Қиыршық тас өңдеу технологиясы



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 31 бет
Таңдаулыға:   
Кіріспе
Адамның өзінің әр алуан өмірлік қажеттерін (экономикалық, экологиялық, рухани, мәдени-сауықтыру, имандылық-эстетикалық қажеттерін) қанағаттандырумен итермелейтін адамның табиғатпен өзара әрекеті ұғынылады. Адамның күнделiктi өмiрiнде, жеке және заңды тұлғалардың шаруашылық және өзге де қызметiнде табиғи ресурстарды пайдалануы және (немесе) қоршаған ортаға әсер етуi табиғат пайдалану болып табылады.
Табиғат пайдалану ұғымын экологияны пайдалану ұғымынан айыра білу керек. Егер табиғат пайдалану адамның әр алуан өмірлік кажеттерін канағаттандыру үшін табиғи ресурстардың тәртібі ретінде ұғынылатын болса, онда экологияны пайдалануда ең алдымен қоршаған ортаны және тұтастай алғанда экологиялық жүйені барышпа сақтау мүддесі үстем болады.
Табиғат пайдалану құқығы объективтік мағынасында - табиғат объектілерін пайдалану мен қоршаған ортаны қорғау жөніндегі қатынастарды реттейтін құқықтық нормалардың жиынтығы болып табылады.
Субъективтік мағынасында табиғат пайдалану - бұл адамның әр алуан өмірлік қажеттерін қанағаттандыру үшін табиғат объектілерін пайдалану жөніндегі табиғат пайдаланушылардың заңмен белгіленген құқықтары мен міндеттерінің жиынтығы.
Сөйтіп, тұтастай алғанда табиғаттың пайдалы қасиеттерін немесе жекелеген табиғи ресустарды қолданыстағы заңмен белгіленген шектерде және шарттарда өздерінің кажеттерін қанағаттаңдыру үшін пайдалану құқығы деген анықтама беруге болады.
Табиғат пайдалану құқығын беру негіздерінің бірі - бұл табиғи ресурстарды пайдалануға берілетін лицензия және қоршаған ортаны қорғау саласындағы қызметтің жекелеген тұрлерін жүзеге асыру.
Қоршаған ортаны қорғау мен табиғи ресурстарды пайдалану саласында мына төменде аталған шаруашылық қызметінің экологиялық жағынан қауіпті түрлері міндетті түрде лицензиялауға жатады:
- улы, радиоактивтік және басқа да қауіпті зиянды заттармен ластанған жерлерді техникалық қалпына келтіру;
- су объектілерін ластануға және бітеліп қалуға жеткізетін аса қауіпті химиялық және биологиялық заттар мен радиоактивтік материалдарды өндірістік мақсаттарға пайдаланатын кәсіпорындар мен құрылыстарды су жинайтын алаңдарда салу мен орналастыру;
Табиғат пайдалану құқығының қағидалары деп табиғи ресурстарды пайдалану жөніндегі құқық қатынастарын реттеудің негізгі бастаулары мен негізгі қағидаттары ұғынылады. Табиғат пайдалану құқығының негізгі қағидаларына мыналар жатады:
- адамның өмірі мен денсаулығын қорғаудың басымдығы, халықтың өмірі, еңбегі мен демалысы үшін қолайлы қоршаған ортаны сақтау және қалпына келтіру;
- табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану мен ұдайы молайту;
- табиғатты арнайы пайдаланғаны үшін кезең-кезеңмен ақы төлеуді енгізу және қоршаған ортаны қорғауды экономикалық ынталандыруды енгізу;
- табиғи ресурстарды пайдаланудың мақсатты сипаты.
- қолайсыз экологиялық ахуалы бар аумақтарда экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және бұзылған табиғи экологиялық жүйелерді қалпына келтіру;
- ерекше экологиялық, ғылыми және мәдени маңызы бар биологиялық алуан түрлілікті және қоршаған ортаның объектілерін сақтауды қамтамасыз ету;
- мемлекеттік реттеу және мемлекеттік бақылау, қоршаған ортаны қорғау туралы заңды бұзғаны үшін жауапкершіліктің ымырасыздығы;
- қоршаған ортаға нұқсан келтіруді болдырмау, қоршаған ортаға ықгимал ыкпалды бағалау.

Бүгінгі таңда Жамбыл облысында 2 390 табиғатты пайдаланушы бар, олардың 270-і бірінші дәрежелі.
Жыл ішінде табиғат пайдаланушыларға 332 сараптама қорытындысы берілді (2016 ж. - 412, 2017 ж. - 236). Оның 96-ы, яғни, 28,9 пайызы экологиялық нормаларға сәйкес келмегені үшін келісілмеді. Берілген 332 сараптама қорытындысынан, ведомстводан тыс кешенді сараптама арқылы 2 қорытынды берілді, оның ішінде келісілмегені 2. Қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсат алу үшін 107 өтінім келіп түсті (2016 ж. - 225, 2017 ж. - 148). 79 өтінімге рұқсат берілді (2016 ж. - 153, 2017 ж. - 90). 28 өтінім қабылданбады (2016 ж. - 72, 2017 ж. - 58). Жобалардың орташа қаралу мерзімі - 11 күнтізбелік күн болды. Өтінімдерде - 5 күнтізбелік күнді құрады (Ережеге сай белгіленген мерзім - 45 күн, 15 күн.).
Өңірде табиғат пайдаланушылардың жалпы саны 2429. Оның ішінде: I-санатта - 309, 2-санатта - 187, 3-санатта - 383, 4-санатта - 1550 жеке және заңды тұлғалар бар. Департаментте 2 мемлекеттік қызмет көрсетіледі. (І-санаттағы нысандар үшін қоршаған ортаға эмиссияға рұқсат беру, І-санаттағы нысандар үшін мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысын беру).
396 нысанға мемлекеттік қызмет көрсетілді. Оның ішінде 79 нысанға экологиялық рұқсат берілді. 317 нысан мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысын алды. 43 мемлекеттік қызмет бойынша бас тартылды. Көрсетілген мемлекеттік қызмет сапасына қатысты табиғат пайдаланушылар тарапынан арыз-шағымдар болған жоқ. Жыл басынан бері қоршаған орта эмиссияларына арналған лимиттердің шығарындылары 114,9 мың тонна болса, нақты эмиссия көлемі 80,8 мың тоннаны құрады. (2017 ж. эмиссия лимиттері - 115,8 мың. тн, нақты эмиссия көлемі - 70,3 мың тн).

"Бурыл-Бірлестік" ЖШС Жамбыл ауданы, Қаратөбе ауылдық округінде орналасқан, бір алаңы бар. Санитарлық және өртке қарсы нормалар талаптарына сәйкес келеді. Алаң аумағына кіру және шығу қолданыстағы автожолдардан жүзеге асырылады. Кәсіпорынның жұмыс тәртібі маусымдық. Карьерде ПГС өндіру ашық тәсілмен жүргізіледі. "Бурыл-Бірлестік" ЖШС өзінің өндірістік қызметін 20.05.2009 ж. № 9253-1919-ЖШС заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы берілген куәлік негізінде жүзеге асырады.
Кәсіпорынның негізгі қызметі құм-қиыршықтас қоспасын өндіру және өңдеу болып табылады. Кәсіпорынның бір алаңы бар: ПГС өндіру бойынша карьері-ауданы 45 га жер учаскесі. "Бурыл-Бірлесу" ЖШС-нің 13.10.2010 ж. № 03-1-2276 мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысымен қоршаған ортаға әсерді бағалау (ҚОӘБ) жобасы бар, шығарындыларының көлемі 31,434 т жыл. Алаңда (карьер)-атмосфераға 29 ұйымдастырылмаған стационарлық шығарындылар көздері бар, олар атмосфераға 13 атаулы ластаушы заттарды тастайды. Шығарындылардың негізгі көздері-бульдозер, экскаватор, самосвал, инертті материалдар қоймалары, ДСУ (конвейерлер, електер, ұсақтағыш), Электрмен дәнекерлеу посты және газ плитасы, ұйымдастырылмаған көздер болып табылады, негізінен тау-кен жұмыстары жүргізіледі, яғни бұрғылау және алу-тиеу жұмыстарын жүргізу атмосфераға шаң-бейорганикалық шаң шығарылады. Шаңның едәуір бөлінуі үйінділер мен қоймалардың бетінен үрленген кезде де болады. Кәсіпорында қатты-тұрмыстық қалдықтар, күл-қож және аршу жыныстары қалдықтар болып табылады. Қатты-тұрмыстық қалдықтар (ҚТҚ)-қалдықтарды уақытша сақтау алаңында арнайы бөлінген контейнерде жиналады. Жиналуына байланысты қалдықтар 01.03.2013 жылғы №116 "Жасыл Тараз" БК МКК-мен жасалған шарт негізінде қалалық ҚТҚ полигонына шығарылады. Аршу жыныстары-құм-қиыршықтас қоспасын өндіру кезінде пайда болады, қалдықтарды үйіндіде орналастыру жүргізіледі. Сынамаларды іріктеу және талдауларды орындау қолданыстағы нормативтік құжаттарға сәйкес жел бағытының тербелісінің әсерін төмендету үшін екі нүктеде жел астындағы жағынан бір уақытта жүргізілді. Бақылау нүктелері шығарындылардың көздерінде және бақылау нүктелерінде (бекеттерде) ШРШ нормативтерінің сақталуына кәсіпорында бақылаудың жоспар-кестесінде анықталған. Сарқынды суларды ағызу канализациялық желі бойынша экрандалған жинағышқа әрі қарай келісім-шартқа сәйкес шығарылады. ЖЖҚ аршу жыныстары оларды жинау жүргізілетін кәсіпорынның тау-кендік бөлігі шегіндегі үйінділерге тасымалданады. Одан әрі, өндіру жұмыстары аяқталғаннан кейін карьердің пайдаланылған кеңістігін жабу үшін пайдаланылады.
Серіктестік бетон, фракциялық ұсақ тас шығарады, табиғи қиыршық табысын орындайды. Серіктестік өз аймағында көлік жолдар, дербесті алаңшалар және жүрістер құру және жөндеу жұмыстарын жасайды. Мекеме арнайы цехтар мен карьерлерге бөлінген және өндіріске қажетті техникамен жабдықталған. Мұнда бес эксковатор,үш жүк тиеуге арналған СМД-855 техникасы, төрт трактор, үш камаз және тас тасуға арналған машиналар жұмыс істеп тұр.Арнайы сынақ лабораториясы бар және екі цех жұмыс жасап тұр. Карьерде жұмысшы қызмет атқарады. Оның 58 жоғары санатты жұмысшылар. Экспорттық жеткізулер көлемі жыл сайын жалпы өндірудің 40 %-ын құрайды. Мекеме өзінің клиенттеріне жоғары тұтынушылық қасиеттерге ие сапалы өнімді жеткізе отырып олардың сәтті іс жүргізуіне үлес қосуына барынша тырысады.Енді бұл кәсіпорын аймақтағы құрылыстың бәрін қиыршықтаспен қамтамасыз ететін болады. Пыраққұрылыс, Аджип, Мобил, СМК, Упп сияқты ірі-ірі мекемелермен келісім шартқа отырып, бірлесіп жұмыс істеп жатыр. Тараз қаласына күніне 20тонналық автокөліктермен 15 машина 040 фракциялы қиыршық тас өнімдері жөнелтіліп отыр. Облысқа айына 60 вагон өнім дайындалып беріледі. Қазіргі таңда карьер қызу жұмыс үстінде. Бұрынғы Ақтөбе тас жарылыс мекемесі және Шетпе бөлімшесінің жұмысшылары тауды атуға, болашақ өнімнің шикізатын дайындауға дайындық жұмыстарын жүргізіп жатыр.
Бурыл-бірлесу Жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің ұйымдық құрылымы 7-ші сұлбада көрсетілген.

7-сурет - Бурыл-бірлесу ЖШС-ң ұйымдастырушылық құрылымының
сұлбасы

2.1 Сапаны әкімшілік басқару
Бурыл бірлесу ЖШС-нде біріктірілген менеджмент жүйесі енгізілген. Нақты ықпалдастырылған менеджмент жүйесі бойынша басшылық бірнеше стандарт талаптарына жауап беретін кәсіпорынды басқару жүйесін сипаттайды. Атап айтқанда: ИСО 9001 сериялы стандарттар Сапа менеджмент жүйесі, ИСО 14001 сериялы стандарттар Экологиялық менеджмент жүйесі, SA 8001 сериялы стандарттар Әлеуметік жауапкершілік менеджмент жүйесі.
Біріктірілген менеджмент жүйесі бойынша басшылық - бұл негізгі ішкі нормативті құжат болып табылады. Оның негізгі мақсаттары:
- ЖШС Бурыл бірлесу кәсіпорнының ЫМЖ үрдістерінің өзара әсерін, кәсіпорын стандарттарын анықтау.
Кәсіпорынның сапа бойынша Басшылығы келесі нормативті құжаттардың талаптарын ескере отырып әзірленген:
- ИСО 9000 - Сапа менеджменті жүйелері. Негізгі жағдайлар және сөздік.
- ИСО 9001 - Сапа менеджменті жүйелері. Талаптар.
- ИСО 9004 - Сапа менеджменті жүйелері. Қызметті жақсарту бойынша ұсыныстар.
ИСО 19011 - Сапа менеджменті жүйелерінің аудиті бойынша
басқарушылық сілтемелер.
ИСО 10013 - Сапа бойынша басшылықты әзірлеу бойынша басқарушылық сілтемелер.
ИСО 14001 - Экологиялық менеджмент жүйелері. Қолдану бойынша басшылық пен талаптар.
ЖШС Бурыл бірлесу біріктірілген менеджмент жүйесі келесі өндіріс түрлеріне таралады:
көмірсутек шикізатының кенішін барлау;
көмірсутек шикізатын өндіру мен дайындау.
Біріктірілген менеджмент жүйесі кәсіпорынның бәсекеге қабілетті болуын қамтамасыз етеді. Біріншіден, кәсіпорын тұтынушылардың қажеттілігін қанағаттандыратын тауар өндіруі қажет. Бұл сапа менеджментімен қамтамасыз етіледі. Екіншіден, кәсіпорын персоналға өндірістік және қауіпсіз еңбек етуге мүмкіндік жасауы керек. Яғни, OHSAS 18000 стандарты бойынша жүзеге асырылады. Үшіншіден, кәсіпорын қоршаған табиғи ортадан тыс жұмыс жасай алмайды, сондықтан, оған келтіретін зиянды әсерін экологиялық менеджмент жүйесі арқылы басқаруы қажет. Төртіншіден, әлеуметтік орта, яғни кәсіпорын еңбек кодексін сақтай отырып, қайырымдылық, қоғамдық қозғалыстарды қолдап, әлеуметтік кепілдікті жүзеге асыруы қажет. Бұл әлеуметтік кепілдік саласына қатысты .

Тұтынушылардың қажеттіліктері
Тұтынушылардың қажеттіліктері
Басшылық
Өлшеу, талдау және жақсарту
Өнімнің өмірлік циклы
Ресурстар менеджменті
Өнім
Тұтынушылардың қанағаттануы
ЫМЖ тұрақты жақсаруы
Басшылық
Өлшеу, талдау және жақсарту
Өнімнің өмірлік циклы
Ресурстар менеджменті
Өнім
Тұтынушылардың қанағаттануы
ЫМЖ тұрақты жақсаруы
8 - сурет - Біріктірілген менеджмент жүйесінің тұрақты жақсару сұлбасы

Біріктірілген менеджмент жүйесін енгізу және дамыту келесі талаптарды орындау арқылы жүзеге асады:
қоршаған орта мен сапа саласындағы мақсаттарды және саясатты белгілеу;
кәсіпорын қызметін анықтайтын үрдістерді белгілеу;
өндірістік орта, инфрақұрылым, персонал мен қажетті ресурстарға талаптарды анықтау;
сапа бойынша жоспарларды, технологиялық ережелерді, құжатталып рәсімделген қажетті басшылық пен стандарттарды әзірлеу мен тиімді қолдану.
ИСО 14001 - Экологиялық менеджмент жүйелері. Қолдану бойынша басшылық пен талаптар халықаралық стандарты бойынша кәсіпорындарға қойылатын талаптар:
талаптарға сәйкес келетіні туралы міндеті бар қоршаған ортаны қорғау бойынша саясатты құру;
қоршаған ортаны қорғауға қатысты заңдар мен нормаларға рұқсат алу;
қоршаған ортаны қорғау саясатына сәйкес мақсаттар мен міндеттерді;
төтенше жағдай кезіндегі немесе олардың алдын алатын дайындық процедураларын орнату;
талаптарға сәйкестікті кезеңді бақылау бойынша процедураларды орнату.
Бұл талаптар кәсіпорын талаптарына сәйкестігін басқаруға тікелей қатысты болғанымен, ИСО 14001 Стандартының 17 элементінің әрқайсысы талаптарға ең жақсы сәйкес келуге көмектеседі (мысалы, өзара байланыс, оқыту, құжаттама, есеп беру құжаттары, сәйкес келмеу және түзетуалдын алу іс-әрекеттері, EMS аудиторлық тексеру, басшылықпен талдану және т.б.). негізінде ИСО 14001 стандарты жатқан EMS кәсіпорнының талаптарға жауап беруді басқаруды толықтыру және жақсарту, сонымен қатар шектен тыс шығып кеткен мақсаттар мен міндеттерге жетуге көмектеседі.

Қиыршық тастың химиялық құрамы, жіктелуі және
қолдану саласы
Қиыршық тас - ірілігі 5мм ден үлкен, органикалық емес, сусымалы, тау жыныстарын ұсақтау нәтижесінде алынатын қиыршық тас. Қиыршық Тастың массасы 1м3-қа 1,3:1,4тн болып есептелген. Тағайындалу аумағы карьерде арнайы каналы белгіленіп, тауды бұрғылап тесіп, белгілі тереңдікте жарылыс жасау арқылы алынады. Өнім ашық әдіспен алынады.
Қиыршықтастың химиялық құрамы ( %):
SiO2 -- 47,1-47,8 %
Al2O3 -- 13-13,7 %
Fe2O3 -- 15,2-16 %
TiO2 -- 1,5-1-,75%
CaO -- 9,4-10,2 %
MgO -- 5-5,3%
Қиыршық тас - бұл тау жыныстарын немесе жасанды тастарды өлшемдері 5-тен 77 мм-ге дейін жететін кесектерді уату кезінде алынған материал. Қиыршық тас дәндері қисық формалы, беті кедір-бұдыр болып келеді. Сондықтан қиыршық тас гравийге қарағанда цемент тасымен берік байланысады. Мұнда ірі толтырғыш беріктігінің маңызы үлкен, өйткені ол бетонның қаңқасын құрайды. Сондықтан ереже бойынша ірі толтырғыш бетонның өзінен 2-3 есе берік болу керек.
Бетонның жоғарғы сапасын қамтамасыз ету үшін ірі толтырғыштар таза, зиянды қоспаларсыз болуы қажет. Оның құрамының 15%-ын (масса бойынша) ине және табақша тәріздес дәндер құрауы тиіс. Ірі толтырғыш цементтегі заттармен, элементтермен химиялық байланысқа түспеу керек. Улы қоспалардың әсерін төмендету үшін қолданудың алдында толтырғыштарды тазалайды, шаяды.
Жеке тау жыныстарынан алынған гравий мен қиыршық тастың минералдық құрамы әр түрлі болып келеді. Қиыршық тастың петрографиялық құрамының әр түрлілігінің тән мысалы ретінде Павловский карьеріндегі гравий (қиыршық тас) алынған [2].

1-кесте - Қиыршық тастың петрографиялық құрамындағы айырмашылығы

Петрографиялық құрамы
Қиыршық тас құрамындағы шамасы,%
Қиыршық тас сапасы
Гранит

Диабаз

Тақта тас

Кварцит

Амфиболит
Шақпақ тас

Құмдақ

Сары әктас

Сазды тақта тас

Қоңыр темір тас

Сырланған әктас

Тығыздалған әктас
Қуысты әктас

Слюдалы тақта тас
9,5-14,5

1,3-1,4

0,4

6,5-17,4

0,4-1,7
9,9-16,5

3,5-4,7

7,2-17,3

6,6

0,2-0,4

7,4-14,5

12,2-17,1

8,6-21,8

0,7-2,0
Берік түйіршіктер, бетонның жоғарғы сапасын қамтамасыздандырады
Берік түйіршіктер, бетонның жоғарғы сапасын қамтамасыздандырады
Суыққа төзімділігі төмен және түйіршіктері берік емес
Берік түйіршіктер, бетонның су өткізбеушілігін төмендетеді
Берік түйіршіктер
Берік түйіршіктер, бетонның су өткізбеушілігін төмендетеді
Әр түрлі беріктікті түйіршіктер, бетонның су өткізбеушілігін төмендетеді
Түйіршіктері суыққа төзімді емес және беріктігі төмен
Түйіршіктері суыққа төзімді емес және беріктігі төмен
Түйіршіктері суыққа төзімді емес және беріктігі төмен
Түйіршіктері суыққа төзімді емес және беріктігі төмен
Берік түйіршіктер, бетонның жоғарғы сапасын қамтамасыздандырады
Суыққа төзімділігі төмен және түйіршіктері берік емес
Суыққа төзімділігі төмен және түйіршіктері берік емес

Генезисі бойынша әр түрлі қиыршық тас түйіршіктері қоспа және бетон техникалық қасиеттеріне әсер етеді.
Автомобиль жолдары мен аэродромдарда және ауыр, майда дәнді жеңіл толтырғыш ретінде, ұяшықты және силикатты бетондарда, құрылыс қоспаларында, құрғақ қоспаларды дайындау кезінде толтырғыш ретінде қолданылады. Қиыршық тас қолдану саласы оның параметрлеріне де байланысты. 5-10 және 5-20мм қиыршық тастың фракциялары асфальт өндірісінде жиі қолданылады, бетон мен темір бетонды конструкциялауға 20-40мм фракциялы Қиыршық тас қолданылады, 40-50мм фракциялы қиыршық тасты темір жол төсеуде және жөндеуде, іргетас қалауда, трамвай жолдарында, автомобиль жолдарын төсеуде қолданылады [3].

Қиыршық тасты өңдеу технологиясы
Қиыршықтас мөлшеріне қарай стандартты және стандартты емес фракциялаға бөлінеді. Қиыршық тастың стандартты және стандартты емес фракцияларға бөлінуі 2-ші және 3-ші кестеде көрсетілген.

2-кесте - Стандартты фракциялардың өлшемдері

1
5-10мм
2
10-20мм
3
5-20мм
4
20-40мм
5
25-60мм
6
20-70мм
7
40-70мм

3-кесте -Стандартты емес фракциялардың өлшемдері

1
10-15
2
15-20
3
80-120
4
120-150

Қиыршық тас өлшемдері бойынша сұрыпталыну қажет. Қиыршық тастың фракция бойынша бөлінуі 1- суретте көрсетілген.

1-сурет - Қиыршық тастың фракция бойынша бөлінуі

Қиыршықтас маркасының уатылу көрсеткіштері 4-ші кестеде көрсетілген:
4-кесте - Қиыршықтас маркасының уатылу көрсеткіштері

Қиыршықтас маркасының уатылуы
Сынақ кезінде жоғалған масса %,
И1
И2
И3
И4
25
25-35
35-45
45-60

Кәсіпорындарға шикізат әдетте жабық вагон, цистерна, контейнер түріндегі темір жол көлігі арқылы тасымалданады. Материалдарды түсіру өнімділігі 15-90 тсағ С-577 пневматикалық жүк түсіруші құрылғылармен жүзеге асырылады. Бұл құрылғылар түсіру процесінің аз еңбек шығынымен және тұтқыр заттардың аз тозаңдатылуымен кешенді механизациялануын қамтамасыздандырады. Темір жол вагондары мен цистерналарынан материалдар сығылған ауа есебінен түсіріліп, трубопровод арқылы қабылдау қондырғысына немесе қоймаға әкелінеді.
Қоймалар келесі талаптарға жауап беру керек:
Сақтау кезіндегі шикізаттар активтілігінің төмендеуін алдын алу үшін, әсіресе ауаның ылғалды шарттарында, тұтқыр заттарды қоймалау атмосфералық және грунтты ылғалдылықтың түсуінен қорғалған бөлмелерде жүргізу керек.
Қойма шикізаттың үштен кем емес түрлерінің және маркілерінің бөлек сақтау мүмкіндігін қамтамасыздандыру керек.
Сақтау кезінде түйіршіктердің басылып қалуын және активтілігінің төмендеуін алдын алу мақсатымен шикізатты басқа бос сыйымдылыққа қотарылады.
Тау жыныстарын қиыршық тасқа дейін өңдеу технологиясы бірніше сатыдан тұрады.
Қиырышық тасты өңдеудің кезеңдік технологиясы 2-ші суретте көрсетілген операциялардан тұрады.

Бастапқы материал

Ұсақтаудың 1-ші сатысы

Сілку

Ұсақтаудың 2-ші сатысы

Сілку

Ұсақтаудың 3-ші сатысы

Қиыршық тасты жуу жүйесі

Кептіру

2-сурет- Қиырышық тасты өңдеудің кезеңдік технологиясы

Қиыршық тасты өңдеудің технологиялық суреті барлық операциялардың кешенді механизациялануын және автоматтандырылуын алдын ала қарастыру қажет. Қиыршық тасты өңдеудің технологиясы 3-ші суретте көрсетілген.

1 - қиыршық тас салынатын бункер;
2 - ұсақтауды өткізудің 1-ші реттік ұсақтау машинасы;
3- сілку аппараты (грохот);
4 - ірі түйіршіктерді ұсақтаудың 2-ші реттік ұсақтау машинасы;
5 - орташа өлшемді түйіршіктерді 2-ші реттік ұсақтау машинасы;
6 - ұсақ түйіршіктерді фракцияларға бөлу аппараты;
7 - сілку аппараты (грохот);
8 - қиыршық тас фракциялары бойынша бөліп жуып кептіретін ыдыстар;
9 - басқару кабинасы

3-сурет - Қиыршық тас өңдеу технологиясы

Зауыттың негізгі технологиялық үрдістері автоматтындырылған болып келеді.
Автоматтындырылған қондырғысының өнімділігі 120 м3сағ. Қондырғы құрылымына бункер, 3 ұсақтау машинасы, ленталы конвейерлер, сілку аппараттары және басқару вагоны кіреді.
Ең бірінші карьерлерден немесе қоймалардан әкелінетін тау жыныстары металл тазалағыштан өтеді, содан кейін металл коспасынан тазартылғаннан кейін оны өңдеу үрдістерінен өткізеді. Тау жыныстары 1 қиыршық тас салынатын бункерге әкелінеді, келесі сатысы - 1-ші ретті ұсақтау машинасында ұсақталады. Бірақ 1-ші ретті ұсақтаудың өзінде түйіршіктер бірдей өлшемді және біркелкі болып шықпауы да мүмкін, сондықтан ұсақталған түійршіктерді 3 сілку аппараты көмегімен сілкегеннен кейін ірі түйіршіктерді қайтадан 4 2-ші ретті машинасына ұсақтауға жібереді, орташа өлшемді түйіршіктерді 5 2-ші ретті машинасына ұсақтауға жібереді; ал майда ұсақ түйіршіктер автоматты түрде ленталы конвейер арқылы 8 ыдыстарға түседі, кейіннен 4 және 5 ұсақтағыш машиналары арқылы қажетті өлшемдерге дейін ұсақталынған түйіршіктер де осы ыдыстарға жіберіледі, мұнда олар жеке-жеке 0-5 мм, 5-20 мм және 20-40 мм фракцияларына бөлініп, жуып-шаю және кептірілу операцияларынан өтеді.
Қондырғысының басқару пульттері және күш беретін аппараттар басқару вагонында 9 шоғырланған. Қондырғы электроқозғалтқыштарының орнатылған қуаты 330 кВт. Қондырғы массасы 155 т.
Зауыттың негізгі технологиялық үрдістері автоматтындырылған.

ДИМ 800К-01 роторлы ұсақтау машинасын өндіріске енгізудің себептері
Қазіргі уақытта салынатын автожолдар сапасына беріктілік сипаттамалары бойынша, толтырғыш формасы мен өлшемдері бойынша өте жоғары талаптар қойылып жатыр. Себебі автокөлік жабынының сапасы тікелей тодтырғыштың сапасына тәуелді болып келеді. Автокөлік қозғалу интенсивтілігімен жылдамдығының өсуі қозғалыс қауіпсіздігінің қамтамасыз етілуін талап етеді, ал қозғалыс қауіпсіздігі жол жабының жоғары сапасына қатысты.
5-20 мм фракциялы өндірілетін қиыршықтас әдетте ірі болып келеді, бұл асфальтобетонның физикалық-химиялық көрсеткіштерін сапасы жағынан төмендетеді. Бірақ автокөлік жолдарын салу және пайдаланудың отанды және шетелдік тәжірибесі жабынның жоғары қабаттарына құю үшін дайындалатын асфальт-бетон қоспалар үшін қиыршықтастың ұсақ фракциялар түрінде (5-10, 10-15, 15-20 мм) шығарылуының мүмкіндігін көрсетіп отыр.
Қиыршықтасты ұсақтау барысында қиыршықтас түрлерінің формалары өте маңызды болып келеді. Қиыршықтастың қалыптары ұсақтау аппаратына қатысты болады және үшкір мен куб тәріздес болып бөлінеді.
Бірақ куб тәріздес қиыршықтастың сапасы жағынан да, сұраныс жағынан да өте жоғары болады.

ДИМ 800К-01 роторлы ұсақтау машинасын тиімділігі
Қиыршықтасты ұсақтау барысында қиыршықтас түрлерінің формалары өте маңызды болып келеді. Қиыршықтастың қалыптары ұсақтау аппаратына қатысты болады және үшкір мен куб тәріздес болып бөлінеді.
Бірақ куб тәріздес қиыршықтастың сапасы жағынан да, сұраныс жағынан да өте жоғары болады.
Сондықтан бұл жұмыста Бурыл-Бірлесу жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне ДИМ 800К-01 қиыршық тасты куб тәріздес түйіршіктерге дейін ұсақтайтын роторлы ұсақтау аппараты енгізілуге ұсынылып отыр.
ДИМ 800К-01 қиыршық тасты куб тәріздес түйіршіктерге дейін ұсақтайтын роторлы ұсақтау аппараты сығу кезінде беріктік шегі 160МПа-ға дейін және ылғалдылығы 12%-ға дейін тау жыныстарын ұсақтау үшін арналған.

ДИМ 800К-01 роторлы ұсақтау жабдығының көрінісі 4-ші суретте көрсетілген.

4-сурет - ДИМ 800К-01 роторлы
ұсақтау жабдығының көрінісі

5-сурет - Куб тәріздес қиыршық
тастың көрінісі

Үшкір қиыршықтаспен салыстырғанда куб тәріздес қиыршық тастың артықшылықтары келесідей:
Қиыршықтасты жол жабынында және бетонда қолдану физикалық-химиялық сипаттамалары бойынша жоғары көрсеткіштерге ие, тығыздығы жоғарылайды, беріктілігі де сәйкесінше жоғарылайды;
ДИМ 800К-01 ұсақтау машинасын пайдалану 5-10, 10-15, 15-20мм кіші фракцияларды алуға мүмкіндік береді, бұндай қиыршық тасты жол жабынының жоғары беткі қабатына асфальтбетонды қоспа түрінде қосады;
Ал үшкір формалы қиыршық тастар цементпен ұштасуын төмендетеді.
Куб тәріздес қиыршықтастың көрінісі 8-ші суретте көрсетілген.
ДИМ 800К-01 роторлы ұсақтау машинасының техникалық сипаттамалары5-ші кестеде көрсетілген.

5-кесте-ДИМ 800К-01 роторлы ұсақтау машинасының техникалық сипаттамалары

Параметрлер атауы
Параметрлер мәні
1
2
Максималды өнімділігі, тсағ
15000
Электродвигатель қуаты, кВт
75
Электродвигательдің үйлесімді айналу жиілігі, мин
1000750
Номиналды габариттік өлшемдер (LxBxH), см
2705x1824x2910
Массасы,т
14,6
Максималды ұсақтау түйіршіктерінің өлшемі, мм
400
Ұсақтау деңгейі
1:200
Энергиямен қоректену минималды,кВтсағ
75

ДИМ 800К-01 роторлы ұсақтау машинасының жұмыс істеу принципі
ДИМ 800К-01 роторлы ұсақтау машинасының жұмыс істеу сұлбасы 6-шы суретте көрсетілген

Дайын өнімді алу
Дайын өнімді алу
Шикізатты жіберу
Шикізатты жіберу

1 - машина корпусы;
2,3,4 - роторлар;
5 - қоректену лотогі;
6,11 - қисаю бұрышы үлкен және кішібағыттауыштар;
7 - дайын өнімді шығаратын құрылғы;
8,9 - кері соқтығысу тақташалары;
10 - колосникті тор; 12 - айналып соғу ұштары;
13,14,15 - соғу элементтері;

6-сурет -ДИМ 800К-01 роторлы ұсақтау машинасының жұмыс істеу сұлбасы

Ұсақтау машинасының құрылымы: машина 1 корпусынан, өзара үйлесімді қозғалатын активті импульс арқылы ұсақталынатын 2, 3, және 4 родорлардан тұрады, фракцияларға бөлу құрылғысымен жабдықталған 5 қоректену лотогінен тұрады, лоток әр түрлі деңгейлі және қисаю бұрышы үлкен және кіші 6 және 11 бағыттауышттардан тұрады. Ірі фракцияларды айдаушы бағыттауыштардың қисаю бұрышы кіші болып келеді, ал ұсақ фракциялы бағыттауыштардың қисаю бұрышы үлкен, сонымен қатар машинаның құрылымына дайын ұсақталған өнімді шығару 7 құрылғысы, кері соқтығысу 8, 9 тақташаларынан тұрады. Бірінші 2 роторы 1 корпусының төменгі бөлігінде орналасқан, жан-жағы 10 арнайы колосникті тормен қоршалған. 2, 3 және 4 роторлардың 12 айналдырып соғуға арналған ұштары бар. Ол ұштарында 13, 14 және 15 соғу элементтері орналастырылған. 2, 3 және 4 роторлар өзара кинематикалық байланыспен байланысқан, бұл байланыс роторлардың біртекті үйлесімді айналуын қамтамасыз етеді.
ДИМ 800К-01 роторлы ұсақтау машинасының жұмыс істеу технологиясы тасты тасқа деп аталады. Бұл технология тау жыныстарын беріктендіреді, және тек қана жыныстың әлсіз жерлерінен ғана бұзады. Басқа сығуға және қысуға жұмыс жасайтын қарапайым ұсақтағыштарға қарағанда тас түйіршіктерінде кернеуді туғызбайды. Қарапайым ұсақтау машиналары қиыршықтаста көрінбейтін жарылыстарды түзейді, бұл ақаулар ауадан ылғалдылықты жұтып, егер ауа райы температурасы 0C-ден төмендесе, қиыршықтасты бұзып, жалпы алғанда жол жабынын бұзады.


Техникалық регламент бойынша сапакөрсеткіштерін талдау

Жол-құрылыс материалдарының қауіпсіздігіне
қойылатын талаптар
1) Қазақстан Республикасында импортталатын және өндірілетін, Қазақстан Республикасының климаттық жағдайына байланысты жалпы пайдаланымдағы барлық техникалық санатты автомобиль жолдарын және ондағы құрылыстарды салу, жөндеу, қайта жаңарту, пайдалану саласында қолданылатын, сондай-ақ шектелген көлемде пайдалануға рұқсат етілетін қайта пайдаланылатын жол-құрылыс материалдарына;
2) жол-құрылыс материалдарының өндіру, тасымалдау және сақтау, қолдану (оның ішінде қайта қолдану), пайдаға асыру және көму сияқты өмірлік циклы процестеріне қолданылады.
3) Техникалық регламент ережелері жер төсемін, жол жамылғысының құрастырылымдық қабаттарын, инженерлік құрылыстарды орнатуға, шикізатты өңдеу кезеңдеріндегі жолдың және белгілердің жағдайы, жол құрылыс материалдарын өндіру, сақтау, тасымалдау, іске асыру және қолдану, қалдықтарды пайдаға асыру және (немесе) жоюға арналған жол құрылыс материалдарына қойылатын негізгі қауіпсіздік талаптарын белгілейді.
4) Техникалық регламентті қолдану мақсаттары үшін жол-құрылыс материалдарын бірдейлендіру көзбен шолып бақылау, Қазақстан Республикасы сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасының жіктеуіші бойынша - ҚР СЭҚ ТН кодтары, таңбалау, өндірушінің ілеспе құжаттамасында берілетін ақпарат негізінде жүргізіледі.
Жол-құрылыс материалдарын бірдейлендіру үшін ақпарат жеткіліксіз болған кезде, жол-құрылыс материалдарының нақты түрлеріне арналған талаптары осы Техникалық регламентпен үйлестірілген нормативтік және (немесе) техникалық құжаттарда көзделген физика-химиялық көрсеткіштерін анықтау бойынша сынақтар өткізеді.
5) Процеске қатысушы, заңды және жеке тұлға үшін Техникалық регламент талаптары болуы міндетті: өндіріс, тасымалдау, сақтау, қолдану (соның ішінде қайта қолдану), жол-құрылыс материалдарын сақтау және жылыту, олардың территориялық маңыздылығына және ұйымдастыру құқықтық формасына тәуелсіз және Қазақстан Республикасының барлық территориясында істейді.

3.2 Санитарлық-эпидемиологиялық сапа талаптарын талдау
Қоршаған ортаға зиянды заттарды бөлiп шығаратын материалдарды, химиялық қоспалар мен қышқыл ерiтiндiлерiн қолданып, қиыршық тас өнімін жасап шығару, оларды тасымалдау, сақтау және қолдану кезiнде орын алуы мүмкiн химиялық, физикалық және механикалық факторлардың, жабдықтың, тетiктер мен қондырғылардың әсерiнiң адамның денсаулығы үшiн санитарлық-эпидемиологиялық қауiпсiздiгi осы Техникалық регламенттiң талаптарын орындаумен қамтамасыз етiледi.
Қиыршық тас өнімдерін жасап шығару кезiнде шудың деңгейi мен дiрiлдiң деңгейiн азайтатын және олардың зиянды әсерiн жою үшiн жұмыс орындарында арнайы шараларды қабылдап отыру қажет: санитарлық-эпидемиологиялық ережелер мен нормалардың, гигиеналық нормативтердiң, мемлекеттiк стандарттардың, сондай-ақ ведомстволық еңбек қорғау және қауiпсiздiк техникасы ережелерiнiң талаптарына сәйкес сындарлы, технологиялық және ұйымдастыру шаралары, дiрiлден оқшауландыру және дiрiлдi өшiру құралдары, жеке қорғану құралдары.
Қиыршық тас немесе құмтас өнімдерін жасау кезiнде қолданылатын технологиялық жабдықтың барлық қосылыстары өндiрiстiк жайларға шаңның бөлiнiп шығуына жол бермейтiндей түрде тығыз етiп қымталуы тиiс.
Ауасындағы зиянды заттардың мөлшерi рұқсатты шектi концентрациядан асатын және дыбыс деңгейi 85 дБА-дан жоғары болып келетiн жұмыс аймағында орналасқан өндiрiстiк жабдықтар мен технологиялық желiлердi басқару тетiктерi оқшауландырылған кабиналарда орналасуы тиiс.
Химиялық қоспалар мен қышқылдардың ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жамбыл облысының экологиялық жағдайы
Жеңіл бетондарда кеңейтілген қож
Құрылыс материалдарына шолу
БЕТОНҒА АРНАЛҒАН ТОЛЫҚТЫРҒЫШТАРДЫ ДАЙЫНДАҒАНДА РЕСУРС ЖӘНЕ ЭНЕРГОҮНЕМДЕУ ШАРАЛАРЫ
Ақтөбе қаласының картасы
Бетон араласпасының технологиялық қасиеттері
Темірбетон қадаларын өндіретін цех
Бұрғылау және жару жұмыстары
Жасанды қиыршық тас
Аглопоритті қабырғалық бұйымның сипаттамасы
Пәндер