Сәулет - құрылыс факультет ғимараты
Қазақстан елді мекеніндегі соның ішінде Алматы қасындағы сейсмикалық қауіптің жалпы жағдайы туралы және халықты, аумақты төтенше жағдайлардан, күшті жер сілкінісінен қорғау шаралары
Жер жұмыстары
Пәндер