БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ СЫНЫПТАН ТЫС УАҚЫТТА ТАНЫМДЫҚ ІС-ӘРЕКЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ


Қазақстан Республикасының Ғылым және Бәләм Министрлігі
Абылай хан атындағы Қазақ Халықаралық Қатынастар және Әлем Тілдері Университеті
Шет тілі: екі шет тілі
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы: БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ СЫНЫПТАН ТЫС УАҚЫТТА ТАНЫМДЫҚ ІС-ӘРЕКЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ
Орындаған: Жайлаубаева. М. Ж
Ғылыми жетекші: Айдарханова. Б. Қ
Алматы 2020
БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ СЫНЫПТАН ТЫС
УАҚЫТТА ТАНЫМДЫҚ ІС-ӘРЕКЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ
Бүгінгі күні білім беру саласы «Қазақстан-2050» ұзақ мерзімді Стратегиясының маңызды басым бағыттарының бірі болып танылды. Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев республиканы әлемдегі бәсекеге қабілетті 30 елдің қатарына кіргізу туралы міндет қойған болатын. Бұл мәселені жүзеге асыруда білім беру жүйесін жетілдіру айтарлықтай рөл атқарады.
Бiлiм беру жүйесi қоғамның әлеуметтiк - экономикалық дамуында жетекшi рөл атқарады, сондай - ақ оны әрi қарай айқындай түседi. Ал бiлiмнiң қалыптасып, дамуының жалпы шарттары философияның негiзгi мәселесi - рухтың материяға, сананың болмысқа қатынасы тұрғысынан зерттелетiн iлiм таным теориясы деп аталады.
Таным теориясының басқа ғылыми теориялардан түбiрлi айырмашылығы - ол бiлiмнiң қалыптасуы мен негiзделуiнiң жалпы ұстанымдарын, объективтiк қатынастарды қалыптастырады. Танымдық әрекет - шәкiрттiң бiлiмге деген өте белсендi ақыл - ой әрекетi. Ол танымдық қажеттiлiктен, мақсаттан, таным қисындарынан және әрекеттiң негiзiнде оқушыларда танымдық белсендiлiктерiнен iзденiмпаздық қалыптасады. Бұл теорияда ақыл - ой тәрбиесiне көп көңiл бөлiндi, әсiресе шәкiрттiң өз ой тұжырымын дамытуға ерекше мән берiлдi. Сократтың өзi оқыту барысында шәкiрттердiң танымдық белсендiлiгi мен iзденiмпаздығын арнайы басқарудың маңыздылығын атап көрсеткен. Ол шәкiрттердiң танымдық iзденiмпаздығын арттыратын арнайы оқыту әдiсiн - эвристикалық әңгiмелесудi алғашқылардың бiрi болып қолданды. Сократ бiлiмдi жай ғана бере салмай, шәкiрттерiне сұрақ қоя отырып, олардың ойлау қабiлетiн, қызығушылығын арттырып, өз ой тұжырымдарын жасай бiлуге үйреткен.
Таным қабілетін дамыту туралы кеңестік педагог-ғалымдардың (Н. Дайри, М. И. Махмутов, Л. В. Занков, М. Н. Скаткин, И. А. Лернер, А. И. Пискунов т. б. ) тұжырымдары мен пікірлері бар. Олардың идеяларының мәні мынадай:
1) танымдық қабілеттің дамуы - бұл мұғалімдердің барлық пәндер бойынша оқыту процесіндегі мақсаттылық іс-әрекеттері;
2) оқушыларға білім беру және объективтік шындықты тану мәселелері жайындағы оқулықтың рөлі;
3) оқытудың әдістері мен формаларын жетілдіру;
4) мұғалімнің теориялық дайындығы, педагогикалық шеберлігі, білімдарлығы - оқушылардың таным іс-әрекетін дамытудың шешуші құралдары болып табылады.
Оқушының танымдық іс-әрекеті мұғалімнің басшылығымен жүзеге асады. Оны А. Х. Аренованың «Бастауыш сынып оқушыларының танымдық іс -әрекетін қалыптастыру бұл оқу әрекетінің субьектілері ұстаз бен оқушының бір-бірімен қарым-қатынасының бірлігін дәлелдейтін күрделі тұлғалық құрылым» деген анықтамасынан көруге болады.
Қазіргі уақытта адамның білімділігі тек арнайы білімдермен анықталмайды; отандық және әлемдік мәдениетте, құндылықтардың заманауи жүйесіндегі бағыт-бағдары бар, қоғамда әлеуметтік белсенді бейімделуге, өмірлік таңдау жасауға, өздігінен білім алуға және жетілуге қабілетті тұлға ретінде жан-жақты дамуына байланысты.
Сондықтан жалпы білім беретін мектептердегі білім беру үдерісі тек нақты бір білімге, біліктер мен дағдыларға ғана бағытталмай, сонымен қатар баланың әртүрлі жоспарлы дамуына, оның шығармашылық мүмкіндіктеріне, қабілеттерін ашуға және адамның жеке даралығына жататын тұлғалық бастамаларына, өздігінен әрекет жасауына, қиялына, өзіндік ерекшелігіне бағытталуы қажет.
Қазіргі кезде жас ұрпақты тәрбиелеуде сыныптан тыс жұмыстардың рөлі ұлғайып жатыр. Олардың өмірде өздігінен дамуын қамтамасыз ететін балалардың қабілеттіліктері мен мүмкіндіктерін анықтауға және дамытуға байланысты әлеуметтік проблемаларды шешеді.
Балаларға сыныптан тыс жұмыстар, тұлғаны оқытудан, тәрбиелеуден және шығармашылық дамытудан басқа, әлеуметтік маңызы бар басқа да проблемалар қатарын шеше алады, олар: балалардың бос уақытын қамтуды, олардың өздігінен жетілуін және әлеуметтік бейімделуін, салауатты өмір салтын қалыптастыруды қамтамасыз етеді, балаларға сыныптан тыс жұмыс негізінде сапалы білім беруді қамтамасыз етеді, балалар мен жанұялардың әлеуметтік-экономикалық проблемаларын, жалпы қоғамның сауықтыру проблемаларын шешеді.
Сыныптан тыс жұмыстардың міндеттерін іске асыруда, мектеп, бір жағынан, білім беру стандарттарын меңгеру қажеттілігімен, екінші жағынан, білім беруді ізгілендірудің негізі болып табылатын білім берудің жаңғыртудың маңызды принциптердің бірі - тұлғаның еркін дамуына жағдай жасау арасындағы барлық қарама-қайшылықтарды шешеді.
Сыныптан тыс танымдық іс-әрекет шеңбері оқушылар сабақта алған білімдерін кеңейтетін, қоршаған өмірге қызығуын дамытатын мәселелерді қозғайды.
Танымдық іс - әрекеттің өзге әрекет түрлерінен ең басты ерекшелігі - оқушының үнемі «жаңа дүниеге енумен», әрбір жаңа әрекеттерді оқушының оның бірінен екіншісіне ауысып отырумен байланысты. Сондықтан, оқу үрдісінде оқушының білім алуға, өз бетімен әрекет етуге деген құлшынысын оятуға, ақыл - ойының дамып, жетілуіне түрткі болатын танымдық іс - әрекетті ұйымдастырудың тиімді әдіс - тәсілдерін іздестіру өзекті сипат береді. Терең білімге негізделген танымдық біліктердің қалыптасуы оқушылардың білімді теориялық негізде қорыта алуға мүмкіндік беріп, интеллектуалдық белсенді ойлауын жандандырып, шығармашылыққа жетелейді, нәтижесінде, оқушы жеке тұлғасының қалыптасуына негіз болaды.
Оқушылардың сыныптан тыс уақытта танымдық қызығушылықтарын дамыту негіздері
1. 1 Танымдық қызығушыллықты дамытудағы өзіндік жұмыстар
Бастауыш мектептің оқу үрдісінде ақпараттық қатынастық технология құралдарын қолданудағы негізгі мақсат - оқушылардың танымдық қызығуын қалыптастыру болып табылады. Оқушыларда танымдық қызығудың болуы олардың сабақта белсенді, білімінің сапалы болуына, оқуға жағымды түрткісін қалыптастыруға және өміршең позицияны ұстауға мүмкіндік береді. Қызығу - әр қырынан алып қарауға болатын күрделі ұғым, адамның белгілі бір нысанды ұғынып, білуге ұмтылған іс - әрекетін қуаттандыратын психологиялық ерекшелік. Қызығу жаңаны танып - білуге, әрекеттің жаңа әдістерін іздестіруге әкеледі.
Сыныптан тыс танымдық іс-әрекетте немесе танымдық қызығушылықта ұжымдық және жеке жұмыс формаларын бөліп қарауға болады. Ұжымдық сыныптан тыс танымдық іс-әрекетте балалар ұжымы мүшелерінің алдына жалпы танымдық міндеттер қойылады. Сабақтан тыс уақытта оқушылар жаңа білімдерді бірлесе алады, тәжірибе жұмыстарының, қарапайым модельдер дайындаудың нәтижесіне жетеді, түрлі мамандықтар жөнінде мағлұматтар алады. Өз еркімен түрлі ұжымдық-танымдық іс-әрекеттерге қатынасып, оқушылар іс барысындағы тәуелділікке, жауапкершілікке, өзара көмек қатынасына тартылады. Оқушылардың сыныптан тыс танымдық іс-әрекетін ұйымдастыруда мұғалім балалардың түрлі жас кезеңдеріне байланысты топтарының танымдық қызығу ерекшеліктерін білуі керек. Бастауыш мектеп жасындағы балаларды қызықтырмайтын нәрсе жоқ. Бұл жастағы балалардың қызығуы шашыраңқы болады. Мысалы, 6-7 жасар балалардың қоятын сұрағы заттар және құбылыстармен алғашқы танысуға байланысты болса, 8-10 жастағылардың сұрақтарынан деректерге, құбылыстарға, олардың мәнін тануға қызығуды көріуге болады.
Бұған қосымша бұл жастағы балалар сұрағынан олардың санасына шешімі табылуға тиісті мәселе туындағанын көруге болады. Олар бұл мәселені өздігінен шеше алмауы мүмкін, сондықтан олар үлкендерге иек артады.
Олардың танымдық қызығуын талдау нәтижесінде В. А. Сухомлинский әр баланың ойы өзіндік жолмен дамиды, олардың әрқайсысы өзінше ақылды да дарынды деген болатын.
Оқу барысына қарағанда, оқушылардың сыныптан тыс іс-әрекет формалары көбірек. Балалар байқауларға, викториналарға, әңгімелерге қатынасады, ғылым мен техника жаңалықтары жөнінде баяндамалар тыңдайды, танымдық сипаттағы ойындарға қатынасады, оқылған кітаптар мен көрілген кинофильмдерді талқылайды. Бастауыш мектеп жасындағы оқушылармен жүргізілетін танымдық іс-әрекет формасы қызығу саласына сай үйірме жұмыстар болып табылады.
Үйірме жұмысы балаларды пәндік, техникалық, спорттық секцияларға біріктіреді. Бастауыш сыныптардағы үйірме жұмыстарының мақсаты - оқушыны ғылым мен техника әлеміне енгізу, жасампаздық қабілеттері мен дарындарын дамыту, оқушылардың тәжірибелік білігі мен дағдыларын қалыптастыру, үйірме жұмыстарында алған білімдерін сабақтарда пайдалануға үйрету. Бастауыш сыныптарда балалардың іске қызығуы тұрақты болмайды. Үйірме жұмыстары оқушылардың әр түрлі және кездейсоқ қызығуына да жауап беруі керек. Барлық үйірмелерде де балалардың белсенді тобы, бастаушылары болады. Үйірме арнайы жоспармен жұмыс істейді. Ол жоспарда I-IV сыныптардың оқу бағдарламалары, балалардың қызығуы, жалпы дамуы еске алынады. Үйірме жұмысының ұзақтығы 30-40 минуттай болғаны, ең кемінде айына бір рет өткені жөн. Нәтижеге жету үшін жұмысты мұқият дайындау керек. Әдетте бастауыш сынып оқушыларының бәрі үйірме жұмысына қатынасқылары келеді. Мұғалім әрқайсысына тапсырма тауып беріп, ұжымдық іске, қызығуына қарай балалар тобына қосуы керек. Мысалы, «Табиғат және қиал- ғажайыптары» деген үйірменің жоспарына «Алтын күз байлығы » атты мәжіліс өткізу кірді делік. Оқушылар күз туралы өлеңдерді жаттап алу, үйрену, музыкалық шығармаларды орындау, егінжай, бау-бақша өнімдерінен көрме ұйымдастыру, адамдардың күзгі еңбегі түрлері жөнінде әңгіме дайындау, осы жыл мерзіміндегі жануарлар өміріндегі ерекшеліктер туралы, күз туралы балалар әдебиеті көрмесін, балалар салған суреттер көрмесін ұйымдастыру сияқты тапсырмалар алады. Үйірме отырысын өткізуге дайындық барысында тек әр оқушының қоғамдық мәнін ғана емес, сыныптың оқушылар ұжымын қалыптастыруға ықпал жасайтын барлық балаларын түрлі танымдық іс-әрекетке қатынастыруға болады.
Л. Фейербах: «Іс - әрекет пен қарым - қатынас - адамның әлеуметтік тұрмысы мен өмір сүру тәсілінің екі қыры» - дейді. Жеке тұлғаның ақыл - ойын, танымдық үрдістерін жетілдірудің, әлеуметтендіру мен жан - жақты тәрбиелеудің көрсеткіші ретінде бағаланатын оқу - тәрбие үрдісінде оқушылардың жас және дербес ерекшеліктерін ескере отырып, ойын әрекетін ұтымды пайдаланудың мүмкіндіктері мол. Сондықтан танымдық іс-әрекетін қалыптастыруда балалар жасампаздық немесе рөлдік ойындарға ерекше орын береді. Бұл жастағы балалардың ойын іс-әрекеті әрдайым жасампаз болады. Ойында балалар өздерін еліктіретін белгілі бір өнегеге ұқсап бағады. Сондықтан мұғалім балалар ойынына мұқият қарап, олардың орынды өнегеге еліктеуіне жәрдем етуі керек. Оқушылардың ойын іс-әрекетінің құндылығы оның барысында түрлі қиындықтарды жеңуінде, өз тәртібін басқаратынында, батыл, жігерлі және орнықты бола алатындай ойын ұйымдастырылса, ойын өмір мектебі, өз құрдастарының ұжымына еңбек және қарым-қатынас мектебі бола алады. Ойын ұйымшылдық сезімді бекітіп, баланың бастамасы мен өз бетіндігін бекітеді.
Танымдық қызығуды қалыптастырудың негізгі шарттары мына төмендегілерден тұрады.
1. Оқу материалының мазмұны арқылы дамыту. Оқу мазмұны мен оқу материалының жаңалығы оқушыларға жағымды көңіл күй туғызады. Оған жаңа деректер, мағлұматтар, теориялар, бұрын оқушылар білмейтін жаңалықтар жатады.
2. Бұрыннан меңгерілген білімді жаңғырту. Қызығудың пайда болуы үшін пән бір жағынан жаңа біліммен, бір жағынан өткен тақырыптармен байланысты болуы тиіс.
3. Танымдық қызығу жаңа материалға сүйенетіндіктен, балалар сабақта өздерінің нені үйреніп жатқандығын саналы түрде сезінуі керек.
4. Оқушылардың танымдық кызығуын оқушылардың танымдык іс-әрекетімен байланыстыру кажет,
5. Барлык оку материалдары окушыга қызықты бола бермейді. Оқушылардың өзіндік жұмыстарының түрлерінің әр алуандығы оқу-шының жеке тұлға болып қалыптасуына, танымдық тапсырмаларды шешуге барлық ақыл-ой және ерік күштерін жұмылдыруға ықпалын тигізеді.
6. Оқушыларға дайын білімді бергеннен гөрі проблемалық оқыту оқушылардың қызығуын туғызады.
7. Танымдық қызығуды дамытуда танымдық тапсырмалардың орны ерекше. Оқу материалын орындау арқылы оқушы бірте-бірте жоғары сатыға көтеріле береді.
8. Оқушылардың шығармашылық мүмкіндіктерін қалыптастыруға жағдай жасайтын шығармашылық жұмыстары да танымдық қызығудың маңызды жетелеушісі болып табылады. Шығармашылық тапсырмалар сөзжұмбақ, ребус құрастыру, оқушылардың жасаған зерттеу жұмыстары, сал- ған суреттері, шығарған өлеңдері. Зерттеу жұмыстары оқушылардың өздігінен ізденуіне (оқу материалы бойынша, желілік жүйе, әдебиеттер арқылы), бақылау жасауына, өздігінен еңбектенуіне, қорытынды шығара білуіне септігін тигізеді.
Танымдық қызығуды дамыту бүл білімге және өздігінен білім алуға қажеттілік туғызатын тұрак- ты қызығуды қалыптастырудың бастапқы сатысы ғана. Қызығудың кең мағынасы: барлық жаңаны білу, іскерліктерді меңгеру, әртүрлі дағдыны қалыптастыру болып та- былады. Білімге деген қызығу баланың бір немесе бірнеше пәннен түрлі білім аясындағы білуге де- ген ұмтылысы болып есептелінеді. Бастауыш сынып мүғалімі барлық пәндерден өзі беретін болғандық- тан, барлық оқушылардың кез келген пән бойынша білім аясын кеңейтіп, қызығуын арттыруға ұмтылады. Танымдық қызығуды қалыптастырудың тағы бір тиімді жолы - ақпараттық қатынастық технология. Ақпараттық қатынастық технология құралдары арқылы ұйымдастырылған сабақта оқушылардың ақпаратпен жұмыс істеу іскерлігі кеңейеді. Ал ақпарат адамға қоршаған орта туралы барлық мағлұматтарды береді, балалардың танымдық қызығуын арттырады, білім қорын кеңітеді. Танымдық қызығуды қалыптастырудың тиімді жолдарына мыналар жатады: электрондық оқулықтар; жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану; шығармашылық тапсырмалар; зерттеу жұмыстары. Оқушылардың зерттеу жұмыстарына ғылыми жұмыстар, жобалар кіреді.
Танымдық белсенділіктің қалыптасуының дәрежесі оқушының әр түрлі тапсырмалар- ды орындау барысындағы өз бетінше жұмыс істей алу қабілетімен, деңгейімен анықталады. Оны тағайындау үшін мынадай көрсеткіштерді пайдалануға болады:
- тапсырма өз бетінше орындалған;
- оны орындауда біршама көмек керек;
- тапсырманың орындалуы кезінде үнемі көмек көрсетіледі. Жалпы оқушылардың танымдық құзіреттілігін арттыруға арналған өзіндік тапсырма- лар олардың білім дәрежесіне сай болуы тиіс.
Кеңес педагогы П. П. Блонский: «Егер екі мұғалімнің пәндерінен білімдері, әдістемелері, тәсілдері, қолданылуы бірдей болса, онда жақсы мұғалім мен нашар муғалімнің айырмашылықтары неде?» деген сұраққа былай деп жауап береді: «Жақсы мұғалім үшін барлық оқушылар әр түрлі, бірдейі жоқ, ал нашар мұғалім үшін барлық оқушылар бірдей». Мұғалімдерді тәрбиелей келе, П. П. Блонский: "оқушының әрқайсысының жеке ерекшеліктерін көруге үйрету керек», - дейді.
1. 2 Таным қызығудың психологиялық - педагогикалық негізі.
Қызығужәне танымдық қызығу мәселелері көптен бері зерттеліп келе жатқанымен, бұл ұғымдардың бір жүйеге түсірілген анықтамалары әлі қалыптаса қойған жоқ. Олардың мәнін, таным әрекетіндегі рөлін, мәндес ұғымдармен байланысын түсіндіруде көптеген пікірлер айтылып келеді. Қызығу - әр қырынан алып қарауға болатын күрделі ұғым. Оның кең және тар мағынадағы түсініктері бар. Қызығудың кең түсінігі осы проблеманы жан-жақты зерттеп, үш томдық еңбек жазған М. Ф. Беляев шығармаларында келтірілген. Оның пайымдауынша біреулер көпшілікке арналған ойын-сауыққа, спорт ойындарына, мәселен, шахматқа, аяқдопқа, себетдопқа және т. б. қызығады. Басқалары өнерге, әдебиет пен мәдениет салаларына, білім мен ғылымға қызығатыны байқалады. Бұған қарағанда қызығу адамның зейіні, көңіл-күйі, ақыл-ойы және іс-әрекеті бағытталатын алуан түрлі нәрселер мен құбылыстарды (объектілерді) қамтиды. Қызығудың аталып өткен салалардың бәріне қатысты қолданылатынына басқа зерттеушілер де ұдайы назар аударып келеді. Адамның қызығуы бір іспен шұғылдануында, сан алуан мамандықты игеруінде, өз қызметіне сүйіспендігінде және басқа әрекеттерінде көрініс табады. Танымдық қызығу оқып білім алу немесе ғылыми- зерттеу кезінде қалыптасады. Оқушылар көп салалы ғылым негіздерінен - математика, жаратылыстану, қоғамдық және басқа пәндерден білім алады. Осылардың барлығына бір оқушының бірдей қызығуы сирек ұшырасады. Ол көбінесе бір салаға немесе осы салаға арналған бір пәнге ғана бағыттылық танытады. Осыған орай қызығу ұғымын мағынасының тарылып, шектелуіне қарай мына бағытта орналастыруға болады: қызығу- танымдықызығу-бір пәнге қызығу.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz