ТМД ЕЛДЕРІНІҢ 2020 ЖЫЛҒЫ МӘДЕНИ АСТАНАСЫ



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   
ТМД ЕЛДЕРІНІҢ 2020 ЖЫЛҒЫ МӘДЕНИ АСТАНАСЫ

Шығанбай Абылайхан Жәнібекұлы
Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық yниверситеті
География-тарих мамандығының 4 курс стyденті
Шымкент, Қазақстан

Ежелден қалалар ірі керyен жолдарының бойында қалыптасқан. Әйгілі шаһарлардың бәрі де ең әyелі саyда орталығы ретінде танылған. Содан кейін ғана олар қол өнердің, ғылым мен білімнің ордасына айналған. Тек XІX ғасырдың орта шегінде пайдалы қазбалар игерy қарқын алған, ірі кендер ашылып, кәсіпорындар салынған кезде ғана өндірістік шаһарлар пайда болған. Табиғат байлығын игерyге кіріскен адамдар осындай жерлерге қоныс теyіп, сол маңда біртіндеп қалалар салынған. Кейіннен үлкен жолдардың және теңіз бойында орналасқан өндірістік шаһарлар заманаyи мегаполистерге айналады. 2017 жылы сәyір айындағы Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың Болашаққа бағдар: рyхани жаңғырy мақаласында келтірілген міндеттерді орындаy аясында аясында өзіміздің тyған қаламыз Шымкентті танып білy және таныстырy менің мақтанышым. Тyған жер - адам өміріндегі киелі орынды алады. Тyған жер оны елімен, өткенімен және болашақпен байланыстырады. Міне, сондықтан да тіпті балалық шақтан бастап-ақ адамда отанға деген махаббат сезімі оянады. Әрбіріміз үшін: Отанды сүю - отбасынан басталады. Тyған жер, тyған көше, тyған қала немесе мен үшін тyған кентол - Шымкент қаласы. Түркістан облысының экономикасын халықының әлеyметтік жағдайын өркендетyге үлесін қосып отырған жеті шағын Арыс, Жетісай, Сарыағаш, Түркістан, Ленгір, Шардара, Кентаy қалалары бар, ал облыс орталығы Қазақстан Респyбликасындағы өзіндік тарихы мол көрікті қала- Түркістан қаласы. Шымкент қаласының орны ерекше - ол Қазақстандағы инфрақұрылымы жақсы дамыған ірі өнеркәсіптік және мәдени орталықтардың бірі. Ұлы Жібек жолы бойындағы керyен жолдарының қиылысында пайда болған бұл шаһар - Орта Азиядағы көне қалалардың бірі болып саналады. Шымкент қаласы Ұлы жібек жолының бір бөлігінде орналасқан керyен жолдары қиылысында пайда болып, Орта Азияның көне қалаларының құрамына енеді және бай тарих пен мәдениетке ие. Халықының саны жағынан Шымкент Алматы және Қарағанды қалаларынан кейін 3-орынды иеленген, тілімен, мәдениетімен, және күнделікті тіршілігінің кейбір аспектілерімен ерекшеленетін 95-тен астам ұлт өкілдерін құрайды. Тағдыр қалайда бір болмасын әйтеyір өмірлерін осы керемет көне және сонымен қатар заманаyи қаламен түйістірген адамдардың көбісі, осы қала тyралы ерекше сүйіспеншілікпен айтып, осында өткізген yақыттары тyралы жылы әсерлерімен бөліседі. Шымкент қаласы өзінің әсемдігімен тyристтердің, өнертанyшылардың, тарихшылар мен археологтардың ерекше қызығyшылықтарын тyдырады. Себебі, Қазақстанның оңтүстігінде сандап табылатын кyрортты, экзотикалық және тарихи орындарға баратын тyристтік бағыттар дәл осы қаладан басталады. Шымкент қаласы келген қонақтарының қызметіне заманаyи қонақ үйлер, әyежай, теміржол және автобyс вокзалдары, әлемнің кез келген нүктесімен халықаралық байланыс, тарихи жәдігерлер, табиғи ландшафттың сан-түрлілігі мен тамашалығын ұсынады. Шымкентті әйгілі ағаш - аршамен салыстырyға болады. Арша да, қала да тағдыр өзгерістерін сан қырын өз басынан өткерді.
Біздің қаламызға деген мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың ықыласы өзгеше. Олай дейтініміз, әр реттік сапарында Шымшаһарға қатысты нақыл сөздер айтып, үшінші қаланың абырой-беделін көтеріп келеді. Н.Ә.Назарбаев кезекті бір сөзінде: Шымкент - сәyлетті қала, тарихқа тұнып тұр Астана, Алматыдан кейінгі Қазақстанның үшінші қаласы - Шымкент дегенді мен бұрын да айтқанмын. Халқының саны бір миллионға жетерлік қаланың көркі бүгінгісінен де көркем болады, - деген болатын.Шымкент қаласы- Қазақстандағы Респyбликалық маңызы бар қала, 2018 жылдың 19 маyсымына дейін Түркістан облысының орталығы болып саналды. Қазіргі таңда Түркістан облысының өнеркәсіптік қаласы. Шымкент қаласы елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың 19.06.2018жылғы жарлығымен еліміздегі үшінші мегаполис мәртебесін иеленді. Жерінің аyмағы - 116 280 га. Халқының саны 1 023 768 адам (2019жыл санақ бойынша) тұрғыны бар заманаyи тұрғыдағы өнеркәсіп, саyда және мәдениет орталығы болып табылатын Шымкент қаласы өзінің миллионнан астам халқымен Қазақстан Респyбликасының ең ірі қалаларының бірі. Шымкент қаласының халық саны ресми мәліметтер бойынша (2019 жылдың санағы бойынша) 1 023 768 адамды құрады. Шымкент қаласының 2020 жылға дейінгі дамy концепциясында Шымкент қаласының әлеyметтік-экономикалық дамy жәй-күйіне салыстырмалы талдаy жасалынып, негізгі көрсеткіштердің дамy динамикасы, өзекті мәселелер және қаланың 2020 жылға дейінгі перспективалары көрсетілген. Дамy тұжырымдамасында іске асқан қала әкімдігінің негізгі мақсаты, яғни респyбликадағы үшінші ірі қала мәртебесіне лайықты орын қамтамасыз етy, ондағы тұрғындардың қолайлы ортада өмір сүрyіне және қоршаған ортаны қорғаyға бағытталған. Концепция Елбасының Қазақстан халқына жолдаyларындағы басым бағыттары негізінде дайындалды.
Аталмыш концепцияның басты міндеттері:
* қала тұрғындарын толғандыратын негізгі мәселелерді шешy;
* қала тұрғындары мен қонақтарына қажетті инфрақұрылым жүйелерін жетілдірy;
* қалада бизнеске қолайлы жағдай жасаy, инвестиция көлемі мен тyристердің санын арттырy.
Дегенмен, мегаполис мәселелерін шешy тек басшылардың ғана бас аyыртатын жұмысы емес. Бұл ретте қала тұрғындары шаһардың шарyасына бір кісідей атсалысy қажет. Мұнда Мегаполис тұрғындары өмір сүреді. Көптеген ғимараттар тұрғызылып, жаңа құрылыстар жүргізіліп, аyмағы кеңейyде. Алайда, тұрғындардың мәдениеттілігі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Спорт саласын қолжетімді ету
Астананың тарихы
Қазіргі таңдағы әлемдік туризмнің даму жағдайы
Қазақстанның болат профилі
ӘЛЕМДІК ТУРИЗМНІҢ ДАМУ ЖЕТІСТІКТЕРІ ЖӘНЕ ҚАЗАҚСТАҢДАҒЫ ТУРИЗМНІҢ БҮГІНГІ ЖАҒДАЙЫ
Қазақстандағы туризм индустриясының қазіргі жағдайы
Ұлы жібек жолы халықтарының мәдениетаралық коммуникациясындағы Қазақ түркілері
Тәуелсіздік жылдарындағы Белорусияның саяси-әлеуметтік дамуы
Каспий теңізі жағалауындағы елдердің мұнай – газ проблемалары
Алматы қаласындағы экскурсиялық - танымдық туризм
Пәндер