Қазақ әдебиетіндегі Кенесары бейнесі


Қазақ әдебиетіндегі Кенесары бейнесі
Қазақта аты аңызға айналған тұлғалардың бірі - Кенесары хан тарихшылардың ғана емес, әдебиетшілер мен ақын-жазушылардың да назарын аударып отыр. Кеңес заманында аты аталмай келгенімен, Кенесары туралы зерттеу еңбектер шықты. Солардың ішінде ең көрнектісі - Е. Бекмахановтың «Кенесары Қасымов бастаған қазақ халқының ұлт-азаттық көтерілісі» деген ғылыми тұжырымы еді. Бекмахановтың еңбегінде Кенесары Қасымұлы бастаған қозғалыстың «феодалдық-монархиялық қозғалыс» деп аталмай, қазақ халқының ұлт-азаттық көтерілісі ретінде қарастырылуынан шыққан даудың соңы автордың ғана емес, қазақтың басқа да ғалымдарының қуғын-сүргінге ұшырауына әкеліп соқты. Бұл жағдай тарих саласына ғана емес, әдебиетке де салқынын тигізді. Мұхтар Әуезовтың «Хан Кене» пьесасының қатаң сынға алынуы осы сөзіміздің айғағы.
Жоғарыда аталған қиындықтарға қарамастан, Кенесары - Наурызбай қозғалысы жайлы жырлар әдебиетіміздің бір саласы ретінде тарихқа енді. Осы жайында С. Мұқанов, Х. Досмұхамедов, Қ. Жұмалиев, Б. Кенжебаев, Ә. Тәжібаев, Е. Ысмайлов, Ә. Қоңыратбаев, С. Қирабаев т. б. ғалымдар қалам тербеп зерделей зерттегені белгілі. [1; 14]
Атап өтерлік жайт, 1941 жылы көрнекті фольклор зерттеушісі Есмағамбет Ысмайылов пен ақын Қалижан Бекқожин «Кенесары - Наурызбай. Кенесары және оның, батырлары жайындағы жыр-дастандар және аңыз-әңгімелер жинағын» дайындапты (көлемі - 30 баспа табақ) . [1; 168. ]
Қазақ әдебиетінде қазақтың соңғы ханы Кенесары туралы жазылған шығармалар сан жағынан аса көп емес. Сол аздаған шығармалардың бір тобын тарихи жырлар мен поэмалар құрайды.
Әдебиетте Кенесары ханның бейнесі әр қырынан берілгендігін шығармалардан оқып байқауға болады. Мәселен, Нысанбай жырау жырлаған «Кенесары - Наурызбай» жырында ханның ерлігі суреттеледі:
Кенесары ер болды,
Ел ішінде бір болды.
немесе
Ақыл, айла, өнермен
Кенесары, Наурызбай
Атадан асты дегенмен
-деген жолдардан Кенесарының жұрттан асқан ақылдылғы суреттеледі. Дәл осы жырда:
Кенесары кеткен соң,
Иесіз қалды тағымыз.
Бұлбұлдай сайрап жүр едік,
Байланды тіл мен жағымыз. - деген өлең жолдары бар. Бұдан халықтың ханды жоқтаған күйі суреттеледі.
Ақын Доскей Әлімбаевтың «Кенесары» поэмасында:
Сонда Кене сөйледі,
Сөйлегенде бүй деді:
- Қара қазақ баласын
Қол астыма жияйын.
Қазақ үшін құрбан ғып,
Шыбын жанды қияйын, [1; 78]
-деген жолдар елге қорған болған ханның бейнесін көз алдымызға әкеледі.
Кенесары ханның бейнесін прозадан да кездестіруге болады. Ілияс Есенберлиннің «Көшпенділер» трилогиясының үшінші томы «Қаһар» тұтастай Кенесарының өміріне арналып жазылған. Романда ханның жастайынан ел билеуге қабілетті болғанын, ақсақал, үлкен адамдардың зор үміт артқанын мына үзіндіден байқаймыз: «Дауысы қарлығып болдыруға айналған Нысанбай тек ел жатарда ғана Абылайдың қарақалпақ әйелінен туған Уәлидің Россияға қол шоқпар болып кеткенін, қалмақ қатынынан туған Қасым төренің әке жолын қуып, қазақтың басын қосамын деп бәйек болып жүргенін мадақтай келіп, кенет оқшау отырған Кенесарыға қарай:
Абылай жолы ауыр жол:
Батыр Кене, біліп қой.
Абылайдай берік бол,
Алам десең абырой, -деп ұзақ жырын бітірген
Қасым төре жолды әзірге Саржан мен Есенгелдіге бергенмен түбі Абылай жолын алып жүрер ортаншы ұлы Кенесары мен кіші баласы Наурызбай болар деп те үміттенетін. Нысанбай сөзінің өз ойынан шыққанына ол іштей «қателеспеген екем, мен аңғарғанды сыншы ақын да аңғарған екен» деп ойлады» [2; 87] .
Қазақ кеңес әдебиеті тұсында саяси жағдайдың талабына орай Кенесары ханның аты аталуға тыйым салынды. Бұл тыйымды алғаш бұзған - Ілияс Есенберлин еді. Ал еліміз егемендігін алғаннан бері қазақтың соңғы ханы туралы әдебиетте де, тарихта да жазыла бастады. Жазушы Рамазан Тоқтаровтың «Абайдың жұмбағы» роман-хамсасы жоғарыда айтқанымыздың жарқын дәлелі.
1. Хан Кене. (Тарихи жырлар, толғаулар, дастандар, пьеса мен деректі баяндар) /Құраст. - С. Дəуітов. - Алматы: «Ана тілі» баспасы, 2012 ж. - 424 бет.
2. І. Есенберлин «Қаһар», тарихи роман. Алматы, «Жазушы» баспасы, 1969 ж. 352б.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz