ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ МҰҒАЛІМІНІҢ КОММУНИКАТИВТІК ҚҰЗІРЕТТІЛІГІ



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
ӘЖК: 796:373

Баяндаманың т ақырыбы:

ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ МҰҒАЛІМІНІҢ КОММУНИКАТИВТІК ҚҰЗІРЕТТІЛІГІ

Алтынбекова С.М.
Тараз қаласы, М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті
Мазмұны
Кіріспе
1. Құзыреттілік ұғымы және оның түрлері
2. Құзіреттілік және әрекеттік негізінде сабақты жобалаудың тиімді тәсілдері
3. Қазіргі білім беру жүйесінің мақсаты - бәсекеге қабілетті маман дайындау

Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе

Мұғалім - өзінің білімін үздіксіз көтеріп отырғанда ғана мұғалім, ал оқуды, ізденуді тоқтатқанмен оның мұғалімдігі де жойылады.
К.Д.Ушинский
Тақырыптың өзектілігі.
Құзіреттілік арқылы оқушылардың құзіреттілігін, дене тәрбиесі пәніне деген қызығушылығын қалыптастыру. Білім беру құзіреттілігі - білім беру қызметінде кәсіби білімді білік пен дағдыны, мақсат қоюшылықты игеруге деген қызығушылық және білім беру қызметінде субъектілік пен креативтіліктің дамуына ынталылық педагогикалық және әлеуметтік психологияның негіздерін қолдана білу қабілеті.
Әлемдік қауымдастықтың заманауи даму кезеңінде адамзат факторын жандандыру әлемдік прогрестің бір шарты ретінде талап етіледі.
Бүгінгі білім берудің мақсаты - дүниетанымы кең, интеллектісі дамыған, білім деңгейі жоғары индивид қана емес, сонымен қатар, көп жағдайда қоғамның болашағы зияткерлік, саяси, мәдени деңгейінің дамуымен байланысты рухани тұлғаны қалыптастыру.
Білім беру - оқыту мен тәрбиенің тығыз байланысы.
Жұмыстың мақсаты мен міндеттері.
Зерттеу жұмысының мақсаты - Өз бетінше жұмысты тиімді ұйымдастыру арқылы өздігінен дамуға ұмтылатын жеке тұлғанының құзіреттілігін қалыптастыру. Сонымен қатар осындай міндеттер қарастырылыған:
* Жеке тұлғаның дамуында маңызды роль атқаратын оқушының өз бетінше жұмысын тиімді ұйымдастыра білу;
* сол арқылы білім, білік, дағдының жоғары деңгейіне шығу;
* оқушының түрлі дара қабілеттерін арттыру.
Зерттеудің негізі. Оқытудың белсенді әдістері,білім беру үдерісіндегі әрекеттік және құзіреттілік тәсілдерін меңгереді,сабақта қолданады;
Зерттеу болжамы. Оқушылар мен өз бетінше жұмысты тиімді ұйымдастыру - жеке, дара тұлғаның еркін қалыптасуына мүмкіндік береді.
Зерттеудің обьектісі. Оқытудың белсенді әдістері,білім беру үдерісіндегі әрекеттік және құзіреттілік тәсілдерін меңгерту
Жобаның ұсыну формасы. зерттеушілік
Жұмыстын құрылымы: кіріспеден, құзыреттілік ұғымы және оның түрлері, құзіреттілік және әрекеттік негізінде сабақты жобалаудың тиімді тәсілдері бөлімдерінен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1. Құзіреттілік және әрекеттік негізінде сабақты жобалаудың тиімді тәсілдері
Қазіргі аса қарқынды өзгерістерге толы әлеуметтік экономикалық жағдайда білім беру жүйесінде педагогке қойылатын талап та ерекше екендігі түсінікті. Бұл мынадай фактілерге байланысты:
* Оқытудың әр алуан түрлері мен әдістерін қолдану;
* Топтық жұмыс дағдыларын дамыту;
* Әрекеттерге үйрету;
* Нақты ситуациялар талдау;
Білім берудің, соның ішінде орта білімнің құндылық мәні білім алушылардың қоғамдағы өз орнын табуға өзін әлемнің бір бөлігі ретінде сезінуге жағдай жасайтын базалық құдіреттер түрінде берілген ұлттық деңгейдегі базалық құжіреттер тұлғаның дамуы мен қалыптасуындағы білім берудің мәні мен орнын анықтайды және ұлттық деңгейдегі білім берудің жалпы мақсаттарының негізгі құраушысы болады.
Білім берудің жалпы мақсаты:
* мейірімді адам
* бауырмал отбасы мүшесі
* шығармашыл дара тұлға;
* жауапкершілікті азамат;
* салауатты және кемелденуші тұлға ролдерін қамтитын базалық құзіреттілікті мақсатты түрде дамыту арқылы білім алушылардың үйлесімді қалыптасып дамуына саналы түрде өз өмірін ізгілендіруге ықпал ету.
Орта білім берудің мақсаты пәндік және түйінді құзіреттердің дамуы арқылы білім алушылардың танымдық қабілеттерінің дамуына, алған білімін кез келген оқу және өмірлік жағдаяттарда шығармашылықпен пайдалануына, өзін-өзі дамыту мен өзіндік басқаруға дайындауға мүмкіндік беруді қамтамасыз ету. Әрбір білім салалары бойынша күтілетін нәтижелерді анықтауға қызмет етеді.
Түйінді құзіреттерге:
* ақпаратты құзірет;
* коммуникативтік құзірет;
* проблемалардың шешімін тау құзіреттері жатады. Ал пәндік құзіреттер білім алушылардың кең ауқымды әрекеттерін қамти келе олардың мынадай қабілеттерін сипаттайды:
* қоғам қажеттілігіне сай ана тілінде және басқа тілдерде қарым-қатынас жасауға ынталы болуы;
* кең ауқымды мағынада математикалық сауаттылыққа ие болу, сонымен қатар жаңа ақпараттық және коммуникациялық технологияларды қолдана білуі;
* адамның табиғаттағы ролі мен орны тұрғысынан әлемнің ғылыми сипатын түсінуі;
2. Құзіреттілік және әрекеттік негізінде сабақты жобалаудың тиімді тәсілдері
Дене тәрбиесі пәнінен күнделікті сабақ жоспарын жасағанда түйінді құзіреттілікті басшылыққа аламыз.
Ақпараттық құзіреттілік: Сыни тұрғыдан талданған ақпараттар негізінде саналы шешім қабылдауға, өз бетінше мақсат қоюға және осы мақсаттарға жету үшін танымдық қызметтерді жүзеге асыруға өз бетінше табуға, талдауға, іріктеу жасауға, қайта құруға, сақтауға, түсіндіруге, ақпараттарды тасымалдауды, оның ішінде қазіргі заманға ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың көмегімен жүзеге асыруға, ақпараттарды қолдануға мүмкіндік береді. Ақпараттық құзіреттілікке жетудің өзіндік жүйесі бар. Ол оқулықтан, баспасөзден, ғаламтордан тағы да басқа дерек көздерінен іздеу үшін оқушы бойында қажеттілік пайда болады. Көреді, талдайды, сұрыптайды, өмірде пайдаланады.
Коммуникативтік құзіреттілік: Өзара әрекеттесуді көздейді, нақты өмір жағдайында қазақ және басқа тілдерде ауызша және жазбаша коммуникациялардың түрлі құралдарын қолданады. Қарым-қатынас міндеттерін шешуге сәйкес келетін стильдер мен жанрларды таңдайды.
Ғалымдар кәсіби құзыреттілік классификациясын әр түрлі анықтаған. Соның бірі Ы.Алтынсарин атындағы институт ғалымдары мамандардың кәсіби құзыреттілікті қалыптастыру жолындағы жинақталған түрде 9 негізгі бағытты анықтап отыр. Олар:
1.Әлемнің ғылыми көрсеткішін түсіну, зерттеу-зерделеу және шығармашылық қызмет ету дағдыларын білу.
2.Өз Отанының патриоты болу, азаматтық белсенділігін көрсетіп, саяси жүйені түсіну, болып жатқан әлеуметтік құбылыстарға өз тарапынан баға бере білу.
3.Қоршаған ортаға қамқорлық таныту, экологиялық теңдікті сақтауға үлес қосу.
4.Тілдік қарым - қатынас дағдысын меңгеру, өз тіліңді туған ана тілім және мемлекеттік тіл ретінде меңгеру, орыс және ағылшын тілдерін білу.
5. Жаңа ақпараттық техналогияларды ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Дене шынықтыру және спорт саласындағы оқыту әдістері дәріс
Болашақ дене тәрбиесі мұғалімдерінің әлеуметтік - мәдени құзырлығын қалыптастыру әдістемесі
Бастауыш сынып мұғалімінің ұйымдастырушылық қабілетін қалыптастыру
ОҚУШЫЛАРДЫҢ ФУНКЦИОНАЛДЫҚ САУАТТЫЛЫҒЫН ДАМЫТУДА МҰҒАЛІМНІҢ ҚҰЗІРЕТТІЛІГІ
Болашақ дене шынықтыру мұғалімдерін кәсіби даярлауды ғылыми-педагогикалық тұрғыдан негіздеу
Бастауыш сынып мұғалімінің инновациялық - технологиялық әлеуетін қалыптастырудың педагогикалық алғышарттары
Эстетикалық тәрбиенің теориялық негіздері
Эстетикалық тәрбиенің мақсаты - жеке адамның эстетикалық мәдениетін дамыту
Мұғалім және оның педагогикалық үрдісті ұйымдастырудағы рөлі, қоғамдағы мұғалімнің қызметі
Бастауыш сынып оқушыларының қазақ тілінен құзыреттілікке бағытталған тапсырмалар арқылы шығармашылық қабілеттерін дамыту жолдары
Пәндер