Бернияз романтизміндегі ұлттық идея
Аитова Ж.Ж.
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті., Семей қ. Казақстан
Құрмамбаева Қ.С.
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті Семей қ. Казақстан
.
Бернияз романтизміндегі ұлттық идея
NATIONAL IDEA IN BERNYAZ KULEEV'S ROMANTICISM
Мақалада қазақ халқының талантты ақыны Бернияз Күлеев шығармашылығындағы романтизм мәселесі қарастырылады. Ақын лирикасындағы романтизм мәселесі ХХ ғасырдың бас кезіндегі тарихи оқиғаларды суреттеу мен қазақ поэзиясының көркемдік-идеялық ерекшеліктерімен бірлікте талданады
Кез келген ұлт әдебиетінің өзіне тән даму процестері болатындығы белгілі. Бернияз романтизмі де қазақ әдебиетінің тарихи даму үрдісі аясында сараланып, зерттеледі. Ақын өлеңдерiнен айқын аңғарылатын ХХ ғасыр басындағы идеялық-көркемдiк айшықтарды ашып көрсетуге талпыныс жасалады.
Бернияз Күлеев туындыларындағы ұлттық идеяны ашып көрсету мақаланың басты міндеттерінің бірінен саналады. Бернияз Күлеев романтизміндегі ұлттық идеяны айқындау барысында автордың діни-философиялық, көңіл-күй жырлары талданады. Ақын туындыларындағы романтизм оның Алшы, тәңірім, алшы ал!, Жалғыз өзім жат жерде шығармаларын талдау арқылы ашылады.
Кіріспе.
Қазіргі кезеңде отандық әдебиеттану ғылымында түрлі бағыттар мен ағымдар, көркемдік әдіс - тәсілдер мәселесі төңірегінде көкейкестілік зерттеушілер назарын әлі күнге өздеріне аударып келеді. Соның ішінде қазақ әдебиетіндегі, әсіресе, лирикадағы әр дәуірдегі романтизмнің дамуы күрделі де, жүйелі зерттеуді қажет етеді. Әдебиетіміздегі романтизм элементтерінің жыраулар поэзиясында ұшырасуы, Махамбет шығармаларында алатын орны, Абайдың ақындық мектебінің қазақ романтизміне тікелей және жанама түрде тигізген әсері, Мағжанға дейінгі, Мағжан тұсындағы және Мағжаннан кейінгі романтизм дамуының ерекшелігі мен дәстүр жалғастығы өз кезегінде сөз етілуде.
Негізгі бөлім. Шығармашылығының дені көңіл-күй лирикасына жататын Бернияз Күлеев шығармаларында көңіл бостандығын, ой бостандығын аңсаған өршіл рух жатыр. Бернияз туындыларындағы еркіндік, ерекше бір дүниені аңсау, таза қазақтық рухы кімнен де болса да жоғары. Оның романтикалық сарындағы туындылары ұлты үшін күйзеліс сезімдерімен де байланысты. Ол орыс әдебиетіндегі С.Есенин сынды ұлт трагедиясын өз басының трагедиясына айналдыра білген ақын.1 Мамлеев Ю.В. Духовный смысл поэзии Есенина Столетие Сергея Есенина: Международный симпозиум. Есенинский сборник. Вып. 111.- М.: Наследие, 1997. С. 27.
Бернияз поэзиясының ұлттық сипатын екі жақты қарастыруға болады. Бірі - ақынның қазақ әдебиетінің ұлттық шеңберінде қалып қоймай, тұтас алғанда көне түркілік, Шығыстық ұлттық өреден табылуы. Айталық, Бернияздың махаббат лирикасы көбінесе софы ақындардың экстатикалық поэзия дәстүрімен шығыстық медитациямен үндеседі. Осындай бағаны архаик шаманизм элементі бар туындылары жөнінде де айтуға болады.
Жолын кесіп: Ізгі көк еркесі,
Жас өмірімді арнап жолыңа.
Алыс жерден келдім, өзің біл,-деп
Жүрегімді берсем қолына,
Деп өз махабатын алла махабатына астастыра жырлайды.
Бернияздың 11 жасқа дейін мектеп, медреселерден мұсылманша сауат ашып, білім алуы ақындық дүниетанымының ислам танымы негізінде қалыптасып, бекуіне әсер етті. Ақын шығармаларында жиі кездесетін хор, үр, жұмақ, жәннат, фирдаус, ғилман, сират, ғаршы, лауқұл-мақпұз т.б. діни лексикада кездесетін сөздер осының айғағы бола алады. Ақынның еуропаша,орысша алған білімдері оның шығармашылық жолындағы романтикалық аңсарларын, мифопоэтикалық танымын белгілегенімен, олар қалайда шығыстық, мұсылмандық дүниетаныммен орайластырыла, ұштастырыла беріліп отырады. Ақынның көптеген өлеңдерінде ислам танымының іздері сайрап жатыр 2 Жамбеков.
Иманымыз азаттықтың жолында, - деп жырлаған нәзік сезімді Бернияз ақын романтизміндегі эстетиканың басты ерекшелігі - дүниені түсіну сезімінің ұлттық, ақындық мәдениетпен қабысып жатуында.
Қазақ поэзиясындағы өршіл романтикалық сипатта жырланатын көрініс - дала, дала рухы. Қазақ романтизмінің пайғамбары саналатын Мағжан Жұмабаев шығармашылығы поэзиясының өмір сүру кеңістігі - дала, өмір сүру шарты - кеңдік болатынын белгілеп берді. Рымғали Нұрғали Әуезов және алаш кітабында:
Ақын шыққан аса биік эстетикалық тұғырдың бірі - пейзаж лирикасы, халық әдебиетінен, Абай дәстүріндегі жыл маусымдарына қатысты әлеуметтік терең сарындардан алынған үлгілерді дамыта келе, Мағжан табиғат көріністерін бейнелеуде әлем поэзиясындағы классикалық тәжірибелерге ден қоя отырып, жаңа көркемдік игіліктер жасады 2 Нұрғали Р. Әуезов және алаш. - Алматы, 1997. - 98 - 102 б. Қуандық Мәшһүр-Жүсіп Қазақ лирикасындағы стиль және бейнелілік монографиясында Мағжанның табиғат лирикасы туралы былай дейді: Табиғатты бейнелегенде де, белгілі бір алқаптың нақты бір көрінісін алудан безіну, - яғни сол кездегі қазақ даласының, өзен-көлі, теңізінің көшірмесін жасаумен шектелмеу, қайта сол арқылы сездірілген жұмбағы мол лирикалық қаһарман жан дүниесін әспеттеу талабы жүзеге асады, - деп, мұның дәлелі ретінде Толқын өлеңіне талдау жасайды, Табиғатты әрі айрықша, әрі шартты қалыпта алып бейнелеу романтизмнің бір ерекшелігі десек, соның бір көрінісі - Мағжанның Жиіленді қара орман өлеңі [4, 194 б.]. 4 Жүсіпов Қ. Қазақ лирикасындағы стиль және бейнелілік. - Павлодар, 1999. - 194 б Муталиева Р. М.
М79 Қазіргі қазақ әдебиеті : филология мамандықтарының
студенттеріне арналған оқу құралы Р. М. Муталиева. -
Павлодар : Кереку, 2012. - 86 б.
Осы ерекшелік Бернияз туындыларынан да айқын байқалып отырады. Мағжанның Жазғы жолда өлеңіндегі дала кейіпкер көніліне үрей ұялатып, жалғыздық сарынын сездірсе, Бернияз Жазғы дала шығармасында қазақ даласының сұлу табиғатына тамсана қарай отырып, тәтті бір тылсымға жетелегендей:
Жер жұмбағы - ен дала,
Жер хоры - сұлу қыз бала.
Ағаш, шөп, орман,
Асқар тау қорған,
Не керек - мұнда бәрі бар.
Жандырған жастық,
Айналтқан басты,
Періште өңді жары бар.
Ақын лирикасы алғашқы кезеңде өмірге деген құштарлық пен позитивті ойларға толы болғанымен, кейінгі туындыларында торығу, күйзелу көрініс табады:
Арманың көп, біту қайда,
Айта берсең күні - түн.
Тек мен білем, аһ, не пайда,
Менен басқа ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz