Адам есі



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
I.Кіріспе Ес туралы жалпы ұғым

1)Ес туралы жалпы ұғым. Ес түрлері.
Ес - бір-бірімен ұштасқан, дара бөліктерден құралған күрделі психикалық процесс.
Ес дегеніміз - сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының адам миында сақталып, қайтадан жаңартылып, танылып, ұмытылуын бейнелейтін процесс.
Өткен тәжірибемізден қалаған іздерді жадымызда қалдырып, сақтап, кейін бұрын білгендерімізді жойып алмастан, оларды қайта танып, жаңғыртумен ақпарат топтауымыз ес деп аталады.
Адамның өмір тәжірбиесінде қабылдағаны, басынан кешкен ой-сезімі, әрекеті ізсіз жоғалып кетпеейді, баста сақталады, кейін қайта жаңғыртылады. Бұрын қабылдаған зат, құбылыс образдарын, өз көңіл күйлерін ойда сақтап, қайта жаңғыртатын психикалық процесті ес деп атаймыз.
Бұрынғы уақытша жүйке байланыстары қызмет істесе, адамның есінде қалғаны қайта жаңғырады, санасына қайта келеді. Естің бұл күйін қайта жаңғырту дейміз. Адам көптен көрмеген танысын көргенде болған жері есіне түседі. Қабылдаған нәрсемен кездеспей-ақ қайта жаңғыртуды еске түсіру деп атайды.
Қайта жаңғырту процесінде тану мен еске түсірудің қызметі бірін-бірі толықтырып отырады. Мысалы, бұрын оқыған кітабымыз болса, оны танимыз. Қабылдаған нәрсенің есте қалғаны - естің материалы, есте сақталып, қайта жаңғыртылғаны - естің мазмұны. Адам есінің негізгі мазмұны - сөзбен айтылатын материал. Адамның басты кешкен сезімдері, әрекеттері сөз арқылы қайта жаңғыртылады.
Есте қалдыру процесінде, әдетте, бір заттың немесе құбылыстың екінші бір заттармен немесе құбылыстармен байланысы жасалады. Мәселен, біздің жаңа танысқан адамымыздың атын есте сақтау үшін біз белгілі бір атты ол адаммен, оның сыртқы келбетімен және басқа ерекшеліктерімен байланыстырамыз. Белгілі бір тарихи фактіні меңгере отырып, біз оны тарихтың басқа оқиғаларымен байланыстырамыз. Оны белгілі бір кезеңге жатқызамыз. Шетел сөзін, мысалы das Haus деген сөзді есте сақтау үшін оны үй деген ұғыммен байланыстырамыз. Сөйтіп, есте сақтау дегеніміз - жаңаны адамның санасында бұрыннан бар нәрсемен байланыстыру.
Ежелгі гректер естің мәні заттар мен құбылыстардың арасында байланыстар жасауда екенін білген. Бұл байланыстар ассоциациялар (латынша assotiatio сөзінен шыққан қосу, байланыс деген мағынаны білдіреді) деп аталатын болды. Ассоциацияның үш түрі ерекше көрсетіледі: а) шектестігіне (немеме уақытына) қарай. Мәселен, туған үйім туралы ойлағанда, мен онымен көршілес бау-бақшаны есіме түсіремін. Белгілі бір оқиғаны еске түсіргенде сол кезде болған басқа бір фактілер ойымызға түсе кетеді; ә) ұқсастығына қарай; б) контрастылығына қарай. Бұлай етіп жіктеуді ежелгі грек философы Аристотель көрсеткен болатын.
Бұл байланыстардан басқа психологияда мағына байланысы дейтінге үлкен мән беріледі. Бұлар ассоциацияны тек неғұрлым күрделі ассоциация деп ұғады. Олардың негізінде бір құбылыстардың екінші бір құбылыстарға тәуелділігін түсіну жатады. Мәселен, оқушы теореманы білмесе, геометрия есебін шеше алмайтындығын түсінеді. Бұл байланыс мағыналық себептес-нәтижелес байланыс болып табылады. Мұндай ассоциациялардың адам өмірінде үлкен маңызы бар.

Ес түрлері.
Естің сапасына мыналар жатады: а) адамның белгілі бір уақытқа дейін есте сақтауға қабілеті бар заттрадың немесе фактілердің саны, яғни көлемі; ә) жаңғырту дәлдігі; б) есте қалдырудың шапшандығы; в) игерілгенің ойда сақтауда ұзақтығы; г) естің дайын екендігі, яғни керектілерді тез еске түсіре білу. Бұл көрсетілген қасиеттердің бәрі жеткілікті дамыған есті адамда кездеседі. Бірақ бұл біршама сирек болады. Әдетте, адамдарда естің бірқатар сапалары жақсы дамиды да екінші біреулері нашар дамиды. Кейбіреулердің есінің көлемі үлкен болады да, бірақ есте сақтауы баяу болады, материалды тез үйреніп алады, бірақ оны жеткілікті дәл жаңғырта алмайды.
Ойда қалдырылатын немесе қайта жаңғыртылатын нәрсенін сипатын айтып беру 4 түрге бөлінеді: қозғалыс, образдық, сөз логикалық, эмоциялық естер.
1)Қозғалыс (моторикалық) есі деп ойын, еңбек әрекетіне байланысты туып отыратын қимыл-қозғалыстарды есте сақтау немесе жаңғыртуды айтады. Естін осы түрі қозғалыс дағдыларын (жазу, оқу, коньки тебу, т.б.) қалыптастырудын негізі ботып табылады. Мысалы: әріп таңбаларын жаңадан үйренген кезде бала жазуға қатысатын қолмен қозғалысын есінде сақтайды.
2)Заттар мен құбылыстардың қасиеттерінің нақты бейнелерін сақтап отыруға, қайта жыңартуда, көрініп отыруын образдық ес деп аталады. Суретшілер мен сәулетшілердің, музыканттар мен актерлердің есі көбінесе нақты, көрнекті болып келеді. Мұндай адамдар оқып шыққан кітабының мазмұның есіне түсіргенде оның ұсақ-түйегіне көз алдына бейнелей алады. Француз корекатуршысы Говарни бір көрген адамның бет отарынан тануда орасан зейінді болған.
3)Адам ойының түрлі формаларын (ой, пікір, ұғым) есте қалдыра алу қабілеті сөздік- логикалық ес деп аталады. Сөз жүйесін есте сақтау ойлау жұмысына байланысты. Естін осы түрі көбінесе философтар мен математиктерде жиі кездеседі. Сөздік- логикалық естің оқу процесі кезінде маңызы аса зор.Өткен тақырыптарды есте қалдыру, оны қайта жаңғырту есі онша дамымаған адамға қиынға соғады.
4)Сезімдерді есте қалдырып отыруды эмоциялық ес деп аталады.Мәселен, жас кезімізде тұрған жерге келсек, сол кезде біз ерекше әсер қалдырған нәрселердің бәрі есімізге оп-оңай түседі. Өткендегі оқиға бір қуанышқа байланысты болса, ол өмір бойы естен кетпейді. Мәселен, біздің әрқайсысымыздың Ұлы Отан соғысының жеңісін тойлаған күн - 9 мамырды немесе 22 наурыз мейрамын еш уақытта ұмытпаймыз.Естің жоғарыда айтылған түрлері екі сигнал жүйелерінің мидағы қызметімен түсіндіріледі. Мәселен, ес бірінші сигнал жүйесі болса, онда естің образдық түрі болғаны, ал ес екінші сигнал жүйесі арқылы жүзеге асырылса, онда сөздік- логикалық түрі болып табылады.
Соңғы кезде ғылыми зерттеулер адамда естін басқа түрлері де болады, мәселен адамның қанша мерзімге сақтай алуына байланысты, ес қысқа және ұзақ мерзімді болып бөлінеді.
Ұзақ мерзімді ес - жадыда сақтау жүйесінің маңызды әрі күрделі түрі, оның уақыты да, қамту көлемі де шексіз. Бірнеше минуттан артық сақталғанының бәрі ұзақ мерзімді еске кіреді. Ал қысқа мерзімді ес бірнеше минуттан артық есте сақталмайды, яғни ол адамға маңызды емес нәрселер болуы мүмкін.

2)Ес процестері.
Ес өте күрделі процесс. Оның өзі бірнеше процестерден тұрады: есте қалдыру, қайта жаңғырту, тану, елестету, ұмыту.
Есте қалдыру
Ол арнайы есте қалдыру және еріксіз есте қалдыру болып екіге бөлінеді.
Еріксіз есте қалдыруда адам алдына арнаулы мақсат қойылмайды, есте қалдырудын арнаулы тәсілдерін пайдаланбайды. Айналадағы өмірдің түрлң көріністері (оқиғалар мен адамдардың қимыл-әрекеті, сөзі, т.б.) сол әрекетінің ағымына қарай есте қатып отырады. Ал (арнайы ырықты) есте қалдыру тәсілдерді қажет етеді, оны тудыратын тиісті мотивтер болады. Қандай объектіні болмасын әдейілеп есте қалдыру үшін мына төмендегі шарттарды орындап отыру қажет болады:
1) Есте қалдыруда әркез мақсат қойып отыру зор маңызды. Оқу материалын жақсы меңгеру үшін, оған қатты зейін қою жеткіліксіз, ол үшін алға айқын, анық мақсат қою керек. Мәселен, оқушыларға бір әңгіме айтып, оны үш-төрт күннен кейін қайта сұраса, балалардың біразы әңгіменің негізгі бөлімдерін қайта жаңғырта алмай қиналады. Ал енді осы оқушыларға екінші бір әңгіме айтып, үш-төрт күннен кейін қайтып айтып бересіңдер десе, балалардың біразы сол әңгімені ұмытпай жадында ұстай алады. Бұл екі тәжірибенің арасындағы айырма: соңғыда материалды есте берік сақтау мақсат етіп қойылған, ал бірінші жағдайда мұндай анық мақсат қойылмаған еді.
2)Есте қалдырудың қоғамдық, тәжірибелік мәні адамның қажетіне де байланысты болады. Мәселен, оқушылар қандай бір шығарманы оқымасын, бір қажетіме керек болар деп оқитын болса, оны есте қалдыру қиынға соқпайды.
3)Оқылатын шыңарманы жоспарлай алу - есте қалдыруға көп жеңілдік келтіреді. Жоспар мүмкін болғанша анық, айқын, дәл болуы керек. Қалай болса солай құрыла салған жоспар есте берік сақтауға негіз бола алмайды. Оқитын шығарманың ішінен еске тірек болар-лық жерлерін іздестіріп, оны бірнеше мағыналы бөліктерге бөлу, бөлшектің әрқайсысының мағынасына лайықты ат ойлап табу - еске қалдыруды нәтижелі етеді.
4)Мағыналы есте қалдыру дегеніміз - нәрсенің мәніне түсіну. Сондықтан мағыналы түсіну ойлау процесімен тығыз байланысты. Материалды жақсы ұғынып, терең түсіну, мағыналы байланыстар жасау, маңызды белгілерін анықтай алу - оны анализдей, синтездей, салыстыра, жүйелей білуді керек етеді.
5) Оқып отырған шығарманың байланысын, жүйелерін елестетуге, еске тірек боларлық ой-желісін табуда схема, чертеж, таблицалармен қатар, арнаулы шартты белгілер қолданылып отырса, есте қалдырудың сапасы арта түседі. В.И.Ленин қандай болмасын бір кітапты оқығанда, әсіресе, Маркс пен Энгельстің еңбектерін оқып үйренгенде кітапқа, (кітап тек өзіндікі болған жағдайда ғана) не жазған конспектісіне арнаулы белгілер қойып отыратын болған. Мәселен, ол кітаптың не дәптердің жиектеріне өте нәзік және терең, әбден дұрыс, әсем айтылған, тамаша, өте дұрыс, тапқырлық, жақсы айтылған, Бұл диалектиканы ұғу өте маңызды тағы басқа сөздерді жазып, автордың пікірлерін мақұлдаса, өз дұшпандарының кітаптарына Шатпақ - өтірік жала!, тұрпайлық!, сөз боғаны, шатастырып отыр, шіркінай десеңізші!, дұрыс емес - дегендей сөз тіркестерін жазған екен.
В.И.Ленин өте маңызды кітаптарды оқуға бірнеше рет оралатын, сонымен бірге, өзінің сол кітаптардан жасаған конспектілерін жақсартып, толықтырып, редакциялып та отырған. Мұндайда ол қайта оралу керек!, тағы да оралу керек деген сөздерді жиі жазып отырады екен. Сондай-ақ оқып отырған нәрсесіне арнаулы белгілер қоюға үлкен мән берген. Туысынан аса зерек, оқығанын қалай да ұмытпайтын данышпан адам бола тұра, оқығанын есіне берік сақтау үшін осындай қосалқы әдістерді өте көп қолданған.
6) Есте қалдырылуға тиіс шығарманы адам мүмкіндігінше өз сөзімен құрастырған сөйлемдермен айтып бергені абзал. Егер бала мұғалімнің айтқаның, не өзінің кітаптан оқығанын сөзбе-сөз айтып беретін болса, мұндай жағдайда оның есте қалдыру қабілеті жақсармайды.
7) Оқылатын шығарманы жақсылап есте қалдыру адамның өзін-өзі тәрбиелей алуына да байланысты. Мәселен, оның еңбегі жақсы ұйымдасқан болса, есте қалдыру дәрежесі де жоғары болады. Күндік режимге мән бермейтін, өзін көлденеңнен кез-келген нәрселер билеп кететін адамдардың есте қалдыру дәрежесі айтарлықтай болмайды. Ондайлар Абай айтқандай, ой кеселдеріне қарсы тұруға шамасы жетпейді. Абайдың түсінігінше, ой кеселді нәрселерден қашық болу - (яғни уайымсыз салғырттық, ойыншы, күлкіншілдік не бір қайғыға салыну) естіген нәрсені ұмытпаудын басты шарттарының бірі.
8)Есте қалдырудың сапасы дұрыс қайталай алуға да байланысты. Әдетте оқу материалын бір қайтара оқып жаттап алуға болмайды. Аз уақыт ішінде жиі-жиі қайталап жаттаудың да қажеті жоқ. Мәселен, өлеңді бірден жаттап алса, ол тез ұмытылады, сондықтан оны бірнеше уақытқа бөліп жаттау қажет, бірақ арадағы үзілістер тым ұзақ болмасын. Тек көлемі шағын шығарманы тұтас күйінде жаттауға болады. Егер шығарма көлемді болса, онда бөлшектеу қажет. Бірақ қалай болса солай бөлшектемей, логикалық ой сақталатындай етіп бөлген пайдалы. Мұндайда қайталаудың саны азырақ болады және ол есте ұзақ сақталады.
Сондай-ақ, жатталған нәрсені ұмытып кеткен соң қайталау пайдасыз, оны ұмытпай тұрып қайталау керек, өйткені ...қайталауды ескіріп, құлап жатқан үйді жөндеу үшін емес, үйді берік нығайта отырып, үстіне екінші қабатын салу үшін жасайды. Әрбір ілгерілеп басқан адым бұрынғы өткендерді қайталап отыруға негізделу керек. Қайталауды түрлендіріп отырудың, оны уақыт жөніне ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Есі дұрыс тұлғаның психикасының бұзылу жағдайы
Есі дұрыс, психикасы бұзылғын тұлғаның қылмыс жасауын
Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шаралары
Есі дұрыстық қылмыстық жауапкершіліктің шарты ретінде
Қылмыстық құқықтағы медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шаралары
Қылмыс құрамының түрлері
Қылмыс субъектісінің түсінігі және белгілері
Қылмыс субьектісінің белгілері
Қылмыстың субъектісі бойынша саралау
Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларының түрлері
Пәндер