Сөз мәдениеті Сөйлеу мәдениеті
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Сөз мәдениеті Сөйлеу мәдениеті
Уикипедия -- ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Сөз мәдениеті орыс. культура речи -- әдеби тілдің ауызша түрлеріне тән нормаларын игеру, тілдік амал-тәсілдерді айтылатын ойдың мақсатына сай орнымен қолдана білу, сөйлеуде мәдениеттілік, әдептілік таныту.
Сөз мәдениеті қазіргі әдеби тілдің жұртшылық таныған, үлгі тұтқан нормаларын жеке адамдардың сақтауын талап етеді. Сөйлеуде диалектизмдерді, қарапайым, дөрекі сөздерді, варваризмдерді қолдану, орынсыз көп сөйлеу, бір пікірді қайталау беру, өзіне өзі сілтеме жасау, асқақтап сөйлеу, дене қимылдарын араластыра беру Сөз мәдениетіне жатпайды. Кірме сөздерді орынсыз жұмсай беру, сіреспе құрылымдарды қолдану Сөз мәдениетіне нұқсан келтіреді. Сөз мәдениеті сөйлеу әдебі деген ұғыммен ұштасып жатыр. Сөз мәдениеті теориясының дамуында лексикография, әсіресе нормативті түсіндірме сөздіктер, орфоэпиялық, орфографиялық, синонимдік т. б. арнаулы сөздіктер манызды орын алады. Қазақ тіліндегі Сөз мәдениетінің дамуына ауыз әдебиетінің өкілдері және Абай, М. Әуезов, Ғ. Мүсірепов, т.б. шығармаларының ықпалы зор болды. Қазақ тіл білімінде Сөз мәдениетінің мәселелерін А. Байтұрсынұлы, М. Балақаев, Р. Сыздықова т. б. ғалымдар зерттеді.
Кенестік орыс тіл білімінде Сөз мәдениетінің теориялық мәселелерін Л. В. Щерба, В. В. Виноградов, Г. О. Винокур, Р. И. Аванесов, С И. Ожегов, Ф. П. Филин т. б. зерттеді.
Сөйлеу мәдениеті өспейінше жоғары
ақыл мәдениетіне жетуге болмайды.
Теплов Б.
Студенттер мен оқушылардың сөйлеу мәдениеті.
Тіл - жанды құбылыс. Тіл мәдениеті дегеніміз - бір қарағанда, тілдік норманы сақтап сөйлеу, дұрыс жазу деген түсінік. Алайда бұл ұғым-түсінікке дәл өз мағынасында тереңірек ой жіберсек, сөздік қоры дамыған оралымды, бай тілдің ұлт мәртебесін асқақтатып, халқына қызмет ету үшін қарапайым сөйлеу тілінен бастап, сан түрлі бояуға қаныққан тілге айналуы сатысында соншалықты қиын қалыптасу кезеңі жатыр.
Тіл мәдениетіне барар жолдың бастауы - сөйлей білу. Тіл адамзаттың бір-бірімен пікірлесуін, түсінісуін қамтамасыз ете келіп, тілдік қарым-қатынасты іс жүзіне асырады. Тілдік қатынас - адамның ойлау, пайымдау, сөйлеу, тыңдау, түсінісу, айту, пікірлесу, т.б. әрекетіне тікелей қатысты құбылыс.
Ойдың тілі - сөз. Біз сөз арқылы ғана неше түрлі ойларымызды сыртқа білдіре аламыз. Сөзді қабылдау және оны ұғыну бір-бірімен тығыз байланысты. Адам баласының сана-сезімінің дамуында дыбысты тілдің пайда болуының маңызы зор болды.
Сөйлеу - адам санасының басты белгісі. Тіл, сөйлеу ежелден бері жеке адамның, қоғамның ой-санасын дамытып, жетілдіруде аса маңызды рөл атқарады. Сөз ойлы да мәнерлі болуы тиіс. Әйтпесе, ол көздеген мақсатына жете алмайды. Халқымыз мәнді сөйлейтіндерді сөзі мірдің оғындай екен деп дәріптейді. Ал Ж. Баласағұн ақыл-ойдың көркі - тіл, тілдің көркі - сөз деп тауып айтқан
... Көне замандағы мәдениет ошақтарының бірі - шумерлердің тас табақтарына былай деп жазылған екен: ...аузыңа абай бол, көкейдегі ойды айтуға асықпа, ойланбай сөйлесең, опық жейсің..., ал мексика халықтарында сөйлегенде сабыр сақтаған жөн, асығып-аптықпа, қызбаланба, дауысыңды көтерме, сөзің орынды да ұрымтал болсын десе, үнді заңында қандай бір қиын жағдайда да балағат сөзге тыйым салынады, көкейге қонымды, көңілге ұнамды сөздер ғана айтылсын делінген. Бұл адамның сөйлеу тілінің адам өміріндегі маңызын, жөнімен сөйлей білудің қажет екенін, сөздің құдіретін мойындаудан туған жауапкершілік
Тіл дедік, сөйлеу дедік, ал енді сөйлеу әдебі дегеніміз не?
Сөйлеу әдебі ағыл. speech etiquette - Тіл практикасының ұлттық, өзіндік ерекшеліктерге ие қағидалары; бұл ережелер әңгімелесушімен сыпайы, биязы байланыс жасауға (байланысты орнату, оны қолдап отыру, байланысты тоқтату) қоғам тарапынан бекітілген қалыпты нысандар мен тілдік бірліктер жүйесі арқылы жүзеге асырылады. Сөйлеу әдебінің жағдаяттары ретінде назар аудару және назарды өзіне аудару, амандасу, танысу, шақыру, өтініш, кеңес беру, ұсыныс жасау, келісу, қарсы болу, кешірім сұрау, көңіл айту, қошемет сөз айту, құттықтау, қоштасу және т.б. түрлерді атауға болады.
Адамның мәдени тұлға ретіндегі табиғатын зерттеуші ғалымдар, адамның мәдениеттілігі мен адамның қасиетін түсіндіру үшін сол адамның өскен, өнген, тәрбиеленген ортасында алған тәлім-тәрбиесі негіз болатындығын айтады. Адам - қоғам өкілі, белгілі бір ортаның саналы тұлғасы. Қоғамдық қарым-қатынастың ішінде адамның түрлі субъекті не объектімен қарым-қатынасында тілдің орны әрдайым басты рөлде болады. Адамдар арасындағы қарым-қатынаста сыпайылық, кішіпейілділік пен адамгершілік қасиеттер тіл арқылы көрініс табады. Сөйлеуші жақтың тыңдаушыға деген құрмет-қадірінің қаншалықты дәрежеде екені де сөз жұмсалым арқылы беріледі. Тіл барлық заттар мен құбылыстарды, т.б. таным белгілерді ұғынуға көмектеседі. Адамның рухы мен ішкі эмоциясын, сондай-ақ, адамдық қарым-қатынастан туған адами сыпайылықты да айқын көрсетеді.
Сыпайылық ағыл. politeness - әңгімеге қатысушылардың Тілдік практикасының көрінісі; бір-біріне құрмет көрсетудің әдістері; мыс., Сен-Сіз есімдіктерін, әңгімеге қатысушының лауазымын, атағын (мыс., доктор, профессор), қазіргі кезде сөйлеу этикетінің (әдебінің) мәдениетін көрсететін ханым, мырза сөздерін, әңгімеге қатысушының өз ісіне, кәсібіне қосқан үлесін көрсететін (мыс., әдебиеттің ақсақалы) шынайы қошемет сөздер мен сөз тіркестерін әңгіме барысында қосып отыру сыпайылықтың белгісі болып саналады.
Сөйлеу әдебі қарым-қатынаста, қоғамдық орындарда, жалпы өз елімізде сирек сақталады. Көптеген студенттер ойын жеткізе алмай қысылғанда аузыма сөз түспей тұр, тілімнің ұшында тұр, көкірегімде бәрі сайрап тұр, айтуға тілім жетпей тұр деп мүсәпірлікке ұрынады.
Сондықтан да бірінші мәселе: сөйлеу әдебін қалыптастыратын сөйлеу сапаларын әрдайым ескеру қажет. Сөйлеудің сапаларына кіретіндер: мінсіздігі, тазалығы, байлығы, дәлдігі, қисындылығы, мәнерлілігі, бейнелілігі, әсерлілігі, орындылығы, түсініктілігі.
Студент тілінде болатын кемшіліктердің себептері:
1. Ортаның әсері;
а) студенттің сөйлеуіне жергілікті тіл немесе басқа тіл әсер етеді
ә) көшенің әсері (дөрекі, былапыт тіл)
2. Сөйлеу дағдыларының жоқтығы (оқу орнының тіл дамытуға немқұрайлы қарауы);
3. Жекелеген студент тіліндегі кемшілік (сақаулық, быдықтық, мыңғылдық т.б.)
Сөйлей білу - өнер. Бұл өнерді қажымай-талмай, үздіксіз, жан-жақты ізденіп, өзін-өзі баптап, машықтану арқылы игеруге болады.
Әрбір тұлға қоғамда белгілі бір орынды иемденеді және нақты міндеттерді атқарады, ол үшін соған сәйкес оның құқықтары мен міндеттері, яғни белгілі бір әлеуметтік мәртебесі болады. Әлеуметтік мәртебе адамның үлкен әлеуметтік топтың өкілі ретінде (мамандық, тап, ұлт, жыныс, жас мөлшері, дін) қоғамдағы орны.
Әлеуметтік мәртебе ағыл. social status - құқықтарын, міндеттерін және мінез-құлықтың өзара алмасу кезегін (оның ішінде Тіл практикасы да) қамтитын, қоғамның әлеуметтік құрылымындағы жеке адамның орны, жағдайы.
Әлеуметтік мәртебе өз кезегінде адамның дүниеге келген сәтінен белгіленген, яғни субъектінен тәуелсіз, туғаннан сақталатын мәртебе: нәсілі, жынысы, ұлты және қол жеткен, яғни индивидтің өз күшімен жеткен мәртебесі болып бөлінеді. Кейде индивидтің аралас мәртебесі де болады. Ол жоғарыда аталған мәртебелердің екі белгісінен тұрады. Әдетте бір тұлғаның өзінде бірнеше мәртебе болады. Тұлға екі немесе одан да көп әлеуметтік топтардың, институттардың, қауымдастықтардың, ұйымдардың, т.б. субъектісі болып табылады. Мысалы, тұлға: еркек, әке, күйеу, бала, оқытушы, профессор, ғылым докторы, редколлегия мүшесі, т.б. Бір адам әртүрлі адамдарға қатынасына сәйкес қарама-қарсы мәртебені де иеленеді, айталық, тұлға өзінің балалары үшін - әке, ал өзінің анасы үшін ол - ұлы болады. Бірақ сол мәртебелердің бірі адамның қоғамдағы ахуалын анықтайтын негізгі, басты мәртебе болып саналады. Мұндай мәртебе көбіне-көп негізгі жұмыс орнындағы қызметпен байланысты болады. Мысалы, ер адам үшін негізгі жұмыс орнымен анықталады: банк директоры, заңгер, жұмысшы, ал әйел адам үшін - тұрғылықты жерімен айқындалады. Бұдан да басқа нұсқалары болуы мүмкін. Бұл басты мәртебенің салыстырмалы екенін көрсетеді, оның жынысқа, нәсілге немесе мамандыққа байланысты емес екендігін анық көрсетеді. Тағы да бір үлкен ерекшелік - тұлғаның сөйлеу әдебімен байланысты. Яғни, тұлғаның тілі, сөзі, сөйлеу әдебі оның әлеуметтік мәртебесін анықтауда үлкен рөл атқарады.
Адамдардың бір-бірімен қарым-қатынас құралдарының ішіндегі өмірде кең қолданылатыны және аса маңыздысы - тіл. Сондықтан адамдар арасындағы қатынас мәдениеті туралы айта отырып, сөз мәдениетіне соқпай кету мүмкін емес.
Сөз мәдениеті, біріншіден, ауызекі тіл мәдениеті және жазба тіл мәдениеті болып екіге бөлінеді.
Ауызекі сөйлеу тілінің де жазба тілінің де бастау негізі - белгілі бір ұлттың дәстүрімен сабақтасқан жалпы халықтың тілі. Ауызекі сөйлесу кезінде жеке адамдар өзінің мінез - құлқын көрсетеді. Сондықтан да сөйлеу, сөйлесе білу өнер, мәдениеттіліктің белгісі. Тілдік норманың жүйесін толық сақтайтын жазба тіл. Соның ішінде жазба әдеби тіл. Жазба әдеби тіл - жазу арқылы бнлгілі жүйеге түскен жазу дәстүрі мен әр түрлі жазба әдебиетінің негізінде қалыптасқан, тұрақты нормалары, стильдік - жанрлық тармақтары бар тілдің түрі.
Екіншіден, сөз мәдениеті сөзді дұрыс қолдану (сөз дұрыстығы) және сөзді бедерлі жұмсау (сөз шеберлігі) деген екі сатыдан тұрады.
Сөз дұрыстығы қәзіргі әдеби тілдің жұртшылық таныған, үлгі түтқан нормасын ұстану дегенді білдірсе, сөз шеберлігі тек нормаға тән дұрыстықты ғана білдірмейді, сонымен қатар алуан түрлі тілдік амал-тәсілдерінің ішінен мағына, стильдік жағынан аса дәл, ұтымды түрін талғау дегенге негізделеді. Бұл жерде сөзге дұрыс не бұрыс деген баға берілмейді. Сөз "дәлірек", "айқынырақ" деп бағаланады.
Тіл анық болмас, ой анық емес деген сөз. Тіл - ойдың айнасы. Тілдегі сауатсыздық - адамның жалпы сауатсыздығының, мәдениеті төмендігінің көрінісі, рухани байлығының әлсіздігі.
Сөз мәдениеті орыс. культура речи -- әдеби тілдің ауызша түрлеріне тән нормаларын игеру, тілдік амал-тәсілдерді айтылатын ойдың мақсатына сай орнымен қолдана білу, сөйлеуде мәдениеттілік, әдептілік таныту. Сөз мәдениеті қазіргі әдеби тілдің жұртшылык таныған, үлгі тутқан нормаларын жеке адамдардың сақтауын талап етеді. Сөйлеуде диалектизмдерді, қарапайым, дөрекі сөздерді, варваризмдерді қолдану, орынсыз көп сөйлеу, бір пікірді қайталау беру, өзіне өзі сілтеме жасау, асқақтап сөйлеу, дене қимылдарын араластыра беру Сөз мәдениетіне жатпайды. Кірме сөздерді орынсыз жұмсай беру, сіреспе құрылымдарды қолдану Сөз мәдениетіне нұқсан келтіреді. Сөз мәдениеті сөйлеу әдебі деген ұғыммен ұштасып жатыр. Сөз мәдениеті теориясының дамуында лексикография, әсіресе нормативті түсіндірме сөздіктер, орфоэпиялық, орфографиялық, синонимдік т. б. арнаулы сөздіктер манызды орын алады. Қазақ тіліндегі Сөз мәдениетінің дамуына ауыз әдебиетінің өкілдері және Абай, М. Әуезов, Ғ. Мүсірепов, т.б. шығармаларының ықпалы зор болды. Қазақ тіл білімінде Сөз мәдениетінің мәселелерін А. Байтұрсынұлы,М. Балақаев, Р. Сыздықова т. б. ғалымдар зерттеді. Кенестік орыс тіл білімінде Сөз мәдениетінің теориялық мәселелерін Л. В. Щерба, В. В. Виноградов, Г. О. Винокур, Р. И. Аванесов, С И. Ожегов, Ф. П. Филин т. б. зерттеді. Сөз дұрыстығы, байлығы, тазалығы, көрнекілігі - сөйлеу мәдениеті. Ал сөйлеу мәдениетінің ең жоғарғы сатысы - шешендік өнер.
Еліміз егемендік алып, көк байрағымыз көкте желбіреп, елтаңбамыз елдігімізді айқындап, әнұранымыз асқақ шырқалып, ел алдына мақсат қойып, бағытын айқындар жолды таңдап, жарқын болашаққа бет бұрған шақта ең басты назарда ұстағанымыз - ұлттық құндылықтарымызды жаңғырту, тілімізді биік тұғырдан көру, сөз мәдениетін, шешендік өнерімізді дамыту, бәсекеге қабілетті, сөйлеу мәдениеті жоғары ел болу екені баршамызға мәлім болды. Міне, егемендік алған 20 жыл ішінде еліміз межедегіден де артық іс тындырды. Бұл қазақ ұлтына ғана тән қасиет. Жетістігіміз ұшан - теңіз.
Жоғалтқанымызды қайта тауып, тілімізді дамытып ескімізді жаңарттық. Ұлтымыздың өзгеден ерекше қабілетті, дарынды, ынтымағы, бірлігі жарасып,
батыр, мықты ел екенін бүгінде әлем аренасына шығып тағы бір мәрте паш еттік. Бұл біз үшін зор қуаныш. Ал, осы өрлеу, өркендеу жылдары халқымыз, біз, кейінгі ұрпақ өз еншімізге ғана бұйырған баға жетпес ешбір елдің тіл байлығы тең түспес сөз байлығымызды, саф алтын - сөз өнерімізді, шешендік өнерімізді дамытуға қаншалықты ат салысып, қандай үлес қостық,
Төл тіліміздің сөздік қоры өте бай екендігіне ешкім де бүгінде таласа алмас. Әсіресе, тәуелсіздік алғалы бері елімізде қаншама басылымдардағы әдеби- көркем, саяси-қоғамдық, әлеуметтік-экономикалық, ғылыми-мәдени, тұрмыстық қарым-қатынаста туындаған жаңа да тың, соны сөздер, сөз орамдары мен сөз тіркестері де сөздік қолданысқа еніп кетті. Бастапқыда сол сөздерді өгесінгенімізбен, өзегімізді талдырмайтындығына, өлтірмейтіндігіне көзіміз жетті. Көне сөздерге жатқызуға бейімделіп қалған ұлттық ерекшеліктер - киіз үй, ою-өрнектер, мал шаруашылығы, байырғы соғыс өнеріне қатысты сөздер соны мәнге ие болып, жаңара бастады, жаңғырды. Мәселен, киіз үйге қатысты туырлық, уық, ергенек, кереге, шаңырақ деген сөздер күні кешегі күннің заттары секілді өз мағынасы мен мәнін жоғалта бастағаны жасырын емес-ті. Өз тіліміздегі өз сөзіміз көңілімізге, көкейімізге томпақ тиіп, оны баяғы замандағы көшпелі халықтың, көне ата-бабаларымыздың көшіп-қонып жүргендегі сөз қолданысы деген де ойда болатынбыз.
Рас, тәуелсіздік ұлттық болмысымызды оятты, сергітті. Ата-бабамыздың, түп тамырымыздың түбіне, өзегіне, тереңіне үңіле түсуге ықпал етті. Оң әсерін тигізді. Біздер ешкімнен де кем емес, өз тарихы, өз мәдениеті мен өзіндік рухы бар әрі болмысы биік ұлт екендігімізге сенімімізді күшейтті.
Ал ендігі мәселе - сөз мәдениетіне келелік. Ашығын бірден айталық. Сөз мәдениеті бүгінде өз деңгейінде ме? Ия деуге де негіз бар. Біріншіден, білім беру мекемелерінде, орта арнаулы және жоғары оқу орындарында, онда өтілетін дәрістерде, лекцияларда, семинарлар мен тренингтерде, түрлі пікірталастар мен сұхбаттар сәтінде сөз мәдениетіне еріксіз түрде, ішкі түйсікпен бойымызды, ойымызды жинап, талап деңгейінде көрінуге талпыныс танытамыз. Дұрыс сөйлеуге ұмтыламыз. Екіншіден, демей-ақ, ендігіде бүгінгі зәру мәселелерге ойысалық.
Сөйлеу, сөйлей білу қазірде мәдениет деңгейіне көтерілуі қажет. Өйткені, су жаңа киімді киюге аңсарың қатты ауғандай немесе киер киіміңді талғап, таңдап кигендей сөйлеу мәселесіне де дәл солай мән бере кіріскен жөн. Бұл жәйтті тек киіну жағдаятымен салыстыру аздық етер, бәлкім. Олай болса, тамақтану секілді, дос, жар таңдау сияқты тиісті мамандық иесі болу сипатындағы ой-қиялыңды електен өткізетіндей, сондай пейіл таныта кіріскен абзал.
Сөйлеу - жеке өзіңнің қажетің ғана емес. Қоғамдық сипаты мол қасиет бұл. Сөйлеу мәдениеті осыдан шығады десек, артық айтқандық емес. Сөз - қару, сөз - демеу, сөз - бағыт бағдар, сөз - іс-қимыл болған заманда өмір сүру өте күрделі һәм қиын. Төл тіліміз өз еркіндігін алып, өз тізгінін қолына алды дегенмен, әлі де зәруліктер жеткілікті. Бұл, бәлкім, заңдылық та шығар. "Бәріміз бір тілде сөйлесек, жұмақ - қоғам орнатамыз" деген коммунистік идеологияның зардабы да болар. Әйтпесе, ана тілі деп бағаланатын қасиеті мен киесі бар өз тілінен өгей бала ғана өзеуреп, өзегінен жериді емес пе?!. Өз тілін білген, өзін құрмет тұтқан перзент өзгені де тап солай сезінері хақ. Өзінен безген өзгені де жарылқары аса күмәнді де. Тіл де солай ендеше. Өткен тарих та осылайша ғибраттайды. Әлемді уысына ұстамақ болған Шыңғыс хан Қытай елін жауламақ болғанда, сол елдің ішіне өз әскерлерімен ендеп енгенінде, сол елдің мемлекет билігі ешбір ойланбастан, олардың басып алуына мүмкіндік те берген. Бұл - жеңілістің белгісі емес-ті. Бұнда ұзақ мерзімге созылған пәлсапа жатқан-ды. Күндер өтер, жылдар жылжыр. Ішке енген шыңғысхандық жауынгерлер сол жердің қыздарын жар етіп құшар, ұрпақ та өсірер, бірақ сол ұрпақ монғол тілінде емес, қытай тілімен көзін ашар, ал өзге тілде дүние есігін ашқан ұл мен қыз сол тілде әлемді ұғынар, сол тілде сөйлеп, ұйықтаса да сол тілде түс көрер деген берік байламда болған. Уақыт өте келе, бұндай тәмсілдің баяндылығына әлем тарихшыларының, көзіқарақты оқырмандардың зердесі де, көзі де жеткен.
Тіл мәдениеті - айрықша парықтауды қажет етеді. Анайы сөйлеуге, сөге жамандай сөйлеуге деген дағдыдан бас тарта білсек, қанеки.
Рас, қоғам бір-ақ сәтте сыпайы сөйлеп, бекзат қалыпқа еніп, дегдар деңгейге жете қоюы бек мүмкін деп ойлау аздық етеді. Оның үстіне әңгіме айтқанда да аспандай бермей, жерге түскен де дұрыс. Сонымен, жердегі әңгіме не дейді. Жердегілер не деуші еді. Бүйдейді де: Дұрыс дейді. Жақсы сөйлеу керек. Сыпайы реуіште жүру керек дейді және де. Содан соң айтады. Сөгу, былапыт сөйлеу күнә деп айтар сөздерін шегелей түседі. Қосыласың.Өйткені өзің де солай ойлайсың. Бұл - ой-пікір, бәтуа жағы.
Ал өмірде, пәни тірлігімізде ше. Мынау бұрышта да, анау қалтарыста да өзімізше айтқанда, сол баяғы айтпау керек деген сөздердің қаптап айтылатыны. Былапыт, кесапат, кеще сөздер бұршақша жауады. Бояуды қалыңдатып жағып жатқан жайым жоқ. Борандай борайды-ау кей-кейде. Бұл не сонда? Іштей де, сырттай да қарсы болғанымызбен, етіміз, шіркін, көнбістік танытады. Келіседі де. Өйткені етіміз үйренген әбден. Соған бола жағасынан аласың ба? Алайын десең, өзіңнің тілің де кейде сол сөздерді қайталап қалады. Жә, тоқтаталық осымен. Көпке топырақ шашпалық. Көптің ішінде көргенділері көп-ақ.
Сөйлеу мәдениеті дегеннен шығады, сөйлеу сәттерінде өзге тілдің бірер сөздерін ара-арасында қыстырып сөйлеу де аз емес. Бұл да көбінесе қалыпты жағдайға айналған сыңайлы. Бейнебір дәнекер сөздей ме, әлде сәндік айналымдағы сөз орамдары ма, шыны солай. Орынды, орынсыз пайдаланылады. Тіл шұбарлаудың бірер көрінісі ғана бұл.
Осынау жағдаяттарды балалатып, шұбырта айта беруге болады. Айтпағымыз, сөйлеу мәдениеті ұғымын мемлекеттік деңгейге көтерсек деген ұсыныс. Сөйлеу мәдениеті жайлы түсінік, оның анықтамасы, ережесі, қолданылу сипаттары жайлы еңбектер алдағы уақыттарда да көбірек жазылса. Замана, уақыт талабына сай еленіп, електен өтсе. Ол үшін қазақ тіліндегі орфографиялық сөздіктер бір ізге түссе, қадағаланса. Бүгінде бір сөздің өзі екі-үш түрлі жазыла береді. Бірде қосылып жазылады, кейде дефис арқылы беріледі, тіпті, бөлек жазылады. Орфографиялық сөздікте мұндай сөздердің дұрыс жазылуы көзге анық жазылса да, ескерусіз, еленусіз күй кешуде. Бұл да сөйлеу мәдениеті. Өйткені сөйлеу мәдениетінің деңгейі мен мәртебесі оның жазылу дәстүріне де байланысты екендігін естен шығармаған лазым.
Кей-кейде сөйлеу дағдысында тұздығы көптеу былапыт сөздерді айтпаса болмай ма деген сауалға әртүрлі жауаптар аласың. "Өйтпесе, сөздің салмағы болмайды", "Сөйтпесе, ұқпайды", "Олай сөйлемесең, былбырсың" - дейді. Бұл - үстірт ұғымдар. Десек те, анда-санда ғана емес, көбірек жағдайда десек тым артық бола ма, кім білсін, бірақ "Мына балаңызды бір сыбап беріңізші", "Осы қайныңызды бір басып қойыңызшы", "Әкесін танытыңызшы мына жазғанның" деген өтініш-сөздерді естісімен, ал келіп, нешебір бейдауа сөздерді айызын қандыра айтып еліріп, еліте сөйлеген анайы сөздерге қайран қаласың. Үндемейсің. Дымың ішіңде болады. Әйтпесе, ыржалақтап күле бересің. Жынды ма, пері ме десең, сап-сау адам. Жолымен, жөнімен сыбап жатыр. Бірақ біздікі анайы тілмен емес, ана тілімен төгілтіп айтса, қанеки, деген тілек қана. Анайы тілдің сілікпесін асқақтатпай, ана тіліміздің уызын ардақтайық деген ой ғана.
Біздің ұлттың ең басты қасиеті - тілдің ана сүтімен даруында. Қай елдің қызы болса да, барған жерінің туын көтеретін дара да дана қыздарымыздың аналық қасиеті қашанда жоғалған емес. Ендеше, ана тілі деп аталатын ұғымды қазақ тілі десек, оның көсегесі көгере беретіндігіне бір мысқал да күмән жоқ. Тек ынта-ықылас, талап, ниет берік, баянды болсын делік.
Сөйлеу мәдениеті дегенге тек сыпайы сөйлеу деген ұғым қалыптаспауы керек. Сыпайылықтың ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz