Білім беру үрдісіндегі әлеуметтік институттардың өзара әрекеттестігі Педагогикалық процесті басқарудағы әлеуметтік институттардың өзара әрекеттестігі



Жоспар:

1. Мектеп, отбасы, жұршылықтың және мектептің бірлескен жұмысын ұйымдастырушы орталық ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 3
2. Мектептің педагогикалық ұжымы. Педагогикалық ұжымның ерекшеліктері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5
3. Отбасы — ерекше педагогикалық жүйе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 18
4. Оқушы отбасымен байланыс орнатудың психологиялық.педагогикалық негіздері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 22
5. Мұғалім, сынып жетекшісінің оқушының ата.аналарымен жұмыс істеу формалары мен әдістері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 26
Қолданылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 29

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 22 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар:

1.‭ ‬Мектеп,‭ ‬отбасы,‭ ‬жұршылықтың және мектептің бірлескен жұмысын‭ ‬ұйымдастырушы орталық‭ ‬ ... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .‭ ‬3
2.‭ ‬Мектептің педагогикалық‭ ‬ұжымы.‭ ‬Педагогикалық‭ ‬ұжымның ерекшеліктері‭ ‬ ... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..‭ ‬5‭
3.‭ ‬Отбасы‭ —‬ерекше педагогикалық жүйе‭ ‬ ... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... .‭ ‬18
.‭ ‬Оқушы отбасымен‭ ‬байланыс орнатудың психологиялық-педагогикалық негіздері‭ ‬ ... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .‭ ‬22
.‭ ‬Мұғалім,‭ ‬сынып жетекшісінің оқушының ата-аналарымен жұмыс істеу формалары мен әдістері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ‭ ‬26
Қолданылған әдебиеттер‭ ‬ ... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .‭ ‬29

1.‭ ‬Мектеп,‭ ‬отбасы,‭ ‬жұршылықтың және мектептің бірлескен жұмысын‭ ‬ұйымдастырушы орталық
Мектептің‭ ‬ұйымдастырушы тәртіп орталығы ретіндегі қызметінің ең маңызды бағыттарының бірі-мектептің,‭ ‬отбасының және жұртшылықтың күшін біріктіру.‭ ‬Бұл жұмыстың мазмұны,‭ ‬әдістері мен түрлеріне қарай өзіндік ерекшелігі болады.‭ ‬Ол әрекеттің өзіндік ерекшелігі бірқатар факторларға байланысты.‭ ‬Олар педагогикалық процестің обьективті заңдылықтарын білу‭; ‬қазіргі жағдайдағы мектептің әлеуметтік қызметіне қанық болу‭; ‬қазіргі отбасының ерекшеліктері мен даму тенденцияларын түсіну,‭ ‬мұғалімнің,‭ ‬ата-аналар,‭ ‬жұртшылық өкілдерімен‭ ‬жас‭ ‬ұрпақ тәрбиесіне байланысты жұмысқа практикалық тұрғыдан дайын болуы.
Мектеп балалар тәрбиесі мен отбасы тәрбиесін педагогикалық басқарудағы тікелей іске асыратын маңызды әлеуметтік институт болып табылады.‭ ‬Жас үрпақты өмірге дайындауда жаңа сапалық белгілер қалып-тасып,‭ ‬дербестікті дамыту,‭ ‬кәсіптік бағдар,‭ ‬білім алу және өздігінен білім алу,‭ ‬қабілеттерді анықтау және дамыту сияқты мәселелерге ерекше маңыз бсре бастады.‭ ‬Мектептің,‭ ‬отбасының және жұртшылықтың тәрбиелік қызметінің біртүтастығы мектептің мақсатты түрде жүргізген жүйелі жұмыстарының нәтижесі.‭ ‬Ал бұл нәтиже қазіргі заманғы білім беру мекемесіне қойылатын басты талаптардың бірі.
Белгілі педагог В.‭ ‬А.‭ ‬Сухомлинскийдің еңбектерінде‭ ‬"мектептік-отбасылық тәрбие‭"‬ ұғымы кең қолданылады.‭ ‬Оның пікірінше тәрбиені мектептік немесе отбасылық деп қарастыруға болмайды,‭ ‬өйткені бала тұлғасы біртүтас және оны қалыптастыру процесі де біртүтас‭ ‬сипат алады.‭ ‬Міне,‭ ‬осындай біртұтас тәрбие процесінде мектеп жетекші рөл атқарады.
Мектеп отбасының тәрбиелік мүмкіндіктерін кеңітеді және дамытады,‭ ‬осы бағытта педагогикалық ағарту жұмыстарын жүргізеді,‭ ‬қоғамдық және мектептен тыс ұйымдардың мектеп пен отбасына белсенді түрде көмек көрсетуін‭ ‬ұйымдастырады және бағыттайды,‭ ‬олардың әрекеттерін үйлестіреді.‭ ‬Мектеп басшысының,‭ ‬сынып жетекшісінің жұмыс жүйесі ең тиімді түрлер мен әдістер таңдап алу арқылы‭ ‬ұзақ жылдар барысында қалыптасады.‭ ‬Ол жүйе жұмыстың нәтижелігін қамтамасыз ететіндей талаптарға жауап беруі тиіс.
Ең бірінші талап‭ ‬-‭ ‬бүкіл педагогикалық ұжым әрекетінің мақсаттылығы.‭ ‬Ата-аналармсн жұмыс деген мүлде жалпы үғым.‭ ‬Оның орныиа імқты педаіогикалық‭ ‬проблемаларды шешу үшін ата-аналар жиналысын өткізу,‭ ‬лекция оқу,‭ ‬ата-анаға,‭ ‬отбасына жскелеп ықпал жасау қажет.
Екінші талап‭ ‬-‭ ‬мұғалімнің кәсіптік біліктілігін,‭ ‬педагогикалық мәдениетін көтеру.‭ ‬Оның жолдары әртүрлі болуы мүмкін.‭ ‬Мысалы,‭ ‬сынып жетекшілері секциясының жұмысы,‭ "‬Отбасылық педагогика‭" ‬немесе‭ "‬Отбасы тәрбиесін жетілдіру‭" ‬сияқты тұрақты педагогикалық семинар жұмысы‭; ‬мектеп тәжірибесінде анықталған формалды емес жасөспірімдер тобының ерекшеліктерін есепке алу,‭ ‬қолайсыз отбасылар мен педагогикалық түрғыдан бетімен жіберілген балаларды есепке алу,‭ ‬ата-аналардың жүргізген жұмыстарының тиімділігін анықтау,‭ ‬олардың озық тәжірибелеріне педагогикалық талдау жасау.‭ ‬Үшінші талап‭ ‬-‭ ‬педагогикалық ұжымның сынып жетекшісі мен мұғалімдердің ата-аналармен жүргізетін жұмыстарына бірыңғай талап жүйесін жасау.‭ ‬Бұл талап негізді,‭ ‬әдепті,‭ ‬заңды болуы тиіс.‭ ‬Асығыстық,‭ ‬талапты бұрмалаушылық ата-аналармен келіспеушілікке апарып‭ ‬соғады.
Төртінші талап‭ —‬ықпалды қоғамдық ата-аналар‭ ‬ұйымын қалыптастыру.
2.‭ ‬Мектептің педагогикалық‭ ‬ұжымы.‭ ‬Педагогикалық‭ ‬ұжымның ерекшеліктері
Басқарудың және өзін-өзі дамытудың субъектісі ретінде қазіргі педагогикалық‭ ‬ұжым туралы‭ ‬ұғымдар орыс педагогтары Л.‭ ‬Н.‭ ‬Толстой,‭ ‬К.‭ ‬Д.‭ ‬Ушинский,‭ ‬Н.‭ ‬И.‭ ‬Пироговтардың оқыту мен тәрбиенің өзара байланыстылығы,‭ ‬оқушылар мен педагогтардың бірлесе жұмыс істеуі,‭ ‬педагогтардың өзін-өзі дамытуға‭ ‬ұмтылуы сияқты идеяларының ықпалымен қалыптасты.
Тәрбие мақсаты,‭ ‬балалар‭ ‬ұжымын қалыптастыру мәселесі отандық педагогика ғылымында педагогикалық‭ ‬ұжымның екі орнықты моделін іздеумен бірге қарастырылды.‭ ‬Мұғалімдердің тәрбиелік ықпалын біріктіру‭ ‬20-30‭ ‬жылдары педагогика мен мектептің маңызды міндеттерінің бірі болды.‭ ‬Н.‭ ‬К.‭ ‬Крупская,‭ ‬С.‭ ‬Т.‭ ‬Шацкая,‭ ‬А.‭ ‬С.‭ ‬Макаренко және т.б.‭ "‬Тәрбиешілер‭ ‬ұжымы болуы ксрек‭"‬,‭ —‬деп жазды.‭ ‬А.‭ ‬С.‭ ‬Макаренко‭ ‬-‭ ‬тәрбиешілер ұжымға біріккен жерде және біртұтас жұмыс жоспары,‭ ‬балаға деген бірыңғай ықпал жоқ жерде ешқандай тәрбие процесі болуы мүмкін емес‭"‬.
Педагогикалық ұжымның топтасуы және дамуы идеясы В.‭ ‬А.‭ ‬Сухомлинскийдің педагогикалық жүйесінде практикалық көрініс тапты.‭ ‬Ол әрбір педагогикалық ұжымның өзіндік ерекшелігі болатындығын атап көрсетті.‭ ‬Тәжірибе алмасу сол мектептің жұмысын көшіріп алу емес,‭ ‬қайта оның қызметінің идеялары мен концепцияларын бағалау болмақ.
Соңғы жылдары педагогикалық ұжымның дамуы мен қызметінің‭ ‬ішкі механизмін ашуға арналған‭ ‬Н.‭ ‬С.‭ ‬Дежиннова,‭ ‬В.‭ ‬А.‭ ‬Кераковский,‭ ‬Л.‭ ‬И.‭ ‬Новикова,‭ ‬Р.‭ ‬X.‭ ‬Жакуров және т.б.‭ ‬еңбектер жарияланды.
Педагогикалық ұжым адамдардың әлеуметтік жөне кәсіптік бірлестігі ретінде ұжымға тән барлық белгілерді біріктіреді.‭ ‬Ерекше адамдар тобы ретінде мектеп педагогикалық ұжымына жинақылық,‭ ‬басшының болуы,‭ ‬топтасу,‭ ‬салыстырмалы түрде тұрақты және ұзақ мерзімде әрекет ету сияқты қоғамдық жене кәсіптік сипаттар тән.‭ ‬Педагогикалық ұжым сондай-ақ,‭ ‬оқушылар ұжымы да,‭ ‬оның құрамдас бөлігі болып ссептеледі..‭ ‬Кез келген ұжым сияқты мектептің педагогикалық ұжымының өзіндік ерекшеліктері болады.
Педагогикалық ұжымның‭ ‬ең басты ерекшелігі оның‭ ‬кәсіптік қызметіне байланысты,‭ ‬нақтылай айтқанда жас ұрпақты оқыту мен тәрбиелеуде.‭ ‬Педагогикалық ұжымның көсіптік қызметінің тиімділігі оның мүшелерінің педагогикалық мәдениетінің деңгейімен,‭ ‬тұлғаларының қатынас сипатымен,‭ ‬ұжымдық және дербес жауапкершілікті сезінуімен,‭ ‬ұйымшылдық,‭ ‬ынтымақтастық деңгейімен анықталады.‭ ‬Өзінің мәні педагогикалық,‭ ‬тәрбиелік болып табылатын оқу орындарының ұжымы оқушыларға үлкендердің ұжымы,‭ ‬олардың өзара қатынасы,‭ ‬бірлесе әрекет етуі туралы‭ ‬алғашқы‭ ‬түсініктерді қалыптастырады.‭ ‬Бұл жағдай педагогикалық ұжымды өзін-өзі ұйымдастыруға,‭ ‬үнемі өздігінен жетілуге ынталандырады.
Мұғалімдер ұжымының педагогикалық қызметі оқушылар ұжымымен өзара тығыз әрекеттестікте өрбиді.‭ ‬Сондықтан педагогикалық міндетті шешу оқушылар ұжымының тәрбиелік мүмкіндігі қай деңгейде,‭ ‬қаншалықты іске асырылуына тікелей тәуелді болып келеді.‭ ‬Басқару ілімінің категориясы ретінде педагогикалық ұжым басқарушы,‭ ‬ал оқушылар ұжымы басқарылушы болады.‭ ‬Ал қазіргі әрекет пен қатынастың субъектісі ретінде жеке тұлғаға баса назар аударылған жағдайда педагогикалық және оқушылар ұжымы басқарудың да,‭ ‬өзін-өзі дамытудың да субъектісі болып отыр.‭ ‬Мұғалімдер ұжымы өзінің орасан зор интеллектуалдық,‭ ‬тәрбиелік күш-қуаты бойынша балалар ұжымына ғана емес,‭ ‬өз ұжымына қатыстылығына байланысты да тәрбие субъектісі ретінде әрекет жасайды.
Педагогикалық ұжымның басты ерекшелігінің бірі ретінде мұғалімдік кәсіп қызметінің көп қырлылығын атау керек.‭ ‬Қазіргі мұғалім пән мұғалімі,‭ ‬сынып жетекшісі,‭ ‬үйірме,‭ ‬студия жетекшісі,‭ ‬қоғамдық жұмыстар сияқты қызмсттерді атқарады.‭ ‬Бұндай көпқырлылық барлық педагогикалық ұжымға тән.‭ ‬Өзінің кәсіптік міндеттерін шешу барысында педагогикалық ұжым мектеп шегінен шығып кетеді.‭ ‬Қоршаған әлеуметтік ортаны педагогика-ландыру,‭ ‬яғни ата-аналар мен жұртшылық өкілдерінің педагогикалық мәдениетін қалыптастыру тұтас алғанда педагогикалық ұжымның ажырамас қызметіне айналады.‭ ‬Көптеген мұғалімдердің педагогикалық әрекетіне зерттеушілік қызметі‭ ‬тән.‭ ‬Қазіргі мұғалім-зерттеуші нормативті қызмет жасымен шектелмейтін,‭ ‬педагогикалық жаңалықтың жетістігі мен кемшілігін тез аңғаратын,‭ ‬жаңа құндылықтар мен технологияларға баға беріп,‭ ‬игеріп және практикада қолдануға қаблетті педагог.
Педагогикалық ұжымның ендігі бір ерекшелігі оның жоғары денгейде өзін-өзі басқара алуында.‭ ‬Ұжымдағы мектеп кеңесі,‭ ‬әдістемелік комиссиялар,‭ ‬қоғамдық ұйымдар да қатардағы мұғалімдердің сайлану арқылы өкілеттік алуы ұжымда дұрыс қоғамдық пікір қалыптастырып дербестік пен белсенділік дамытады.‭ ‬Педагогикалық ұжым мүшелерінің,‭ ‬оның басшыларының қызметтік міндеттері,‭ ‬қызметтік нұсқаулары арқылы дәл айқындалуы да ұжымның ұйымдасқандық сипатын нығайтады.‭ ‬Педагогикалық ұжымның келесі ерекшелігі оның қызметінің ұжымдық сипаты мен нәтиже үшін ұжымдық жауапкершілігі.‭ ‬Егер‭ ‬жекелеген мұғалімдердің,‭ ‬әсіресе орта және‭ ‬жоғары сынып мұғалімдерінің іс-әрекетін өзге мұғалімдердің іс-әрекетімен сәйкестендірмесе,‭ ‬оқушылардың білімін бағалау,‭ ‬мектеп жұмысын ұйымдастыруда бірыңғай талап болмаса онда ол табысқа‭ ‬жеткізбейді.‭ ‬Мұғалімдердің біртұтастығы олардың құндылық бағдарлары мен сенімдерінен көрінеді,‭ ‬дегенмен бұл жағдай педагогикалық технологияның бірсарындылығын білдірмейді.‭ ‬Балаға деген махаббат,‭ ‬оны оқытуға деген ынта,‭ ‬оқушы тұлғасына деген құрмет педагогикалық шығармашылық,‭ ‬оптимизм,‭ ‬жалпы және кәсіптік мәдениет мұғалімдердің іс-әрекетінің біртұтастығының‭ ‬материалдық негізін қүрайды.
Педагогикалық ұжым өмірінің ерекшеліктерінің қатарында белгілі бір педагогикалық еңбектің түрін атқарудан уақыт шегінің болмауын атауға болады.‭ ‬Бұл жағдай мұғалімнің шамадан тыс жұмысбастылығына,‭ ‬рухани дүниесін байытьш,‭ ‬кәсіптік дамуын арттыруға уақыт таба алмауына себеп болады.‭ ‬Бақылау нәтижелері көрсеткендей соңғы жылдары материалдық жағдайға,‭ ‬уақыт жетіспеуіне байланысты мұғалімдірдің баспасөзге жазылуы,‭ ‬түрлі әдебиеттер сатып алуы,‭ ‬олардың кино-театрлар,‭ ‬мұражайлар мен көрмелерге қатысуы күрт төмендеп кетті.
Педагогакалық ұжымға тән өзіндік ерекшеліктердің бірі оның құрамында әйелдердің басым болуы десек,‭ ‬бұл жағдай ұжымдағы өзара қатыстық сипатына ықпал жасайды.‭ ‬Әйелдер ұжымы еркектер басым болып кететін ұйымдарға қарағанда тез әсерленгіш,‭ ‬көңіл-күйі жиі алмасады,‭ ‬барынша дау-жанжалға бейім.‭ ‬Дей тұрғанмен,‭ ‬әйелдер жаратылысынан тәрбие ісіне бейім,‭ ‬педагогикалык ықпал жасаудың әдістері мен‭ ‬тәсілдерін таңдауда барынша икемді екендігін де есте ұстау керек.
Педагогикалық ұжымдарда әйелдердің басым болуы‭ —‬жаңа проблема емес.‭ ‬Ол проблема материалдық сипаттағы себептерге байланысты педагогикалық ұжымдардан еркектердің басқа табысты салаларға көптеп ауысуына байланысты шиеленісе түсті.‭ ‬В.‭ ‬А.‭ ‬Сухомлинский,‭ ‬А.‭ ‬А.‭ ‬Захаренко сияқты педагогтар мектебінің төжірибесі педагогикалық ұжымда,‭ ‬әр жыныстың қажетті өкілеттілігінің болуы педагогикалық ұжымның үйлесім-ділігін,‭ ‬педагогикалық‭ ‬процестің біртұтастығын қамтамасыз ететіндігін көрсетеді.
Бұл проблема соңғы кезде әкесіз‭ ‬отбасылар көбеюіне байланысты маңызды бола түсуде.‭ ‬Дегенмен,‭ ‬педагогикалық ұжымдағы еркек пен әйелдердің барынша орнықты арақатынасын айқындау өте қиын.‭ ‬Ол әрбір нақты жағдайда өзінше шешім табуы тиіс.‭ ‬Бірақ қалай болғанда да мектептегі еркектердің жетіспеушілігін әке,‭ ‬ата-аналарды,‭ ‬өндірістік ұжым мүшелерін сабақтан тыс уақыттағы тәрбие жұмыстарына тарту арқылы толықтыру қажет.
Педагогикалық ұжымның ұйымдық құрылымы
Ұжым психологиясы жөніндегі зерттеулер‭ ‬А.‭ ‬И.‭ ‬Донцов,‭ ‬А.‭ ‬Н.‭ ‬Лутошкин,‭ ‬А.‭ ‬В.‭ ‬Петровский,‭ ‬А.‭ ‬Л.‭ ‬Свентицкий және т.б.‭ ‬ұжымның құрылымы туралы тиянақты мағлұмат береді.‭ ‬Соның ішінде ұжымға әлеуметтік-психологиялық талдау жасағанда,‭ ‬оның ұйымдық құрылымы‭ ‬ресми және бейресми болып бөлінетіндігін аңғарамыз.‭ ‬Бұл жағдайда құрылым ретінде ұжым мүшелерінің салыстырмалы түрде біршама тұрақты өзара қатынасын атауға болады.
Ұжымның ресми құрылымы‭ ‬оның мүшелерінің міндеттері мен құқықтары,‭ ‬еңбек бөлінісінің ресми реттелуіне байланысты.‭ ‬Ресми құрылымның шеңберінде әрбір адам кәсіптік қызметті атқаруда белгілі тәртіп,‭ ‬ережелер негізінде еңбек ұжымының өзге мүшелерімен әрекеттеседі.‭ ‬Бір сыныпта жұмыс істейтін мғалімдер білім‭ ‬стандарттарын,‭ ‬оқу бағдарламаларын,‭ ‬сабақ кестесін,‭ ‬кесіптік этика нормаларын басшылыққа алады.‭ ‬Әрбір мұғалім мектеп басшыларымен,‭ ‬әріптестерімен іскерлік қатынаста болады.‭ ‬Ал мұғалім мен мектеп басшыларының арақатынасы қызметтік нұсқаулар жөне өнімдерімен реттеледі.
Ұжымның қалыпты істеуі,‭ ‬оның ресми құрылымы бірқатар жағдайларға байланысты.‭ ‬Мұғалімдердің ұжымдық өзара ықпалдастығы ресми құрылым шегінде бірлескен жұмысты ұйымдастыру деңгейімен,‭ ‬әрекеттерді үйлестіру,‭ ‬түрлі шұғыл жұмыс кестелерінің,‭ ‬оқу-тәрбие процесінің барысы мен нәтижелерін тексеру жүйесінің болуымен,‭ ‬қоғамдық міндеттер мен тапсырмалардың теңдей бөлінуімен айқындалады.
Педагогикалық ұжымның бейресми құрылымы‭ ‬ұжым мүшелерінің алдын-ала белгіленген міндеттерінен тыс нақты іс-әрекет негізінде қальптасады.‭ ‬Ұжымның бейресми құрылымы оның мүшелері арасындағы қалыптасқан қатынастар жүйесінен түрады.‭ ‬Ондай қатынастар жек көру мен ұнату,‭ ‬құрметтеу,‭ ‬махаббат,‭ ‬сенім немесе сенімсіздік,‭ ‬ынтымақтасу,‭ ‬бірлесе жұмыс істеуді қалау немесе қаламау сезімдері негізінде қалыптасады.‭ ‬Бұндай құрылым ұжымның ішкі,‭ ‬көбіне жасырын,‭ ‬көзге көрінбейтін жағдайын танытады.
Жас мұғалім педагогикалық қызмет процесінде қиындыққа кездескенде ресми ұйымдық құрылымға сәйкес мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасарына,‭ ‬сонымен бірге қажет деп тапса білікті,‭ ‬тәжірибелі маман ретінде басқа мұғалімнен көмек сұрайды.
Ал мұғалімдер арасындағы бейресми байланыстар түрлі себептерден туындайды.‭ ‬Бір жағдайларда бұл араласу,‭ ‬достық,‭ ‬махаббат сияқты әлеуметтік қажеттіліктен туындаса,‭ ‬келесі жағдайда тәжірибелі жолдасынан кәсіптік көмек,‭ ‬қолдау алуға байланысты,‭ ‬үшінші жағдайда‭ ‬ жаңа,‭ ‬қызықты ақпарат алуға байланысты,‭ ‬төртінші жағдайда өзгелерді өзіне бағындыруға ұмтылған эгоисттік себептерден туындайды.‭ ‬Ұжымдағы бейресми қатынастардың пайда болуының мынадай белгілерін бөліп айтуға болады:‭ ‬достық,‭ ‬жолдастық топтардың құрылуы,‭ ‬бейресми пікірдің қалыптасуы,‭ ‬бейресми басшылардың шығуы,‭ ‬жаңа құндылық бағдарлардың нығаюы және т.б.
Ұжымның ұйымдық құрылымының дамуына бір-қатар факторлар ықпал етеді.‭ ‬Педагогикалық ұжымның өзіндік ерекшеліктерін ескере отырып,‭ ‬осындай ықпал етуші факторларды қарастырып көрейік.
Ол ең алдымен мұғалімдер ұжымы шешетін‭ ‬кәсіптік-педагогикалық міндеттердің сипаты.‭ ‬Педагогикалық процестің түтастығы,‭ ‬оқыту мен тәрбиелік ажырамас байланысы мұғалімдер,‭ ‬сынып жетекшілері,‭ ‬ата-ана мен жүртшылық өкілдерінің әрекетін біріктіреді.‭ ‬Дегенмен,‭ ‬әр мұғалім өзінің нақты қызметін атқарғанымен ол өз әрекетін педагогикалық процестің басқа да қатысушылары‭ ‬—мұғалімдер,‭ ‬оқушылар,‭ ‬мектеп әкімшілігімен келісе отырып жүргізеді.
Мектептегі,‭ ‬сыныптағы істің жағдайы туралы дер кезіндс алынған объективті ақпарат ұжымның ұйымдық құрылымын нығайтып,‭ ‬ұжым мүшелерін біріктіре түседі.‭ ‬Психологиялық зерттеулер А.‭ ‬И.‭ ‬Донцов,‭ ‬Р.‭ ‬X.‭ ‬Шакуров ұжымның топтасуының қажетті шарты мақсат бірлігі екендігін дөлелдейді.
Ұжымдық құрылым белгілі дәрежеде‭ ‬педагогикалық ұжым мүшелерінің әлеуметтік-демографиялық,‭ ‬дербестік-психологиялық ерекшеліктеріне‭ ‬тәуелді тығыз іскерлік,‭ ‬тұлғааралық қатынастардың қолайлы негізі ұжымның жасына,‭ ‬біліміне,‭ ‬біліктілік деңгейіне,‭ ‬кәсіптік құндылықтары сияқты белгілері бойынша біртектілік екендігі даусыз.
Бұндай ұжымдар топтасу,‭ ‬ұйымдасудың жоғары‭ ‬деңгейімен ерекшеленеді.‭ ‬Дегенмен педагогикалық ұжымдар өзінің құрамы жағынан барынша әртекті болып келеді:‭ ‬оның құрамына біліктілік деңгейі әртүрлі жыныс өкілдерінен тұратын жас және тәжірибелі мұғалімдер енеді.‭ ‬Бұның барлығы әртүрлі бағыттағы бейресми топтардың құрылуына негіз қалайды.‭ ‬Мектеп басшылары педагогикалық ұжымды ұйымдастырғанда және басқарғанда бұл жағдайды ескеруі тиіс.
Өзара қатынастың педагогикалық ұжымның тұрақтылығына ықпалы екі жақты сипат алады.‭ ‬Бір жағынан ұжымішілік қатынас,‭ ‬ұжымның тұрақтылығын білдірсе,‭ ‬екінші жағынан педагогикалық ұжымдағы тұрақтылық педагогтардың өзара қатынасының сипатын айқындайды.
Ұжымның ұйымдық құрылымы‭ ‬ұжым мүшелерінің мүддесін,‭ ‬қажеттілігін,‭ ‬қаншалықты қанағаттандыруына‭ ‬да байланысты.‭ ‬Қанағаттану деңгейін анықтайтын бұндай факторлардың қатарында ұжымның беделі,‭ ‬достарының болуы,‭ ‬осы ұжымдағы өз еңбегінің мәнін сезіне білу,‭ ‬моральдық-психологиялық ахуал,‭ ‬ұжымның дәстүрлерін айтуға болады.
Ұжымның ұйымдық құрылымының сипатын айқындауды оның‭ ‬көлемі‭ ‬де елеулі етеді.‭ ‬Психологияда шағын ұжымдардың мүшелері арасында байланыс біршама тұрақты,‭ ‬берік болып келетіндігі дәлелденген.‭ ‬Ұжым үлкейген сайын ұжым мүшелерінің арасындағы қатынас ресми сипат ала береді.‭ ‬30‭ ‬адамнан асатын педагогикалық ұжымда мүдде,‭ ‬қызығушылық ортақтығы,‭ ‬бірге демалу сияқты түрлі себептермен бейресми топтар,‭ ‬бірлестіктер пайда бола бастайды.
Педагогикалық ұжым мүшелерінің саны оны басқарудың сипатын айқындайды.‭ ‬Шағын ұжымдарда педагогтар бірін-бірі жақсы біледі,‭ ‬бірақ бұндай ұжымдарда араласу,‭ ‬бірін-бірі рухани байыту мүмкіндігі барынша шектеулі.‭ ‬Ал үлкен ұжымдарда өзара қатынастың күрделі құрылымы қалыптасады,‭ ‬олар барынша қунақы,‭ ‬кейде тіпті үрыс-жанжалға бейім,‭ ‬бірақ‭ ‬осындай ұжымдарда жарқын,‭ ‬ешкімге үқсамайтын тұлғалардың танылуы мүмкіндігі де үлкен.
Педагогикалық ұжымдағы әлеуметттік-психологиялық климат
Ұжымдағы‭ ‬көңіл-күй‭ ‬мен‭ ‬қоғамдық‭ ‬пікір,‭ ‬эмоциялық күш-қуат пен өзара қатынастың деңгейін ондағы қалыптасқан әлеуметтік-психологиялык,‭ ‬климат-пен айқындалады.‭ "‬Психологиялық климат‭"‬,‭ "‬әлеуметтік-психологиялық климат‭" ‬немесе‭ "‬микроклимат‭" ‬үғымдары ғылыми емес,‭ ‬астарлы,‭ ‬ауыспалы ұғымдар.‭ ‬Географиялық климат сияқты мамыражай әлеуметтік-психологиялық климат адамның осындай климаттағы ұжымда өзін барынша жайлы сезініп,‭ ‬тұлғалық және кәсіптік қатынас-тарда өзін жан-жақты таныта алуын білдіреді.‭ ‬Ұжымдағы психологиялық климаттың мазмүндық сипатын адамдардың өзара қарым-қатынасы,‭ ‬олардың көңіл-күйі,‭ ‬хал-жайы,‭ ‬бірлесе атқарған жұмыс процесіне көңілі толуы айқындайтын болғандықтан психологиялық климатты сипаттауда эмоциялық бағаның маңызы зор.‭ ‬Жағымды‭ ‬әлеуметтік-психологиялық климат қалыптасқан педагогикалық ұжым қолайлы моральдық-психологиялық ауа-райымен,‭ ‬жьшы шырайлылықпен,‭ ‬парыз бен жауапкершілікті құрметтеумен өзара талапшылдықпен,‭ ‬сергектікпен ерекшеленеді.‭ ‬Сондықтан да А.‭ ‬С.‭ ‬Макаренко ұжымдағы‭ ‬өзара қатынастағы сергек көңілді‭ ‬мажырлы‭ ‬екпінге баса мән берген.
Әлеуметтік-психолоғиялық климат ұжым мүшелерінің бірлескен іс-өрекет пен өзара катынас процесінің силатын танытатын ұжымның сезімдік-психологиялык жағдайларының жүйесін білдіреді.‭ ‬Әлеуметтік-психологиялық климатты осылай түсіне отырып,‭ ‬оның мьгаадай негізгі қызметтерін атауға болады.‭ ‬Педагогикалық ұжымның елеуметтк-психологиялық климатының‭ ‬топтастырушылык‭ ‬қызметі ұжым мүше-лерінің оқу-тәрбие міндеттерін шешуге ұжымдық күш-жігерді топтастыруын,‭ ‬бірігуін іске асырады.‭ ‬Ынталан-дырушылык кызметі‭ ‬педагогикалық әрекетгің қолдануына қажетті ұжымның‭ "‬эмоциалдық күш-қуатын‭" ‬қалышастыруға байланысты.‭ ‬Тұрақтандырушылық қызметіұжым ішілік тұрақтылығын қамтамасыз етіп,‭ ‬ұжымға жаңа мүшелердің енуіне қажетті алғышарт жасайды.
Реттеушілік қызмет‭ ‬өзара қатынас нормаларын нығайтуда,‭ ‬ұжым мүшелерінің төртібіне баға беруде керінеді.
Психологияда қолайлы әлеуметтік-психологиялық климаттың басты көрсеткіштерін айқындау бағытында зерттеулер жүргізілуде.‭ ‬Бір жағдайларда көрсеткіш ерекшеліктері ретінде тұлғааралық,‭ ‬адамгершілік,‭ ‬сезімдік,‭ ‬құқықтық өзара қатынастар қарастырылса,‭ ‬ендігі бір жағдайларда ұжымдық әрекет тиімділігінің барынша жалпы сипатгамасына баса мән беріледі.
Ондай сипаттамаларға мыналар жатады:
ұжым мүшелерінің ұжымда болғанына,‭ ‬ондағы еңбек процесі мен нәтижесіне қанағаттануы‭;
ресми жөне бейресми жетекшілердің беделщ мойындауы‭;
ұжымдағы жарқын,‭ ‬көтеріңкі көңіл-күй‭;
ұжым мүшелерінің басқаруға және ұжымның өзін-езі басқаруға қатысуының жоғары деңгейі‭;
ұжым мүшелерінің топтасушылығы мен ұйымшыл-дығы‭;
сапалы тәртіп‭;
еңбектің өнімділігі‭;
кадрлардың тұрақтылығы.
Қолайлы әлеуметтік-психологиялық климаттың бұл белгілерін педагогикалық ұжымға баға беруде қолдануға болады.
Әлеуметтік-психологиялық климат қалыптасқан жағдайда ол ұжым мүшелеріне жағымды немесе жағымсыз ықпал жасайды.‭ ‬Өзара ақыл,‭ ‬ынтымақтастық қатынас біріккен ұжымда тәжірибелі немесе жас мұғалім бірлескен қуаныш табады.‭ ‬Ал немқұрайдылық,‭ ‬селқостык нсмесе қысым үстемдік еткен жағдайда ұжым мүшесі‭ ‬ұнжыргасы түсіп,‭ ‬қағажау көреді,‭ ‬бұл жағдай оның көсілтік қызмстінің‭ ‬існдеуіне,‭ ‬дау-жанжалдың пайда болуына,‭ ‬тіпті басқа ұжымға ауысуына апарьш соғады.
Кең квлемдегі кәсіптік-педагогикалық міндеттерін аткара жүріп мұғалім өзін және‭ ‬еңбегін жұртшылықтың бағалауын қажетсінеді.‭ ‬Педагогтар әсіресе беделді адамдар тарапынан,‭ ‬соның ішінде басшылар мен ата-аналар тарапынан берілғен бағаны түсінуте бейім.‭ ‬Жағымды баға педагоггы ынталандырады.‭ ‬Жағымсыз бага өзінің қызметін,‭ ‬кәсіптік позициясын.‭ ‬өзгелсрмен қарым-қатынасын қайта қараута негіз бплады.‭ ‬Сондықтан педагогикалық ұжымдағы қатынас өзара сынастық,‭ ‬принцииті,‭ ‬талапшыл және тілеулестік сипатта болуды талап етеді.
Әлеуметтік-психологиялық климаттың тұлғаға ықпал жасауының механизмі еліктеуден‭ ‬-‭ ‬өзге адамдардың сезімін,‭ ‬ойларын тікелей қолдану,‭ ‬пайдаланудан тұрады.‭ ‬Педагогикалық қызмет барысында кейбір мұғалімдер өз әріптестерінің эмоциялық жағдайын түсінуге және оған төзуге қабілетті болса,‭ ‬екіншілері оньщ психологиялық жағдайына талдау жасап,‭ ‬өз сенімі,‭ ‬ықыласымен сәйкес келетін,‭ ‬келмейтіндігін салыстыруға бсйім.‭ ‬Үзақ уақыт бірлесе қызмет жасау,‭ ‬мүдде ортақтығы жағымды еліктеу процесін едәуір жеделдетеді.‭ ‬Өз өріптесінің сезімдік-психологиялық көңіл-күйін танып,‭ ‬оны түсіне алған педагог қалыптасқан жағдайдан шығудътң оңтайлы шешімін өз басынан іздестіреді.
Өзара әрекеттестіктен екінші жағы жеке тұлғаның ұжымдағы климатқа ықпалынан түрады.‭ ‬Обал,‭ ‬сауапты білетін,‭ ‬принципті,‭ ‬іске жауапкершілікпен қарайтын,‭ ‬төртіпті,‭ ‬кепшіл,‭ ‬қайырымды,‭ ‬әдепті педагогтар ұжымда жағымды климат қалыптастыруға елеулі ықпал жасай алады.‭ ‬Ал керісінше,‭ ‬тоғышар,‭ ‬әдепсіз,‭ ‬тәртібі тиянақсыз ұжым мүшесі жағымсыз климат орнықтыруға ықпал жасайды.
Ұжымның жалпы климаты оның мүшелерінің‭ ‬интеллектуалдық,‭ ‬сезімдік және мінездерінің жігерлілік‭ ‬елгілеріне тәуелді болып келеді.‭ ‬Жекелеген педагоггардың танымдық белсенділігі,‭ ‬өнер тапқыштығы ұжымды инновациялық қызметті дамытып,‭ ‬жаңа технологиялар іздестіруге үмтылады.‭ ‬Жігерлі педагог-жетекші соңынан өзгелерді ерте алады.‭ ‬Егер ұжым мүшелерінің ақыл-ойы,‭ ‬сезімі,‭ ‬ерік-жігері педагогикалық қызметке жұмылдырылса,‭ ‬одда табысқа жсту қиын емес.
Жеке адамның ұжымға және оның әлеуметтік-психологаялық климатына ықпал жасайтын негізгі әдістері‭ —‬кезін жеткізу,‭ ‬сеңдіру,‭ ‬жске үлгі көрееіу.‭ ‬Көзіыжеткізу‭ ‬адамдардың ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Педагогикалық процесті басқарудағы әлеуметтік институттардың өзара әрекеттестігі
Педагогикалық процесті басқарудағы әлеуметтік иституттардың өзара әрекеттестігі
Тәрбие процесі
Қоғамның саяси жүйесінің даму
Мектеп пен сыныптағы тәрбие жүйесі
Қазақстан Республикасының саяси жүйесі туралы
Ерте жастағы балалардың танымдық белсенділігін қазақ халық шығармашылығы құралдарымен дамытудың мәні
Болашақ мұғалімдерге педагогикалық пәндерді оқытудың психологиялық негіздері
Мектеп пен отбасының әрекеттестігі
Есірткі бизнесі Орталық Азиядағы қауіпсіздіктің қатері ретінде
Пәндер