Лексика-семантикалық өрістің айырмашылық белгілері



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
Лексика-семантикалық өрістің айырмашылық белгілері

ХХ ғасырдың соңында өріс теориясы еуропалық зерттеушілердің (Васильев Л. М. және т.б.) еңбектерінде ілгері дамыды. Олар лексика-семантикалық өріс пен лексика-семантикалық сөз топтарының түрлі белгілерін көрсетті:
1. Лексикалық байланыстардың тілдік және тілдік емес шарттылығы. Лексика-семантикалық өрісте элементтер тілден тыс (экстралингвистикалық) байланыстар мен қатынастардың ортақтығын біріктіреді. Лексика-семантикалық сөз топтарының элементтері алдымен тілдің ішкі қатынастарымен байланысады.
2. Топтар атының түрі мен орналасуы.
Лексика-семантикалық сөз топтарын шектеу қандай да бір көп мағыналы сөз негізінде жүзеге асады. Сондықтан ол доминантты лексика-семантикалық сөз тобы болып табылады. Топтың басқа мүшелері синонимдік қатынастармен доминантты боп табылады.
Лексика-семантикалық өрістің айырым белгісі әркез өрістен тыс және жиі сөз емес, тектік ұғымды білдіретін сөз тіркесін көрсетеді. Оған қатысты өрістің барлық мүшелері амалдық ұғымдар болып табылады. Өрістің элементтері бір семаға біріктірілген. Лексика-семантикалық сөз тобының мүшелері керісінше бірнеше семалармен біріктірілген.
Синонимдік қатарға келсек, ол лексика-семантикалық сөз тобы сияқты синонимдік қатар құрамына кіретін доминант-сөздерге қатысты шектеледі. Бірақ лексика-семантикалық сөз тобына қарағанда синонимдік қатарды шектеу ереже бойынша сөздің бір және негізгі мағынасына қатысты болады (егер көп мағыналы болса).
Осылайша сәйкестендіргіш түрі мен оның орналасуы - бұл өрістен лексика-семантикалық сөз тобы мен синонимдік қатарды ерекшелейтін елеулі белгілер.
Й.Трирдың айтуынша, лексикалық бірліктер өрісті бос орынсыз, мозаика түрінде алып жатады деді. Бірақ бұл тілдегі сөздердің шынайы қызметіне сәйкес келмейді. Сонымен қатар өрістің лексикалық бірліктері түрлі ұғымдық құрақтарды жабатыны сөзсіз, алайда ішінара бірін-бірі жабуы мүмкін. Олар бір-бірімен коммутацияға немесе қосымша дистрибуцияға қарағанда басымдырақ болып табылады [22, 30].
Лексика-cемантикалық сөз топтары арасында басқа да қатынастар болады. 1,2 сызбаларда лексика-cемантикалық сөз топтары доминант-сөздердің сол немесе өзге лексика-семантикалық нұсқасына қатысты синонимдік қатарларды құрайтын бірнеше көлденең микрожүйелерден тұратыны көрінеді. Сондықтан көлденең қатарлар арасында, олардың әрбір құраушы элементтері мен сәйкес лексика-семантикалық нұсқадағыдай, басымы субституция қатынасы болып табылады. Бірақ тігінен лексика-семантикалық сөз топтарының элементтері коммутация қатынастарымен байланысты, көлденең синонимдік қатарларды құрайтын сөздің лексика-семантикалық нұсқасы керісінше болған жағдайда, бір-бірінен айырмашылығы болмай және жеке семантикалық бірлік ретінде қолданылмас еді. Демек, лексика-семантикалық сөз топтарының мүшелері үшін, лексика-семантикалық өріс пен синонимдік қатарларға қарағанда, екі түрлі жүйелік қатынастың, яғни коммутация мен субституцияның болуы тән [22, c.30].
Лексика-семантикалық сөз топтары арасында ерекше орынды екі антоним сөзден тұратын микрожүйе алады. Сөз немесе сөз тіркесімен көрсетілген антонимдердің ортақ аты жоқ. Егер антонимдік жұпты көрсету керк болса, онда ол оны құрылымын құраушы антоним-сөздермен беріледі, мысалы үлкен-кіші, күшті-әлсіз антонимдік жұптары. Антоним-сөздің үйлесімділігі мен денотативті-сингификативтік қасиетіне қарай, түрлі зерттеушілердің айтуына қарағанда, синоним сөздерге ұқсас. Сондықтан доминанттары антонимдік жұпты көрсететін екі синонимдік қатарлар лексика-семантикалық топ құрай алады. Бірақ мұндай топ тек екі қатардан тұрып, соған қарай лексика-семантикалық топқа шектеу жасалатын екі доминанттан құралуы мүмкін.
ХХ ғасыр зерттеушілері тақырыптық топтарды бөлудің белгілері көрсетілді.
Тақырыптық топтарды басқа лексикалық топтаулардан шектеу белгілі қиындықтарға байланысты болды.
1. Тақырыптық топтың бірінші және маңызды ерекшелігі оның элементтері арасындағы қатынастардың тілдің сыртқы шарттастығы болып келеді. Сөздік белгілердің реттелген жиынтығы болып табылатын лексика-семантикалық өріске қарағанда тақырыптық топ сөздік белгілермен көрсетілетін материалдық немесе идеалдық денотаттар жиынтығы болады.
2. Тақырыптық топтың екінші маңызды ерекшелігі- оның мүшелері арасындағы қатынастардың әртүрлілігі немесе тіпті болмауы.
Бір қарағанда ұқсас топтар түрлі лексикалық топшаларды құрауы мүмкін. Егер бір немесе түрлі тілдердегі тектік терминдер арасындағы құрылымдық-семантикалық қатынастарды қарастыру керек болса, біз өрісті құрайтын көптеген сөздік белгілерді аламыз: әке, ана, аға, апа, ұл, қыз және т.б. тақырыптық топтың аты, ереже бойынша, сөздер (туынды сөз емес) транспорт, т.б. Бұдан тақырыптық топ ұғымы семантикалық өріс ұғымымен тығыз байланыста екені көрінеді.
Өрісті парадигматикалық құбылыс ретінде түсіндірумен қатар түрлі синтаксистік жиынтықтарды өріс ретінде түсіндіретін және парадигматикалық және синтагматикалық өрістердің талдауын қиыстыруға талпыныс жасайтын көптеген еңбектер пайда болуда.
Синтагматикалық өріс (немесе синтаксистік өріс) терминін В.Порциг (W.Porzig, Wesenhafte Bedeutungsbeziehungen) енгізді. Синтагматикалық өріс деп бөліктерінің семантикалық үйлесу мүмкіндігі анық көрінетін сөз тіркесі мен синтаксистік жиынтық түсіндірілді.
Бұл теорияның кейінгі дамуы Г.Мюллердің Сөздік өріс және тілдік өріс жұмысында орын алды. Сөздік өріс (Wortfeld) деп Мюллер ұғымдық өрісті, ал тілдік өріс (Sprachfeld) деп синтаксистік өрісті, яғни қандай да бір синтаксистік мағынаға біріктірілген сөздер қатарын түсінеді.
Синтагматикалық өрісте екі түрлі топтау көрінеді:
1) Cинтагматикалық семаларының ортақтығына, яғни семантикалық үйлесімділікке негізделіп, синтагмаға біріктірілген сөздер. Мысалы, суъект+предикат, субъект+предикат+объект, субъект+предикат+атрибут топтары жатады;
2) Нормативтік валентті сипатының (лексикалық және грамматикалық үйлесімділік) ортақтығына негізделген синтагмаға біріктірілген сөздер. Бұған зат есім+сын есім, етістік+үстеу топтары жатады [5, c.113].
Орыс лингвисті Васильев Л.М. өрістің кешенді түрін анықтады. Ол парадигматикалық және синтагматикалық мағыналық өрістер құрама өрістер құрайды. Мұндай өрістерге мысалға түрлі сөз таптарымен бірге олардың парадигматикалық корреляттардан тұратын сөзжасамдық қатарлар болып табылады (мысалы, оқытушы мұғалім оқытады, ақыл береді...оқушыныстудентті).
Тіл білімінде Ш.Балли енгізген ассоциативті өріс термині кең таралған. Психология саласындағы жаңа зерттеулердің арқасында бұл термин кейде семантикалық өріс терминіне ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тілді үйретуде семантикалық топтардың алатын орны
Ағылшын және қазақ тілдеріндегі етістіктердіңлексика-семантикалық ерекшеліктерініңтеориялық аспектісі
Ағылшын және қазақ тілдеріндегі тұрмыстық етістіктердің лексика - семантикалық ерекшеліктерінің теориялық аспектісі
Тұрақты сөз тіркестері
Функционалды-семантикалық өріс проблемасы
ТІЛ БІЛІМІНДЕ ӨРІС ТЕОРИЯСЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ
«Ойлау» фразеосемантикалық өрісіндегі тіларалық фразеологиялық баламалар типологиясы
Аударматану терминдерінің когнитивтік-семантикалық құрылымы
Aғылшын және қaзaқ тілдеріндегі келер шaқ
Лексикография жайлы
Пәндер