ҚЫЛМЫСТЫҚ СОТ ПРОЦЕСІ



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
ҚЫЛМЫСТЫҚ СОТ ПРОЦЕСІ

Хатшы: Орындарыңыздан тұрыңыздар, сот келе жатыр.
Судья: Балхаш Рамазан Бауыржанұлы 1977 жылы 20 қаңтарда туылған және Мускенов Дамир Аманжолұлы 1985 жылы 15 маусымда туылған азаматтарға ҚР ҚК-нің 99, 106, 182, 256, 287 баптары бойынша қаралатын сот мәжілісін ашық деп жариялаймын!!! ТАРС!!! Судья сот құрамын анықтауға көшеді:
Бүгінгі сот отырысында төрағалық етуші: Сапарбек Диас Досанұлы
Мемлекеттік айыптаушы: Кадырова Гүлжан Амантайқызы
Сотталушының қорғаушысы: Үркінбай Ақерке Асылханқызы
Сот отырысының хатшысы: Жуманалиева Наргиза Бауыржанқызы
Сот приставтары: Боранбаев Айбол Әскерұлы және Жуман Айдос Өркенұлы
Хатшы: Барлық куәлар келіп, дәрізде сіздің шақыруыңызды күтіп тұр.
Судья: Сотталушылар орындарыңыздан тұрыңыздар!!! Сот сіздердің жеке бастарыңызды анықтайды. Өздеріңізді таныстырыңыздар.
Сотталушылар:
1) Мен Балхаш Рамазан Бауыржанұлы 1977 жылы 20 қаңтарда туылдым. Тұрғылықты мекен-жайым: Астана қаласы, Петрова көшесі №37 үйде жалғыз тұрамын;
2) Мен Мускенов Дамир Аманжолұлы 1985 жылы 15 маусымда туылдым. Тұрғылықты мекен-жайым: Астана қаласы, Орынбор көшесі № 94 үйде отбасыммен тұрамын.
Судья: қазіргі таңда жұмыс істейсіздер ме?
Сотталушылар: 1) Шанхай базарында саудамен айналысамын;
2) Артем сауда орталығында ұялы телефон сатамын.
Судья: Айыптау қорытындысының көшірмесін уақытында алдыңыздар ма?
Сотталушылар: Иа, уақытында алдық
Судья: Орындарыңызға отыруларыңызға рұқсат. Сот отырсының тәртібін анықтауға көшеміз. Ең алдымен мемлекеттік айыптаушының толық іске қатысты баяндамасын тыңдап, содан куәгерлерді сұрап, соңында сот жарыссөзін өткіземіз. Істің мән жайын анықтау үшін сөз кезегін мемлекеттік айыптаушы Керимбеков Азамат Құрмаханүлы беріледі.
Мемлекеттік айыптаушы: Рахмет, құрметті сот. 2019 жылы ақпанның 24 күні, Астана қаласы Сейфулина көшесінде түнгі сағат 01-шамасында Касымов Батырхан Серикұлы және Аманғали Алишер Алтайұлы екеуі өз кезекшілік міндеттерін атқару барысында бейтаныс екі азамат оларға шабуыл жасады. Нәтижесінде Касымов Батырхан Серикұлы оқиға орнында қаза тауып, Аманғали Алишер Алтайұлы орта дәрежелі дене жарақатын алды.
Дәлірек айтсақ, Касымов Батырхан Серикұлы сот-медициналық сараптама қорытындысының нәтижесі бойынша шолақ мылтықтан қаза тапты. Ал Аманғали Алишер Алтайұлы қатысты сот-медициналық сараптама қорытындысының нәтижесі бойынша кеуде мен өкпе арасында пышақ сұғылып, гематома салдарынан көп қан жоғалтқан. Бұл жарақат тікенекті-кескіш қарудың нәтижесінде алынды. Медициналық картаның сипаттамасы бойынша жәбірленушінің сол жақ кеудесіне бір рет пышақ сұғылған.
Шабуыл нәтижесінде Макаров тапаншасы және де АКМ калашников автоматы оқиға болған жерде жоғалды.
Сонымен, Балхаш Рамазан Бауыржанұлы ҚР ҚК 99-бабы бірінші тармағы бойынша, яғни кісі өлтіру, және Мускенов Дамир Аманжолұлы 106-бабының г)тармағы бойынша денсаулыққа қасақана орташа ауырлықтағы зиян келтірді.
Сонымен қатар, Балхаш Рамазан Бауыржанұлы және Мускенов Дамир Аманжолұлы ҚР ҚК 182-бабы 2-бөлімінің а) және г)тармақтары бойынша, яғни адамдар тобының алдын ала сөз байланысуы арқылы және денсаулыққа ауыр зиян келтірумен жасалған қарақшылық орын алды.
Балхаш Рамазан Бауыржанұлы үйін тінту әрекетінің нәтижесінде қару-жарақтар және діни бұрмалаушылыққа қатысты газет журналдар табылды. ҚР ҚК 287-бабы бойынша, яғни қаруды сақтау,тасымалдау, алып жүру, адамдар тобы алдын ала сөз байланысу арқылы жасалған қылмыс. Және де ҚР ҚК 256 бабы бойынша терроризмді не экстремизмді насихаттау немесе терроризм мен экстремизм актісін жасауға жария түрде шақырып, сондай-ақ көрсетілген мазмұндағы материалдарды таратқан.
Өз сөзімді аяқтадым құрметті сот.
Судья: рахмет, айыпталушылар орындарыңыздан тұрыңыздар, мемлекеттік айыптаушының тағайындаған айыптауымен келісесіздер ме, өз кінәларыңызды мойындайсыздар ма?
Сотталушылар: жоқ, біздің ешқандай кінамыз жоқ.
Судья: Ендеше қорғаушы айыпталушыларға өз сұрақтарыңызды қоя беруіңізге рұқсат.
Қорғаушы: иә, рахмет құрметті сот. Балхаш Рамазан Бауыржанұлы және Мускенов Дамир Аманжолұлы осы қарастырылып отырған іс бойынша қалай болғандығын мәлімдеп беріңіздерші.
Сотталушы(МТ): 24 ақпан 2019 жылы түнгі 1-лер шамасында Нұрсұлтан екеуіміз Халал асханасынан шығып жолдан такси ұстадық, оның такси деген жазуы жоқ, жай бір көлік. Үйге жақындай бергенде автокөлік сынып қалды, ары қарай біз жаяу үйге жеттік.
Қорғаушы: 1. Үйге қайтып бара жатқан кезде полиция қызметкерлерін немесе күдікті тұлғаны көрдіңіздер ме?
2.Атылған оқтың дауысын естідіңдер ме?
Сотталушы(МД): Ия, көрдік. Біз автокөліктен шығып, Дамирдың үйіне қарай бара жатқан кезде 2 патрульдік полиция қызметкерлерін көрдік. Олар бізден құжаттарды сұрады, біз көрсеттік, бірақ патрульдыік полицияның біреуі бізге қоқан-лоқы жасай бастады, яғни дінмен айналысасындар ма? Қай жерден келе жатсындар? Түнгі уақытта не істеп жүрсіндер деген шектен шығатын сұрақтар қоя бастады.
Сотталушы(МТ): иа, шыныменде шектен шығатын сұрақтар қоя бастады
Қорғаушы: 24 ақпан 2019 жылы Халал асханасынан шығып, үйге қанша уақыт аралығында жеттіңдер?
Сотталушылар: шамамен 20-30 минут шығар.
Қорғаушы: Құрметті сот, көріп отырғандарыңыздай менің қорғаушыларымның мәлімдемесі бойынша бұл азаматтар 2 жарым шамасында үйлеріне жетті. Ал қылмыс оқиғасы 1 мен 2 уақыт аралығында болған. Осы жайтты ескеруіңізді өтінемін.
Мемлекеттік айыптаушы: Автокөліктеріңіз такси қандай маркада болды?
Үйге түнгі сағ 1-шамасында барғандарыңызды біреу нақтылай ала ма?
Сотталушылар: Білмейміз, түнгі уақыт аралығында автокөліктің маркасын көре алмадық. Түнгі уақыт болғандықтан ешкім бізді көрген жоқ.
Мемлекеттік айыптаушы: Құрметті сот! Тергеу амалдарының барысында, сотталушы Мускенов Дамир Аманжолұлы үйінде, яғни Астана қаласы Петрова көшесі №37 үйді тінту нәтижесінде мынандай айғақ заттар табылды.
Қолдан жасалған шолақ мылтық;
Суық қару: пышақ
Макаров тапаншасы 9мм;
АКМ калашников автоматы;
АК -74 жауынгерлік қаруы;
Жарылғыш зат-лимонка ГДР-5;
Сотталушы Мускенов Дамир Аманжолұлы мына қаруларды бұрын соңды көрдің бе?
Сотталушы(МТ): Иа, бұл менің өзімнің қаруларым.
Мемлекеттік айыптаушы: Полиция қызметкерлеріне шабуыл жасап, яғни қарақшылық жасаудың нәтижесінде алынған Макаров тапаншасы мен Калашников автоматы сотталушы Мускенов Дамир Аманжолұлы үйінен табылды. Сот-трассологиялық, баллистикалық сараптама қорытындысының нәтижесінде сотталушы Мускенов Дамир Аманжолұлы үйінен табылған атыс, жарылғыш және суық қарудан сотталушылардың қол іздері табылған. Соған байланысты оқиға орнында қаза тапқан полиция сержанты Касымов Батырхан Серікұлы табылған шолақ мылтықтан қаза тапқаны анықталды, осы шолақ мылтықтан сотталушы Мускенов Дамир Аманжолұлы қол ізі табылды. Ал суық қарудан, яғни пышақтан сотталушы Мускенов Дамир Аманжолұлы қол ізі анықталды. Осыған байланысты сотталушы екі азаматтардың полиция қызметкерлерінің табельдік қаруларын қарақшылық жолымен алғандығы анықталып отыр.
Сотталушы Мускенов Дамир Аманжолұлы үйден табылған жарылғыш заттарды, қаруларды қайдан алдың және қандай мақсатта сақтадың?
Сотталушы(МТ): Бұл менің өзімнің әкемнен қалған қарулар, оларды ешқашанда қолданған емеспін, заңға қайшы ешқандай әрекет жасаған жоқпын.
Мемлекеттік айыптаушы: Бұл қаруларды сақтауға рұқсат бар ма сізде?
Ал қарудан табылған қол іздерін қалай түсіндіресіз?
Қорғаушы: менің қорғауымдағылар бұл сұраққа жауап бермейді.
Мемлекеттік айыптаушы: Көріп отырғаныныздай Құрметті сот бұл қаруларға ешқандай да рұқсат жоқ, ал қарудан табылған қол іздері заңды түрде айқындалған, бәрі айға таңба басқандай түсінікті, Құрметті сот менің сөзім аяқталды.
Судья: Ендігі жәбірленушіден жауап алуға көшеміз. Жәбірленуші Аманғали Алишер Алтайұлы трибунаға келіп, өзіңізді таныстырыңыз.
Жәбірленуші: Мен Аманғали Алишер Алтайұлы 1987 жылы 17 қаңтарда туылғанмын. Қазіргі тұрғылықты жерім Астана қаласы Мирзояна көшесі №11 үй, 7 пәтер. Орталық полиция бөлімі, потрульдік полиция қызметкерімін.
Судья: жәбірленуші сіз қойылған сұраққа нақты жауап беруге, өзіңізге белгілі жайларды шын хабарлауға және сот отырысында белгіленген тәртіпті қатаң сақтауға міндеттісіз. Қасақана жалған жауап бергеніңіз үшін және жауап беруден бас тартқаныңыз үшін ҚР ҚК көзделген қылмыстық жауаптылыққа тарылатыныңызды ескертемін. Міндеттеріңіз түсінікті ме?
Жәбірленуші: иә, түсінікті
Судья: Мемлекеттік айыптаушы жәбірленушіге сұрақтарыңызды қоюыңызға рұқсат.
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ҚЫЛМЫСТЫҚ ПРОЦЕСТЕ АДАМДЫ ҰСТАП БЕРУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ
Дәлелдеу процесі және дәлелдеу субьектілері
Дәлелдеу процесінің жалпы сипаттамасы
Қылмыстық процестегі дәлелдеу процесі және оның сатылары
ҚЫЛМЫСТЫҚ ПРОЦЕСТІҢ ТҮСІНІГІ МЕН МӘНІ
Қылмыстық процестің сатылары мен нысандары
Қылмыстық процестегі дәлелдеу ұғымы
Дәлелдеме ұғымы туралы
Дәлелдеме- фактілердің бір тобы
Қылмыстық іс жүргізу тәртібі
Пәндер