Әдебиеттік оқу пәні арқылы бастауыш сынып оқушыларының тұлғасын қалыптастыру


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

  1. Бала тұлғасын қалыптастырудағы педагогикалық мәселелерБала тұлғасын қалыптастыруда педагогикалық-психологиялық тұрғыдан қарастыруБала тұлғасын қалыптастыруда әдебиеттік оқу пәнінің мүмкіндіктері

ІІ. Әдебиеттік оқу пәні арқылы бастауыш сынып оқушыларының тұлғасын қалыптастыру

  1. Бала тұлғасын қалыптастыруда әдебиеттік оқу пәнінің мазмұны

2. 2 Әдебиеттік оқу пәнінде бастауыш сынып оқушыларын тәрбиелеудегі әдіс-тәсілдер

Қорытынды

Пайдаланған әдебиеттер

Қосымшалар

Кіріспе

Зерттеудің көкейтестілігі. Қазақстан білім кеңістігінде қалыптасып жатқан осы заман білімін реформалау бағыттары жалпы әлемдік бағдар мен үндес келіп, іске асыруды талап етеді. Білімнің тұлғалық құндылығы әрбір адам үшін өз алдына бөлек. Әсіресе, бұл өзіндік білім, оның деңгейі мен сапасынан көрінеді.

Мектептегі тәрбие процесінің негізгі объектісі - оқушы тұлғасы. Әрине қоғамдағы әлеуметтік қайта құру жағдайында оқушы тұлғасын қалыптастыру педагогтың күрделі істерінің бірі болып табылады.

Ұлы Абай 25-ші қара сөзінде: «Ғылым, өнер - дүниенің кілті. Оны білгенге дүние арзанырақ түседі», - дейді. Абай «ғылым, өнер» дегенде алдымен білімді меңзеп отырса керек. Өзі өмір сүрген ХІХ ғасырда халқының жаппай сауатты болуын аңсаған ағартушы, ойшыл ақын қазақтың тек ғылым-білімнің арқасында ғана мойыны озық тұрған жұрт қатарлы көзі ашылатынын білді. Көктегі шолпан жұлдыздай жарқырап, ақыл-ой мәңгілігіне айналған. Абай біздің заманымыздың да шекесінен қарап тұрғандай. Өйткені, «ғылым-өнердің дүниенің кілті» екені қалың ұйқыдағы даланы оятуға ұмтылған ұлтымыздың үш бәйтерегі Абай, Шоқан, Ыбырайдан бастап, Алаш арыстарына дейін қандай ақиқат болса, бүгін жаһандану деген аждаһаның алдында тұрған қазақ елі үшін де соншалықты маңызды. ХХІ ғасырдың Абай заманынан уақыт айырмашылығы болғанымен, тәлім-білім туралы мақсат мүдде, түсінік өзгерген жоқ. Бәсекеден тұратын бүгінгі әлемде ұлтымыздың өзгелерге жұтылып кетпеуі үшін басты тегеурін - ұлттық тәрбие, тәлім мен білім болмақ. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқыына «Жаңа әлемдегі Жаңа Қазақстан» атты Жолдауында: «Білім беру реформасы табысының басты өлшемі - тиісті білім мен білік алған еліміздің кез-келген елінде қажетке жарайтын маман болатындай деңгейге көтерілу болып табылады» деді. Өмірдің басқа салаларындағы сияқты тәлім реформасы да осы қызметтегі өзгеріс қана емес, табыс долындағы мол ізденістерге негізделуі керек.

Республика Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның әлемдегі ең алдыңғы қатарлы дамыған елу елдің қатарынан көрінуін межелеп отыр. Ол үшін өмірдің қай саласында да бәсекеге негізделген халықаралық стандарттарға сай келетіндей дамуға қол жеткізуіміз қажет. Мектептердің он екі оқу жылдық білім бағдарламасына көшу мақсаты да осы халықаралық талаптардан туындайды. Ол үшін алдымен өнегелі тәрбие және сапалы біліммен қаруланған өнегелі тәрбиеші және білікті мұғалімдер дайындау міндеті тұрады.

Ғұлама бабамыз Әл Фарабидің өз дәуірінен қалдырған - «Бірінші мәселе - білім емес, тәрбие. Тәрбиесізге берген білім адамзатқа апат әкеледі», - деген өсиетінің іске асу заманы енді туды.

Бүгінгі педагогика - «білім беру» емес тұлға қалыптастыру бағытындағы ғылым.

Зерттеу мақсаты:

Зерттеу нысаны:

Зерттеу пәні:

Зерттеу міндеттері:

Зерттеудің көздері:

Зерттеу әдістері:

  1. Бала тұлғасын қалыптастырудағы педагогикалық мәселелерБала тұлғасын қалыптастыруда педагогикалық-психологиялық тұрғыдан қарастыру

Тұлға (Личность) -1) дербес әрекет ететін субъект нақты жеке адам болмысының қайталанбас, ерекше әдісі, адамның қоғамдық өмірінің дара нысаны. Тұлға әлеуметтік тіршілік ету әдісі жағынан дара болады. Тұлғаның мәні нақты индивидтің өзіндік ерекшелігінде, оның әлеуметтік жүйе шеңберіндегі өзімен-өзі болу қабілетінде ашылады. Табиғи таланттардың, туа біткен ерекшеліктердің маңызды рөлін Т. дамуында әлеуметтік факторлар жаңаша түрде көрсетеді. Дара өмірдің тіршілік ету әдісі дегеніміз - адам өмірінің көрінісі адамның бірегей және бесаспап қасиеттерінің бірлігі, тұтас жүйе; 2) адамдар арасындағы өзінің ұстаным-орнын еркін және жауапкершілікпен анықтайтын, қоғамның өкілі ретіндегі адам. Қоршаған ортамен, қоғамдық және адами қарым-қатынастар жүйесімен, мәдениетпен өзара әрекеттестікте қалыптасады.

Ойшылдық, пайымдаушылық негіздер немесе эмоциялық, сезімдік негіздер басым болуына қарай ойшыл және сезімшіл тұрпаттар деп саралау бар. Ойшылдық тұрпатқа қатысты адамдар ойластырылған, логикалық тұрғыдан негізделгенге көбірек сенеді, ақиқатына жетуге тырысады, бірақ әдідеттілік жағын ескере бермейді. Бәрінің де анық-қанығына жетуге ұмтылады. Төңірегіндегілер абыржып жүрген жағдайдың өзінде сабырлы қалпын сақтай алады. Сезімшіл тұрпатқа жататындар күйініш-сүйінішті жағдайдың бәріне әсершіл сезімталдығымен ерекшеленеді, альтруистер болып келеді, өзіне нұқсан келіп жатса да, өзін басқаның орнына қойып, көмектескіш болады. Нені болса да жүрегіне жақын қабылдайды, бір шешімге келуі тым баяу деп жазғыруға ұшырап жүреді. Өмірде жолы болмаушылықтарының себептерін агрессиялық әрекеттермен жоюға бейім тұлғалар тұрпаты садомазохостік тұрпат деп аталады. Мазохистер өзін кінәлі сезінуге, өзін-өзі жазғырып, сынауға, дәрменсіз жартыкешпін деп мойындауға бейім болады. Садистер төңірегіндегілерді өзіне тәуелді етуге тырысады, оларға шексіз билік жүргізіп, жәбір-жапа шектіруден лаззат алады. Экстраветтер деп аталатын тұрпаттағылар ішкі жан-дүниесін талдауға бармайды, адамдармен тез араласып-құраласады, бастамашыл келеді. Интроверттер бұған қарама-қарсы тұйық адамдармен қарым-қатынасы аз, ішкі жан-дүниесін талдауға бейім болады, жаңа жағдайларға бейімделуді қиынсынады. Эктоморфтық және эндоморфтық тұрпаттар деп саралауда адамның дене бітіміне ерекшеліктері негізге алынады. Эктоморфтық тұрпат бұлшық еттері жетілмеген, жүйке жүйесі күшті, арық адамдарға тән. Мұндай тұрпаттағы адамдар жүріс тұрысында ұстамды, шалқақтаушылығы жоқ реакциялары шапшаң, әсер-сезімдерін білдіре қоймайды, зейін қоюшылығы, алаңдаушылығы басым, басқалармен жұғысымдылығы жоқ, басқалардың өзіне қалай қарайтынын болжай білмеушілік, барынша аяншақтық, үнемі қажып-шаршап жүрушлік тән болып кедеді. Эндоморфтық тұрпат етжеңді адамларға тән, бұлар адамдармен араласқыш болады, қашан да қолайлы, жағдайлы болуға тырысады, сезімдік ләззатқа әуес келеді. ( қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі. Педагогика және психология )

Адам тұлға болып туа қаламайды, әлеуметтену процесінде тұлға болып шығады. Т. ұғымы - отандық психологияда негізгі ұғымдардың бірі. Тұлғалардың әртүрлі топтастырылып саралануын білу мұғалімнің өз шә- кірттерінің ерекшеліктерін тез аңғаруына көмектеседі. Т. психологиясының дамуына сонымен бірге оның өзі кіретін әлеуметтік топтың психологиясы да әсер етеді. Т. -ны білу - оның іс-әрекетін тиімді басқарудың алғышарты. Т. туралы теориялар: биологиялық, биоәлеуметтік, әлеу- меттік, психодинамикалық (Фрейд), гуманистік (Маслоу), психоаналитикалық (Юнг), әлеуметті - когнитивтік (Бандура), бихевиористік (Скиннер), тұлғалық типтік (Айзенк), психоәлеуметтік (Эриксон), даралық (Адлер), феноменологиялық (Роджерс) т. б. Жеке адамның кұрылымы (структу- ралары) : биологиялық (жасы, жынысы, темпераменті, дене бітімі, физио- логиясы т. б. ) ; психологиялық (зейіні танымдық әрекеттері, қабілеті, мінезі, еркі, сезімі, т. с. с) ; әлеуметтік (қоғамдағы орны, қарым-қатынасы, т. с. с) ; бағыттылығы (ниеттері, тілектері, ұмтылыстары, құндылықтары т. с. с) . Т. негізгі белгісі - оның дара өзгеше- лігі. Тұлға немесе жеке адам психология ғылымында зерттелетін негізгі категориялардың бірі. Т. (жеке адам) психологиясы адамтану ғылымдары жүйесінде ерекше орынға ие. Бұл сала адамның даралық сипаттарын қарастырып, оның іс-әрекетіне сәйкес қадір-қасиеттерінің қалыптасуының психологиялық механизмдері мен заңдылықтарын зерттейді. Сонымен бірге адамның құрылымы мен адамдардың типтік мақсаттарымен байланысты теориялық мәселелерді де зерттейді. Ондай мәселелер осы замандағы психологияда айрықша маңызды деп саналатын биологиялық және әлеуметтік факторларға негізделе отырып қарастырылады. Т. психологиясы адамның қажеттілігі, мұқтаждығы, іс-әрекетінің түрлері, ептілігі, дағдысы, әдеттері, қызығушылығы, сенімдері, ұмтылыстары, құмарлықтары, жеке бағыт-бағдары, арманы, кісілік сипаттары мен психологиялық құрылымдарын зерттейтін психологияның саласы. Т. белсенділігі - тұлғаның сыртқы ортаға, басқа адамдарға және өзіне-өзі ынталы әсері. Т. статусы - адамның тұлғааралық қарым-қатынастар жүйесіндегі орны мен оның топ мүшелеріне психологиялық ықпалының мөлшерін білдіретін ұғым. (539-540) (Психология: Энциклопедиялық сөздік. / Бас ред. Б. Ө. Жақып. - Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. - 624 б)

Ғылымда тұлға мәселесінің қаралуы

Тұлға мәселесінің көп ғасырлық тарихы бар. Ол көп аспектілі және әртүрлі ғылымдардың тоғысында қарастырылады. Ертедегі грек ғалымдары тұлғаның дамуына биологиялық факторлармен қоса әлеуметтік факторлар да әсер етеді деп есептеген. Тұлғаның қалыптасу факторлары туралы идеялар келесі дәуірлердің прогрессивті филосоифиялық және психологиялық-педагогикалық пікірлерінде өз жалғасын тапқан (Я. А. Коменский, К. А. Гельвеций, Д. Дидро, А. Дистерверг, К. Д. Ушинский, Д. Дьюи, Э. Торндайк, П. П. Блонский, А. С. Макаренко, Л. С. Выготский т. б)

Адам - өзіне тән биологиялық құрылысы бар тіршілік иесі, сондықтан табиғат заңдары оның дамуына да әсер етеді. Қоршаған ортаға бейімделіп, өз тіршілігі үшін дайын, заттарды пайдаланатын жануарларға қарағанда адам өзіне керектіні өз қолымен жасайды. Адам табиғатының өзгеруі адам өмірінің әлеуметтік жағдайларының әсерінен болады, адамның тектілігі тек биологоиялық жағынан ғана емес, сонымен қатар тарихы дамуы нәтижесінде де пайда болады.

Психологияда «тұлға» деген ұғымының әр түрлі түсіндіремелері бар, бірақ олардың көбісі мына түсінікке келіп тіреледі: тұлға дегеніміз әлеуметтік қатынастар мен саналы іс-әрекеттің субъектісі ретіндегі индивид.

Тұлғаның типтік құрылымы:

  1. Тұлғаның бағыттылығын немесе болмыс қатынасын сипаттайды. Бағыттылық әр алуан қасиеттерден, өзара байланысты қажеттіліктер мен мүдделер, идеялық және практикалық пиғыл-әрекеттер жүйесінен құралады.
  2. Тұлғаның мүмкіншілігі анықтайды және іс-әрекеттің табысты болуын қамтамасыз ететін қабілеттілік жүйесін қамтиды.
  3. Тұлғаның мінезі - әлеуметтік ортадағы мінез-құлқының сипаты болып табылады. Мінез тұлғаны толық сипаттай алмайды, алайда оның қасиеттерінің, бағыттылығы мен еркінің, интеллектілік және эмоциялық сапаларының, темпераменттен байқалатын типологиялық ерекшеліктерінің күрделі жүйесін құрайды.
  4. Басқаларынан үстем болып тұратын басқару жүйесі «Мен» сөзімен белгілейді. «Мен» өзін-өзі реттеу қызметін атқарады.
  5. Тұлғаның психикалық қасиеттері, процестері мен көңіл-күйлері құрайды.

Тұлғаның ең маңызды белгілері - оның саналылығы, жауапкершілігі, бостандығы, қадір-қасиеті, даралылығы. Тұлғаның маңыздылығы оның қасиеттері мен іс-әрекеттерінде қоғамдық прогрестің тенденцияларының, әлеуметтік белгілер мен қасиеттердің айқын және спецификалық көрініс табу арқылы, оның іс-әрекетіндегі шығармашылық қасиетінің деңгейі арқылы анықталады.

Тұлғаның дамуы - дегеніміз, ең алдымен, оның қасиеттері мен сапасындағы сандық өзгерістер процесі. Адам дүниеге келгеннен соң дене жағынан үлкейеді, яғни оның кейбір дене мүшелері мен жүйке жүйесі өседі. Оның тілі шығып, сөздік қоры молаяды. Бала көптеген әлеуметтік-тұрмыстық және моральдық біліктерге, еңбек даағдылары мен әдеттерге ие болады. Алайда, адамның тұлға ретіндегі дамуындағы ең бастысы - оның бойында болып жатқан сапалық өзгерістер. Мінез-құлықтың реактивті формалары белсенді түрде қалыптасып келе жатқан іс-әрекеттілікке айналады, дербестік пен өз мінез-құлқын билей алу қабілеттілігі артады. Осы және басқада өзгерістер адамның тұлға ретіндегі даму процесін сипаттайды.

Тұлғаның қалыптасуына әсер ететін факторлардың арасында тәрбие ең маңызды орын алады. Кең мағынада тәрбиені белгілі бір әлеуметтік қызметтер атқаратын қоғамдық құбылыс ретінде қарастру қажет, ал тар педагогикалық мағынада тәрбие дегеніміз - өсіп келе жатқан ұрпаққа жалпы адамзаттық құндылықтарды игерту үшін мұғалім мен оқушылар, балалар мен ата-аналар арасындағы бірлескен іс-әрекеттердің педагогикалық процесін ұйымдастыру

Философия қоршаған орта мен биологиялық бейімділіктер қатарында тәрбиеге ерекше орын бөледі, тәрбие - тұлғаның дамуы мен қалыптасуының үшінші факторы. Бұндағы айта кететін жағдайлардығ бірі - тұлға тек объекті ретінд ғана емес, сонымен қатар, ең бастысы, тәрбиенің субъектісі ретінде қарастырылады.

«Тұлға» деген ұғымға «Мен» деген мәнді кіргізеді. Бала өзін білген соң құрбыларына қарағанда бәлендей тізімде қандай орын алатынын ойлап, қайткенде жақсы орынға ие болсам деп арман етеді. Бұл жағдайда баланың өзінің қандай орын алғысы келетіні туралы бағасы мен құрбыларының, не үлкендердің ол жөніндегі бағасы арасында үлкен алшақтық болмағаны жақсы. Егер кіші оқушының өзі жөніндегі бағасы өзгелердің бағасынан асып кетсе, мұндай баланы мақтаншақ деп атайды. Керісінше, оның өзі жөніндегі бағасы өзгелердің оған беретін бағасынан төмен келсе, осындай баланы кішіпейіл дейді. Кіші оқушы өзінің ісіне, не мінезіне әлі сын көзбен қарай алмайтын бағасынан жоғары дәрежеде келеді. Өзін-өзі бағалау жеке тұлға қалыптастыруының маңызды факторы болып табылады. Ол адамға әр түрлі өмір жағдайында белсенді таңдау жүргізуіне мүмкіндік береді. Кіші мектеп жасы өзіне баға берудің қарқынды қалыптасыуының кезеңі. Ол баланың жаңа қоғамдық маңызды бағалаушы әрекеттердің қосылуымен, таныс адамдар тобының кезеңімен сипатталады.

Кіші оқушының тұлғасы деген түсінікке оның сыпайлығы, керісінше, осыған қарама-қарсы әдепсіздік сапалары да жатады. 7-11 жастағылар көбінесе ақкөңіл келетіндіктен, бұлардың көбі сыпайы келеді. Кіші оқушының тұлғасына тән қасиеттері тек «мен» деген сапа тұрғысынан ғана бағалап қоймай, тиісті мөлшерлерге қалайша бағынады, мінезі, ерік-жігері қандай, ашуланғыш, не сабырлы келе ме, әсемдікті ажыратудағы талғамы және өзгелермен қатынасы қандай - осы жөнінен де алып қарауға болады.

Кіші мектеп оушыларына мінез-құлық нормалары мен ережелерінің аса кең жиынтығы үйретіледі, оларды оқушылар мұғаліммен және үлкендермен өзара қарым-қатынас жасаудың әр түрлі жағдайларында, сабақтарда, үзілісте жолдастарымен араласқана, қоғамдық орындарда және көшеде болғанда басшылыққа алуы тиіс. 7-8 жастағы балалар бұл нормалар мен ережелердің мәнін айқын түсінуге және оны күнделікті орындауға психологиялық жағынан даяр. Бірақ та бұны дер кезінде мұғалімде, үлкендерде пайдаланбайды. Балаларда мінез-құлық нормалары мен ережелерін сақтау көбінесе үлкендердің көңіл күйіне, қалыптасқан жағдайға және өз қалауларына байланысты деген сезім пайда болады. Баланың моральдық өріснің дұрыс қалыптасуының ең қауыпті жауы - мінез-құлық нормалары мен ережелері жалған сипатта және ішкі қажеттер үшін емес, қандай да бір сыртқы жағдайлардың әсерімен, соның ішінде жазаланамын деп қорыққандықтан орындалуы керек деген ұғым пайда болады. Балада осы жаста қалыптасқан осындай моральдық қасиеттер тұлғаның ішкі және табиғи жетістігі болады.

Сонымен бірге кіші оқушылардың өзара және мұғаліммен арақатынасының негізінде оның дара ерекшеліктері айқын көрініс береді.

Кіші оқушылардың өзара қарым-қатынасына тән белгі олардың достығы, әдетте, өмірдің сыртқы мақсаттары мен кездейсоқ мүдделер ортақтастығында негізделеді. (бір партада отыруы) . Кіші мектеп санасының әзірше құрдастарының пікірі өзін-өзі шын бағалаудың критерийі болатындай деңгейге жетпейді. Әрине 9-10 жастағы балалар оларға бірге оқитын балалары ептілігі, зеректілігі, батылдығы үшін берген баға өзі қалағанынан басқаша болса, қатты қынжылады. Ол қатты ұзаққа бармайды. (5-13бет) (Бейсенбекова Г. Б. Кіші жастағы оқушы тұлғасының психологиялық-педагогикалық диагностикасы: оқу құралы(2-ші басылым) . -Қарағанды: ЖК «Ақ Нұр баспасы», 2012. -122 б.

Егер адам сана және өзіндік санаға ие болып, өз бетінше жаңғыртушы іс-әрекет орындауға қабілетті болса, онда ол адам тұлға деп аталады. Адам тұлға болып туылмайды, ол қасиеттік дәреже даму барысында қалыптасады. «Адам» ұғымынан өзгеше «тұлға» түсінігі адамның қоғамдық қатынастар, басқа адамдармен араласу ықпалында қалыптасқан әлеуметтік сапа-қасиеттерін білдіреді. Тұлға ретінде әрбір адам әлеуметтік жүйеде мақсат бағдарлы және ойластырылған тәрбие барысында қалыптасады. Әрбір тұлға, бір жағынан, қоғамдық тәжірибені игеру деңгейімен, екінші жағынан, материалдық және рухани құндылықтар қорына қосқан қоғамдық үлесімен танылады. Тұлға болып жетілу үшін адам өзіне табиғаттан берілген және өмір мен тәрбие желісінд қалыптасқан ішкі қасиеттерін нақты практикалық қызметте аша білуі шарт. (38бет) (Бабаев С. Б., Оңалбек Ж. К. Жалпы педагогика: Оқулық - Алматы: «Заң әдебиеті», 2005 - 228 бет)

Тұлғаның қалыптасу теориясы

Тәрбие тәжірибесі өз бастауларын адамзат өркениетінің бірінші қадамдарымен байланытырады. Тәрбие іс-әрекеті алғашқы адамдармен бірге пайда болған. Ол замандағы бала ешқандай педагогикасыз тәрбиеленген. Адамдардың ол жөніне тіпті хабары да болмаған. Тәрбие жөніндегі ғылым -педагогика, геометрия, астрономия және басқа ғылым салаларынан кейін қалыптасқан.

Белгілі болғандай, барша ғылым салаларының пайда болуындағы алғы шарт - өмір қажеттілігі. Бертін келе тәрбие ісі адамдар өмірінде аса маңызды рөл атқара бастады. Әртүрлі қоғам өсіп келе жатқан әулетке берген тәрбиесіне, тәліміне орай жылдам немесе баяу дамитыны белгілі болды. Осыдан тәрбие тәжірибесін топтастыру және қорытындылау, арнайы оқу-үйретім, тәрбие мекемелерін ұйымдастырып, жастарды өмірге дайындаудың қажеттігі туындады.

Барша замандарда адамдардың рухани және тән-дене дамуында шешуші рөл атқарған қуатты халық педагогикасы жасап келген. Инабаттылық, еңбектік, тән-дене тәрбиесі бойынша халық қайталанбас ғажайып өміршең жүйе түзді.

Еуропалық тәрбие жұмысының бесігі ежелгі Грекия философиясында қалыптасқан. Оның көрнекті өкілі Демокрит (460-370 ж. ж. б. э. д), - балалар тәрбиесі бойынша алғашқы нұсқаулар кітабын жазған. Ол сол уақыттың өзінде: тәрбие адамды қайта жасайды және оны өзгерте отырып, болмыс табиғатынтүзеді . . . Жақсы адам болу табиғат ықпалынан гөрі тәрбиеге көбірек тәуелді» деген. Адам тәрбиесіне және тұлға қалыптасуына байланысты идеялар мен тұжырымдар ежелгі Грек ойшылдары Сократ (469-399 жж. б. э. д ) Платон (427-347 жж. б. э. д), Аристотель (384-322 жж. б. э. д) Тэртуллин (160-222 жж. б. э. д) еңбектерінде жарияланған.

Тұлғаның дамуына қатысты көзқарастар мәні

Педагогика психология ғылымында тұлға және оның дамуы шешуі мәселелер қатарына жатады. Бұл мәселеге қатысты бұрыннан қалыптасқан үш негізгі бағыт бар. Олар: биологиялық, әлеуметтік және биологиялық-әлеуметтік бағыттар. Биологиялық бағыт өкілдері (З. Фрейд және басқалар) тұлғаны табиғи тірі ағза деп қарастыра отырып, адамның барлық мінез-құлқын туа біткен қажеттіліктері, ұмтылулары және инстинкттері әрекетімен түсіндіреді. Бұл бағыт мәніне сәйкес, адам өзінің табиғи қажеттіліктерін баса отырып, қоғамдық талаптарға бағынуға мәжбүр болады. Өзімен күресті жасыру үшін бетперде киеді немесе табиғи қажеттіліктердің қанағаттанбауын басқа бір іс-әрекет түрімен алмастырады.

Әлеуметтік бағыт өкілдері адам биологиялық түр ретінде пайда болғанымен, өмір сүру барысында әлеуметтік топтар әсерімен біртіндеп әлеуметтік топтар біртіндеп әлеуметтік мәнге ие болады деп түсіндіреді. Тұлғаның даму деңгейі төмен болған сайын, биологиялық белгілері басым болады.

Биоәлеуметтік бағыт өкілдері психикалық үдерістерді (түйсік, қабылдау, ойлау және т. б) - биологиялық мәнді деп, ал тұлғаның бағыттылығы, қызығушылығы, қабілеттілігін әлеуметтік құбылыс деп қарастырады. Тұлғаны бұлай бөлу оның мінез-құлқын да, дамуын да түсіндіре алмайды. Қазір қолданылып жүрген көзқарас бойынша, тұлға біртұтас және оның биологиялық жағы әлеуметтік жағынан ажырамайды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бастауыш сыныпта әдебиеттік оқу сабағында жүргізілетін шығармашылық жұмыстар
Әдебиеттік оқу пәнінің бала тұлғасын қалыптастыру шарттары
АКТ технологияларын оқу сабақтарында қолдану жолдары
Бастауыш сынып оқушыларын шығармашылыққа баулудың теориялық негіздері
Көрнекі құралдар түрлері
Көркем шығарманы бастауыш сыныптардың оқу-тәрбие үрдісінде пайдалану арқылы оқушыларға патриоттық тәрбие берудің ғылыми-теориялық негізін жасау
Мәнерлеп оқуда зор рөл атқаратын интонация
3-сынып «Әдебиеттік оқу» құралының құрылымы мен құрылысы
Студенттердің сыныптарға бөлінуі
Бастауыш сынып оқушыларының әдебиеттік оқу сабағында сөздік қорларын дамыту
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz