Абылай ханның реформалары


Жоспар

I. Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3

II. Негізгі бөлім
1. Абылай ханның ішкі және сыртқы саясаты ... ... ... ... ... ... ... ..4 . 9
2. Абылай ханның реформалары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...10 . 12

III. Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 13

Пайдаланған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 14

Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі: Реферат
Көлемі: 11 бет
Бұл жұмыстың бағасы: 400 теңге




Жоспар

I. Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3

II. Негізгі бөлім
1. Абылай ханның ішкі және сыртқы саясаты ... ... ... ... ... ... ... ..4 - 9
2. Абылай ханның реформалары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...10 - 12

III. Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. ..13

Пайдаланған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 14
Кіріспе

Қазақ халқының тарихында Абылай ханның орны ерекше. Абылай хан жау
қыспағынан қызақ мемлекеттілігін, оның тәелсіздігін сақтап қалу жолында
қолдан келген барлық айла - әрекеттерді істеп баққан.
Ұлы қазақ даласына, оның табиғи байлығымен кең ресурстарына батыстан
Ресей, шығыстан Жоңғария мен Қытай мемлекеттері көз алартып қана қоймай,
жаулап алу саясатын іс жүзіне нақтылы практикада асыра бастаған еді. Міне,
дәл осындай қиын-қыстау, ел басына күн тұған кезінде Абылай хан саяси
аренаға көтерілді, қазақ мемлекетінің тәуелсіздігі мен бостандығын сақтап
қалуда баға жетпес тер төкті. Шоқан Уәлихановтың бағалауы бойынша
Дүрбелеңге толы дүрбілі кезең Абылайдың тапқырлығы мен ьабандылығы,
ақылдығы мен алғырлығын танытуына жағдай жасайды[1].
Жалпы алып қарағанда Абылай ғұмырлық тағдыры халық игілігіне
бағытталған қызметтері әдебиетте біршама зерттелгенін айта кеткен жөн.
Тәуелсіздігімізге қолымыз жетіп, егеменді мемлекет болғаннан кейін Абылай
туралы бірнеше құнды зерттеулер мен еңбектері жарық көрді.[2] Бірақ, бұл
басылымдарда Абылай ханның өмірбаяны, оған қатысты халық арасында сақталып
қалған ауыз әңгімелер, қиссалар баяндалады. Ал, оның ұлттық мемлекет құру,
оның тәуелсіздігін қамтамасыз ету, саясат, билік жүргізу және қазақ
мемлекеттілігінің құқықтық негізін нығайту жайындағы ойлары мен
көзқарастары осы күнге дейін зерттелген емес.
Абылай ханның саяси көзқарастарының негізгі өзегі және идеясы – күшті,
тәуелсіз, бір орталықтан басқарылатын қазақ мемлекетін қалыптастыру. Ресей,
Қытай сияқты ірі мемлекеттермен тең құқықтық дәрежеде қарым-қатынас жасау,
бір-бірінің ішкі істеріне араласпау принципін мойындату болды. Осы мақсатқа
Абылай хан сыртқы және ішкі саясатты қалыптастырады, қазақ мемлекетінде
алауыздықты сұлтандардың таққа таласу әрекеттерін барлық шараларды
пайдаланып, тежеуге күш салумен қатар Билер кеңесінің функцияларын да өз
қолына шоғырландырады. Шоқан Уәлиханов былай деп атап көрсетті: Қазақ
хандарының арасында Абылайдай шексіз билікке ие болған бірде-бірі жоқ. Ол
өз өктемдігін асырып, ең алғаш өлім жазасын енгізді. Бұрын мұндай сұмдық
шешім халық жиынының ұйғарымымен ғана жүзеге асатын. Сөйтіп, ол ханның
билігін алқалы кеңес арқылы шектеп отыратын ру басылар мен сұлтандардың
өркөкірек үстемдігін тыйды[3].
Абылай хан қазақ тарихында ерекше орын алатын қайраткер. Абылай
алғашында сұлтан болғанымен 40 жылдай билік еткен. Ол Орта жүздің ханы
Әбілмәмбет қайтыс болған соң 1771 жылы хан болып сайланды. Бұған дейін-ақ
қазақтың үш жүзінің көп бөліктері Абылайдың билігін мойындады. XVIII
ғасырдың 50-жылдары Абылайдың басшылығымен қазақ жерлері жоңғарлардан
түгелдей азат етілді. Абылайдың әскерлері Қазақстанға басып кірген қытай
басқыншыларының бетін қайтарды. Қытай императоры Абылайды мойындады.
Абылайдың басшылығымен Оңтүстік Қазақстан жерлері Қоқан басқыншыларынан
азат етілді.

Абылай ханның ішкі және сыртқы саясаты

Қазақ мемлекеттілігінің жаңа өрлеуі сұлтан, кейіннен хан – Абылаймен
байланысты. Ол XVIII ғасырдың 30-жылдарында Солтүстік Қазақстандағы бір
әскери-потестарлық бірлестіктердің басшысы ретінде көріне бастады. Қазақ
мемлекеттілігінің сыртқы саясатында Абылай хан қазақ халқының бейбіт өмірін
қамтамасыз етуді ең басты міндетіне жатқызып, Батыс және Шығыс шекараларын
қауіпсіздендірудің барлық айла-әрекеттерін жасап бақты. Ең алдымен Жоңғар
мемлекетінің шапқыншылығын біржолата тоқтатуды билігінің басты мақсаты деп
таныды.
Абылай ханның қазақ мемлекеттілігін ныңғайтудың дипломатиялық саясатын
мақсатқа сай келетін деңгейде қалыптастырады. Оның ұйымдастырушылық және
дипломатиялық таланты 1739 – 1742 жылдарындағы Жоңғариямен соғыс кезінде
тұтқынға түсуі кезінде көрінді. Ол тұтқыннан шығып, жоңғарлармен тиімді
бейбітшілік жасады. 40-жылдардан бастап Абылай жоңғарлық басшыларының өзара
тартыстарға белсенді араласа бастап, Шығыс Қазақстанның көп бөлігін бақылай
бастады.
Қазақ қоғамының, заман талабының тамырын дәл баса білді. Жоңғар
мемлекетімен соғысу барысында оның асқан даналық, айлакерлік қасиеттері
айқын байқалды, оны ішкі шиеленістермен, қақтығыстарымен ұшықтырып, қазақ
әскеріп көп шығынға ұшыратпай жеңіске жеткені үлкен баға берерлік оқиға.
1752 жылы Лама Джорджи қазақ еліне шабуыл жасағанда Абылай оған тойтарыс
бере отырып, билікке таласып жүрген Давацинді Лама Джорджиге қарсы қойып,
мемлекеттегі ішкі шиеленістерді, алауыздылықты күшейтумен Жоңғар мемлекетін
әлсіретті, басып алған қазақ жерлерін қайтарды. Кейінірек Әмірсананы
Давацинге қасы күрес жүргізеге итермелеп, оған қажет болған жағдайда көмек
көрсетіп, мемлекеттік билікті ішінен ыдыратты. Бұл қазақ халқының оның
мемлекеттік мүддесіне сай келетін дұрыс саясат еді. Зерттеушілер Р. Б.
Сулейменов, В. А. Моисеев былай деп жазды: Сущность тактики Аблая
заключалась в том, чтобы поддержать в Джунгарии постоянные распри, не
давать усиливаться ни одному из ойратских ханов или нойонов и обеспечивать
безопасность казахских кочевий добиваться от ойратских владельцев все новых
и новых уступков[4].
Қазақ мемлекеттілігін осылай айлакер, көрегенділік саясатпен оның
қарулы күштерін және сыртқы шапқыншылықтан әбден қажыған қазақ халқын аман
сақтап қалу сол заманның күн тәртібінде тұрған мәселе еді. Бұқар жырау да
бұл саясатты өзінің шығармашылығында белсенді түрде қолдап отырды.
Бұзылып қалмақ кеткен соң,
Өңкей батыр жиыл деп,
Хан Абылай шақырды.
Бір төбеге жиылды,
Құм төбедей үйілді.
Бөліске олжа түсін деп,[5]
хан Абылай бұйырды, - деп ішкі алауыздықпен билікке таласқан
жоңғарларға қатты соққы беруге бағытталған Абылайдың әскери стратегиясын
дәріптейді.

Абылай ханның мемлекеттілік көзқарасынан алып Қытай империясының
жағдайлары еш уақытта таса болған емес. Қазақ қолбасшысы тарихи процестерді
ескере отырып, Қытай мемлекетінің экспанциялық, отарлау саясатына тосқауыл
қоюдың барлық тетіктерін, амал-жолдарын ойластырып бақты. Алып империямен
соғысу қазақ халқын қандай жағдайға душар ететін көрегенділікпен болжай
білді, қара қытай қаптаса, заман ақыр, жер тақыр деген даналық сөзін,
философиясын көзін жұмғанша басты назарда ұстады. 1757 – 1758 жылдар
аралығында Қытай империясы Жоңғарияға баса-көктеп кіріп, жерін қанға бояп,
халқын біржолата қырып салғаннан кейін тез арада қазақ жеріне шабуылдарын
үдетеді. Алғашқы кезеңде Абылай хан әскерлері асқан ерлік көрсетумен Қытай
басқыншыларына қатты соққы бергенімен алып империяның саны жағынан басым
және сол заманның талабына сай қаруланған әскерлеріне төтеп беруі қиынға
соғады. Дәл осы кезде Абылай ханның мемлекеттік көзқарасында көргенділіктің
оты тұтанады. Ол тез арада қытай басшыларымен дипломатиялық келіссөз
жүргізіп, өзі ойлаған саяси мақсатын іске асырып, қазақ мемлекеттілігінің
қауіпсіздігін жүздеген жылдарға қамтамасыз етекені тарихымызда ерекше
бағалауға тұрақтылық оқиға. Атап айтқанда, Абылай хан Қытай империясына
мына мағынадағы келісімді мойындатып, қол қоюға мәжбүр етеді:
1. Орта Азияны мекендейтін қазақ елі өз территориясында иелік етеді.
Өз ісін өзі басқарады.
2. Қытай империясы Абылай ханды қазақ елінің бас уаңы (Бас князь) деп
ресми таниды.
3. Қытай әскерлері қазақ еліне бұдан былай шапқыншылық жасамады.
4. Қытай әскерлері және қытай сауда керуендері жүретін жолдар, сондай-
ақ жәрмеңке (сауда базары) болатын жерлерді Абылай уаңмен алдан-ала
келісіп, сол белгіленген жер арқылы ғана өтеді. Сол жолдардың қауіпсіздігі
сақталады.
5. Осы келісімді сертпен бекітудің сыртында екі жақ өз хандарының ең
жақын адамдарын аманатқа ауыстырып, келісімді кепілдіреді[6]. Байқап
қарасақ, Абылай ханның Қытаймен жасаған бұл шарттарында қазақ
мемлекеттілігінің егемендігі, толығынан сақталып қалған және Қытай
империясына тәуелді болудың бірде-бір тетіктері бекітілмегенін аңғарамыз.
Мысалы, Қазақстан территориясының Қытай империясының шекарасымен
қамтылмауы, саяси биліктің дербес болуы, алым-салықтың берілмеуі. Шарттың
талаптары Қазақстанмен Қытай мемлекеттері арасында тең құқықтық дәрежемен
бейбіт өмір сүру, агрессияға жол бермеу және экономикалық қарым-
қатынастарды нығайту мәселелерін айқындағыны ғана байқалады. Яғни, Абылай
ханның мемлекеттік көзқарасында Қытай Боғдаханнының саяси билігін мойындау,
оған тәуелді, болу идеясы мүлдем болған емес.
Хан этой (Средней) орды Аблай воспользовался некогда мятежом Дауаджи
и совершил несколько раз опустошительные набеги в Джунгарию. Подавив
упомянутый мятеж, император Тянь-Лун во втором месяце двенадцатого года
своего царствования (1754 март) отправил посольство к Аблаю, чтобы передать
последнему свои повелевания.
Шун-То-На и Тонг-Ионг-А, офицеры императорской гвардии, отправленные в
качестве послов, получили от Аблая следующий ответ:
Узнав в свое время о короновании китайского императора, я не мог тогда же
послать дань повелителю Китая по той причине, что я находился в местах,
отдаленных от его столицы многочисленными горными хребтами и реками. В
данное время силами могущественного повелителя, распространяющего свою
власть до отдаленнейших пределов, Или очищено от мятежников... отныне, таким
образом, все могут жить в добром согласии с джунгарами. Достигнуто поистине
беспредельное благоденствие. Я искренне подчиняясь всем приказаниям
императора[7].
Әбілқайыр ханның ресейлік протекторатын қабылдағанынан кейін, Орта жүз
бен Ұлы жүз хандары, сұлтандары мен старшындары протекцияда болғысы
келетіндігі туралы өтініштерін білдірді. 1731 жылдың 19 желтоқсанында
сондай шарттар бойынша Семеке хан протекторатты қабылдады. 1740 жылдың 28
тамызында – Әбілмәмбет және Абылай хандары протекторатты қабылдады. Бұл
актілерді қабылдаудың жалғыз мақсаты Әбілқайрға ішкі саясаттық күресте
үстемдік бермеу пейілі болды. Олардың өздері тезірек Ресей бодандығын алса,
Кіші жүз ханы оларға қарсы ресейлік әскерін қолдана алмайды.
XVIII ғасырдың және XIX ғасырдың бірінші жартысының кезеңінде ресейлік
үкіметте Казахстанды тікелей жаулап алу мүмкіндіктері болмағандықтан, олар
әскери-потестарлық бірлестіктердің одақтарын әлсіретуі, Қазақ хандығынның
саяси жүйесін ыдырату жөнінде іс-шаралары және хандық билікті әлсіретуі
арқылы Казахстанды біртіндеп отарға айналдыру саясатын жүргізді. Егер
Солтүстік, Шығыс, Орталық Қазақстанда бұл саясат XIX ғасырға дейін елеулі
нәтижиелер бермесе, Солтүстік-Шығыс Қазақстанда отаршылдық әкімшілік
қоғамның саяси жүйесін өзгертуге және біртіндеп аумақта бақылау жүргізуінде
елеулі жетістіктерге жетті.
Абылай Орта және Ұлы жүздің нақты басшысына айналды. Қытай императоры
60-жылдарда ықпалды сұлтанның хандық титулын мойындап, бірнеше рет
орыстарға қарсы жәрдемсу туралы ұсынысын берді. 1759 жылы ресейлік елшілік
Абылайды ішкі қарсыластармен күресте көмек беру үшін ол патшадан оны хан
қылып бектуі туралы өтініш берсін деген ұсыныс жасайды. Сұлтан одан бас
тартты, бірақ шекаралық биліктер оған жылына 300 р. жалақы төлеп, оны
еркелете берді. Олар Абылай және Әбілмәмбетке бағынған қазақтардан
айырылмауын мақсат етті.
Бірақ Абылай ресейлік протектораттан толықтай бас тартқан жоқ. Ол
қазақтарға белгілі-бір пайдасын берді. Абылай Ресей мен Қытайдың арасындағы
қарама-қарсылықтары арқылы нақты тәуелсіздігін сақтап отырды. Қытай мен
Ресейдің ортасындағы әскери, саяси, экономикалық қыспақта тұрған қазақ
мемлекеттілігінің саясатын аса көргенділікпен, айлакерлік қимыл-
әрекеттермен жүргізген Абылай ханға қазақ тарихын терең зерттеген орыс
ғалымы А. И. Левшин былай деп әділ бағасын берген: ...султан Абылай...
становился день ото-дня сильнее. Превосходя всех современных владельцев
киргизких летами, хитросию и опытностию, известный умом, сильный числом
подвласного ему народа и славный в ордах сношениями своими с императритцею
российскою и китайским ьогдоханом, Абылай соединял в себе все права на сан
повелителя Средней орды. Уверенный в своих достоинствах, он искусно
привекла к себе приверженцев важностию своею и осторожным поведением,
грозил врагам своею силою и признавал себя, смотря по нужде, то подданным
русским, то китайским, а на самом деле был властитель совершенно
независимый[8].
Абылай хан 1740 жылы Анна Иоанновнаға Ресейдің қол астында кіруді
мойындап, өзі хан сайланғаннан кейін 1778 жылы Ресей императорының
жарлығымен Орта жүздің ханы болып бекітілгенмен еш уақытта орыс патшасына
тәуелді болған емес, қазақ мемлекеттілігінің дербес, тәуелсіз саясат
жүргізуін толыққанды дәрежеде сақтап қалды. Ресей империясының қол астында
кіру және екіншіден Қытаймен шарт жасау арқылы екі алып мемлекеттің
қамқорлығын бірдей пайдаланып, қазақ мемлекеттілігін нығайтумен шұғылдану
болды. Абылай хан орыс империясының қазақ даласында көз тігуін
тоқтатпайтын, жаулап алу саясатын іс жүзіне асыратынын аса көргенділікпен
болжай білді, отарлау саясатының көшпелі өркениетінің шаңырағын шайқалтып,
ғасырлар бойы эволюциялық дамумен қалыптасқан аса құнды мәдени, құқықтық,
этникалық қасиеттердің жойылуына қауіп төндіретіне алаңдаушылық білдірді.
1771 жылы Әбілмәмбеттің өлгенінен кейін Түркістанда Абылай үш жүз
өкілдерімен ресми түрде хан болып жарияланды. 1772 жылы Қытай императоры
оның хандық титулын мойындады. Кейін 1776 жылы хан сайланғанына бес жыл
өткенде ғана Орынбор әкімшілігінің өтініп сұрауымен Абылай орыс үкіметіне
өзін жалпы қазақ ханы етіп бекітуді сұрап хат жазды. Отарлық үкімет
Әбілқайр ханның тұқымын Кіші жүздің хандарын ресми қолдап, Екатерина II
патша 1778 жылы 24 мамырда Абылайды Орта жүзге хан еткен жарлыққа қол
қойып, ол туралы грамотаны үлкен сый-сиятпен Абылайға Орынборда не
Троицкіде тапсыруды қарастырды. Бірақ бұл Абылайды қанағаттандырмады, 80-
жылдардан бастап Ресеймен байланыстарды тоқтатты. Абылай түрлі сылтаумен ол
грамота мен сыйлықтарды алуды қажет деп санамады. Ол Қытайдың цин
империясымен де тату келісімге қол жеткізді.
1779, 4 октября
Высочайший указ Оренбургскому губернатору.
Все старания призвать хана Аблая в Петропавловскую крепость для
принятия присяги на верность службы и для вручения ему высочайшей грамоты и
других знаков ханского звания оказались тщетными: он уклонился от поездки
под разными пустыми предлогами, а с посланными к нему офицером и
переводчиком обходился очень грубо и допустил их с себе только один раз.
По разведкам оказалось, что Аблай оставался приверженным Китаю, имел в
орде и лично у себя в плену много русских людей, которых по требованиям не
выдавал и дозволял грабить русских и азиатских купцов. Уклонявшись от
принятия присяги, Аблай пожелал сохранить за собою свободу действий, чтобы
делать русским всякие пакости.
Вследствие этого предписано не выдавать Аблаю грамоту и другие знаки
на ханское достоинство, а чтобы этот варвар сильнее почувствовал
негодование, вызванное его поступками, велено прекратить выдачу ему
жалованья, которое он до сих пор получал по 300 р. В год. Кроме того, чтобы
умалить значение Аблая в орде, положено постараться поставить ему
соперника, поддерживаемого со стороны правительства удобными по состоянию
киргиз пособиям.
До тех пор, пока дела в Средней Орде будут находиться в таком
положении, рекомендовано запретить русским ездить в орду во избежание
опасности от сей дичи, а по границам везде иметь крепкую
предостороженность от воровских покушений киргиз, с которыми в таких
случаях управляться достаточным отпором погонею и барантою[9].
Үш жүзге хан болып тұрған Абылайды тек бір ғана Орта жүздің ханы етіп
бекіту патша өкіметінің қулығы әрі Абылайдың абыройын әдейі төмендету еді.
Одан әріге патша өкіметі бара ламады. Өткені Абылай хан басқарған қазақ
даласына Ресейдің күшпен басып кіруге дәл осы кезде мүмкіндігі болмады.
Мұны кәнігі саясаткер Абылай да жақсы түсінді.
Абылай хан беделі барлық үш жүздерінде талассыз болған соңғы хан. Тек
Солтүстік-Батыс Қазақстанның шекералық сызық бойымен көшіп жүрген кішкене
аумағының тұрғындары ғана Әбілқайыр ханның тұқымдарын мойындады.

Абылай хан Тәуке ханнан кейін қазақ мемлекеттілігінің ішкі саясатына
ерекше көңіл бөлген қайраткер. Оның бұл саладағы саяси көзқарастарының
негізгі идеясы ел бірлігін сақтау, рулық сепаратизмнің тамырына балта
шауып, бір орталықтан басқарылатын, ханның қолында күшті атқарушы билік
шоғырланған ұлттық, қазақ мемлекеттілігін құру және қазақ қоғамында қатаң
тәртіп орнату болды. Абылай ханнан мемлекеттің – құқықтық негізінен нығайту
идеясы да назардан тыс қалған емес. Белгілі ғылым Ғ. С. Сапарғалиевтің
пікірі бойынша: Абылай қазақтың заңдарын, қазақ қоғамның саяси жүйесін,
оның дәстүрлерін өте терең білген және соларды мемлекеттің тәуелсіздігін
сақтауға, қоғамдық тәртіпті нығайтуға қолдана алатын ел басшысы
болған[10]. Ол Жеті Жарғы заңдарының барлық талаптары мен нормаларын
бұлжытпай орындатуды екі тәсілін мемлекеттік саясат дәрежесіне көтерді.
Біріншісі – қаталдық, екіншісі – жауапкершілік. Кейбір тарихи әдебиеттерде
Абылай ханның қатаң тәртіп орнатумен ру басылары мен билерден
жауапкершілікті талап етуге бағытталған қимыл-әрекеті бір жақты, таптық
көзқарас шеңберінде бағаланғанын атап кеткен жөн. 1960 жылы Н. Г. Аполлова:
Он сам судил виновных, в непокорных аулах и сам со своими тюленгутами
чинил расправу над ними[11], деп жазса, кейінірек Р. Б. Сулейменов, В. А.
Моисеев Абылай ханды нағыз жауыз қанішер кейпінде суреттеп, мынандай
тұжырым жасайға дейін барған: В судебных тяжбах Абылай, выступая в
качестве арбитра, всегда брал сторону сильного, не гнушался отбирать у
бедняков в качестве платы за посредничество последнее имущество, в том
числе детей. Жестокость Абылая вызвала ненависть со стороны угнетенных масс
казахского шаруа[12]. Ақиқатын айтсақ, Абылай тек қана қазақ
мемлекетілігінң тұтастығы мен бірлігін ыдыратып, сепаратисттік, сатқындық
қимыл-әрекет жасаған ру басшыларын күш қолданып, басып отырған. Мұндай
көріністер тіпті Қазіргі заманда да әрбір мемлекеттің басты функциялары
болып саналатыны таңырқаларлық мәселе емес.
Ш. Уәлиханов Абылай саясатын ... жалғасы
Ұқсас жұмыстар
Абылай ханның саясаты
Абылай ханның сыртқы саясаты
Абылай ханның мемлекетті нығайтудағы рөлі
Абылай ханның тарих сахнасына шығуы
Қазақ халқының тарихында Абылай ханның орны
Абылай ханның хаттары қытай мұрағатынан табылды
Абылай ханның ішкі және сыртқы саясаты
Абылай хан
Бұқар толғауларындағы Абылай мен тарихи Абылай жайлы
Бұқар толғауларындағы Абылай мен тарихи Абылай
Пәндер

Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор №1 болып табылады.

Байланыс

Qazaqstan
Phone: 777 614 50 20
WhatsApp: 777 614 50 20
Email: info@stud.kz
Көмек / Помощь
Арайлым
Біз міндетті түрде жауап береміз!
Мы обязательно ответим!
Жіберу / Отправить

Рахмет!
Хабарлама жіберілді. / Сообщение отправлено.

Email: info@stud.kz

Phone: 777 614 50 20
Жабу / Закрыть

Көмек / Помощь