Академик Шора Сарыбаев және одағай жөніндегі зерттеулер



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
Амангелді Айдана Асланбекқызы Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті
Сейталиева Қарлығаш Орынқызы

Академик Шора Сарыбаев және одағай жөніндегі зерттеулер

Қазақ тіл білімінің көрнекті ғалымы Шора Сарыбаевтың зерттеу жұмыстарының шеңбері кең әрі ауқымды. 300-ден астам ғылыми мақалалар, оның ішінде 20 шақты монография, оқулықтар, сөздіктер - ғалымның ерен еңбегінің арқасында жазылған туындылар. Академиктің тіл білімінің өзекті мәселелері туралы мақалалары, баяндамалары бұрынғы одақ көлемінде шыққан Советская тюркология, Народы Азии и Африки, Советское востоковедение және Вопросы языкознания секілді ғылыми-теориялық журналдарда жарық көріп отырған [1;11]. Ғалым еңбектері қазақ тілі тарихы, диалектология, лексикология, лексикография, грамматика, т.б. салаларына арналған. Тілшінің сөз таптарын зерттеуінде Қазақ тіліндегі одағайлар (1954), Еліктеуіш сөздер (1960) деген және бұдан басқа Қазіргі қазақ тілі (1962), Қазақ тілінің грамматикасы (1966) атты кітаптары бар.
Ш. Сарыбаев 1954 жылы Междометие казахского языка (Қазақ тіліндегі одағайлар) атты кандидаттық диссертациясын қорғаған болатын. Ғылыми еңбекте тіл біліміндегі одағайға берілген анықтаманың нақты, айқын емес екендігі айтылады. Сонымен қатар, ерекше сөз табының мағынасына қарай бөлінуі, оның семантикалық құбылмалығы әртүрлі болуы мен грамматикалық ерекшеліктері жөнінде сөз қозғалады. Еңбектің негізгі құндылығы - бұрын-соңды одағай жөнінде мұндай көлемді әрі жан-жақты (фонетикалық, грамматикалық, лексика-семантикалық тұрғыдан) талданған ғылыми туындының болмауы. Ғылыми еңбектің Общая характеристика категории междометия атты екінші бөлімінің Состав междометий бөлімшесінде одағай терминін алғаш рет Г.В. Архангельскийдің грамматикасында кездесетіндігін анықтайды және қазақ тіліндегі одағайлану етістігіне талдау жасайды. Тілімізде аталған етістіктің семантикасы жекелену, оңашалану және ауыспалы мағынада адамға ғана қатысты қолданылады. Ал одағай терминінің этимологиялық шығу тегіне байланысты мынадай анықтама береді: Этимологизацию этого термина мы представляем себе в следующем виде: оно этимологически распадается на три составные части о-деген-ай, из коих о - междометие, деген - причастная форма глагола деу (говорить, сказать), а ай - эмоционально-экспрессивная частица междометного происхождения. Глагол деген под воздействием соседних твердых гласных уподобил им свои гласные [2;495]. Мұнда сингормонизм заңдылығына бағынып, көрші жуан дауысты дыбыстардың әсерінен біріңғай жуан болып, универбациялық процесстің алды болғанын байқаймыз.
Одағай сөздердің тілдік табиғатын айқындауда көптеген кеңестік (А.А. Шахматов, В.В. Виноградов, А.И. Геманович), шетелдік (Е.Е. Корди, В.Г. Гак, Л. Теньер, Ф. Бруно, М.Ра), түрколог (К.Б. Гаджиев, Р.А. Рустамов) әрі отандық (М.Балақаев, Ш.Ш. Сарыбаев) ғалымдарымыздың еңбектері ерекше орын алады. Мәселен, Ш. Сарыбаев одағайға мынадай анықтама береді: Одағай - субъектінің әсері, көңіл-күйі, сезімін белгілейтін өзгермейтін сөздер деген анықтаманы мақұлдай отырып, күнделікті әдет-ғұрып пен сыпайылық формасына қатысты (рахмет!, құп!, қош!, хайыр!) сөздерді де ескере, айтылған анықтамаға толықтыру енгізіп: Одағайлар, сонымен қатар, күнделікті қатынастың көпшілік мақұлдаған әдет-ғұрпын анықтайтын сөздер, - деп тұжырымдайды [3;524].
Тіл білімінде одағай сөздерді зерттеуге көңіл бөлінгенмен, олардың тілдік табиғатының шеңберінде шешімін таппаған даулы мәселелер жетерлік және олардың лингвистикалық статусы да әртүрлі. Одағайларды, мағыналы сөз қатарына қосатын ғалымдардың көзқарастары - одағайлар белгілі бір ұғым білдіре ме, жоқ па, олардың қандай сөз табының қатарына енеді деген мәселелерге келгенде сәйкес келмей жатады. Мәселен, одағай - сөз концептісін ұстанатын (О.С. Ахманова, А.А. Григорян) немесе сөзформа (словоформа) ретінде тұжырымдаған (А.И. Смирницкий) ғалымдар болса, Ш.Ш. Сарыбаев және бірқатар ғалымдар (Ш. Балли, А.М. Гордей) одағайды сөз-сөйлем негізінде қарастырды. Тағы бір проблематикалық мәселе - тіл білімінде междометие және восклицание (или восклицателльные слова) терминдерінің синонимдік қолданыс табуы (В.А. Богородицкий, Саков, Н.П. Дыренкова, , Де Соссюр зерттеулерінде). Бұл тематикада академик біріншіден, тіл білімінде аталған терминдер синонимдерін қолдану ыңғайсыздық тудыратынын айта кетіп, екіншіден, барлық лепті сөйлемдер одағай бола бермейтіндігін және сол тыныс белгі арқылы ғана ажыратылмайтындығын дәлелдейді.
Басқа түркі әдебиетімен салыстырғанда, қазақ тіл ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Шора Сарыбаевтың лингвистикалық зерттеулері
Қазақ тіл біліміндегі одағай сөздер
Диалектология ғылымының зерттелуі
Сөз таптары жүйесіндегі одағай сөздер
Одағай сөздер жайлы
Одағай - сөз табы
Қазақ тілін оқыту әдістемесіне үлес қосқан жалпы қазақ ғалымдар еңбектерінің сипаттамасы
Оқшау сөздердің морфологиялық құрылымы
Оқшау сөздер және оның сөйлемдегі қызметі
Тіл біліміндегі еліктеуіш сөздердің теориялық ілімнің пайда болуы
Пәндер