БАҒАЛАУЫШТЫҚ ЛЕКСИКА – ОҚУШЫЛАРДЫҢ ТІЛДІК АГРЕССИЯСЫНЫҢ ҚҰРАЛЫ
БАҒАЛАУЫШТЫҚ ЛЕКСИКА - ОҚУШЫЛАРДЫҢ ТІЛДІК АГРЕССИЯСЫНЫҢ ҚҰРАЛЫ
Атілғазы Ұлжан
2-курс магистранты
(Талдықорған қ., Қазақстан)
(Филологические науки
Язык, речь, речевая коммуникация.)
Белгілі бір зат я болмаса сол жөнінде ой-пікір пайымдау бағалауға тән қызмет болып табылады. Тілімізде бағалауыштық мәндегі тілдік құрылымдар жиі кездеседі. Бағалауыштық лексика белгілі бір адамның түр-түсін, мінез-құлқын, жүріс-тұрысын, сырт-келбетін сипаттап көрсетуде жиі қолданысқа түседі.
Қазақ тілінің түсіндірме сөздігінде баға, бағалау сөздеріне мынандай сипаттама берілген: Баға зат. (1) Заттың құны, нарқы. (2)Ауыс. Қадір-қасиет. Бағала ет. (1) Баға қою. (2) Ауыс. Қадірлеу, құрметтеу. Бағалау бағала етістігінің қимыл атауы. Бағалаушы зат. (1). Баға беруші. (2). Ауыс. Қадірлеуші, құрметтеуші [1, 239 б.].
Бағалау типтерінің жіктемесін 1963 жылы финн зерттеушісі Г.Фонн Райт ұсынды. Ол бағалауды игілік, құндылық формалары деп атайды және аспаптық, техникалық, медициналық, утилитарлық, адамның мінез-құлқына байланысты (адам мейірімділігі), гедонистикалық деп бөліп қарастырады.
Лингвист-ғалым Е.И.Диброво жеке бағалауыш мағынаның төмендегідей түрлерін белгілейді:
1. Эмотивті баға
2. Этикалық баға
3. Интеллектуалды баға
4. Нормативті баға
5. Квалификативті (сапалықсандық) баға.
Н.Д.Арутюнова жеке бағалауышты мынадай категорияларға бөледі:
І. Сенсорлық бағалауыш:
1. Сенсорлық баға беру немесе гедонистикалық дәмді - дәмсіз.
2. Психологиялық баға беру:
a. Интеллектуалды білімді, қызықты;
b. Эмоционалды көңілді, қуанышты.
ІІ. Сублимирлік бағалауыш:
1. Эстетикалық баға беру, сенсорлық және психологиялық баға беруден пайда болған әдемі, ұсқынсыз.
2. Этикалық баға беру мейірімді, қатігез.
ІІІ. Рационалды бағалауыш:
1. Утилитарлы баға беру пайдалы, зиянды.
2. Нормативті баға беру дұрыс, қате, теріс.
3. Телеологиялық баға беру сәтті, сәтсіз [2, 196 б.].
Қазақ тіл білімінің негізін қалаушы А.Байтұрсыновтың Әдебиет танытқыш еңбегінің Қара сөз бен дарынды сөз жүйесі деген тарауында сөз, ұғым, мағына табиғаты қарастырылады. Зерттеуші ойлаудың екі түрін көрсетеді: Ойлау екі түрлі сипатта болады. Ол сипаттардың біреулері бойына біткен сипат болса, екіншілері адамның қосқан, таңған сипаттары болады. Мәселен, нәрсенің бірін жылы, бірін суық, бірін теріс, бірін бұдырмақ, бірін қатты, бірін жұмсақ дейміз. Бұл сипаттар нәрсенің бойында бар сипаттар. Бұл сипаттаудың біреулері адамға ұнайтын болар да, біреулері ұнамайтын болар [3, 89 б.].
Зерттеуші М.Оразов Қазақ тілінің семантикасы деген еңбегінде эмоциялық мағынаға талдау жасай келе, әрқашан да объектив дүниедегі заттардың түйсік арқылы қабылданған информацияны адам ойының, санасының елегінен өтіп жататындығын, оған белгілі бір баға берілетіндігін атап көрсетеді [4, 76 б.].
Қазақ тіл білімінде бағалауыштық лексика терминін ең алғаш тілші ғалымдар А.Алдашева, О.Бүркітов, Б.Момынова, т.б. газет тілінің ерекшелігіне қатысты қолданған.
Қазақ тілінде тілшілердің бағалауға берген анықтамасын айтсақ, мысалы, Қ.Есенова мынадай анықтама ұсынады: Баға не бағалай сөйлеу салты дегеніміз - сөйлеушінің нысанаға алған нәрсе жөніндегі мақұлдау, қарсылық, ықылас не тілек, т.б. түріндегі көзқарасын білдіретін пайымдауы, стильдік қосымша мағына мен мағыналық реңктің негізгі бір түрі [5, 63 б.].
Б.Момынова Бағалауыштық - сөйлеушінің өз тарапынан құбылыс пен зат, іс-әрекет атауына берген бағасы, көзқарасы, оған деген қарым-қатынасы деп тұжырымдайды [6, 102 б.].
З.Ерназарова: Сөйлеу тілі синтаксисінің прагмалингвистикалық аспектісі деген зерттеу еңбегінде мынандай тұжырым жасайды: Бағалау сөйлеу актісі үстінде дүниеге келеді. Сондықтан бағалау мәнді сөйлеу актілері бірден-бір прагматикалық мәнге ие болады. Адамзатқа тән құндылықтар тұрғысынан құбылыс - әрекеттерді бағалаушы мақсатта жұмсалатын сөйлесімнің қалыптасуына прагматикалық мәнбірлер ықпал етеді. Бағалау жағымды- жағымсыз тұрғыда берілетін болса, сөйлеу тілінде осы мақсатқа икемделген бірліктер бар [7, 89 б.].
Д.Бекзат Қазақ тіліндегі мақал-мәтелдердің танымдық прагматикалық аспектісі атты кандидаттық диссертациясында мақал-мәтелдерге тән ерекшеліктің бірі олардың бағалауыштық танытуы деп атап көрсетеді. ММ-дер кез келген жағдай, соның ішінде адамға қатысты оның мінез-құлқы, іс-әрекеті және т.б. қасиетіне баға береді [8, 6 б.].
Б.Ұ.Сағынова өзінің Қазақ тіліндегі адам интеллектісіне қатысты лексика этнолингвистикалық зерттеу атты кандидаттық диссертациясында былай дейді: Адамдар арасындағы сыйластық сезімі адамның ішкі сезім дүниесінен туындап, бағалау сипатын білдіреді [9, 72 б.].
Адамның қоршаған ортамен түрлі қатынастарын көрсететін бағалау термині жағымды және жағымсыз баға ретінде көрініс табады. Бағалауыштық лексикаға эмоция және экспрессиялылық тән. Бұл сөздерден адамның қандай көңіл-күйде тұрғанын және сонымен бірге оның қандай адам екендігін де байқауға болады.
Тіліміздегі бағалауыштық лексикаға жататын сөздерді үлкен екі топқа бөліп қарастырамыз:
1. Заттың абстрактілі бағасын білдіретін денотат бағалауыш сөздер;
2. Затты атап, оған бағасын беретін коннотат мағыналы бағалуыш сөздер, бұларды эмоционалды-бағалауыштық сөздер деп те айтайды.
Зерттеуші Ш.Нұрғожина сөздердің бағалауыштық қасиеттері А-В деген құрылым арқылы жақсыжаман деген екі мағынада жұмсалатындығын айтады. Бағалауыштық ұнатуұнатпау; қуануренжу сияқты сөздер арқылы субъектінің эмоциясын білдіреді деген тұжырымға келеді [10, 32 б.].
Тіл арқылы байланысу, қатынас жасау адамға ғана арналған басты байлық. Дегенмен осы байлықты жағымды жағынан ғана емес, жағымсыз тұрғысынан да қолданатынымыз жасырын емес.
Қазіргі таңда көбінесе мектеп оқушылары мен жасөспірімдер арасында бірін-бірі кемсіту, мазақ ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz