СЕЗІМ СИНДРОМЫ
СЕЗІМ СИНДРОМЫ
Авторы: Мәди Айымбетов
Ақпанның ұзақ түні таусыла келген боз қараңғы таңдағы маужыраған тәтті де талма ұйқыда жатып көрген түстің әсерінен ол күні бойы айыға алмай жүрді.
Бәрі де тура өңіндегідей ап-айқын. Жетпістің үстіне шығып, ақсақал атанған, немерелеріне ата атанған Сырымбет емес, сол бір бозөрім бала кезі екен. Аққырау қыс. Балалығы құлдыраң-құлдыраң қағып өткен ыстық мекен - сол баяғы Керімтөбедегі ауыл. Мұржаларынан түтіні шұбалған жатаған үйлердің арасынан әжептәуір еңселі көрінетін жалғыз қабатты, қызыл шатырлы мектеп үйі. Ауыл балаларын қысқы бұйығы тіршіліктен бір сәтке болса да сергітетін жер - осы мектеп үйі, онда өтетін ойын-сауық, би кештері еді. Түсінде Сырымбет сондай бір кештердің бірінде таң-тамаша күйде жүр екен...
Қаз-қатар тізіліп, Жылға-жылға ойынын ойнаған ұлдар мен қыздардың қос-қостан бірін-бірі ұстап, доға-дәліз жасап көтерілген балғын қолдары, аппақ білектері майыса ырғалады. Үйірілген жылға-тізбек сылдырлай күліп, сылдырлай ағып, толқын болып толқиды. Сол сәттерде оның алақаны Назымбибінің балғын, нәзік алақанымен жұп-жұмсақ жанасады. Жұп-жұмсақ жанасқан алақандардан болмашы діріл сезіледі. Екі бетінің ұшы қызғылтша нұрмен албыраған он үштегі сүйкімді ақторғын қыздың тұп-тұнық, әдемі аялы көздері күлім-күлім етеді. Сырымбет те оған күлімсірей қарайды, қуанып қарайды. Екеуі көздерімен ғана ұғысады, сөйлеспей-ақ ұғысады.
Ойынның қызығы сол, екі қол бір-бірінен ажырамауы керек, бір-бірінен ажыраса, тізбек бұзылады, ал тізбек бұзылса, бұлар ойыннан шығып қалады. Ойыннан шығып қалмас үшін Сырымбет Назымбибінің ып-ыстық алақанын қысып ұстайды.Нәп-нәзік, ып-ыстық алақанның табы оның өн-бойына шым-шым тарап, жүрегі қуанғаннан лүп-лүп соғады. Тұп-тұнық көгілдір пердеге оранған жым-жырт әлемнің ортасында екеуі ғана қалықтап, қол ұстасып жүр екен. Екеуі ғана. Алақаны өрттей алаулап бара жатты...
Не ғажап екенін түсінбеді, оянып, көзін ашып алғанда байқағаны - Назымбибінің алақандарымен алма-кезек жанасқан алақандары ып-ыстық болып дуылдап жатыр екен. Түсінде көргені өңіндегі қазіргі тіршілігімен мүлдем сыйыспайтын, алыс қиянда қалған мезгілдің еміс-еміс көрінісіндей еді. Әйтсе де анығы сол - өзгеше бір сезімтал жан дірілін сезіндірген балғын алақаннының табы мұның алақанында ып-ыстық күйінде қалып қойыпты.
Апыр-ау, бұл өзі бейуақтағы нендей түс еді?! - деп алабөтен ойға қалған Сырымбет ақсақал тағдыр белгісінің әжім-әжім шиырлары айқұш-ұйқыш торлаған алақандарына қарады. Түсінде сезінгені - өңдегідей ап-анық. Осынша ғұмырында талай-талай қолдармен жанасып, талай-талай жылуды сезіне білген алақаны сол нәзік бейнелі талдырмаш қыздың алақанынан тараған ыстық дірілдің табын әлі күнге ұмыта алмапты.
Мектепте өзінен бірер сынып төмен оқыған Назымбибі деген сол бір қыздың бар-жоғын, құдайым-ау, әлдеқашан ұмытып та кеткен еді ғой, мұны сонау алыста қалған балалығына оралтқан бұл неғылған әсері ұшан-теңіз түс!
Керімтөбедегі жан-жағын қалың қайың орманы қоршаған кішкентай ауылдан Сырымбеттің ұзап кеткеніне де не заман. Өмір жолының ұзақ-ұзақ кезеңдерінің сәті түскен аралықтарында ғана бір оралып соғып кетіп тұрғаны болмаса, туған мекенге үнемі жиілетіп барудың реті көп келе бермейтін. Тіршілікте адам баласының қыбырлаған қам-қарекеті бітпейді. Үлкен қалада оқу оқып, бала кезінен өзі армандаған дәрігер-хирург мамандығын алды, емханада қатардағы хирург болып қызмет істеді. Қызмет істеп жүріп, ғылыми ізденістердің жолына түсті, әуелі - кандидаттық, содан соң - докторлық қорғады, профессор болды, бірінен кейін бірі өз кезегімен келген мүше корреспондент, академик сияқты атақтарға да оның бойы тез үйренді. Ортасы бар, мектебі бар үлкен ғалым атанған Сырымбет ақсақалдық егде жасқа қалай келіп қалғанын да байқамай қалыпты. Өмірдің зырлаған ағысы енді, міне, оны жетпіс деген жастың асуынан бір-ақ асырды. Елуінші жылдардың ішінде өткен жастықтың алаулы шақтарында, студент кездерінде, өмірлік серік болуға серттесіп, бір-бірінің ғашықтық сезімдерін аялаған Гүлбаршыны өзімен бірге қартайып, оның алаңсыз қызмет істеп, ғалым болуына септесер үй-ішілік жағдайдың бәрін жасады. Ұлы мен қызы - Аңсаты пен Нұрбаянның тәрбиесі мен оқуына да өзі бас-көз болып, күйеуіне көп салмақ салдырмады. Бүгінде олардың әрқайсысы өз алдына бір-бір үй болып, бұл екеуіне ерке де тәтті немерелерді сүйдіріп отыр. Таусылмастай болып көрінетін өмір жолдары бір кезеңнен бір кезең асып, бір-бірімен іштей үндескен ерлі-зайыптылардың әдемі қартайған кездері еді бұл.
Күйеуінің көңіл-күйіндегі әрбір қалт еткенді, селт еткенді қас-қабағынан, бет-жүзіне лып етіп шығатын болмашы реңктен танитын Гүлбаршын соңғы бірер күннен бері оның әлденедей бір ой-қиялдың қамауынан шыға алмай жүргенін байқады. Әдетте көкейіндегісін одан құпияламайтын Сырымбет, тым-тырс тынып, өзімен-өзі болып тұйықтала берді. Таңертеңгі шәйдан соң көшеге шығып, газет сатып әкеліп, түске дейінгі бірер сағатты соларды оқумен өткізетін ол, бұл әдетінен де жаңылып қалғандай. Теледидардан екеуі әр кез күн кешке ауған мезгілде көретін ұзақ сериалдардың үстінде де оның ой-санасы мүлдем басқа жақта отыратынын байқады. Соңғы күндері жүзі тіпті ашаң тартып, жүдеңкірегендей ме, қалай?..
Әр күн таңертеңгісін Гүлбаршынның көз ұшымен жанап, өзіне назар сала отыратын дағдысынан сыралғы болған Сырымбет бәрібір бұл күндері өз жайынан оған ләм деп тіс жармады.
Көңіліне тыншу бермей жүрген сол бір әсерлі түсті Сырымбет қатарынан бірнеше күн бойы көріп жүрді. Құдды бір кинотаспаға жазылып қалғандай, сол баяғы бір көрініс, сол баяғы - Назымбибінің нәзік те ыстық алақанының табы. Таң қараңғысынан ояна келсе - түсі болып шығады, таң қараңғысынан ояна келсе - алақаны қыз-қыз қайнап жатады.
Шалының түн баласы қаншама рет оянып, қаншама рет дөңбекшіп қозғалғанына дейін сезіп, біліп жататын Гүлбаршын оның соңғы екі-үш күннен бері таңертеңгісін оянған кезде жеңіл ғана күрсініп, екі алақанын уқалай беретін әдетін де аңғарып қалды. Ауырып-сырқағанын сұрамаса өмірі айтпайтын шалының мінезін қашаннан білетін Гүлбаршын таңертеңгісін шәй үстінде сөзді өзі бастап:
- Сырағасы-ау, бір мазасыздық бар ғой өзіңде, ауырып, жайсызданып жүрген жоқпысың осы? - деп сұрады.
- Қайдағы жоқ уайымды соғасың-ау сен де бір! - деп, әйелінің сөзін ашықтан-ашық жақтырмағандай сыңай танытты ол. - Ауырған адам сияқтымын ба сондайлық сүлесоқ болып жүрген?!
- Мен білетін Сырымбет болсаң, әйтеуір бір өзгеріс бар сенде?! - деді Гүлбаршын шалына аялы, ақ-қарасы айқын көзінің ұшымен сынай қарап. - Әйтпесе уҺлей бересің бе құрдан-құр...
- Не өзгеріс болушы еді, қартая бастаған адам ұйқысы сәл жайсыз болса да уһлеп, шаршап жүреді ғой, соны әжептәуір сөз қылудың керегі қанша осы?!..
Екеуінің арасындағы аз-кем сөз осымен тынды да, әрқайсысы өз ойымен өзі болып кетті.
Апыр-ай, бұл әйел затының көңілі жіті ғой, айтпасыңды сезеді. Мазасыздық бар ғой өзіңде дейді. Сөзін қарашы, айнытпай айтып тұрған. Қандай мазасыздық екенін білсе ғой шіркінің! Қартайғанда бозбала кездегі махаббатың оянып, бүлік салайын деп жүрген шығарсың, сен шал, деп әзілді-шынды біраз жерге апарып тастар еді-ау. Жә, қойшы соны, қайдағы махаббат дейсің, бала кездің балалық әсіре ойыны сияқты бірдеме болар мидың қатпарында қалып қойған, әйтпесе сол Назымбибіні көрмегелі қашан. Ауылға ана бір жылдары жол түскенде, ол Керімтөбедегі мектепте мұғалім еді ғой. Күйеуі Бәжібек деген жігіт, сол ауылда агроном ба, әлде зоотехник пе еді, әйтеуір өзі біздермен аталас, ағайын адам болып келетін. Олардың үйі Керімтөбеге көрші ауданнан кейінірек көшіп келген болатын. Содан бері де бірталай жылдың жүзі болыпты, менімен қатарластардың да, тетелестердің де қатары қазір сиреп қалған шығар-ау осы. Назымбибі де әлі сол күйінде қарап тұрмаған болар ендігі?! Әйтсе де сырлы зереннің сыры кетсе де, сыны кетпейді, әдемі де нұрлы шырайының белгісінен жұқанадай болса да бірдеңе қалған шығар-ау. Сол бір балалық кездердегі бейнесі қандай нұрлы еді оның, жымиып күлгенде екі бетінің ұшында әп-әдемі оймақтай ғана ойма-шұңқырша пайда болатын. Сүйкімді қыз еді. Керімтөбедегі мектепте сол жылдары оқыған ұлдардың оған ғашық болмағаны, әй, сирек шығар-ау. Бірінен-бірі оны сырттай қызғанатын. Ақыры ешқайсы да оны қолына қондыра алмады, Бәжібек бәрінің аузын аңқитып кетті.
Назымбибіні сырттай иеленуші бозбалалардың қатарына Сырымбет өзін қоспайтын. Жақсы көрудің ұяң да сыршыл сезімі жүрегінде болғаны рас шығар, бірақ одан әріге бара алған жоқ. Қайсыбіреулердей хат беріп, кездесуге шақырып дегендей, ғашықтық-машықтықтың әуресіне түспеді. Өз сезімін құпия ұстады. Әйтсе де неге екенін білмейді, бетпе-бет кездесіп қалған мезеттерде екеуі бір-біріне күлімсірей қарайтын. Күлімсірей қарап, көздерімен үнсіз ұғысатындай еді. Нені үнсіз ұғысатынын өздері де білмейтін сияқты. Жақсы көру сезімінің бар нышаны осымен ғана шектелетін, осымен ғана тынатын. Ал содан соң араға талай жылдардың дүрмегі түсті де, зырлап бара жатқан уақыт өткен-кеткен күндерді еріксіз көмескелендіре берген еді. Көмескіленген жылдармен бірге бәрі де жадынан, көңіл қойнауынан тым алыстап кеткендей еді, ойда жоқта, бірнеше күн қатарынан түсіне Назымбибі кіріп, ойында сол алыс күндердің қайта жаңғырғанын қайтерсің. Ойын басқа бірдеңелерге аударып, қаншама ойламауға тырысса да болмады, сол түсті қайталап көре берді. Түсті әдетте көресің де, заматта ұмытасың ғой, ал мына түсі біртүрлі өзгеше бір түс болды. Жан-дүниесі әлденеге егіле елегізіп, көңілі түспегір әлденеге алаңдай берді. Жүйке-сезімі де қалжырамаған, еңсені басқандай шаршау да жоқ, әйтсе де осы түсініксіз құбылыстың құпиясы оның ой-санасын әбден дал қылды. Сол бозбала шақтың еміс-еміс көріністері түсті қайталап көрген сайын айқындала беретін сияқты. Мұның алақанын қыздырған бүлдіршін қыздың алақан жылуы да күн өткен сайын айқынырақ сезіле түсетіндей. Әйтеуір осы бір жұмбақ, таңғажайып халден ол арыла алмай-ақ қойды. Жанға батар дерт те емес, дерт болмаса да, бір сансыраулы қияли күй Сырымбеттің көңілін тыншытпады.
Сырымбет әрі ойлап, бері ойлап, байыз таппай, алаңдай берген көңілді тыншытудың бір-ақ жолы бар деген ойға тоқтам жасады - қайтсе де Керімтөбеге барып, Назымбибіні бір көруі керек. Алды-артының тиянағы жоқ, осы тосындау шешімге келуі қалай тез болса, оның қыраулы қысқа қарамай, сонау бір қиырдағы, терістіктегі Керімтөбе ауылына аттануы да тез болды. Жазған-ау, ағайын-туысқа, ауылға адам деген жер-аяғы кеңіген кезде бармаушы ма еді, бораны түтеген ақпанды қыста бармаса болмайтындай не қысылтаяң ол?! - деп, кемпірінің шыр-пыр болғанына да бой бермеді, қайтсе де Керімтөбеге жетуі қажеттігін айтып, бір-ақ кесті. Бұл әрекетінің түпкі мәні өзіне ғана аян еді. Дереу облыстағы үлкен мекеменің бірін басқарып отырған балдызы Тыныштыққа телефон шалып, әуе-жайдан күтіп алуды тапсырды да, сол күні жөнеп кетті.
* * *
Ұшақтан түсе салысымен Сырымбет балдызына бұл шұғыл келісінің жөнін тәптіштемеді, бар айтқаны: тура әуе-жайдың басынан, қалаға кідірмей,
жүз жиырма шақырым жердегі Керімтөбедегі ауылға қайтсем де бүгін жетуім керек деді.
- Ойпырым-ай, соншалықты қапылғаныңыздай не болып қалды өзі, ол жақтағы ағайындар әйтеуір аман-түгел ме еді?! - Тыныштық жездесінің жүзіне сұраулы кейіппен жалтаң-жалтаң қарады. - Қаладағы ағайын-туысқа, жолдас-жораларыңызға сіздің келетініңізді айтып, келініңіз дастарқанын жайып, шәйін демдеп дегендей, салтанат-мәзірімізбен күтіп отырғандай жәйіміз бар еді, бүгінгі асығыс жолыңызды бізге қиыңыз енді. Ертең ашық-жарықта өзім-ақ апарып келем жетуге ынтығып тұрған сол Керімтөбеңізге...
- Жә, енді, Тыныштықжан, қирап, бүлініп қалған ештеңе жоқ, бәрі де аман, бәрі де дұрыс. Мұндағы ағайын-туыс та, келін де ренжімесін, дәм бұйыртса, бүгін болмаса, ертең бас қосармыз сендердің үйлеріңде. Жол ақысы - жүру деген, кідірмейін. Бүгін Керімтөбеге жетіп, ертең қонаға қайтып оралам, құдай дес берсе, мына тұлпарың да, оның айдаушысы да мығым көрінеді...
- Жездеке-ау, Керімтөбеңіз - ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz