ҚАЛЫПТАСТЫРУШЫ БАҒАЛАУДЫҢ МАҚСАТТАРЫ МЕН ҚАҒИДАТТАРЫ


Ақпараттық - коммуникациялық технологияның келешек ұрпақтың жан - жақты білім алуына, іскер әрі талантты, шығармашылығы мол, еркін дамуына жол ашатын педагогикалық, психологиялық жағдай жасау үшін де тигізер пайдасы аса мол.
Білім беру үрдісін ақпараттандыру - жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы дамыта оқыту, дара тұлғаны бағыттап оқыту мақсаттарын жүзеге асыра отырып, оқу - тәрбие үрдісінің барлық деңгейлерінің тиімділігі мен сапасын жоғарлатуды көздейді.
Қазіргі кездегі жаңа әлемдегі жаңа Қазақстанның білім беру мекемелеріндегі жеткіншек ұрпақтарды оқыту мен тәрбиелеу олардың бойында жеке тұлғалық қасиеттерінің жан-жақты қалыптасуымен тығыз байланысты. Бұл мәселе дүниежүзілік қауымдастықта әлеуметтік-экономикалық, мәдени және рухани дамудың басты факторы ретінде жариялануда. ХХІ ғасыр - бұл ақпараттық қоғам дәуірі, технологиялық мәдениет дәуірі, айналадағы дүниеге, адамның денсаулығына, кәсіби мәдениеттілігіне мұқият қарайтын дәуір. Жалпы оқытудың мақсаты- оқушыны дамыту. Осы мақсатқа сәйкес жас және педагогикалық психологиясында, сондай-ақ оқыту теориясында негізгі орын алған мәселе - дамыта отырып оқытуды зерттейтін бағыт. Білім беру үрдісін ақпараттандыру және жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы дамыта оқыту, дара тұлғаны бағыттап оқыту мақсаттарын жүзеге асыра отырып, оқу - тәрбие үрдісінің барлық деңгейлерінің тиімділігі мен сапасын жоғарлату бүгінгі күннің басты талабы болып саналады. XXI ғасырда ақпараттанған қоғам қажеттілігін қанағаттандыру үшін білім беру саласында төмендегідей міндеттерді шешу көзделіп отыр:компьютерлік техниканы, интернет, компьютерлік желі, электрондық және телекоммуникациялық құралдарды, интерактивті құралдарды, электрондық оқулықтарды оқу үрдісіне тиімді пайдалану арқылы білім сапасын көтеру. Егеменді еліміздің тірегі - білімді ұрпақ. ХХІ ғасыр- білімділер ғасыры болмақ. Жаңа кезеңге бет бұру оңай емес. Қазіргі кезде біздің қоғамымыз дамудың жаңа кезеңіне көшіп келеді, бұл кезең ақпараттық кезең, яғни компьютерлік техника мен оған байланысты барлық ақпараттық коммуникациялық технологиялар педагогтар қызметінің барлық салаларына кірігіп, оның табиғи ортасына айналып отыр. «Білім берудегі АКТ» ұғымы «оқытудың жаңа ақпараттық технологиялары», «қазіргі ақпараттық оқыту технологиялары», «компьютерлік оқыту технологиялары» және т. б., тіркестермен тығыз байланысты.
Нәтижеге бағытталған білім моделі мен басқарудың жаңа парадигмасы аясында жекелеген ұғымдар мен нормаларды және тиімді педагогикалық технологияларды меңгеру үшін педагогтардың кәсіби мәдениетін дамытуға бағытталған оқу қажеттіліктері туындылап отыр.
Ақпараттық коммуникациялық технологиялар
Мұғалімдерге қойылатын талаптардың бірі - оқытудың жаңа технологияларын меңгеру. Осындай аса қажетті технологиялардың бірі - ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану. АКТ-ны игеру қазіргі заманда әрбір жеке тұлға үшін қажетті шартқа айналды. АКТ-ның дамуы кезеңінде осы заманға сай білімді шәкірт тәрбиелеу мұғалімнің басты міндеті болып табылады. Қоғамдағы ақпарттандыру процестерінің қарқынды дамуы жан-жақты, жаңа технологияны меңгерген жеке тұлға қалыптастыруды талап етеді.
Негізгі орта білім беру деңгейінің 5-9 сыныптары үшін«Информатика»пәнінен типтік оқу бағдарламасы бойынша ақпараттық-коммуникациялық технологиялар тақырыбына берілген сағат сандары:
Оқу пәнінің 5-сыныптағы базалық білім мазмұны
Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар (17 сағат) :
қарапайым графикалық редакторы, суретті ашу, сақтау, графикалық редактордың сурет салу құралдары, суреттің үзінділерін ерекшелеу, суреттің үзінділерімен жұмыс, масштаб, графиктік ақпаратты өңдеу (бейнелерді масштабтау, трансформациялау), баспаға дайындау, баспадан шығару; қарапайым мәтіндік редакторы, редактор интерфейсі, мәтінді теру ережесі, мәтін бойымен жылжыту, мәтіннің үзіндісін ерекшелеу, мәтінді пішімдеу және редакциялау, қаріп, абзац, графиктік және мәтіндік ақпараттарды өңдеу, аралас құжаттарды құру; калькулятор, блокнот; дыбыстық ақпаратты өңдеу, дыбысты жазу.
Оқу пәнінің 6-сыныптағы базалық білім мазмұны
Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар (15 сағат) :
мәтіндік процессоры жайлы жалпы мағлұмат, программа интерфейсі, құжаттарды құру және сақтау, мәтінді пішімдеудің негізгі әдіс-тәсілдері; қаріп, абзацтар, шегіністер мен аралықтар; нөмірленген және маркерлегентізімдер; бағандар, беттердің параметрлері, жиек, алдын ала қарау, құжатты баспадан шығару; кестелер, кестелер құру, кестелерді редакциялау, кесте ішіндегілерін енгізу және пішімдеу; графикалық объектілерді және көркем жазуларды кірістіру, суреттер мен жазуларды пішімдеу; программа интерфейсімен танысу, презентациялар; мультимедиялық презентациялардың конструкторы; презентацияларды құру, безендіру шаблондары, мәтінді құру, кестелерді, суреттерді, бейнені және дыбысты кірістіру; анимация әсерлерін баптау, презентацияларды көрсету.
Оқу пәнінің 7-сыныптағы базалық білім мазмұны
Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар (14 сағат) :
компьютерлік графика түрлері; векторлық және растрлық графиктерді құру және өңдеу бойынша программалары, графикалық файлдардың пішімі; векторлық графика, векторлық графиканы өңдеу бойынша программасының интерфейсі; фигураларды салу, векторлық объектілермен қарапайым амалдар, қисықтарды редакциялау, мәтін, мәтіндік блоктар құру; растрлық графика, растрлық графиканы өңдеу бойынша программа интерфейсі, растрлық бейнелердің параметрлері, растрлық бейнелермен жалпы жұмыс жасау тәсілдері, түстер, салу құралдары, аймақтарды ерекшелеу, ерекшеленген аймақтармен жұмыс, қабаттар, мәтінмен жұмыс.
Оқу пәнінің 8-сыныптағы базалық білім мазмұны
Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар (8 сағат) :
электрондық кестелер, кестелік процессордың терезе интерфейсі, электрондық кестелердің негізгі ұғымдары; деректерді енгізу, редакциялау және пішімдеу, толтыру маркері, формулаларды енгізу; абсолюттік, салыстырмалы және аралас сілтемелер; функциялар, стандартты функцияларды пайдалану, диаграммаларды құру, кестені баспаға дайындау.
Оқу пәнінің 9-сыныптағы базалық білім мазмұны
Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар (9 сағат) :
деректер қоры, деректер қорының құрылымы, деректер қорының кестесі; жазулар, жиектер, деректер типі;
кестелік процессор құралдарымен деректер қорының кестесін құру, іздеу амалдары, сұрыптау, қорытынды мәнің шығару; видео ақпаратты өндеу, видео файлдардың пішімі, видеоны құру және өңдеу бойынша программалары, программа интерфейсі; жобаны құру, ашу, сақтау, фильмді көрсету; видео монтажы, анимациялар және визаулды әсерлер, дыбыстық әсерлерді баптау, бейнені шығару.
Бүгінгі күні оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау - оқу үдерісінің маңызды да салмақты бөлігі болып табылады. Сол себептен, зерттеу іс-әрекеттерін кеңінен қолданып, оқушылардың жетістіктерін бүгінгі күннің талабына сай жаңаша бағалау жүйесі қажет етіледі.
Білім ордасы оқушыларға тек қана білім беріп қана қоймай, сонымен бірге оқушылардың білімін бағалау, оқушыларды алға ұмтылуға ынталандыру орталығы болып табылады. Ал, оқушының дұрыс қалыптасуындағы шешуші рөлді бағалау атқарады деп ойлаймын.
«Бағалау» термині жақын отыру дегенді білдіретін латын сөзінен шыққандығы кездейсоқ емес, себебі бағалаудың негізгі сипаты бір адам басқа адамның не айтып, не істегенін немесе өзін -өзі бақылау жағдайында өзінің дербес ойлауын, түсінігін немесе тәртібін мұқият бақылауы болып табылады. Бағалауды өткізу үшін оқушылардың нені білетіндігін және не істей алатындығын, сонымен қатар олар қандай қиындықтармен кездесуі мүмкін екендігін анықтау қажет. Кембридждік оқыту тәсілі бойынша бағалаудың екі түрі бар: қалыптастырушы (оқыту үшін бағалау) және жиынтық (оқуды бағалау) .
Қалыптастырушы бағалау - сабақта күнделікті жүзеге асатын, білім мен дағдыны меңгеру деңгейін анықтайтын бағалау. Қалыптастырушы бағалау білім беру үдерісінде оқушы мен мұғалімнің арасындағы өзара тығыз байланысты жүзеге асырады. Сонымен қатар, оқушыларға жаңа материалды меңгеруде тапсырмаларды қаншалықты дұрыс орындағандығын білуге және оқытудағы мақсаттар мен міндеттерді орындауға мүмкіндік туғызады (ауызша сұрақ, жазба, практикалық жұмыстар т. б. )
Қалыптастырушы бағалау:
- Күнделікті алған білімінің меңгеру деңгейін анықтайды.
- Негізгі бақылау жұмысына дейін білімін жүйелейді.
- Кездескен қиыншылықтарын қалыпқа келтіруге оқушыға мүмкіндік береді.
Қалыптастырушы бағалау:
- мұғалім үшін оқытудың келесі деңгейін жоспарлау үшін тексеру жұмыстарының нәтижесін қолданады; оқушыға білімін арттыру үшін пайдалы кеңестер береді; жұмыс нәтижесі бойынша әр оқушыға жекежеке мақсаттар қояды;
- оқушы үшін өз қатесі негізінде үйренуге көмектеседі; маңыздыны түсінуге көмектеседі; қолынан не келетінін түсінеді; білмейтін тұстарын анықтайды; нені істей алмайтынын түсінеді.
ҚАЛЫПТАСТЫРУШЫ БАҒАЛАУДЫҢ МАҚСАТТАРЫ МЕН ҚАҒИДАТТАРЫ
Қалыптастырушы бағалау сабақ берудің және оқытудың бөлінбейтін бөлігі болып табылады, ол жеке қосымша тапсырма немесе ретінде қаралмайды. Әр сыныпта сабақ беру үдерісінде мұғалім оқу бағдарламасының оқыту мақсатының бәрін қамтуы керек. Оқу жоспарында барлық оқу мақсаттары үшін. Бағалау үдерісі қолайлы және басқарылатын болуы үшін әр тоқсанда қалыптастырушы бағалаудың мақсатын іріктеп алу керек. Осы оқу мақсаты мұғаліммен оқушыға дағдының және түсініктің прогресін пәндер бойынша анықтауға мүмкіндік береді.
Тоқсан басында мұғалім қалыптастырушы бағалау үшін іріктелінген оқу мақсаттары оқу жоспарында қамтылғанын анықтауы қажет. Бұл оған қалыптастырушы бағалауда өз жұмысын ертерек жоспарлауға мүмкіндік береді. Ұсынылған оқу жоспарындағы жұмыс оқуға қалай мүмкіндік беретінін көрсетеді. Алайда, мұғалім оқушының жеке ерекшеліктерін және оқу контекстісін ескере отырып өз тапсырмаларын дайындауына болады.
Оқушының оқу мақсатына жеткендігі туралы мұғалімнің шешімі екі түрлі белгіленеді:
*«нәтижеге жетті» немесе
*«талпынады»
Оқушы табыс критерийлерімен жұмыс жасамаған жағдайдағы қорытынды:
*«бағаланған жоқ» деген белгі қойылады.
Қалыптастырушы бағалаудың көмегімен мұғалім оқушымен оқу мақсатында қашан жеткенін көрсете отырып, оның прогресін белгілейді. Және де келешекте ол сабақ оқытуды жоспарлауда және оқытуда мұғалімге көмекші бола алады. Оқушылармен бірге іріктелген оқу мақсаты «жетті» және «талпынды» бойынша рефлексия жүргізуіне болады және сабақ беру үдерісінде оқу мақсатына әлі де талпынатын оқушылардың оқу мақсатына жету мүмкіндігін қарастырып бейіндеуі қажет. Рефлексиядан кейін оқушыларға кері байланысты беру аса маңызды. Оқу мақсатына сүйеніп, оқушылар қай жерде жетістікке жеткенін және неге көңіл бөлу керектігін анықтауға болады.
Жетістік критерийлерімен және оқу мақсатымен оқушыларды таныстару аса маңызды. Әр тоқсан басында мұғалім оқушыларға пән бойынша тоқсандағы оқу мақсаттарын таныстырады. Осы ақпарат ақпараттық парақшалар және кітапшалар шығару арқылы дайындалады. Қалыптастырушы бағалау өткізу кезінде оқушыларға оқу мақсатын бағалайтын жетістік критерийлерін беру қажет. Қалыптастырушы бағалаудың нәтижелері тіркеу журналында белгілеуі тиіс. Мұғалім оқушының аты жазылған әр жұмыстың бағалау нәтижесін жазатын дәптер жүргізуі мүмкін. Бұл мұғалімге оқушының сыныпта және тапсырма орындағанда бақылау жүргізуіне мүмкіндік береді. Осы дәптердегі ақпараттар бағалау өткеннен кейін тіркеу журналына нәтижелері көшірілуі тиіс.
Қалыптастырушы бағалаудың іріктелінген оқу мақсаттары бойынша шешім қабылдағаннан кейін, мұғалім өз оқушыларының нәтижелерін сараптауы маңызды. Оқушылардың бастапқы білімдері негізінде күтілетін нәтижелердің
қандай болытыны туралы ойланыу қажет. Күтілетін нәтижемен мұғалімнің шешімі сәйкес келе ме? Мұғалім келешектегі жұмысын жоспарлау үшін рефлексия қолдануға тиіс. Мысалы, оқушылардың барлығы оқу мақсаттарына жетеді деп күтілсе, алайда олар оған жетпесе, осындай оқушыларға көмектесу үшін келесі сабақтардың мазмұның қалай өзгеру керекті туралы ойлану қажет. Егер сыныптың жартысы оқу мақсатына «жетті», ал жартысы «талпынады» болса, оқушының прогресінің әр деңгейін қолдау үшін дифференцияланған тапсырмаларды беру туралы ойлану қажет. Дифференциация әр топ үшін әр түрлі тапсырмаларды пайдалану керектігін ескереді, әр түрлі ресурстар немесе оқу мақсатынан «жеткен» оқушылар үшін қосымша әр түрлі тапсырмаларды дайындауды да ескереді. Оқушының өз жұмысының келесі қадамының және мақсатын білу маңызды.
Мұғалім қалыптастырушы бағалау өткізгенде дағдыларды анықтауда тиімді тәсіл ретінде топтағы жұмысты қолдана алады. Оқушыларды жетістік критерийлерімен алдын ала таныстару керек. Мұғалім топтық жұмыста әр топтың оқушыларың тындайды және бақылайды: оқушылардың көбі жетістік критерийлеріне сәйкес оқу мақсатына жете алады. Мұғалім осы оқушылардың аттарын жазып алу керек. Одан кейін мұғалім әлі де оқу мақсатына талпынатын оқушыларды бақылап және қосымша сұрақтарды қоюы қажет:
-Сіздер осы туралы не ойлайсыздар ?
- Маған сіз өз тобыныңызда нені талқылағанды түсіндіре аласыз ба?
Егер де оқушылар практикалық жұмыс орындаған болса, онда сұрақтар осы тапсырмаға қатысы бар болу керек:
- Сіздер қазір не істеп жатырсыздар?
- Сіз қалай ойлайсыз, одан кейін не болады?
- Сіз осы тапсырмада ерекше бірдеңені байқадыңыз ба?
* Топтық жұмыс жасау кезінде мұғалім барлық топтардың жұмысын бақылауға тиіс. Топтағы жұмысты бақылауды және тапсырма орындауға қатысуды қатарынан атқаруға болады. Жауаптары бағалағаннан кейін мұғалім, әлі де оқу жетістіктеріне талпынатын оқушылары бар топқа қайта келіп, оларға оқу мақстына жету үшін тағы да бір мүмкіндік беруі керек. Осы жағдайда оқушыларға келсілерді ұсынуға болады:
* Жаңа идеяны құрастыру;
* Екі идеяны салыстыру;
* Идеяны бағалау;
* Топтағы талқылау негізінде қорытынды жасау;
* Сұрақтарға жауап беру;
Аталған барлық тармақтар белгілі оқу мақсаттарына жетуді дәлелдеп бере алады.
Қалыптастырушы бағалау - оқушының білім алуын үнемі бақылап отыратын мақсатқа бағытталған үзіліссіз процесс. Қалыптастырушы бағалау «формальды емес» (көбінесе белгі қоймай) бағалау болады. Ол бағалау критерилеріне сәйкестікке негізделіп, кері бойланысты ұстанады. Егер нәтиженің бағасы анықталған қажеттіліктерді ескеріп, оқу процесін жақсартуға қолданылса, онда бағалау формативті болады. Бағалаудың бұл түрінің қалыптастырушы болып аталатындығы - бағаның нақты бір оқушыға, оның білім мазмұнын меңгерудегі кемшіліктерін анықтауға және өзіндік орнын барынша тиімді толықтыруға бағытталғаны. Мұғалім бұл бағалау әрекеті арқылы пәнді меңгерудің мақсатын нақты анықтай алады. Оқушының өткен тақырыптарды біртұтас, үйлесімді сурет түрінде елестетуіне, нәтижені бақылаудың сәйкес тәсілдерін өзі анықтай білуіне, жоғары деңгейге жетуге ынталануына ықпал ете алады. Қалыптастырушы бағалаудың мақсаты - оқу материалын меңгергендігі жөнінде объективті ақпарат алу, білім алушының кемшіліктерін дер кезінде анықтау, мұғалім - оқушы арасында кері байланысты орнату. Тиімділігін танытып отырған қалыптастырушы бағалаудың маңызды компоненттерінің бір түрі - өзін-өзі бағалау және өзара бағалау. Өзін-өзі бағалау - өз қабілетіне, мүмкіндігіне, мінез-құлқына, ішкі жан-дүниеcіне, басқа адамдардың ортаcында өз орны тағы басқа бойынша өзіне баға беруі болып табылатын адам cанасының құрамдас бөлігі. Өзін-өзі бағалау арқылы адамның мінез-құлқы реттеледі, өзіне cыни көзқараспен қарауға үйренеді. Бағалау арқылы оқушыны cенімділікке, ойлануға, шығармашылыққа тәрбиелеуге баулиды. Мұғалім бағалауынан өзін-өзі бағалауға көшу айтарлықтай қиындық тудыратын қадам және өзінің cыныптастарын бағалауда осы үдерісті жеңілдетуге мүмкіндігі бар. Сыныптастарын бағалау маңызды рөл атқарады, cебебі ол ынталандыру деңгейін көтереді, оқушыларға өз тілінде cөйлеуге мүмкіндік береді, cынды қабылдауға ықпал етеді, өзіне және мұғаліммен пікірталаcқа түсуіне cенімділігін арттырады, сондай-ақ мұғалімдерге үдерістен шектелуіне және жай ғана бақылауына мүмкіндік береді.
Қалыптастырушы бағалаудың ерекшеліктері - оқушының күнделікті білім сапасы, білім алудағы олқылықтарды күнделікті түзеу, оқушының қиындық тудыратын сұрақтарын анықтау және оны жою, оқушының бағалаудан алған жағымсыз әсерінің азаюы, психологиялық жайлы ортаның болуы, бағалаудың әділдігі, анықтылығы және ашықтығы, өзін-өзі бағалау дағдылары.
Қалыптастырушы бағалау технологиясының ерекшеліктері ол келесі параметрлерден тұрады: а) белгілер (оқу жетістіктерінің диагностикасы және оларды түзету, оқу үрдісінде кері байланысты қамтамасыз ету, оқушыларды бағалау үдерісіне белсенді тарту) ; б) мақсаттар (оқушыларға оқу мақсаттарын көруге және оларға қол жеткізуге көмектесу, оқушыларды өз оқу іс-әрекетінің сапасын ұғынуға және жетуге ынталандыру, мұғалімге оқушылардың оқу қиындықтарын тануға көмектесу, туындаған проблемаларды еңсеру үшін оқу процесін түзету, оқушылардың оқу жетістіктерін критерий мен рейтинг негізінде объективті бағалау) ; в) мұғалім қызметінің алгоритмі, г) оқушы қызметінің алгоритмі, д) оқу нәтижелері (оқу жетістіктерінің сапасын қамтамасыз ету, оқушыларды бағалау қызметінің субъектісі ретінде анықтау, оқушылардың бағалау дербестігін қалыптастыру, барабар өзін-өзі бағалауды дамыту, жүйелі-әрекеттік оқуға уәждеме) ; е) сапа кепілдігі (оқушылардың оқу іс-әрекетін мақсатты педагогикалық қолдаумен Стандарттың жоғары талаптарын үйлестіру, оқушылардың жетістіктері туралы хабардар етуге және оқу проблемаларын жеңуге көмектесуге, оқу жетістіктерінің, пәндік - ақпараттық ортаның сапасын арттыруға, бағалауға, оқыту нәтижелерін бағалауға мүмкіндік беретін тұрақты кері байланысты қамтамасыз ету, субъекті-субъекті қарым-қатынастар) ;
Қалыптастырушы бағалаудың мақсаты - оқу процесі барысында оқушы мен мұғалімнің іс-әрекетіне түзетулер енгізу болып табылады. Түзетулер енгізу білім алу нәтижесін жақсарту үшін мұғалімнің немесе оның оқушылармен бірігіп жаңа мәселелерді ұсынуы.
Қалыптастырушы бағалау мұғалімге оқушылардың оқуда мақсатқа жету процесін қадағалап отыруға мүмкіндік береді және оқу процесіне дер кезінде өзгертулер мен түзетулер енгізуге, ал оқушыға өзінің білім алуында жоғары дәрежедегі жауапкершілікті сезінуге көмектеседі.
Қалыптастырушы бағалау:
күнделікті тәжірибеде қолданылады (сабақ сайын, күнделікті)
оқушыға да, мұғалімге де қолайлы түрде пайдаланылады.
Қалыптастырушы бағалау - білім берудің ерте кезеңінде оқыту процесіне өзгерістер енгізу мақсатында оқушының прогресік дамуын бағалау. Әрбір оқушының жеке жетістіктерін басқа оқушылармен салыстырмай және оқудың нәтижесінің әкімшілік қорытындысы ретінде қарастырмай, мектепке қалыптастырушы бағалау тәсілдерін енгізу міндеті көкейкесті мәселе болып тұр. Бағалаудың бұл түрінің қалыптастырушы болып аталатындығы бағаның нақты бір оқушыға, оның білім мазмұнын меңгерудегі кемшіліктерін анықтауға, оның орнын барынша тиімді толықтыруға бағытталған. Педагог осындай бағалау әрекеті арқылы пәнді меңгерудің мақсатын нақты анықтап, оқушының өткен тақырыптарды біртұтас, үйлесімді картина түрінде елестетуіне, нәтижені бақылаудың барабар (адекватты) тәсілдерін өзі анықтай білуіне, жоғары деңгейге жетуге ынталануына көмектеседі. Оқушылар өзін-өзі бағалау ұстанымдарын, өзінің жұмыс нәтижелерін жетілдіру тәсілдерін меңгереді, өзінің оқуына деген жауапкершілікті мұғаліммен бөліседі.
Қалыптастырушы бағалау технологиясын қолдану педагог пен баланың арасындағы кері байланыс сыртқы кері байланыстан ішкі кері байланысқа ауысады, ал бұл оқушыны білім берудің субъектісі деңгейіне көтерілуіне ықпал етеді. Оқушы өзін бақылап, өзінің әрекет тәсілдерін таңдайды, нәтижелерін өзі бағалайды, оны мұғалім жалғастырады. Солайша бала мақсат қоя білу, күтілетін нәтижені жоспарлау, оны бақылау тәжірибесін жинақтау арқылы өзінің түйінді құзіреттіліктерін қалыптастырады.
Қалыптастырушы баға технологиясы мұғалім қызметінің алгоритмі мен ол алгоритмді жүзеге асыру ресурстарының бірлігінен тұрады. Мақсатты белгілеудің мәрелік нүктесін анықтай отырып, әрі қарай былайша жылжу қажет болады:
- мақсатты өлшенетін оқу нәтижелеріне аудару;
- нәтижеге жету деңгейін анықтау;
- бағалаудың мазмұнын және техникасын іріктеу;
- оқудың сәйкес әдістерін таңдау және жүзеге асыру;
- бағалауды жүргізу және оқу нәтижелерінің өлшенетін деңгейіне жеткенін анықтау.
Қалыптастырушы бағалау жүйесінің алгоритмі:
1. Жоспарланған нәтижелерді анықтау
2. Пән бойынша маңызды жоспарларды жетілдірудегі мұғалім мен оқушының ұйымдастырылуы
3. Ұйымдастырылған кері байланыс арқылы оқушының нәтижесін анықтау
Қалыптастырушы бағалаудың әдіс-тәсілдері
Қалыптастырушы бағалаудың күнделікті іс-тәжірибесі барысында, оқушының меңгеру деңгейінің өлшемі мен ілгерілеуін анықтауда, оқыту үдерісінде төменгі әдіс-тәсілдерді «Қол сигналы», «Бағдаршам», «Қорытындылауға арналған карточка индексі», «Бір минуттық эссе», «Сөйлеу үлгілері», «Екі жұлдыз, бір тілек», «Үш минуттық үзіліс», «Ауызекі баға», портфолио, журналдар, рубрикалар, сөзжұмбақтар, сұрақтар және тағы басқа түрлерін қолдануға болады. Қалыптастырушы бағалаудың 18 және одан да көп әдіс-тәсілдерін сабақтың әр түрлі кезеңдерінде: жаңа тақырыпты түсіндіруде, тапсырма орындау кезеңінде, мұғалімнің оқушыға жұмысының нәтижесін жақсарту мақсатымен кері байланыс ретінде ақпарат беру барысында да қолдануға болады. Мысалы, мұғалім оқушының жазба жұмысын тексеріп болған соң, оған баға қоймайды, әр түрлі қалыптағы сурет пен бояуларды қолданып белгілей алады. Әрбір белгі мен олардың түстері (сары, қызыл және жасыл, жұлдызша немесе қанатты белгілер) оқушының жауабындағы дұрыс немесе бұрыс орындалған жақтарын көрсетеді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz