Б. МАЙЛИН – ҚЫСҚА ӘҢГІМЕ ШЕБЕРІ



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   
Алымбаева Динара Жумакановна
қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының Озат мамандандырылған ақпараттық технологиялар мектеп-лицей-интернаты коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Б. МАЙЛИН - ҚЫСҚА ӘҢГІМЕ ШЕБЕРІ

Ұлттық әдебиетіміздің классигі, алаш қайтаркері, аса көрнекті суреткер жазушы, ақын, драматург, Биімбет Майлин әдебиет жанрларының қалыптасуы мен дамуына үлкен үлес қосқан. Биімбет Майлин қысқа әрі нұсқа әңгіме жанрының қазақ әдебиетіндегі мектебін ашты. Оның қаламынан екі жүз елуге жуық өлең, жүзден артық прозалық және драмалық шығармалар, опералық либреттолар туды. Б.Майлин - әңгіме жанрының, фельетон өлеңдердің хас шебері. Ол елуден аса жарық көрген әңгімелерінде ауыл өмірін бейнелеп, қарапайым қазақ адамының шынайы образын жасады.
Әңгіме-шеберлік мектебі деп Федин айтқандай, қазақтың Чеховы секілді құдіретті зергер әрі қысқа, әрі нұсқа новеллалары арқылы шын мәніндегі әдеби шеберліктің мектебін ашып, осы жанрдаға шынайы, тап-таза, мөп-мөлдір реализмнің үлгісін көрсетті.
Б.Майлин шығармашылығындағы үзілмес арқау, күретамыр-қазақ кедейінің өмір өткелдерін жырлау. Сондықтан да: Жырлағаным - кедейдің жыры, сырлағаным-кедейдің сыры,- дейді ол.
Майлин кедейдің тұрмыс - тіршілігін, мұң-шерін және тағдыры мен көрген азабын шығармаларында тереңнен қозғай білді. Жазушының Қанды кек әңгімесін ерекше атап өтуге болады,онда 1916 жыл оқиғалары өте тартымды суреттелген.Сондай-ақ Даудың басы - Дайрабайдың көк сиыры, Колхоз қорасында, Сары ала тон, Қара шелек, т.б. прозалары сол уақытты, қазақ ауылының тұрмыс тіршілігінің шебер суреттерін көруге болады. Кез келген әдебиет сүйер қауым Майлин шығармаларын сүйіп оқуының басты себебі, тілінің өте құнарлылығы, суретті, бейнелі болуында және де әңгімелерінің қысқа да нақты, әрі деректі болуында. Сонымен қатар кейіпкерлерінің образы бірін - бірі қайталамайтындықтан оның шығармалары өте тартымды келеді.
Б.Майлин әдеби жанрлардың барлық саласында өнімді еңбек еткен дарынды тұлға. Ғалым З.Қабдолов: Жер бетінде қаншама жазушы болса, сонша машық, әрқайсысының өзіне тән жазу мәнері, сөз өрнегі болуға тиіс, болмаса, соған талпыну керек. Өйткені, өзінің шығармашылық бетін белгілей алмаған, суреткерлік қолтаңбасын айқындай алмаған қаламгерді нұсқалы жазушы деу қиын,- дейді. Олай болатын болса, Бейімбет Майлин өз шығармаларында әдеби тілдің әсем үлгісін берген, көркем сөзді төгілте қолданған нұсқалы жазушы. Эстетикалық туынды ретінде көркем сөз қорын байытты. Жазушының әңгімелері мол: Ұлбосын, Сары ала тон, Сот алдында, Әліштің пырағы, Қызыл әскердің үйі, Таңба, Қара шелек, Кенес ағасы Қамила, Арыстанбайдың Мұқышы, Даудың басы Дайрабайдың көк сиыры, Биғайшаның хаты, Қалекеңнің үйінде, Көктеректің бауырында, Колхоз қорасында, Охрана бастығы, Сары май, Бейсекеңнің үйінде. Жазушы бұл туындыларында тақырыпты дараламай көп қырлы өмірдің басқа салаларына да ықпал жасарлық жаңа қадам түрінде суреттейді.
Жазушы әңгімелерінің жалпы көркемділік ерекшелігін мынадай сатыларға бөліп қарастыруға болады: 1. Майлин - шыншыл суреткер. Ол өмірде болғанды, болуға лайықтыны әңгімелеріне арқау етеді. 2. Жазушы күрделі тақырыптарды алсын, ұсақ тақырыптарды алсын, оларда қоғамның ең бірінші іргелі мәселелері тербеледі, идеялық-эстетикалық шешім табады, суреткердің тақырып таңдау мен баяндау жөніндегі бір ерекшелігі - тұрмыс-салтты, әдет-ғұрыпты суреттеуге басым назар аударуы. 3. Әңгімелері тікелей өмірді жанды көрінісімен көз алдыңа әкелгендей болады. Көркем тәсілдердің қолданылуына байланысты жазушы әңгімелерінің көркемдік, стильдік өзгешелігі бар. 4.Жазушы кейіпкерлердің, оқиғалардың тереңдігі мен қайшылықтарын ашқанда оны астарсыз бермей, шындықты бейнелеп қызым, саған айтам, келінім сен тыңда деген нақтылау жобасымен суреттеуге бейім. 5. Б.Майлиннің әңгімелерінде әзіл-қалжың, юмор мен улы сықақ сабақтасып отырады. Ескерте кететін жағдай жазушы әңгімелерінде әзіл-қалжың мен сықақтарды сырттан әкеп телімдемейді, олар оқиғаның барысында өзінен-өзі туып өрбиді. Бірсыпыра әңгімелерін түгелдей сатиралық стильде Зәкіржан молда, Қадір түнгі керемет, Айт күндері, Арыстанбайдың Мұқышы т.б. жазған. 6. Сөз қорын түрлі тәсілдермен мағынасын ауыстыра, әсерлілігін арттыра суреттеудің де көп мәні бар. Осы жағдайды ескерген жазушы синоним, омонимдерді шебер тәсілмен қолданады. Троптар да әңгімелер мәтінін жандандырып отырады. Күніне қырық пышақтасып отырса да, дүниеде содан артық тұрмыс бар деп ойламайды. Күн түнеріп, тұлданып шарасына сыймай тұрған тәрізді, Бәрекелді сөз - ақ - ау, Сейпенге қайсың тегін еңбек сіңіріп едің?, - деп әлгі шермейген қарын түтіге түсті.
Б.Майлин әңгімелерінің құрылысы түрліше болып келетінін шығармаларынан анық байқаймыз. Бірде жазушы сюжеттік оқиғаны қайшылығы асқынған орта тұсынан бастап, оқушыны күнделіктің қат-қабатына тікелей енгізіп жібереді. Айранбай, Даудың басы - Дайрабайдың көк сиыры. Кейде әңгіме экспозициядан, кіріспеден басталады, сюжетті оқиға біртіндеп дамып шиіленеседі. Көк теректің бауырында, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бейімбет Майлин - қазақ совет әдебиетінің ірге тасын қалаушылардың бірі және классигі
Бейімбет Майлиннің өмір жолы
Әбдірахман - Шұғаның сүйген жігіті
БЕЙІМБЕТ МАЙЛИННІҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫ
Бейімбет Майлин - көркем сөз шебері
Бейімбет Майлин прозасындағы ұлттық характер
Қазақ проза жазушысының өмірдегі жолы
Бейімбет Майлин туралы
Кеңес дәуірі әдебиетіндегі әңгіме жанры
Жүсіпбек Аймауытов прозасының көркемдігі
Пәндер