Білім беруде В. Ф. Шаталов әдісін пайдаланудың тиімділігі


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   

Білім беруде В. Ф. Шаталов әдісін пайдаланудың тиімділігі

Әлемдік өркениетке қадам басқан тәуелсіз Қа-

зақстанның қоғамдық-саяси, экономикалық, мәдени

дамуындағы жаңа бастамалар мен түбегейлі өзгерістер

білім беру жүйесіне өз әсерін тигізіп, білім мазмұнын,

оқыту әдістемесін жетілдіруде тың ізденістер жасауға

мүмкіншілік туғызды.

Бүгінде қоғамдық формацияның ауысуы - білім беру

жүйесіне айтулы өзгерістер мен реформалар енгізгені

белгілі. Бұған жаңа білім стандартының жасалынуы, төл

оқулықтарымыздың жазылуы, жаппай компьютерлен-

діру т. б. игі істер дәлел бола алады. Осының бәрі - ХХІ

ғасыр табалдырығынан аттаған жас ұрпақты ұлттық құн-

дылықтарды, ұлттық мәдениетті танитын, оны өзгеге та-

ныта алатын білімді, жан - жақты қалыптасқан, әлемдік

өркениетке қол соза алатын, бәсекеге қабілетті дербес

тұлға тәрбиелеу қажеттілігінен туындайды.

Бүгінгі таңда оқытушылардың алдында тұрған келесі

әрі жауапкершілігі мол міндеттердің бірі оқушыға сапалы

білім беру. Қазіргі кезде біздің Республикамызда білім бе-

рудің жаңа жүйесі жасалып, әлемдік білім беру кеңісті-

гіне енуге бағыт алуда. Бұл педагогика теориясы мен оқу-

тәрбие үрдісіндегі елеулі өзгерістерге байланысты болып

отыр, білім беру парадигмасы өзгерді, білім берудің жаңа

мазмұны пайда болуда. Сонау 1970 жылдардың басында

Кеңес Одағы дәуірінде, білім беру саласындағы орта білім

беру жүйесіне көшу реформасы оқушылардың 100% үл-

герімін талап етті. Бірақ бұрынғы оқу жүйесі бойынша

оқыту осы талапты орындауға мүмкіндік бермеді. Осы

дағдарыстан шығу мақсатында озық ойлы, тәжірибелі ұс-

таздар білім берудің өзгеше жолдарын қарастыра бастады.

Бұл бағытта білім берудің әртүрлі нұсқадағы мазмұны,

құрылымы, ғылымға және тәжірибеге негізделген жаңа

идеялар, жаңа технологиялар бар. Сондықтан әртүрлі

оқыту технологияларын оқу мазмұны мен оқушылардың

жас және психологиялық ерекшеліктеріне орай таңдап,

тәжірибеде сынап қараудың маңызы зор.

Педагогикалық әдістемелік процестерде В. Ф. Ша-

талов әдісі деген атпен енген тірек - сызба белгілерін

(сигналдарын) сабақта қолдану мұғалімдердің көпшілі-

гінен үлкен қолдау тауып отыр, оқыту процесінде кеңінен

қолданылуда.

В. Ф. Шаталов технологиясының ерекшелігіне

тоқталсақ:

Бірінші ерекшелігі - нақты дәл есептелген оқу про-

цесін құра білу.

В. Ф. Шаталов бұл құрылымды былай түсіндірді

«Тірек сигналдары дегеніміз - ойынның элементі, уақыт

үнемділігі және бала психологиясын қызықты құбылысқа

бағыттау. Бірақ ең басты мақсат - берілген тақырыпты

логикалық байланыстар негізінде оқушының түсінуі мен

ұзақ уақыт есте сақтауы».

Екінші ерекшелігі - уақыт үнемділігі. Мысалы, бел-

гілі бір тақырыпты түсіндіру барысында бірнеше тақы-

рыпты жинақтап, ықшамдап бір-екі тірек сигналына

сыйдыруға болады. Бұл әдістеме қазіргі күнге дейін құн-

дылығын жойған жоқ. Тірек сызба белгілер сабақтың не-

гізгі құрам бөлігі ретінде қолданылады. Мұнда негізінен

мына мәселелерге назар аударған жөн.

1. Тірек - сызба белгілерін пәнді жүргізудің ба-

сынан бастаған жөн.

2. Мүмкіндігінше барлық сабақтарда пайдалану

керек.

3. Сызбанұсқаға оқушылармен бірге талдау жүргізіп

отыру. Сызбанұсқаларды (схемаларды) оқушылардың қа-

тысуымен талдау керек.

4. Оқушылардың белгілі тақырыпқа сай сызба белгі

даярлауға негізделген өзіндік жұмыс жасауына мүмкіндік

беру.

5. Оқушының топпен және екі - екіден жұмыс жа-

сауына мүмкіндік беру.

Тірек сызбаның артықшылықтары мынада:

1) оқушыға оқу материалы жинақы, қысқаша

беріледі;

2) оқушы оқу материалының ішінен ең негізгісін

таңдай білуді үйренеді;

3) оқушы таңдап алған танымдылық - білімдік

түсініктерін бір - бірімен байланыстырып, қарапайым

жүйе жасауды үйренеді;

4) оқушы оқулықпен және қосымша әдебиеттермен

жұмыс жасауға дағдыланады;

5) Оқушы өзінің танымдық деңгейін біледі. Өзін -

өзі бағалауды үйренеді.

Тірек сигналдары арқылы оқыту өзінің нәтижесін бе-

реді. Атап айтсақ:

Мұғалім:

--оқушы білімін тексеруде дидактикалық құрал

ретінде пайдаланады - мағыналық, логикалық белгілерді

нақты, қысқа түсіндіреді;

--баға қоры молаяды;

--оқушы білімі әділ бағаланады.

Оқушы:

--берік білім негізі қаланады;

--сөйлеу қабілеті дамиды;

--тұжырымдап, топшылау дағдылары қалыптасады;

--танымдық процесі нығаяды;

--қарым - қатынасқажеттілігі қанағаттандырылады;

--пәнге деген қызығушылығы артады;

--шығармашылығы шыңдалады.

Нәтижесінде мұғалімнің де, оқушының да жасампаз-

дығы артып, жаңашылдыққа бет бұрады.

Оқушы материалдарды сезім мүшелері арқылы қа-

былдап қана қоймайды, білімге деген қажеттілігін қанағат-

тандыру мақсатында меңгереді. Тірек белгілері арқылы

оқыту технологиясының негізін қалаған В. Ф. Шаталов

тірек белгілері арқылы оқыту технологиясының мынадай

мақсаттарын - білім, білік, дағдыны қалыптастыру;

барлық баланы оқыту; оқытуды жеделдету.

Тірек сигналдары арқылы оқыту технологиясының

ерекшеліктері - үнемі қайталау, міндетті кезеңдік

бақылау, жоғары деңгейдегі қиыншылық, ірі блокпен

оқыту, тіректі қолдану; жеке бағдарлы қарым-қатынас

ықпал; ізгілік, еркімен оқыту.

Әр оқушының жобасының жариялылығы түзетуге, өсуге,

табысқа жетуге жағдай жасау, оқыту мен тәрбиенің бірлігі.

Бүгінгі таңда мектеп мұғалімінің алдында тұрған келелі,

әрі жауапкершілігі мол міндеттердің бірі - оқушыға тия-

нақты білім беру. Осы мақсаттарды жүзеге асыруда мектеп

мұғалімдері іздемпаздықпен оқытудың тиімді әдіс тәсілдерін

өз тәжірибесінде үздіксіз қолдана отырып жұмыс жүр-

гізіледі. Жұмыстың нәтижелі болуы кез келген мұғалімнің

таңдап алған әдісті үздіксіз, үнемі, жүйелі қолдануына және

оқушының жас ерекшелігі мен білім деңгейін ескеріп оты-

руына байланысты. Сонымен қатар оқушыны оқу жұ-

мысына белсене қатыстырып, оған белгілі бағыт-бағдар

беріп, қадағалап, жұмысын бағалап отыру - жақсы нәти-

женің негізі. Оқушы білімінің сапасы мен оқытудың тиімді

болуы таңдап алынған оқыту әдісінің пәрменділік дәрежесін

көрсетеді. В. Ф. Шаталов әдісін сабақта қолдану мектеп

мұғалімдерінің көпшілігінен үлкен қолдау тауып, оқыту

үрдісінде кеңінен қолдануда. Тірек сызба белгілерін пайда-

лану тиімді. Белгілі бір әдіс, белгілі бір кезең өткен соң өзге

бейнеде түрлендіріп берілсе, онда оқушыларда қайта қы-

зығушылық пайда болып, оларды ізденуге жетелейді.

Тірек сызба белгілерін сабақтарымда қолданамын.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Биология пәніннің жүйесі және түсініктері
Қазақ тілі сабағында тірек сызбалар арқылы оқыту
6-сынып биология пәнінен «Өсімдіктің өсімді вегетативті мүшелері арқылы көбею жолдары» тақырыбында тірек-сызба технологиясын пайдаланып өткізу әдістемесі
Оқудың педагогикалық технологиялары түсінігі мен сипаттамасы
Қазіргі педагогикалық технология. Дәрістер
Оқытудың тиімді инновациялық әдіс-тәсілдері мен педагогикалық технологиялар
Адам анатомиясын оқыту әдістемесі
Биология сабағында жаңа технологияларды қолдану
Озат педагогикалық тәжірибе. Инновация туралы ұғым, шығармашылық іс-әрекет
Технология мен әдістеменің ерекшеліктері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz