Мініс жылқыларын сынау, бәйгеге қосу
Кіріспе
Әдеби шолу
Аттарды жаттықтықтыру
1.1 Кедергіден қарғуға түрлері
Зауыттық және ипподромдық тренинг ?
Мініс жылқыларының тренингісі
Жылқыларды сынау тәртібі
Кіріспе
Жылқы шаруашылығы -- мал шаруашылығының жылқы өсіретін саласы. Жылқы шаруашылығы бағалы азық-түліктік ет пен сүт өңдірумен қатар өнеркәсіпке - тері, қыл, ауыл шаруашылығы жұмыстарына - күш-көлік береді, жылқы қанынан емдік вакцина, сарысу, гамма-глобулин жөне қой мен сиырдың төлділігін арттыратын буаз бие қанының сарысуын дайындайды. Кең байтақ жайылымы бар Қазақстанның көптеген аудандарында жылқы шаруашылығымен айналысу тиімді.
Қазақстанда жылқы шаруашылығы - мал шаруашылығының ішіндегі дәстүрлі және пайдалану бағыты әртүрлі, қазақ халқымен ежелден тарихи қалыптасып келе жатқан көп сырлы салаларының бірі.
Жылқы - жаным, қымыз - қымыраным деген атам қазақ. Жылқының тағы бір қасиеті соғыстарда, бәйгеде, көкпарда, жорықтарда қаншалықты аласапыран қырғындарда мертіккен жауынгерлердің денесін баспаған. Тіпті кей жағдайларда аттан құлаған адам аман қалады, тіпті еш жері жарақаттанбайды. Қазақта Есек тұяғын төсейді, түйе шудасын төсейді, өгіз мүйізін, ат жалынын төсейді деген сөз бар. Бұл тұлпарға тән тазалықтың пәктіктің белгісі. Өзі туған қанды, өзінен тараған қанды білетін жаза баспай танитын, өз денесінің иісін, тараған ұрпақ иісін жаңылмай танитын, өз тұқымының үн-дыбысын мінез құлқын жаза баспай табатын қазақы жылқы тұқымының естілігі мен ақылды қасиеттері кім-кімді де таң қалдырады.
Жылқының сүті - шекер, еті - бал, иісі - жұпар, терісі - киім, мінсең тұлпар деп Досбол шешен жылқының халық өміріндегі алатын орыны өте жоғары бағалаған. Қазақ - өзі аттан, қазаны оттан түспеген халық, сондықтан да жылқы жайлы деректер өте көп-ақ.
Республика жылқы шаруашылығында бие сүтінен жасалатын шипалы сусын - қымыз, диеталық жылқы еті өндіріледі және ол бағалы тері өнімдерін алудың да қосымша көзі. Сонымен қатар қазіргі кездері Қазақстан Республикасында ат спортының классикалық және ұлттық түрлері, жазықтағы ат шабыстары, ат туризмнің жұмыстары қарқынды дамуда.
Жылқы өсірумен айналысатын шаруашылықтардың жаңа түрлерінің құрылуы мен нарық экономикасының сұранысына байланысты жылқылар жылқы зауыттары, жылқы фермалары, жекеменшік, серіктестік, шаруа қожалығы және басқа да ұжымдарда көлік малы, қосымша жұмыс күші ретінде де кеңінен пайдаланылады.
Сонымен бірге мемлекеттік әскери қарулы күштерінде де, әсіресе шекара қорғауда және полиция қызыметінде де жылқылар осы күнге дейін мініс көлігі ретінде өзінің тарихи қалыптасқан маңызын жоғалтқан жоқ. Бұл саладан өндірілетін бағалы тағамдары мен қатар, жылқы қаны биологиялық өнеркәсіптерде шипалы қан сарысуын, асқазан сөлін және емдік өнімдерді алудың шикізаты болып табылады.
Біз қазақ халқы - тегіміз - түркі, түлігіміз - жылқы деп өскен елміз. Осы бір қасиетті түліктің қазақ халқы үшін орыны өте ерекше. Жылқы қазақтың ұлттық сана-сезімі, рухани болмысы, тұрмыс-салты, әдет-ғұрпы. Ол қазақтың мәдениет пен өнерінің айырылмас тұтас бір бөлігіне айналып кеткен. Орталық Азия, оның ішінде қазақ даласы - жылқының отаны, оған дәлел - жүздеген жылқы сүйектері табылған энеолит дәуіріндегі Ботай қонысы. Ботайлықтар әлемдегі алғашқы жылқышылар, жылқыны қолға үйреткендер.
Қазақта байлық жылқының санымен бағаланған, салтанат пен сұлулықтың өлшемі де жылқы болған. Қалың малға, бәйгеге, адамның құнына, сондай-ақ айыпқа ат-шапан мен қоса жылқы төлеген. Қазақ жылқысы осы тұрғыдан алғанда, тәуелсіз Қазақстанның ұлттық бренді ретінде сақтай білуіміз керек. Жылқылардың ерекшеліктеріне негіздеп төрт бағытта өсіретін шаруашылықтар болады.
Жұмыс бағытына арналған жылқылар - шаруашылық ішіндегі жүк тасымалдау, бір жерден бір жерге қатынасу, малдарды айдау, жайп-бағу, шағын жерлерді жыртып өңдеу т.б. үшін пайдаланады;
Өнімдік бағыттағы жылқылар - ет, қымыз, өндірістерді табында ұстау кезде, жыл бойына, арзан құнарлы өнімдермен, әсіресе, жоғарғы сортты жылқы колбаса-шұжықтармен, ұлттық дәмді - қазы, қарта, жал, жая ьағамдарымен, дем алу орындарында құнды емдік қасиеті мол сусын-қымыз дайындау, емдеу мекемелеріне арналған емдік биологиялық активті препараттар жасап шығару т.б. алуға;
Спорттық бағыттағы жылқылар - әртүрлі мәдени-спортты ойындарға, туристік-саяхаттарға, арнайы жарыстарға арналған;
Жаңа тұқымды жылқыларды өсіріп, ескіні жаңарту бағытындағы селекциялық жұмыстарды жүргізу.
Жылқы малдарын өсіріп дамыту үшін және бұл саладан ең жоғарғы өнімдер алуға зоогигиеналық талаптарға сәйкес күтіп бағу шараларын қолдану қажет.
Қазақстандағы жылқы шаруашылығы өзінің тарихы қалыптасқан дәстүріне байланысты ауыл шаруашылығының басқа салаларынан ерекшеленеді. Ол өз өнімдерін салыстырғанда тек ішкі рынокқа ғана емес, сонымен бірге әлемдік бәсекелестік жағдайға қарай сыртқы рынокқа экспортқа шығару да маңызды. Сондықтан, жылқы шаруашылығының маңыздылығын ескере отырып, жылқының өзіндік ерекшеліктерін жақсы білетін жоғары білімді білікті зоотехниктерді, менеджерлерді, селекционерлерді және технологтарды дайындау қажет.
Зауыттық және ипподромдық тренинг
Зауыттық тренинг. Мініс жылқысын өсіретін жылқы зауыты мен шаруашылықта ат спортының шабыс түріне пайдаланатын мініс тұқымының тайларына зауыттық тренингісі жүргізіледі ( 6-7 айлық жасынан 1,5 жасына дейін).
Топты тренинг. Топты тренингтің ерекшелігі - жаттықтыру жұмысын енесінен айырған құлындар ( 6-8 айлығында) бір-біріне өзара үйреніскен кездерінде бастайды. Топты тренингте еркек жабағы-тайларды бір бөлек, ұрғашыларын бір бөлек жаратады. Топты тренингті тәжірибелі атқа салт мінген екі жылқышы өткізеді. Біреуі алға түсіп топты бастап қажетті аллюрмен жүріп отырады, ал екіншісі жабағы-тайлардың кейбіреуінің қалып немесе тоқтап тұрып қалмауын қадағалайды және соңында қалғандарын айдап отырады.
Топты тренингті жүргізу алдында тай-жабағыларды шашпаға (лева) жібереді. Олар шашпада бойларын жазып
Кедергіден секіру
Жылқының секіруі - өте қиын орындалатын қозғалыс. Ол секірген кезде оның жалғыз бұлшық еттері ғана емес, сонымен бірге оның орталық нерв жүйесіде қызмет етеді. Секіру биіктігі мен ені жылқының бұлшық ет күшіне жəне одан басқа секіру қимылын біріктіре білуіне байланысты. Ал желіп, не болмаса, аяңдап келе жатқанда секіру оған əлқайда қиынға түседі. Жылқының кедергіден секіруі. Жылқы секіруін негізінен: кедергіге жақындау, жерден қарғу, асылып тұру жəне жерге секіріп түсу сияқты 4 бөлікке бөлуге болады. Кедергіге жақындау. Бұл сəтте шауып келе жатқан жылқы секіруге даярланады: кедергі биіктігін жəне оның мөлшерін қарайды; оған секіруге болатындай жерге жақындап келеді; секіру бағытын жəне күшін бағдарлайды. Қос аяқтаған жылқы артқы екі аяғын сəуіріне тыға, басы мен мойнын бұққан бойы, алдыңғы екі аяғын жерге мықтап тірей отырып, артқы екі аяқты да мүмкіндігінше алдыңғы аяққа жақын қояды. Осындай қимыл жасағанда секіру өте сəтті өтеді.
Жерден қарғу. Жылқы жерден қарғи бастаған сəтте, бірден басын жəне алдыңғы қос аяғын жоғары көтереді де, артқы қос аяқты жерге тірей отырып, мойны мен басын алға соза (тепе-теңдігі алға қарай өзгерте) қарғиды.
Асылып тұру. Қатты қарғыған жылқы кедергіден аса, алдыңғы қос аяғын бүккен бетімен жəне сəл бүгілген қос артқы аяқпен кедергіден өтеді. Жылқы аяғының екі аяғын асыра бере мойны мен басын төмен түсіреді, сонда оның артқы екі аяғы кедергіні ілмейді.
Секіріп түсу. Секіріп жерге түсерде жылқы басы мен мойнын көтеріп, кезегімен бірінен соң бірі алдыңғы аяқтарын жерге тірейді. Содан соң мойны мен басын төмен тұрған күйінде бірден жоғары көтереді. Осы кезде жылқының алдыңғы екі аяғы артқы екі аяқты жерге қоюға мүмкіндік береді, бұдан əрі шабандоз жолын əрі қарай жалғастыруына болады.
Жаңа үйренуші спортшының ат кедергіден секірген сəттегі ең бірінші қимылы - атқа теріс қимыл жасамау.
Кедергіге жақындаған сəтте, спортшы секіретін бағытты анықтау керек, ер-тоқымға мықтап отырып, тақымын қыса түсуі керек (ол үшін өкшеңді сыртқа қарат).
Ат жүріп келе жатқан кезде ер-тоқымнан кейін жылжып кетпес үшін денені ептеп кейін жылжытып, белді бүгіңкіреп ұстау керек.
Жылқы секірген кезде үзеңгіге тұрмаған жəне денені алға тым еңкейтпеген жөн. Себебі жылқы секірген сəтте шабандоз өзіненөзі аздап жылжып, оның мойнына, басына жақындайды, оның төменгі жағы түсіп қалғандай сезімде болады. Жылқының секіруін жеңілдету үшін, күні бұрын тізгінді босата ұстау керек. Олай істемеген жағдайда жылқы басын жəне мойнын қатты созып, ауыздықпен алысады. Екі қолды да алға соза, тізгінмен бірдей етіп бос ұстаған жөн. Ең бірінші рет секірген жағдайда, қорықпас үшін тізгінді біржола бос жіберіп, жылқының жалынан да ұстап үйренуге болады.
Ал жылқы қарғып, кедергіден асып бара жатқан сəтте, тізгінді тартыңқырап, оның ауыздығын түзеп ұстау керек. Өзің секірер алдында қалай отырсаң, солай, тым кейін шалқаймай отырған дұрыс. Жылқы секіріп жерге түскен сəтте ер-тоқымнан алға сыдырылып түсіп қалмау үшін, денені аздап артқа шегіндіріп ұстау керек. Егер үзеңгіге тік тұрсаң, немесе тоқымыңды тым босатып жіберсең, жылқы секіріп жерге түскен сəтте сен оның мойнынан асып кетуі мүмкін. Қолы əрқашанда тізгіннен айрылмауы керек.
Жылқы секіруді толық бітірген соң, тізгін жəне дене арқылы оны керек жағына бұру керек. Ескерлетін нəрсе: тізгінді тым қатты тартып, жылқының қимылына бөгет жасамау, тізгінді тым босатып бос та жібермеу, жылқы секірген сəтте басты тым төмен салмау жəне өтіп бара жатқан кедергіге бұрылып қарамау керек. Кейбір шабандоздар жылқы қарғи бастағанда, тізгінді жоғары тартып, қарғуына көмектесемін деп те ойлайды, ол дұрыс емес. Кедергіден секіре білу дегеніміз - ол шабандоз бен жылқының бір-бірін түсініп, бірдей қимылы жəне спортшының керек кезінде жылқыға тізгін, мықын арқылы, дене қимылымен көмегі. Спортшы дұрыс секіре білуі үшін, əр секіру сəтінде ер-тоқымда дұрыс отыра білуі керек. Ол үшін жылқы үстіндегі ер-тоқымға отыруды аяңдап, желіп келе жатқанда үйрену керек. Тек содан кейін ғана жерге қойылған сырғауыл-ағаштардан, бөгеттерден өтуге жылқыны үйретеді. Осыларды үйренген соң, одан биігірек 20-35 см биіктікте орналасқан сырғауыл-ағаштарынан қарғып үйренеді. Келесі сəтте жеке-жеке қойылған кедергілер биіктігін енді 8090 см биіктікке көтеріп, содан секіріп жаттығуды бастайды. Осы кезден бастап атпен секіріп жаттығуды кезекпен үйренуге кіріседі. Ең соңында, манеж алаңының екі жақтауына екі-екіден төрт кедергі жəне дəл ортасында бесінші кедергі орналастырады. Кедергілерді бір шетінен бастап, алдымен жақтауға жақын орналасқан төрт кедергіні, ең соңында, ортадағы кедергіні секіріп өтеді. Бұл секіру кезінде барлық жүру, секіру жолын спортшы өзі ғана өтеді, тек ол болған соң келесі спортшы жалғастырады. Жаттығудың барлығын əбден үйреніп болған соң, оның қайсысын аса жақсы жасай білсе (үшінші разрядшы нормативінде), соны тапсыруына болады.
Мініс жылқыларының тренингісі
Құлын-тайлардың топты тренингісі. Жылқы зауыттарында мініс жылқы тұқымының құлын-тайларына топтық тренинг 6-7 айлық жасынан бастап жүргізіледі. Бұл әдістің ерекшелігі сол, жаттықтыруды енесінен айырған құлындар бір-біріне үйреніскен кезінде бастайды. Зауыттық тренингті шаруашылықтағы ұзындығы 1000-2000 м, ені 15,0-20,0 м жолы бар ипподромында өткізеді. Еркек құлын-тайларды бір бөлек, ұрғашыларын бір бөлек жаратады.
Мініс жылқы тұқымындағы құлын-тайларға топты тренингті атқа салт мінген тәжірибелі екі жылқышы өткізеді. Біреуі алға түсіп, топты бастап жүреді, екіншісі құлын-тайлардың кейбіреуінің қалып немесе тоқтап тұрып қалмауын қадағалайды және соңында қалғандарын айдап отырады. Жарату алдында тайларды шашпаға жібереді. Ол жерде шапқылап алған құлын-тайларды жаратуды аяң жүрістен бастайды.
Құлын-тайларға жыл мезгіліне байланысты топ тренинг жүргізу және оларды тобымен жарату жұмыстары 1 және 2-кестеде көрсетілген жүйе бойынша жүргізеді.
1 кесте - Құлын-тайлардың ат қорада тұратын кезіндегі топты тренингісі
Аллюрі (жүріс түрі)
Қазан-желтоқсан
Қаңтар-ақпан
Наурыз-сәуір
Аяң
8 мин
8 мин
9 мин
Желіс
10-12 мин
10-12 мин
10-12 мин
Аяң
10 мин
10 мин
10 мин
Желіс
10-12 мин
10-12 мин
10-12 мин
Кентер (шоқырақ шабыс)
2-3 мин
2-3 мин
2-3 мин
Желіс
5 мин
5 мин
5 мин
Аяң
15-20 мин
15-20 мин
15-20 мин
2 кесте - Құлын-тайлардың даладағы жайылу кезіндегі топты тренингісі
Аллюрі (жүріс түрі)
Мамыр-маусым
Шілде-тамыз
Қыркүйек
Аяң
8-10 мин
8-10 мин
8-10 мин
Желіс
10-15 мин
10-15 мин
10-15 мин
Аяң
10 мин
10 мин
10 мин
Желіс
10-15 мин
10-15 мин
10-15 мин
Кентер (шоқырақ шабыс)
5 мин
5 мин
5 мин
Желіс
5-10 мин
5-10 мин
5-10 мин
Аяң
15-20 мин
15-20 мин
15-20 мин
Жылқы зауытында құлын-тайларды тобымен жарату кезінде қатты шаршатпайды. Жаратудың ауырлығы мен жиілігін қорада тұру және жайылу кезеңдерінде 5,0 км-ден бастап, ақпан-сәуір айларында 8,0 км-ге дейін, жазғы кезеңде жүрістің желіс пен аяңына кезек аустырып отырып, қашықтықты бірте-бірте 10,0 шақырымға дейін жеткізеді.
Тайларға бас білдіру 1,5 жасынан басталады. Ол күзде өткізіледі, сондықтан оларды алдымен жүген-ноқтаға үйретеді, ол үшін жүгенді күніне екі-үш рет тайлардың басына кигізіп, шешіп отырады. Тай жүгенге үйреніп, жетекке еркін жүретін болған кезде, оны ұзын шылбырмен жүруге үйретеді.
Жүрістен жүріске ауысу үшін, мініс жылқы тұқымындағы тайлар бірнеше сабақтан кейін үйреніп кететін, аяң, желіс, шоқырақ деген бұйрықтарды үздіксіз қайталай беру керек. Тай кордта айнала желіп жүруге үйренген соң, күндіз тұратын қорада (шашпада) оның арқасына кішкентай терлік салып, оны айылмен бекітіп қояды. Басында айылды бос тартып қою керек, кейін тай арқасындағы затқа үйренген соң, айылды 5-6 см-ге қатайтып тартып қояды.
Тайларды шашпадан шығарып, бірнеше минут қораның ішінде жетектейді. Тай жетекке тыныш жүрсе, оны 15-20 минут кордта айналдыра желдіреді. Ара-арасында терліктің қалай тұрғанын тексеріп, қажет болса, айылын тартып қояды. Тай терлікке үйренген соң, 2-3 күннен кейін оған ер салуға кіріседі және бұл кезде ерден үзеңгі бау мен үзеңгіні алып тастайды. Басында айылды қатты тартпай, 2-3 минут жетектеп жүреді де, сонан соң оның алдындағы күндердегі сияқты кордта айналдыра желдіртеді.
Тайларға ер салғанда, кордты айналдыра жүргізгенде ешқандай мінез көрсетпесе, онда үстіне мініп, жүргізіп көруге болады. Тай үстіне адам мінгенге үйренген соң, оны ат қорадан шығарады. Салт атты адам, тайлардың мойынына тағылған қайысты тізгінмен бірге ұстағанда тізгін сәл бос тұратындай етіп ұстайды. Тай үстіндегі салт атты адамымен кордта шылбырмен жүруге үйренген соң, оны топпен жүруге үйретеді. Ол үшін жуас, үйретілген атқа мінген салт атты адам алдында жүріп отырады. Үстіне адам мінген тайларды бір-бірінен 3-4 метр қашықтықта көмекшілер тізгінінен жетектеп жүреді.
Тайлар топпен бірге жетекке тынышталып жүре бастаған кезде, көмекші шылбырды босатады, сонан соң 3-5 минут желуге көшеді. 3-4 сабақтан соң тайлар жаттығуға үйренеді, сонан кейін олармен жұмысты ашық жерде немесе жаттығу шеңберінде жалғастырады.
Тайларды 15-20 минут аяңдатып жүргізгеннен кейін, салт атты жолбасшы желіске ауысады, оның соңынан тайлар да желіске көшеді. Әдетте 10-12 күннен кейін тайлар ашық жерде немесе жарату шеңберінде топпен жүруге үйренген соң, оларды кентерге (шоқырақ шабысқа) үйретеді. Бірнеше сабақтан соң мініс жылқы тұқымындағы тайларды бұл жаттығуларды меңгерген соң, мақсатты жаттығуларға көшіреді.
Құнандардың жеке тренингісі. Мініс тұқымындағы құнандарға жеке тренингі жүргізу үшін, жарату бөліміне ауыстырады. Осы кезден бастап, құнандарды ереже бойынша жеке тренинг жүйесімен жүйелі түрде жаратуға көшеді. Құнандарды жаратудың қазан айынан мамыр айына дейін созылатын түрлі міндеттері белгіленген, үш кезеңнен тұратын жарату жоспары жасалады.
I кезең. Қазан-қаңтар. Негізгі міндеттері: кординациялық қабілеттілігін дамыту, қозғалу дағдыларын жетілдіру мен бас білдіру.
3 кесте - Құнандардың күнделікті жаратудағы жүктемелері
Аллюрі (жүрісі түрі)
Еркек
Ұрғашы
Қазан-қараша
Аяң
8-10 мин
8-10 мин
Желіс
10-15 мин
8-12 мин
Аяң
15-20 мин
15-20 мин
Жалпы жұмыс көлемі
5,6-6,0 км
4,0-5,0 км
Желтоқсан-қаңтар
Аяң
6-8 мин
6-8 мин
Желіс
15-25 мин
12-20 мин
Аяң
5 мин
5 мин
Кентер (шоқырақ шабыс)
1000-1400 м
1000-1200 м
Аяң
20-25 мин
25 мин
Жалпы жүмыс көлемі
6,0-8,0 км
6,0-7,0 км
Желтоқсанның аяғы мен қаңтардың басында кейбір құнандарды 150-250 метрдей жерге ағызып, қатты шаптырып алуға болады.
II кезең. Ақпан-наурыз. Негізгі міндеттері: жылқылардың күш-қуатын және жалпы төзімділігін арттыру, бұлшық еттерін нығайту, физиологиялық жүйе қызметін жетілдіру, организмді ұзағырақ әрі қарқынды жұмысқа дайындау. Құнандарды ақпанда 2-3 рет көсілтіп шаптырады немесе 200-250 метр жерге ағызып, қатты шауып алады. Наурызда көсілтіп шабу сипат алу керек.
4 кесте - Құнандардың күнделікті жаттығу жүктемелері
Аллюрі (жүрісі түрі)
Еркек
Ұрғашы
Ақпан
Аяң
5-8 мин
5-8 мин
Желіс
10-15 мин
10-12 мин
Аяң
5 мин
5 мин
Кентер (шоқырақ шабыс)
1400-1600 м
1200-1400 м
Аяң
20-25 мин
20-25 мин
Жалпы жүмыс көлемі
7,0-8,0 км
6,0-7,0 км
Наурыз
Аяң
5-8 мин
5-8 мин
Желіс
10-15 мин
10-12 мин
Аяң
5 мин
5 мин
Кентер (шоқырақ шабыс)
1500-1800 м
1400-1600 м
Аяң
20-25 мин
20-25 мин
Жалпы жүмыс көлемі
7,0-9,0 км
6,0-8,0 км
III кезең. Сәуір-мамыр. Негізгі міндеттері: жылқылардың жылдамдық қасиеті мен арнайы шыдамдылығын арттыру
5 кесте - Құнандардың күнделікті жаттығу жүктемелері
Аллюрі (жүрісі түрі)
Еркек
Ұрғашы
Сәуір-мамыр
Аяң
5-8 мин
5-8 мин
Желіс
10-15 мин
10-12 мин
Аяң
5 мин
5 мин
Кентер (шоқырақ шабыс)
1600-2000 м
1500-1800 м
Аяң
20-25 мин
20-25 мин
Жалпы жұмыс көлемі
7,0-9,0 км
7,0-8,0 км
Осы кезде аптасына бір рет көсілте шабады немесе 500-1000 метрге жүгіртіп алады.
Жарыс кезеңі (мамыр-қыркүйек). Ипподромдағы сынақ кезеңінде жүріске түсетін жүктемелердің көлемі кемінде 2000-2500 м, ал шоқырақ шабысқа (кентер) 1500-2000 метрден кем болмауы тиіс.
Мініс тұқымындағы құнандарға берілетін жүлде үшін болатын ат жарысының алдындағы ең соңғы ұшырта шабуды сөреден бір күн бұрын жасайды. Бұл құнандарды қарқынды жаратулардан кейін күш жиюына, мүмкіндік береді. Жүлде үшін болған жарыстан кейін құнандарды 2-3 күн белсенді демалдырады (аяңдату, левадада немесе паддокта серуендету), ал 3-4 күннен кейін жеңіл жаратулар жасайды (аяңдату, желдірту).
Ипподромдағы сынақ ережелеріне таза қанды ағылшынның мініс тұқымындағы құнандары үшін жарысқа қатысу саны орташа алғанда айына бір жарым рет болуы керек, сондықтан сөре арасындағы үзіліс екі аптадан кем болмау тиіс.
Жарыс маусымы аяқталған соң, құнандар шаруашылыққа қайтарылып, демалады. Оларды 2-3 сағатқа левадаға немесе паддокқа шығарады. Бұл - құнандардың белсенді демалуының ең қолайлы жолы. Құнандардың 1,0-1,5 айлық белсенді демалысынан кейін оларды келесі жылғы ат жарысындағы дөнендер арасындағы жарысқа дайындайды.
Дөнендердің тренингісі. Мініс жылқы тұқымдарының осының алдындағы жаратулар мен сынақтар кезіндегі жылқылардың жаратудағы және жарыстағы мінез-құлықтары, жаратулар мен жарыстардағы жүктемені көтеруінің физиологиялық мүмкіндіктері, сөре және мәредегі спринтерлік қабілеттіліктері және басқа да жеке қасиеттері анықталады. Жаратушы бапкер жылқылардың байқалған мінез-құлықтарын келесі жылқы жарату циклі мен бұдан кейінгі сынақтарға дайындауда ескеруі тиіс.
Мініс тұқымындағы жылқыларды жоспарлы жаратуға кіріспес бұрын мал дәрігері жылқыларға клиникалық тексеру жүргізіп, олардың жүрек-қан тамырлар, тыныс алу, ас қорыту жүйелерінің және қозғалыс аппараттарының жай-күйіне баға береді. Қажет болған жағдайда алдын алу және емдеу шараларын тағайындайды. Мал дәрігерлік тексерудің нәтижесінің негізінде және жылқылардың жалпы күйлеріне байланысты (еті, семіздігі және т.б.) жаратушы бапкер жарату кезеңінің жалпы жоспарын жасайды.
Дөнендерді дайындау мерзімі (қазан-мамыр) белгілі бір міндеттерден тұратын үш кезеңге бөлінеді.
I кезең. Қазан-қаңтар. Негізгі міндеттері: жылқылардың күш-қуаты мен жалпы төзімділігін арттыру, бұл міндеттерді орындауға балшықты жерлермен, қалың қармен жүру арқылы қол жеткізуге болады. Бұл кезеңдегі негізгі жүріс түрі - аяң мен желіс.
6 кесте - Дөнендердің күнделікті жарату жүктемелері
Аллюрі (жүрісі түрі)
Еркек
Ұрғашы
Аяң
6-8 мин
6-8 мин
Желіс
20-25 мин
15-20 мин
Аяң
20-25 мин
20-25
Жалпы жұмыс көлемі
7,0-12,0 км
6,0-9,0 км
Қаңтардың ортасында немесе аяғында дөнендері шоқырақ шабыспен (кентер) жүргізеді. Бұл кезеңде желуді айтарлықтай азайтады.
II кезең. Ақпан-наурыз. Негізгі міндеттері: жылқылардың күш-қуаты мен жалпы төзімділігін одан әрі арттыру, организмдерін бұдан гөрі қарқынды жүктемелерге дайындау.
7 кесте - Дөнендердің күнделікті жарату жүктемелері
Аллюрі (жүрісі түрі)
Еркек
Ұрғашы
Ақпан
Аяң
6-8 мин
6-8 мин
Желіс
15-20мин
12-15 мин
Аяң
5 мин
5 мин
Кентер (шоқырақ шабыс)
2-3 км
1,5-2,5 км
Аяң
20-25 мин
20-25 мин
Жалпы жүмыс көлемі
8,0-10,0 км
7,0-9,0 км
Наурыз
Аяң
6-8 мин
6-8 мин
Желіс
10-15 мин
12-15 мин
Аяң
5 мин
5 мин
Кентер (шоқырақ шабыс)
2,5-3,5 км
2-3 км
Аяң
20-25 мин
20-25 мин
Жалпы жүмыс көлемі
10,0-12,0 км
8,0-10,0 км
Дөнендерді наурыз айында аптасына 1-2 рет 300-400 метргеқаттышабысқажүгіртіпжәнежеңіл көсілтешабысжасатукерек.
IIIкезең. Сәуір-мамыр. Негізгі міндеттері: жылқылардың жылдамдығы мен арнайы шыдамдылығын дамыту.
8 кесте - Дөнендердің күнделікті жарату жүктемелері
Аллюрі (жүрісі түрі)
Еркек
Ұрғашы
Сәуір
Аяң
6-8 мин
6-8 мин
Желіс
15-20мин
12-15 мин
Аяң
5 мин
5 мин
Кентер (шоқырақ шабыс)
2,6-3,6 км
2,2-3,2 км
Аяң
20-25 мин
20-25 мин
Жалпы жүмыс көлемі
9,0-11,0 км
7,0-9,0 км
Мамыр
Аяң
5-8 мин
5-8 мин
Желіс
10-15 мин
10-12 мин
Аяң
5 мин
... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz