Киімді модельдеу. Модель эскизі және модельдің техникилық сипаттамасы



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
Жұмыстың мазмұны

1.Сән бағытын талдау және модель таңдау

2. Модель эскизі және модельдің техникалық сипаттамасы

3. Жобаланған киім ассортиментіне қойылатын талаптар

4. Бөлшектердің спецификациясы, пішінді суреті



Кіріспе

Тігін өнеркәсібі - әлемнің көптеген елдерінің бюджетін құрайтын маңызды экономика салаларының бірі болып саналады. Жеңіл өнеркәсіп халық тұтынатын тауарларды өндіретін (маталар, аяқ-киімдер, трикотаж, киім-кешек) көптеген мамандандырылған салалар. Қазақстан Республикасында нарықтық экономиканы дамыту өнеркәсіп салаларын дамытудан басталады. Олардың бірі- тігін өндірісі. Тұтынушылар нарығын тігін бұйымдары және тауарларымен толықтыруда тігін өндірісі маңызды орын алады. Тігін өнеркәсібі- киім және тағы басқа тігін бұйымдарын өндіретін тұрмыстық және техникалық қолданыстағы маталар, трикотаж жаймалары, табиғи және жасанды былғары мен елтері, әр түрлі фурнитуралар мен әрлеуіш бұйымдар өндіретін жеңіл өнеркәсіп саласы. Тігін өнеркәсібіндегі заманауи қондырғылар арнайы мамандандырылған компьютермен жабдықталуда, қиын да күрделі техникалық іс- әрекеттер адамның тікелей араласуынсыз автоматты басқару жүйесімен іске асуда және бұл өнім сапасына деген қажеттілікті қанағаттандыруда өте жоғары. Тігін өндірісінің технологиялық процессінде автоматты басқарудың жүйесіне деген экономикалық талаптар тұрақты түрде жоғарылауда- шыққан шығынның тез өтелуін энергияның тиімді өтелуін, энергияның тиімді түрде қолдануын қажет етеді.
Жеңіл өнеркәсіптерді дамытудың халық жағдайын жақсартуға зор ықпалын тигізеді. Жалпы жеңіл өнеркәсіптің негізгі мақсаты қазіргі заманғы халықтыңталаптарын қанағаттандыратын, соңғы сән бағытына сай, сапалы өнім шығару. Қазіргі күнде Қазақстан Республикасының экономикасы дамыған елдердіңқатарында. Еліміздің экономикасының дамуына байланысты көптеген бәсекеге қабілетті тауарлар шығарылуда. Тігін өндірісі жеңіл өнеркәсіптің бір бөлігі болып табылады, ол киім шығару және басқа да тұрмыстық және техникалық жұмыстарға арналған материалдардан тігілетін тігін бұйымдары, трикотажды жайма, жасанды және табиғи былғары мен үлбір, жаңа конструкциядағы материалдар және де әртүрлі сәндік материалдар мен фурнитуралар шығаруда. Тігін өндірісінде киім дайындағанда әртүрлі құрылымы мен қасиеттері арқылы ерекшеленетін материалдар таңдалады. Материалдарды дұрыс таңдау ол киімнің сапасын, сыртқы түрін, пішімін және тозуға, еңбек төзімділігін анықтайды. Текстильді материалдарды таңдағанда тек қана бөлек қасиеттерінің сипаттамасымен ғана тоқталып қоймай, материалдарды эксплуатациялау кезіндегі мінезін анықтайтын комплексті бағалауды, киімді дайындаған кездегі модельдік ерекшеліктерін, құрастырылуын және технологиясын қарау қажет.

2.Модель эскизі және модельдің техникалық сипаттамасы
Модель 1
Қыз балаларға арналған кашемир матасынан тігілген, жартылай қынамалы силуэтті, бір өңірлі, классикалық стильдегі маусымаралық пальто.
Алыңғы бой. Екі бөлшектен тұрады: жоғары және төмен. Бұйым ұзындығы тізеге дейін орналасқан. Қолтық ойындысынан орта сызығына дейін бедер тігісімен қыналған. 3 бастырма және белдікпен безендірілген. Төменгі бөлік параллельді-конусты кеңейтілген. Оң және сол бөксе тұсында тігіске түскен
қалта орналасқан.
Артқы бой. Жоғарғы бөлік орта тігісті, қолтық ойындысынан орта сызығына дейін бедер тігісімен қыналған. Төменгі бөлік параллельді-конусты кеңейтілген.
Жең. Қондырмалы бір тігісті. Жең ұшы белдікшемен безендірілген.
Жаға. Ағылшын жағасымен сәнделген.
Алынған өлшем. 140-63-76

Модель 2
Қыз балаларға арналған креп матасынан тігілген, астарлық матасы пальтолық жүн, тік силуетті, бір өңірлі, классикалық стильдегі маусымаралық пальто.
Алдыңғы бой. Екі бөлшектен тұрады: жоғары және төмен. Алдыңғы бойы иінішпен өңделген. Кеуде бөлігінің жоғарғы тұсында ілдірме және төменгі тұсы 3 түймемен түймеленген. Төменгі бөлігі қатпарланған. Бұйым ұзындығы тізеге дейін. Жапырақшалы қалтамен сәнделген.
Артқы бой. Жоғарғы бөлік орта ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Syn`sy` дәстүріне арналған костюмнің дизайн жобасы
Биыл сәнде баулы аяқ киімдер
Менің таңдап отырған бұйымым классикалық үлгідегі пальто
Уық - кереге мен шаңырақты жалғастырып, киіз үйдің төбесін құрайтын сырық ағаштар
Қалампыр түстегі сәнді жадағай
Бүйірлік сызықтардың құрылысы
Иран халқының дәстүрлі киімін зерттеу негізінде ұлттық әйелдер костюмінің коллекциясын жетілдіру
Әйелдер блузка мен белдемшенің сызбасы
Корсет өте сәнді бұйым
Киім үлгілерін модельдеу
Пәндер