Адам мен азаматтың конституциялық құқықтары мен бостандықтары


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   

Адам мен азаматтың конституциялық құқықтары мен бостандықтары

Адам құқығы саласында Қазақстан Республикасы Конституциясының
толықтай халықаралық құқықтың жалпыға танылған нормаларынан бастау алатыны баршаға белгілі. Тек Конституциядағы және халықаралық құқықтағы адам құқына деген көзқараста кездесетін ұқсастықтар мен айырмашылықтарға тоқталайық.
1. Халықаралық құқық сипаты Қазақстан Республикасының Конституциясы да
қандай да болсын нәсілдік, тері түсі, жыныстық, тілдік, діндік, саяси
нанымды, ұлттық және әлеуметтік және өзге де жағдайларының белгілері
бойынша кемсітуді толықтай теріске шығарады.
2. Жасына: балалар, еңбекке қабілеттер, зейнеткерлер екендігіне
байланысты мәртебе бірдей белгіленеді.
3. Отбасы мәртебесі мәселесі қоғамның қарапайым ұясы ретінде де,
негізгі ұясы ретінде де бірыңғай шешіледі.
4. Адамның мемлекет пен қоғам өмірінің барлық саласында құқықтары мен
бостандықтары жарияланады, оларды жүзеге асыру кепілдігі қарастырылады.
5. Абырой, өмір, денсаулық және қадір-қасиет өз дәрежесінде қорғалады.
6. Адамның құқы мен бостандығын шектеуге өзгеше жағдайларда ғана жол
беріледі.
7. Азаматтардың кез келген әр түрлі ассоциацияларға бірігуіне кепілдік
беріледі.
Халықаралық құқық нормалары адам құқы мен бостандығын азаматтарға,
шетелдіктерге, апатридтерге бөліп сипаттайды. Азаматтар мен аталған
мемлекеттің азаматы болып табылмайтын адамдардың ара қатынасын дұрыс
белгілеу үшін ұлттық заңдарда да осындай өзгешелік жүргізілуі тиіс.
Қазақстан Республикасының Конституциясы да осы принципті басшылыққа алады(12-бап) . Шетелдіктер мен апатридтердің құқы мемлекеттің мүдделері мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қажетті деңгейде шешіледі. Атап айтқанда,
олар мемлекеттің өкілетті органдарын сайлауға қатыстырылмайды, әскери
қызметке шақырылмайды және т. б. Қазақстан Республикасындағы азаматтығы жоқтардың құқықтары мен бостандықтарының шеңбері кең. Тек меншік және кәсіпкерлік қызмет саласындағыларын ғана атап өтейін. Сот шешімінен басқа ретте ешкім ешкімді өз меншігінен айыра алмайды. Мұнда әңгіме барлық адамдардың азаматтыққа тәуелсіз меншігі жөнінде болып отыр. Шетелдіктердің де, азаматтығы жоқ адамдардың да кәсіпкерлік қызметі мемлекеттің қорғауында болады.
Проблеманың мұндай шешімі халықаралық құқық нормаларына сәйкес келеді.
Азаматтық және саяси құқық туралы пактте әр адам, ол қай жерде тұрса да,
оның құқықтық субьектілігін тануға құқы бар делінген (16-бап) .
Осы айтылғандарды тұжырымдай келгенде, ҚР Конституциясы жалпыға мәлім
халықаралық құқықтық актілердегі демократиялық, гуманды құндылықтардың
бәрін барынша бойына сіңірген құжат болып табылады. Конституция -
мемлекеттің Негізгі Заңы болғандықтан ол бастауларды көрсетпейді. Дегенмен,
Қазақстан Республикасының Конституциясы бір-қатар жағдайларда халықаралық құқықтың нормаларына тікелей жүгінеді.
Сөйтіп, Қазақстан Республикасының Конституциясы халықаралық құқықтың
жалпыға мәлім нормаларына бағдарланған ұлттық заңдарды қалыптастырудың
негізі болып табылады. Қазақстан Республикасының заңдары азаматтықты азаматтардың жиынтығы арқылы емес, әр жеке адам бойынша белгілейді.
Қазақстан Республикасының азаматтығына адамның мемлекетпен
арасындағы өзара құқықтар мен бостандықтар жиынтығын білдіретін тұрақты
саяси-құқықтық байланыс ұғынылады. 1Азаматтық ұғымы заң бойынша үш
элементтен тұрады: 1) адамның мемлекетпен байланысы уақытша емес, тұрақты болуы тиіс. Адам өз қалауы бойынша азаматтықты біресе қабылдап, біресе одан бас тарта алмайды; 2) адамның мемлекетпен байланысы саяси-құқықтық сипатта болады. Мемлекет Қазақстан Республикасының азаматы болып табылмайтын кез келген адаммен құқықтық байланысқа түсе алады. Бірақ саяси қатынас тек мемлекет пен оның азаматы арасында ғана орнай алады; 3) мемлекет пен азаматтың арасында өзара құқық пен міндеттемелер белгіленеді. Қазақстан Республикасы өзінің органдары мен лауазымды адамдары атынан өз азаматтары алдында жауапты, ал Қазақстан Республикасы азаматтары өзінің республикасы алдында жауапты. Ол Қазақстан Республикасының Конституциясын және заңдарын сақтауға, оның мүдделерін, аумақтық тұтастығын қорғауға, әдет-ғұрып, дәстүрлерді, мемлекеттік тілді және оның аумағында тұратын басқа да ұлт өкілдерінің тілдерін құрметтеуге, Қазақстан Республикасының қуатының, егемендігі мен тәуелсіздігінің нығайтылуына үлес қосуға міндетті. Қазақстан Республикасы азаматтығының негізгі мәселелері Конституциямен және Республиканың азаматтық туралы Заңымен реттеледі. Конституцияға азаматтық туралы негізгі қағидалар: барлық азаматтардың теңдігі туралы, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының кепілдігі туралы, құқықтар мен бостандықтардың шектелуіне жол берілмейтіндігі туралы, азаматтықтан айыруға, республика шегінен қуғындауға және басқаларына жол берілмейтіндігі туралы қағидалар енгізілген. Қазақстан Республикасының
азаматтығы туралы Заң: қандай адамдардың Қазақстан Республикасының азаматы болып табылатынын, олардың құқықтық жағдайларын, азаматтықты алу және тоқтату тәртібін, ата-аналардың азаматтығы өзгерген және бала етіп асырап алған кездегі олардың балаларының азаматтығын, азаматтық мәселелері бойынша мемлекеттік органдардың өкілеттігін, азаматтық мәселелері бойынша арыздар мен ұсыныстарды қарау, шешімдерді орындау тәртібін, сондай-ақ азаматтық мәселелері жөніндегі шешімдерге шағымдану тәртібін белгілейді. Қазақстан Республикасының азаматтары азаматтықты алу негіздеріне, шығу тегіне, әлеуметтік және мүліктік жағдайларына, нәсілді және ұлттық сипатына, жынысына, біліміне, тіліне, дінге қатынасына, саяси және өзге де наным-сеніміне, руы мен қатынас сипатына, тұратын орнына және басқа мән-жайларына қарамастан заң алдында тең.
а) Азаматтық туралы Заң күшіне енген күнге -1992 жылдың 1 наурызына
Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын;
ә) азаматтық туралы заңға сәйкес Қазақстан Республикасының
азаматтығын алған адамдар Қазақстан Республикасының азаматы болып табылады. Қазақстан аумағында тұратын, Қазақстан Республикасының азаматы болып табылмайтын және шетелдің азаматтығына жататындығына дәлелдемелері жоқ адамдар азаматтығы жоқ адамдар деп есептеледі.
Қандай да бір болсын шет мемлекетке жататындығына дәлелдемесі бар
адамдар шетел азаматтары болып есептеледі. Қазақстан Республикасының азаматтығы: 1) тууы бойынша; 2) Қазақстан Республикасы азаматтығына қабылдану нәтижесінде; 3) Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында қарастырылған негіздер бойынша; 4) Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы Заңда қаралған өзге де негіздер
бойынша алынады. Бала өмірге келген кезде ата-аналарының екеуі де Қазақстан Республикасының азаматтығында болса, қай жерде туғанына қарамастан бала Қазақстан Республикасының

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасындағы адам және азаматтың құқықтары мен бостандықтарының конституциялық негіздері
Адамның конституциялық құқықтары мен бостандықтарының жіктелуі
Адам және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қорғау
Қазақстан Республикасының адам және азаматтардың конституциялық құқықтары, бостандықтары және міндеттері
Адам мен азаматтың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын сақтаудың мемлекеттік кепілдіктері
Азаматтардың мәдениет саласындағы құқықтары
Қазақстан Республикасы азаматтарының құқықтары мен бостандықтарының толықтылығы
Азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарына қол сұғатын қылмыстар
Адам мен азаматтың құқықтық мәртебесінің қорғалу механизмдері
Сот жүйесінің адам құқын қорғау жүйесіндегі орны
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz