Халықаралық деңгейде адам құқығын қорғаудың құқықтық аспектілерін қарастыру


КІРІСПЕ
Тақырыптың өзектілігі. Біріккен Ұлттар Ұйымы адамның құқықтары мен негізгі бостандықтарын қорғау туралы мәселені халықаралық қауымдастықтың "адамзаттың барлық мүшелеріне тән қасиеттерді және адамның тең әрі ажырамас құқықтары бостандықтың, әділдіктің және жалпы әлемнің арқауы екендігін мойындауымен" тікелей байланыстырады. БҰҰ-ның алдына қойған мақсаттарының тізбесіндегі "Нәсілдік, жыныстық, тіл және діндік ерекшеліктеріне қарамастан барлық адамдардың құқықтары мен негізгі бостандықтарын құрметтеуді қолдау мен дамытудағы" халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыруы халықаралық әмбебап ұйымның адам құқықтарын жүзеге асыруға адалдығын бейнелейді. Екінші дүниежүзілік соғыстан жинақталған ащы тәжірибеден кейін халықаралық қауымдастық адам құқықтарын халықаралық тиімді қорғау халықаралық бейбітшілік пен прогрестің маңызды шарттарының бірі деген түйінге келді.
Адамның құқықтары мен негізгі бостандықтарының проблемалары БҰҰ Жарғысының бірқатар баптарында көрініс тапқан. Оның Кіріспесінде халықтар "адамның негізгі құқықтарына, жеке адамның құндылығы мен ар-намысына, әйелдер мен ерлер теңдігіне, көп және аз ұлттар құқықтарының теңдігіне деген сенімді орнықтыруға" бел байлағаны бейнеленген. БҰҰ Жарғысының 8- бабында "Біріккен Ұлттар Ұйымы өзінің басты және қосалқы органдарында әйелдер мен ерлердің кез келген нысанда және жағдайларда қатысуы үшін ешқандай шектеулер қоймайтынын бекіткен" деп көрсетілген. 56-бап БҰҰ-ның барлық мүшелерін ортақ мақсаттарға жету үшін Ұйыммен ынтымақтастықта біріккен және дербес әрекеттерді жүзеге асыруға, оның ішінде "барлық адамдардын нәсілдік, жыныстық, тілдік және діндік ерекшеліктеріне қарамастан, құқықтары мен негізгі бостандықтарын жалпылай құрметтеуге және сақтауға" көмектесуді міндеттейді.
БҰҰ Жарғысының 13-бабына сәйкес, Бас Ассамблеяның экономикалық, әлеуметтік, мәдени, білім беру, денсаулық сақтау салаларындағы халықаралық ынтымақтастыққа көмектесу қызметі және нәсіліне, жынысына, тіліне және дініне қарамастан, барлық адамдардың құқықтары мен негізгі бостандықтарын жүзеге асыруға көмектесу қызметі бар. 1948 ж. Адам құқықтарының жалпыға бірдей Декларациясы қабылданғалы бері БҰҰ Бас Ассамблеясы адам құқықтары жөнінде көптеген декларациялар мен конвенциялар қабылдады. Олар ішінара геноцид, нәсілдік кемсіту, апартеид, шетелдіктердің құқықтық жағдайы, апатридтер, әйелдер құқығы, балалық шақты қорғау және халықтың басқа да санаттарына қатысты болды[3] .
БҰҰ Бас Ассамблеясының Үшінші комитеті негізінен адам құқықтарына қатысты әлеуметтік, гуманитарлық және мәдени сипаттағы мәселелермен айналысады. Адам құқықтары жөніндегі мәселелерді қарастырған кезде туындайтын әкімшілік және бюджеттік мәселелерді Бесінші комитет қарайды. Бас Ассамблеяның органдар жүйесінде адам құқықтарымен айналысатын қосалқы органдар болады. Оларға мыналар жатады: отар елдер мен халықтарға тәуелсіздік беру туралы Декларацияны жүзеге асыру барысындағы мәселелер жөніндегі арнайы Комитет; Намибия жөніндегі БҰҰ Кеңесі; апартеидке қарсы арнайы Комитет; Адам құқықтарына қатысты басып алынған аумақтардағы Израиль әрекеттерін зерттеу жөніндегі арнайы Комитет; Палестина халқының ажырамас құқықтарын жүзеге асыру жөніндегі Комитет. БҰҰ-ның Экономикалық және Әлеуметтік Кеңесі (ЭКО) адам құқықтарын қолдау жөніндегі экономикалық және әлеуметтік саладарда комиссия құрады. БҰҰ Жарғысының 62-бабына сәйкес ЭКОЭЛК "адам құқықтары мен негізгі бостандықтарының сақталуы мен ережелерін қолдау мақсаттарында ұсыныстар" жасай алады. Адам құқықтарына қатысты мәселелерді қарастыру кезінде көмек көрсету үшін Кеңес Адам құқықтары жөніндегі комиссияны және Әйелдер жағдайы жөніндегі комиссияны құрды. Адам құқықтары жөніндегі комиссия, өз кезегінде Аз ұлттарды кемсітудің алдын алу және қорғау жөніндегі шағын комиссияны құрды.
Адам құқықтары жөніндегі комиссия 1946 ж. құрылды, сол уақыттан бері жыл сайын комиссияның сессиялары өткізіліп келеді. Комиссия адам құқықтары жөніндегі бас орган болып табылады және осы құқықтарға қатысты түрлі мәселелермен айналыса алады. Осы орган адам құқықтары жөніндегі зерттеулер жүргізеді, халықаралық құжаттардың ұсыныстары мен жобаларын жасайды, Бас Ассамблея мен Экономикалық және әлеуметтік Кеңестің арнайы тапсырмаларын орындайды, сондай-ақ адам құқықтарының бұзылуына қатысты өтініштерді қарайды. Комиссия құзыреттеріне адам құқықтары жөніндегі мәселелер кіретін БҰҰ-ның басқа органдарының барлығымен тығыз ынтымақтастық жасайды[6] . Алғашында Комитет құрамындағы 18 адамымен адам құқықтары туралы Халықаралық биллді дайындаумен айналысты. Бүгінгі таңда Адам құқықтары жөніндегі комиссия мүшелерінің саны 43-ке жетті, олар үш жылдық мерзімге сайланады. Олар жыл сайын алты апталық мерзімге жиналып, өз сессияларын өткізіп тұрады, комиссия кез келген мемлекетті осы мемлекеттің ерекше қызығушылығын туғызатын әрқандай мәселелер бойынша өз жұмысына қатысуға шақыра алады, сондай-ақ Бас Ассамблея мойындаған ұлт-азаттық қозғалыстардың өкілдерін шақырады. Мамандандырылған мекемелер мен бірқатар басқа да үкіметаралық ұйымдар олардың мүдделеріне қатысы бар мәселелер жөніндегі комиссияның жүргізетін талқылауларына қатыса алады, ал экономикалық және әлеуметтік Кеңес жанындағы консультативтік мәртебесі бар үкіметаралық емес ұйымдар комиссияның ашық мәжілістерінің жұмысын бақылау үшін ресми өкілдерін тағайындай алады.
Адам құқықтары жөніндегі комиссия бірқатар елдер мен аумақтарда өзінің бірнеше қосалқы органдарын құрды, сондай-ақ өзінің құзыретіне қатысты мәселелер жөніндегі органдарын құрды. Қазіргі таңда, адам құқықтарының ұдайы өрескел бұзылу жағдайларын зерттейтін жұмыс тобы; еріксіз түрде немесе зорлықпен күштеп жоғалып кету мәселелері жөніндегі жұмыс тобы; даму құқығы жөніндегі үкіметтік сарапшылардың жұмыс тобы бар. Сондай-ақ, комиссия адамның бұзылған құқықтарын қарастырудың түрлі әдіс-тәсілдерін белсенді түрде қолданып келеді, мәселен адам құқықтары саласындағы немесе белгілі бір елдердегі немесе адам құқықтарының нақты бұзылуына байланысты жағдайларды зерттеу үшін сарапшылар тобының мәліметтерді жинауын айтуға болады. Мұндай құқық бұзушылықтар, әдетте сот талқылауынсыз жазалауға, діни жаппай қырып-жоюға, жалдамалы кісі өлтіруге қатысты болады.
Адам құқықтары жөніндегі комиссия халықаралық декларациялар мен конвенцияларды дайындауға көмек көрсететін жұмысшы топтарын құрады.
1947 ж. Аз ұлттарды кемсітудің алдын алу және қорғау жөніндегі шағын комиссия құрылды. Адам құқықтары жөніндегі комиссия сияқты, "ол да Экономикалық және әлеуметтік Кеңестің қызметтік комиссияларының рәсім ережелеріне сәйкес әрекет етеді. Шағын комиссия үш жұмыс тобын құрды, олар жыл сайынғы әрбір сессияның алдында, бірқатар міндеттерді жүзеге асыруға көмектесу үшін жиналады. Мысалы, хабарламалар жөніндегі жұмыс тобы адам құқықтарының бұзылуына қатысты және адам құқықтарын жүйелі түрде өрескел бұзуды растайтын мәліметтерді қарастырады. Құлдық мәселелері жөніндегі жұмыс тобы құлдық және құл саудасы саласындағы оқиғалар барысын, бала еңбегін пайдалануды қоса алғанда қарастырады. Байырғы халық мәселелері жөніндегі жұмыс тобы байырғы халықтың құқықтарын қорғау саласындағы оқиғалар барысын қарастырады.
Сонымен бірге, бағынысты комиссияның құрылымында адам кұқықтары жөніндегі, ұстау және түрмеде қамау мәселелері жөніндегі, психикалық ауруларына байланысты ұсталатын адамдар мәселелері жөніндегі құжаттарды қабылдауға көмектесу мәселелерімен айналысатын сессиялық жұмыс топтары бар.
1977 ж. Адам құқықтары жөніндегі комитет құрылды. Ол Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық Пактінің 28- бабына сәйкес кұрылған болатын. Оның құрамы Пактіге қатысушы мемлекеттердің жоғары моральдық қасиеттері бар және адам құқықтары саласында құзіреттері мойындалған 18 азаматтан тұрады. Азаматтық және саяси кұқықтар туралы халықаралық пактінің Факультативтік хаттамасына сәйкес, Пактіде мазмұндалған құқықтардың біреуі бұзылғаны туралы арыз жасаған және қолда бар барлық ішкі мемлекеттік құралдарды қолданып болған жеке тұлғалар адам құқыктары жөніндегі комитеттердің қарауына жазбаша хабарламалар бере алады. Мұндай хабарламалар Пактінің және Факультативтік хаттаманың қатысушы мемлекеттерінен ғана қабылданады. Комитет өзінің әрбір сессиясында қатысушы мемлекеттердің Пактіде көзделген құқықтарды өмірде іске асыру жөнінде қабылдаған шаралары туралы және осы құқықтарды пайдаланудың нақты нәтижелері туралы, сондай-ақ Пактіде мазмұндалған құқықтарды іске асыруға әсер ететін кедергілер мен факторлар туралы жасаған баяндамаларын қарастырады[5] .
Зерттеу жұмысының мақсаты. Халықаралық деңгейде адам құқығын қорғаудың құқықтық аспектілерін қарастыру болып табылады. Осы мақсатқа жету үшін мынадай міндеттер қойылады;
- халықтар жағдайын халықаралық-құқықтық реттеудің теориялық
мәселелерін қарастыру;
- азаматтықтың халықаралық-құқықтық мәселелерінің мәнін ашу;
- шетел азаматтарының құқықтық жағдайын анықтау
- халықаралық құқықтың субъектілерін белгілеу;
- халықаралық деңгейде адам құқығын қорғаудың құқықтық аспектілерін
талдау;
- баспана құқығы және босқындардың құқықтық жағдайын анықтау;
- адам құкықтарын халықаралық-құқықтық реттеу мәселесі;
- адамның құқықтары мен бостандықтарын қорғау тетіктері;
- халықаралық құқықтық жауапкершілікті айқындау;
Жұмыстың теориялық және тәжірибелік маңыздылығы. Жұмыста автор Халықаралық құқықтық нормаларға сәйкес халықаралық деңгейде адам құқығын қорғаудың құқықтық аспектілерін құқықтық және теориялық мәселелеріне талдау жасау арқылы маңызды мән-жайларын ашып көрсеткен. Жұмыс барысында айтылған ойларды тәжірибеде қолдануға болады.
Жұмыстың зерттелу деңгейі. Дипломдық жұмыс зерттеу барысында ТМД елдерімен Қазақстанның белгілі ғалымдардың еңбектеріне сүйендік. Некрасов В. А., Джандарбеков И. А., Алибеков С. Т., Сәрсенбаев М. А., Зачесова Г. М., Кисловский Ю. Г., Петров Ю. М., Мадиярова Д. М., Ершов А. Д., Нұрахметов Б., және т. б. Сонымен қатар, осы саладағы Қазақстан Республикасының заңдарына анализ берілген.
Диссертацияның құрылымы мен көлемі. Дииссертацияның құрылымы зерттеудің негізгі мақсаты мен пәніне сәйкес келеді. Ол кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан және пайдаланылған нормативтік құқықтық актілерден және әдебиеттерден тұрады.
1 ХАЛЫҚТАР ҰЙЫМДАРДЫҢ ЖАҒДАЙЫН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ-ҚҰҚЫҚТЫҚ РЕТТЕУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ
- Азаматтықтың халықаралық-құқықтық мәселелері
Әлемдегі шаруашылық өмір интернационалды сипатқа ие болып келуде. Бұған көптеген бірлескен кәсіпорындар, бірлескен кәсіпкерлік, бірлескен ғылыми зерттеулер мысал бола алады.
Ғылыми техникалық прогресс комуникациялар салаларында халықтар мен континенттерді жақындастырып, әртүрлі елдер өкілдерінің қарым-қатынастарының туындауына әкеп соқты.
Кез келген мемлекеттегі халықтардың құқықтық жағдайы оның ішкі заңдарымен айқындалады. Бұдан мемлекеттердің осы саладағы ынтымақтасу мүмкіндіктері мен мүдделілігі болмай қалады деген ой тумауы керек.
Кез келген мемлекеттің халқы нақты кезеңде қандай да бір мемлекеттің аумағында өмір сүріп жатқан индивидтердің жиынтығын көрсетеді. Халықтың құрамы, әдетте, өзінің азаматтарынан, шетел азаматтарынан және азаматтығы жоқ адамдардан құралады. Сондай-ақ "аралас мәртебесі" бар халықтар санаты да болуы мүмкін, яғни олар екі азаматтығы бар адамдар болып табылады. Шектеулі мағынадағы "халық" ұғымынан басқа, кейде бұл сөзді кең мағынада талдау да кездесіп қалады, атап айтқанда, жер жүзіндегі барлық тұрғындарды халық деп айтады.
Халықаралық құқықта азаматтық мәселелерін реттейтін шарттық және әдет-ғұрыптық нормалар жүйесі бар. Мысалы, оларға азаматтық мәселелері жөніндегі халыкаралық-құқықтық нормалар, шетелдіктердің, қос азаматтығы бар адамдардың (бипатридтердің), азаматтығы жоқ адамдардың мәртебесін айқындау жатқызылады. Халықаралық-құқықтық реттеу мәселелерінде адам құқықтары жөніндегі ынтымақтастық проблемалары мен перспективаларына айрықша орын беріледі. Мұнан өзге халықаралық құқықтағы болып жатқан барлық өзгерістер тікелей немесе жанама түрде болсын, халықтар мәселесіне ықпалын тигізіп отырды. Мәселен, мемлекет қылмыстылықпен күрес жүргізудегі ынтымақтастық мәселелерінде өз әрекеттерін үйлестіру кезінде бір мезгілде қылмыскерді бір-біріне беру туралы мәселені де шешіп отырады. Егер мемлекет ғарыштық зерттеу саласында ынтымақтастық жүргізсе, онда ғарыш кемесі экипажының апат, бақытсыздық немесе мәжбүрлі түрде қону жағдайларында көмектесудің құкықтық проблемалары туындайды. Мемлекеттер, өкінішке қарай қарулы жанжал жағдайында болса, онда соғыс құрбандарын қорғау мәселесі екі жақты келісе отырып, шешіледі. Соғысушы елдермен шекаралас мемлекеттер үшін босқындарды баспанамен, азық-түлікпен, киім-кешекпен қамтамасыз ету мәселелері туындайды. Халықаралық-құқықтық нормалардың мемлекет халқының жағдайына жанама әсер етуі әр түрлі болатыны сөзсіз, осыған орай халықаралық құқықтағы сапалық өзгерістердің ішкі заңдарға әсер ету дәрежесі мен сапасы да артып келеді[7] .
Сонымен, халықаралық құқықта жеке мемлекеттер халқының жағдайына халықаралық құқықтың ықпал етуінің екі бағыты байқалуда.
Бірінші бағыт, жалпы сипаттағы ықпал етумен сипатталады. Ол халықтың қандай да бір бөлігінің халықаралық құқықтың әсер ету объектісі болмаған кездерінде орын алады. Бірақ, осылай болғанымен, халықаралық стандарттар мемлекеттердің халықтың қандай да бір бөлігінің құқықтық жағдайын өзгертуіне қозғау салады. Мысалы, Еуропалық Кеңеске мүше болудың бір шарты ретінде ұлттық қылмыстық заңдардан өлім жазасын алып тастау талабы қойылған. Мәселен, халықаралық құқықтың көпшілік таныған қағидалар жүйесі халықтың құқықтық жағдайын өзгертпейді. Бірақ бұл қағидалар олардың азаматтық құқық қабілеттілігінің мазмұнына әсерін тигізетіні талас тудыра қоймас. Адамның құқықтары мен негізгі бостандықтарын құрметтеу қағидасы адамның жеке тұлға ретінде еркін дамуы үшін құқықтық жағдайларды барынша қалыптастыруды қамтамасыз етеді. Мемлекеттер өздерінің саяси және экономикалық қызметінде осы қағидаларды басшылыққа алуға міндетті. Олар азаматтық, саяси, экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтар мен бостандықтарды Біріккен Ұлттар Ұйымының жарғылық ережелеріне, адам құқықтарының жалпыға бірдей Декларациясына, адам құқықтары туралы Пактілерге және өзге де актілерге сәйкес тиімді жүзеге асыруды қолдауға және дамытуға міндетті. Аумақтарында ұлттық және басқа да азшылықтар бар мемлекеттер осындай топқа жататын тұлғалардың заң алдындағы теңдік құқығын құрметтеуге және оларға адамның құқықтары мен негізгі бостандықтарын іс жүзінде пайдалануға толық мүмкіндік беруі тиіс.
Екінші бағыт - халықаралық құқық нормаларының халықтың жағдайына нақты ықпал етуі. Бұл ықпал ету мақсатты сипатында болады. Мұндай нормалар мемлекеттерге халықтың белгілі бір санаттарына қандай да бір құқықтар немесе міндеттер беру құқығын немесе міндетін жүктейді. Мысалы, Бала құқығы туралы 1989 ж. конвенция балаларды қорғау мәселелеріндегі халықаралық стандарттарды белгілейді. Осыған орай, кез келген мемлекет отбасы кұқығының ұлттық нормаларын конвенциялық нормаларға сәйкес толықтырып, түзетеді. Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы-мемлекеттер азаматтарының азаматтық алуын жеңілдету тәртібі туралы 1996 ж. конвенция оның қатысушыларына азаматтық алудың жеңілдетілген, бірыңғай тәртібін қамтамасыз етеді[8] .
Сонымен, осы заманғы халықаралық құқық өз табиғаты бойынша мемлекетаралық құқық бола отырып, бара-бара және кең көлемде халықтардың құқықтық жағдайын және жалпы адамзаттық құндылықтарды қорғап келеді. Адам құқықтары мен негізгі бостандықтарын құрметтеу қағидасы халықаралық құқықта шарттық және әдет-ғүрыптық нормалардың тұтастай жүйесін өмірге келтірді. халықаралық құқықтың халықтар мәртебесіне қатысы бар жаңа қағидалары мен институттары да пайда болуда. Адам құқықтары осы заманғы халықаралық құқықтың арнаулы саласын құрайды деп айтуға толық негіз бар және ол күннен-күнге дамып, жетіліп келеді.
Азаматтық мәселелері осы заманғы халықаралық құқықта үлкен маңызға ие. Азаматтық деп жеке тұлғаның мемлекетпен тұрақты саяси-құқықтық байланысын айтады, ол мемлекетке қатысты белгілі бір құқықтар мен міндеттерге ие болумен, сондай-ақ мемлекеттің жеке, адамға қатысты құқықтары мен міндеттерімен сипатталады. Азаматтық, ең алдымен әрбір мемлекеттің ішкі құқығының институты болып табылады. Сонымен бірге, бұл халықаралық жария құқықтың да институты. Азаматтық мәселелері XX ғ. басында-ақ, ұлттық заңдардың толық монополиясына айналған еді. XX ғ. аяғына таман азаматтық мәселелердің көпшілік бөлігі халықаралық құқық нормаларымен камтамасыз етіле бастады. Мысалы, конвенциялық нормаларда мемлекеттер азаматтықты бекітудің келісілген, икемді тәртібін белгілейді. Азаматтықты қабылдау шарты мен рәсімі мемлекеттің дербес құқықтық саласына жататынына қарамастан, бірыңғай (бір ізге салынған) ережелер бар, оған сәйкес, мемлекеттер белгілі бір ережелерді ұстанады.
Азаматтық институты буржуазиялық революциялардың дамыған кездерінде пайда болды. "Қол астындағы азамат" түсінігі кейбір мемлекеттердің заң актілерінде әлде де сақталып қалды. Қолданыстағы азаматтық туралы заңдарда азаматтық алудың екі түрлі әдісі бекітілген: тууына байланысты (филиация) және қол астына алу тәртібінде (қалыптасу) . Бірінші жағдайда азаматтық алу жеке адамның еркінен тыс болса, ал екіншіде - адамның азаматтық алуға еркі немесе келісімі, сондай-ақ заңмен бекітілген құқықтық шарттар болуы керек.
Тууына байланысты азаматтық алуда екі қағида қолданылады -"қан құқығы"- (Jus sanguninis) - тууына байланысты азаматтық алу және "жер құқығы" - (Jus soli) -туған жеріне байланысты азаматтық алу[9] .
"Қан құқығы" қағидасы Еуропа елдерінің аумағында (Австрия, Италия, Финляндия, Швеция, Норвегия, Дания және басқалары) әрекет етеді, "жер құқығы" қағидасын латын-американдық мемлекеттердің зандары басшылыққа алады. Кейбір елдердің азаматтық туралы заңдарында аталған екі қағида да әрекет етеді (АҚШ, Ұлыбритания, Үндістан және басқалары) . Қазақстан Республикасының азаматтық туралы 1991 ж. Заңының 10-бабына сәйкес, біздің мемлекет "қан құқығы" қағидасын қолданады.
Азаматтыққа алу дегеніміз - мүдделі адамның өтініші бойынша белгілі бір мемлекеттің азаматтыққа қабылдауы. Азаматтыққа алу тәртібі мен шарты мемлекет заңдарымен айқындалады. Азаматтыққа алу тәртібінде мынадай жағдайларда азаматтыққа қабылда-нады:
• бір мемлекет азаматының (азаматшасының) басқа бір мемлекеттің азаматшасымен (азаматымен) некеге отыруы;
• азаматтығы жоқ немесе басқа бір мемлекеттің азаматы болып табылатын баланы бір мемлекеттің азаматының асырап алуы;
• оптация (бір мемлекеттен екінші мемлекеттің қарамағына көшкен жердің халқының қай мемлекеттің азаматтығын өзі таңдап алуы) . Оптация құқығы халықаралық шарт негізінде немесе бір тарапты тәртіпте жүзеге асырылады. Оптация кең мағынасында - азаматтығы бар адамның азаматтықты таңдауын білдіреді. Алайда, оптация басқа да нысанда болуы мүмкін, яғни адамның жаңа азаматтықты алуы және бұрынғысынан бас тартуы.
Азаматтыққа алу кезінде нақты елдің заңдарында көзделген белгілі бір жағдайлар болуы мүмкін. Мысалы, Американың азаматтық туралы занында азаматтыққа қабылдау үшін отырықшылық шектелімі ретінде 5 жыл ағылшын тілін білу, адал болуға ант ету сияқты талаптар көзделген. АҚШ заңдарында егер адам коммунист және атеист болса, азаматтыққа қабылданбайтыны көрсетілген. Францияда азаматтық алу үшін сол елде бірнеше жыл өмір сүру керек және кандидаттың моральдық қасиеттері биік болуы керек; өмірбаянында қайыр тілеу, жезөкшелікпен айналысу сияқты элементтер болмауы тиіс. Кейбір мемлекеттердің заңдарында кәсіби шектелім қойылған нақтырақ айтқанда, мысалы, Швейцария заңында кәсіптік шектелім көзделген, Мәселен, ірімшік қайнатушы немесе сағат жөндеуші мамандығы барларға артықшылықтар беріледі.
Мемлекет аумағының бір бөлігі басқа мемлекетке өткен жағдайда азаматтықтың ауысуы мүмкін, яғни ол цессия деп аталады. Мұндай жағдайда азаматтық алудың екі түрлі әдісі болады:
• екі азаматтықтың бірін ерікті түрде таңдау;
• азаматтықтың автоматты түрде өзгеруі - трансферт - бір мемлекеттен екінші бір мемлекетке өтетін аумақтың халқын беру, соған орай бір азаматтықтан екінші азаматтыққа өту.
Азаматтық туралы коллизиялық нормалар азаматсыздықты (апатризм) немесе қос азаматтықты (бипатризм) туындатады[5] .
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz