ЕЛІ ҮШІН ЕҢБЕГІ ЕРЕН



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
ЕЛІ ҮШІН ЕҢБЕГІ ЕРЕН

Зукурбаева Бағила Абдусаттарқызы
Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан
Мемлекетік Университетінің І курс студенті

Нази́р Тюряку́лович Тюряку́лов (Тореку́лов) (каз. Нәзір (Нәзім) Төреқұлұлы Төреқұлов советский партийный и государственный деятель, дипломат, полпред СССР в Королевстве Саудовская Аравия (1928 -- 1936), публицист, филолог.

Нәзір Төреқұлов (1893 - 1937) - мемлекет, партия қайраткері, дипломат, ғалым. Жарық дүниенің жүзіне Түркістан топырағында келген, ғасырымыздың бас кезіндегі ұлт зиялыларының бірі һәм бірегейі, қамшының сабындай қысқа ғұмырында ұлтының қамына жүгіріп, қыршынынан қиылған ұлы қоғам қайраткері.
Оның әкесі Төреқұлдың туып өскен жері - Отырар маңы. Ол - Қоңыраттың Маңғытай руынан. Төреқұлдың өмірі Ферғанаөңірімен тығыз байланысты. Ол іскерлігі арқасында Қоқанға келіп заң қызметкері, әрі оқыған, сауатты коммерсанттардың бірі болып көзге түсті. Ол балалары - Нәзір мен Қадырды жастай осы салаға баулиды. Амал не, қоғамдағы өзгерістер олардың тағдырын да, алға қойған мақсатын да өзгертіп жіберді. Бұл 1917-1918 жылдары Қоқан қаласында өткен тарихи оқиғаларқа қатысты. Төреқұл отаршылдықтан құтылу, егеменді мемлекет орнату жолында күресіп жүріп, Қаркиз - баба деген ауылындағы бір шайқаста басмашылар қолынын қаза тапты. Отбасында қызы Фатима мен үш жиені жетім қалды. Атаның 17 жасқа толған баласы Қадыр бірінші атты әскер полкыне қабылданып, алғашқы кезде Қоқан уезінде, соңынан республиканың басқа жерлерінде тәртіп қорғау органдарында қызмет етті. Ташкент уезінің Аққорған, Бөке аудандарында милиция бөлімінің бастығы, ош қаласында, Кенимех аудандарында Кеңес атқару комитеттерінің төрағасы болып істеді.
Нәзір Төреқұловтың жастық шағын Қоқан қаласында өткізеді. Қалада үш жыл мұсылманша оқыды, соңынан тағы үш жылдай орыс-түзем мектебінде оқып, бітірді. Содан қаладағы сегіз жылдық коммерциялық училищені аяқтады. Жасынан зерек ол бір жылдары түрік ,араб, парсы, орыс тілдерін меңгеруымен бірге шығыс әдебиетін, тарихын терең біліп алды. Әсіресе, Құран Кәрімді жатқа айтақан. Оның білімге, мәдениетке құштарлығы ел қамқоршысы әрі кемеңгер болып қалыптаса бастауына алып келді [1]
1914-1916 жылдары ол Мәскеудегі коммерциялық институтта үш жыл оқыды. Бұл аралықта француз, неміс, ағылшын тілдерін меңгеріп алды. Жеті тілді меңгерген ол әлем мәдениетінің қайнар бұлағынан сусындап, оның нәрін өз бойына сіңірді. 1916 жылдың 25 маусымындағы ақ патша жарлығынан соң институтының ІІІ курс студанті Нәзір өзі сұранып Минск түбіне аттанады. Осында Жерлестер одағының нұсқаушысы бола жүріп , Ә.Бөкейхан, М,Дулатұлы ағаларының тәлімін көреді, саяси күресте шыңдалады. Бұл Нәзір секілді жастың жүрек қалауы, ұлтжандылығы. Осында жүріп Нәзір Орта Азия мен Қазақстан жастарының Еркін дала (Земсоюз) атты саяси астыртын ұйымын басқарады.Бұл қоғамның атқарған жұмысы - үлкен дүние. Нәзір аға осы қоғамда саяси мәні бұл ұлан - ғайыр тапсырманы орындады. 1917 жылы Орынборда өткен І жалпы қазақ съезіне Ферғана облысынан делегет ретінде қатысқан Нәзір осындам қалып, елді еңселендіру жұмысына белсене ат салысады.
1918 жылдың наурыз айында Торғай облыстық кеңестерінің органы - Қазақ мұңы газетіне редакторлық етеді. Орынборды ақтар басып алған кезде өзі өскен Қоқан қаласына қайта оралып, қоқан совдепінің ревком хатшылығына сайланады. Осы жерде баспасөз органы Халық газетасын шығаруға қатысты. Кейін Ферғана облыстық төңкеріс комитетінің төреғалығына көтерілді. Облыстық халық ағарту бөлімінің бастығы қызметін атқара жүріп, Жаңа шығыс, Ферған газеттерінің редакторы болды. Өзінің Редактор және оқушы, Скобелев ағарту меңгерушісі тағы басқа мақалалары арқылы ол қарымды қаламгер, білікті басшы екендігін танытты. Оның білгірлігінен хабардар болған Түркістан республикасы ағарту комиссариаты Ферғана облыстық Кеңестер депутаттығына телеграмма жолдап, Н.Төреқұловты қазақ педагогика курсын ұйымдастыру үшін тезірек жіберуді өтінді. Көп өтпей Ташкентке келген Нәзір қазақ курсының оқу жоспарын, бағдарламасы мен қажетті қаражаттарды дайындап берумен бірге, сол жылы тоғыз айлық алғашқы қазақ педагогика курсының негізін қалады. Кейін бұл оқу орны Нәзірдің басшылығымен қазақ педагогика училищесіне, 1920 жылы қазақ педагогика институтына айналды. (2
1918 - 1919 жылдары Ферғана облревкомы төреғасының орынбасары, төрағасы, облыстық ағарту комиссары, 1919 жылдың қыркүйегінде Түркістан Орталық Атқару Комитетінің мүшелігіне сайланып, Түркістан кеңестерінің 8 съезіне делегат болып қатысады. 1920 жылдың сәуір-қыркүйек айларында Түркістан республикасының оқу-ағарту комиссары, мамыр-шілде айынан бастап 'Түркістан уақытша компартиясының' жауапты хатшылығына сайланды. 1921 жылдың 21-25 тамызында өткен Кеңестердің бүкіл түркістандық Х съезінде Н.Төреқұлов есепті баяндама жасап, Түркістан атқару комитетінің жанынан ұлттар бөлімін ашуды ұсынды. Түркістан мұсылман бюросын басқарған кезінде Түркістан атқару комитетінің жанында қазақ, өзбек, түрікмен бөлімдерін ұйымдастырып, жергілікті халық мәселелеріне айрықша көңіл бөлді. Түркістан өлкесіндегі демалыс күнін жексенбіден жұмаға көшіру, Құрбан айттың үш күнін мерекелеу, Прежевальск қаласын `Қарақол' деп атау ұлтаралық мәселелерді терең білетіндігіне айғақ еді. Мұсылман дінін құрметтеуге, мемлекетте тәртіп орнатуға, мәселені халық мүдессі түрғысынан жүзеге асыруға ерекше көңіл бөліп отырды. Осы орайда ол публицистік қабілетімен көзге түсті. Тек қана 'Иштракиюн' (Коммунист) ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазіргі қазақ фалеронимдері: тарихы мен қалыптасуы
Ұлы Абай шығармашылығын танытудағы Алаш қайраткерлерінің еңбегі
Насролла Мубашшир ат-Таразидің өмірбаяны
Қазакстан журналистер одағының мүшесі
Тәуке хан тұсындағы Қазақ хандығын басқару жүйесі
Бабаларымыздың арманы
Алаш жолы
Оңтүстік және Шығыс Қазақстан облыстарының әулиелері
Жеңіске рух берген әндер
Мойынқұм ауданы
Пәндер