Қазақстандағы желілік журналистиканың даму ерекшеліктер


Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және
әлем тілдері университеті
Мамандығы 6М050400 - «Журналистика»
Магистрлік диссертацияның негіздемесі
Тақырыбы: «Қазақстандағы желілік журналистиканың даму ерекшеліктері »
Орындаған: Койшиева С. К.
Ғылыми жетекші: Жабелова Т. Е.
Зерттеу жұмыстың өзектілігі бірнеше себептермен негізделеді. Біріншіден, заманауи қоғамның дамуына байланысты адамзат «ақпараттық қоғам» деп аталатын жаңа терминмен танысты. Бұқаралық ақпарат құралдарында «желілік журналистика», «онлайн-журналистика», «ақпараттық дәуір», «цифровизация» сияқты түсініктер қолданысқа енді. Екіншіден, желідегі журналистиканың пайда болысымен, біз жаңа БАҚ-құралдары мен ақпарат алу тәсілдерінің пайда болуының куәсі болдық. Сол себепті, адамзатқа заман ағымына ілесіп, жаңа тәсілдерді игеріп, медиа-кеңістіктің түрлі заманауи технологияларын меңгеруге тура келді. Үшіншіден, қазіргі таңда желілік журналистиканың қоғамдағы алар орны ерекше. Себебі, желідегі ақпараттың таралуы жылдам, танысуға ыңғайлы және әрдайым қол жетімді. Жаңа технологиялардың, смартфондар мен гаджеттердің дамуына байланысты желілік журналистиканың рөлі де артуда, ал ақпаратты жинау, онымен алмасу және талқылау - өндіріс пен биліктің қайнар көзіне айналып отыр.
Зерттеу жұмысының пәні - Қазақстандағы желілік журналистика жайлы жалпы түсінік, оның даму ерекшеліктері, заманауи әлеуметтік желілердің журналистикадағы рөлі.
Зерттеу жұмысының объектісі - Қазақстандағы желілік бұқаралық ақпарат құралдары, әлеуметтік желілер, желілік журналистиканың басты құралдары.
Зерттеу жұмысының мақсаты - Қазақстандағы желілік журналистиканың даму ерекшеліктерін айқындау.
Зерттеу жұмысының мақсаты келесі міндеттер тізімін шешуді талап етеді:
- Ақпараттық қоғамдағы журналистиканың рөлін анықтау;
- Әлеуметтік желілерге және терминдерге жалпы түсінік беру, оның ерекшеліктерін анықтау;
- Қазақстандағы БАҚ-ның әлеуметтік желідегі көздерін зерттеу, оларды талдау;
- Журналистика мен блогерлікке түсінік беру;
- Желілік журналистиканың спецификасын және тенденцияларын анықтау;
- Әлеуметтік желідегі бизнес-парақша туралы жобалық жұмысты жүзеге асыру.
Зерттеудің әдістері. Тақырыпқа байланысты алға қойылған міндеттер мен мақсаттарды табысты жүзеге асыру мақсатында, желілік журналистикаға байланысты деректермен толықтай танысу қажет, сол себепті жұмыс барысында ғылыми және арнайы әдістер қолданылады. Мысалы:
- Бақылау
- Талдау
- Сараптама
- Салыстыру
- Зерттеу
- Жалпылау
- Бағалау
- Сауалнама жүргізу
Зерттеу материалдары. Соңғы жылдары желілік журналистика көп зерттелген, сондықтан оқу құралдары мен осы тақырып жөніндегі зерттеу жұмыстары жеткілікті. Диссертацияны дайындау барысында А. А. Калмыковтың «Интернет-журналистика» және Р. Рэддик пен Э. Кингтің «Журналистика в стиле он-лайн» атты жұмыстары негізге алынады. Онда желілік басылымдардың ерекшеліктері мен жанрлары көрсетілген, веб-журналист қызметінің технологиясы түпкілікті қарастырылған, дәстүрлі БАҚ мен ғаламтордың байланысы зерттелген.
Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы. Қазақстанда әлеуметтік желі мен журналистиканың байланысы жайлы еңбектер бар. Алайда, ғаламтор мен әлеуметтік желілердің жыл сайын дамуына және өзгеруіне байланысты, бұл ұғымдарды толық түсінуге мүмкіндік беретін жұмыстар әлі де жеткіліксіз әрі толық зерттеліп үлгермеген. Ақпараттық қоғамның дамуына орай, бұл тақырып өзектілігін жоғалпайды. Сонымен қатар, зерттеу жұмысында, желілік журналистиканың ерекшеліктері мен ережелері ескеріле отырып, Инстаграм әлеуметтік желісіндегі ақпараттық бизнес-парақшаның моделі құрастырылады.
Зерттеу жұмысының практикалық маңыздылығы. Қазақстандағы желілік журналистиканың өзекті мәселелері және оның даму ерекшеліктері баяндалады, заманауи әлеуметтік желілерге түсінік беріледі.
Зерттеу жұмысының құрылымы. Диссертация кіріспеден, 3 бөлімнен және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Бірінші бөлім «Ақпараттық қоғамдағы журналистика» деп аталады. Онда жалпы ақпараттық қоғам, ондағы журналистиканың рөлі, журналистиканың тілі мен ерекшелігі жайлы мағлұмат беріледі.
Екінші бөлім «Қазақстандағы желілік журналистика» деп аталады. Онда Қазақстандағы желілік журналистиканың даму тарихы, оның мақсаттары мен принциптері баянадалады. Әлеуметтік желідегі ақпарат тарату мәселесі және Қазақстандағы заманауи әлеуметтік желілер мәселесі талқыланады. Әлеуметтік желілердік ерекшеліктеріне талдау жасалады. Қазақстандағы танымал әлеуметтік желілер арқылы БАҚ-ның даму ерекшеліктеріне тоқталамыз.
Үшінші бөлім жобалық жұмысқа арналған. Онда Инстаграм әлеуметтік желісіндегі ақпараттық бизнес-парақшаның моделі ұсынылады. Қорытынды бөлімде алға қойылған міндеттердің шешімі көрсетіледі.
Мазмұны:
Кіріспе.
Бөлім I. Ақпараттық қоғамдағы журналистика.
- Ақпараттық қоғамдағы журналистиканың дамуыЖурналистиканың қоғамдағы рөлі, оның мақсаты және тілі мен жаңа терминдер мен түсініктер
I Бөлімге қорытынды.
Бөлім ІІ. Қазақстандағы желілік журналистика
2. 1. Қазақстандағы желілік журналистиканың даму тарихы, мақсаттары мен принциптері
2. 2. Әлеуметтік желілер: пайда болуы және дамуы
2. 3. Әлеуметтік желілер - бұқаралық коммуникация құралы
2. 4. Әлеуметтік желілер - БАҚ дамыту құралы
Бөлім ІІІ. Жобалық жұмыс
3. 1. Жобаның басты идеясы
3. 2. Жобаның мақсаты мен міндеті
3. 3. Күтілетін нәтиже
3. 4. Жобаның құрылымы
3. 5. Жобалық жұмыстың ерекшеліктері
3. 6. Қажетті құралдар мен тәсілдер
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz