Термин және терминология туралы жалпы түсінік. Терминнің жалпы сипаттамасы



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
1.1.Термин және терминология туралы жалпы түсінік. Терминнің жалпы сипаттамасы.

Термин бұл сөздік нысанда, я болмаса белгілі бір ресми түрде көрсетілуі мүмкін ғылым мен техниканың қазіргі даму деңгейіндегі негізгі, маңызды белгілерін дәл және толық бейнелейтін нақты табиғи немесе жасанды тіл бірлігі.Термин - мазмұн тұрғысынан сәйкес келетін логикалық-ұғымдық жүйенің белгілі бір бірлігіне міндетті түрде сәйкес келетін сөз.
Тіл білімі ғылымының профессоры А. А. Реформатский терминді экспрессивтілігінен айырылған бір мағыналы сөз ретінде анықтайды. Ал ғалым М. М. Глушконың сөзінше термин бұл қатаң және дәл дефиницияның арқасында нақты семантикалық шекараларға ие заттарды белгілеуге және түсініктерді білдіруге арналған сөз немесе сөз тіркесі.
Термин қызметіне байланысты 3 негізгі көзқарас бар: номинативті, дефинивті (яғни терминнің қатаң нақты дефинициясының болуы), номинативті және дефинитивті. В. В. Виноградов былай жазады: сөз номинативті немесе дефинивті қызмет атқарады, яғни я нақты белгілеу құралы болады, сонда ол жай белгі, я болмаса логикалық анықтаманың құралы болады, сонда ол ғылыми термин. Кейде термин атайды, білдіреді, сипаттайды тіпті ұғымды көрсетеді. Бұдан шығатын қорытынды: термин номинативті, сигнификативті, экспрессивті қызметке ие.
Нағыз ақылға қонымды, қисынды К. А. Левковскийдың көзқарасы секілді: Толыққанды сөздердің ішінде мағынасы мен қолданылуына байланысты ерекше сөздер бұл терминдер, өйткені олар тілдің басқа сөздерінің номинативтік (затты білдіру) қызметімен қатар дефинитивтік (сәйкес ұғымды анықтау) қызметімен де ерекшеленеді .
Термин сөздердің термин емес сөздерден маңызды ерекшелігіне тоқталып өтсек:
1) Бөлек затпен емес ұғыммен қатынасы; анықтауды қажет етуі;
2) Жеке дара ғылыми ұғымның пайда болуы;
3) Термин мағынасының бір терминологиялық жүйе шегіндегі басқа термин мағыналарымен қарым қатынасы;
4) Белгілі бір кәсіби қызметпен байланысы және т.б.
Әр түрлі авторлардың сөзіне сенетін болсақ, жақсы терминге келесі негізгі талаптар қойылады: бірмағыналылық, дәлдік, қысқалық, жүйелілік, контекстке байланысты болмауы, бір терминологиялық жүйе шегінде синоним және омонимдердің болмауы және т.б.
Терминнің көпмағыналылығына байланысты пікірлер әртүрлі. Біреулері тек бірмағыналы болу керек дейді, ал енді біреулер көпмағыналы бола алады дейді. Бұл туралы А. А. Реформатский былай айтады: терминнің бірмағыналылығы тек қана бір терминология шегінде болу керек.
Терминологтардың сөзінше, термин констекстке байланысты емес. А. А. Реформатскийдың сөзінше термин контекстті қажет етпейді, өйткені ол контекстті алмастыратын терминологиялық саламен байланысты. Мұндай көзқарас сәйкес талаптарға сай термин үшін қолайлы.
Терминнің лингвистикалық табиғаты қандай? Біріншіден, термин - Әдеби тіл лексикалық жүйесінің ажырамас органикалық бөлігі. Екіншіден, терминдер басқа сөз дәрежелерінен өзінің ақпараттық қанықтылығымен ерекшеленеді. Ғылыми және техникалық терминдерде ғылыми немесе техникалық түсініктердің дәл, жинақталған және шағын анықтамасы берілген.
Терминге қойылатын ең басты талап - оның бірмағыналылығы. Жалпы терминологиялық жоспарда бұл талап 2 жолмен орындалады. Өйткені терминнің 2 категориясы бар: 1) жалпығылыми және жалпытехникалық; 2) арнайы терминдер. Жалпығылыми және жалпытехникалық терминдер ғылым мен техниканың жалпы түсінігін білдіреді. Терминдер жай ғана тілде емес, срнымен қатар белгілі бір терминология құрамында болады. Терминология ғылыми терминдер жүйесі ретінде тілдің жалпы лексикалық жүйесінің ішіндегі ішкі жүйесін білдіреді. Егер де тілде бір сөз көпмағыналы болса, белгілі бір терминологияға түскен кезде бірмағыналы сөзге айналады.
Терминнің лексикалық сөз дәрежесі ретіндегі ерекшелігі өндірістік және ғылыми қызмет үрдісінде жасалады, сондықтан сәйкес ғылыми және өндірістік қызмет саласындағы адамдар арасында тарайды. Сол себепті егер де қарапайым сөздердің бірмағыналылығы оқиғаға немесе лингвистикалық контекстке байланысты болса, терминнің бірмағыналылығы экстралингвистикалық немесе лингвисткалық макроконтекстке байланысты.
Тілдің лексикалық жүйесі шегінде терминдер басқа сөздер секілді қасиеттер танытады, яғни оларға антонимия да,идиоматика да тән. Мысалы, Valve термины машина жасау саласында клапан, радиотехникада электронды лампа, гидраликада затвор деген мағынаны білдіреді; Power термины физикада қуат, энергия, математикада дәреже, оптикада линзаның ұлғаю күші деген мағынаны білдіреді.
Бір термин тілдің әр түрлі терминологияларына жатуы мүмкін. Ал бұл өз кезегінде ғылымаралық терминологиялық омонимияны білдіреді, мысалы:
Reduction: 1) экономикада, 2) құқықтануда, 3) фонетикада;
Терминология мен терминдік жүйе туралы айтатын болсақ, ең алдымен терминология мен жалпыәдеби лексиканың байланысына тоқталу керек. Кейбір авторлардың пікірінше, терминологиялық бірліктердің айрықша ерекшеліктері (атап айтатын болсақ контекстке тәуелсіздігі, бірмағыналылығы және т.б.) терминологияны әдеби тілдің ерекше ішкі жүйесі ретінде қарастыруға мүмкіндік береді және тілде термин - термин емес деген оппозияның барын растап отыр. Соған сәйкес терминология жалпыәдеби лексикаға қарама қайшылық туғызады, ал терминдер өз кезегінде ерекше бірлік ретінде ғылымның белгілі бір терминологияның алаңы жабық жүйесіне енеді.
Біртіндеп ғылыми білімнің мазмұны біз таңдаған тілге де еніп, оны қанықтырып, толықтырады. Тілде сөз, сөз тіркесі олардың мағынасынан ажырамайды, және бұл жерде ғылыми білімнің мазмұны ғылым тілінің элементіне айналады. Ғылыми білім бұл тілдің лексика-семантикалық жүйесінің құрамдас бөлігіне айналып, белгілі бір ғылым тілінің семантикалық жүйесі мен құрылымына кіру арқылы жаңа сапалы сатыға ауысады.
20 ғасырдағы ғылым мен техниканың қарқынды дамуы сәйкес терминологияның тез дамуына әкеп соқты. Терминдерді стандарттау, сондай ақ ғылым мен техниканың әр түрлі саласында терминологияны талдау, реттеу қажеттілігі туындады.
Терминологияның тарихы ғылым, техника, мәдениет және өнермен тығыз байланысты. Ғылым мен техниканың дамуы арнайы-кәсіби және ғылыми терминологияның аяққа тұрып, дамуына, термин табиғаты мен тіл жүйесіндегі терминологияның орнына деген көзқарастың пайда болуына әкеп соқты.
Алдыңғы қатарлы тіл маманы ғалымдары өз мойындарына екі рөлді жүктеді: термин-жасаушы (ғылымның дамуы терминологияның жасалуын талап етті) және терминтанушы (дамып келе жатқан ғылым тілдің жан жақты талдау жасалуын қажет етті). Әлеуметтік-кәсіби қызметті сипаттайтын жаңа сөздердің пайда болуы грамматист ғалымдармен қатар арнайы мамандарды арнайы лексикон жасап шығару туралы ойлануға мәжбүр етті.
XIX ғасырдың соңында терминологияның дамуы ғылым, техника, өнеркәсіп ауылшаруашылығы, мәдениет пен өнер салаларының дамуымен айқындалды. XX ғасырда әлеуметтік қажеттіліктер көптеген терминологиялық сөздіктердің ( энциклопедиялық, түсіндерме және аударма сөздіктер) пайда болуына әкелді.
XX ғасырдың соңы XIX ғасырдың басы Қазақстан мен өзге де елдердің экономикалық және әлеуметтік мәдени өмірлерінің түбегейлі өзгерісіне алып келген экономикалық және мәдениаралық кеңістіктің жаһандануымен есте қалды. Термин және терминология санының күрт өсуі, сонымен қатар терминдердің жалпыхалықтық тілдерге кеңінен енуі байқалды.
Бүкіл әлемде 5000нан астам тіл бар, алайда дамыған ғылыми терминология тек 60 тілде ғана және 300дей кәсіби саланы қамтиды. Әрбір тілде терминологиялық сала ондай көп емес екенін айтып өту керек. Әр саланың терминологиялық белсенділігі бірқатар факторларға байланысты: саланың өнімділігі, объектінің зерттелгендігі, ғылыми базаның даму деңгейі, сондай ақ осы саладағы халықаралық серіктестіктің сәттілігі. Қаржылық экономикалық сала қазіргі уақытта қарқынды даму үстіндегі салалардың бірі болып табылады. Сәйкесінше қаржылық-экономикалық терминологияның дамуы үдей түседі.
Осылайша, термин мен терминологияның мәнін түсіну үшін керек:
1. Терминнің семантикалық табиғатын талдап, термин мен жалпы қолданылатын сөздерді салыстыру.
2. Терминологияның нақты белгілерін айқындап, терминология мен терминологиялық жүйенің мазмұнын анықтау.
Терминологиялық дамыған тілдерде белгілі бір саладағы атаулар жүйесін құру маңызды. Егер де ұлттық тілде өзінің ғылыми терминологиясы болмаса немесе даму үрдісі баяу болса, онда ғалымдар басқа тілдің терминологиясын пайдалануға мәжбүр болады.
Терминологияның басты бірлігі ол сөз. Сондықтан да термин-сөз концепциясы терминтануда маңызды орын алады. Жалпы тіл дамуында маңызды арнайы лексика саласындағы ережерлерді зерттей келе терминологиялық проблемалар тілге едәуір ықпалын тигізеді. Лингвистикада әзірге термин сөзінің нақты анықтамасы жоқ. Кейбір терминдер көп мөлшерде зат бағытында, ал енді біреулері ұғым бағытында болады. Терминдер ақпараттық-танымдық қызмет атқарады, олар адамзаттың ғасырлар бойы жинақтаған білімін сақтайды.
Тіл білімінде сөздің бірнеше анықтамасы бар, атап айтатын болсақ, фонетикалық, морфологиялық, синтаксистік, семантикалық анықтама. Сөйлеу тілінде термин-сөздер және термин емес сөздер немесе жалпылама, күнделікті сөздер кездеседі. Сөздің материалдық, физикалық жағы (естілуі немесе әріп бейнесі) біздің миымызға басқа физикалық сигнал-тітіркендіргіштер (тарсыл, оятқыштың дыбысы) сияқты әсер етеді. Мида сөздің дыбыстық, физикалық бейнесі қалыптасады.
Терминнің көптеген заманауи анықтамаларында терминологиялық бірліктердің аталымдылығы (номинативтілігі) байқалады:
1. "Терминді біз анықтаманы қажет ететін, арнай пайдаланатын саласы бар ғылыми немесе өндірістік-технологиялық ұғым деп түсінеміз"
2. "ғылыми-техникалық термин" ұғымын белгілі бір ғылыми-техникалық ұғыммен байланысты аталымды топ ретінде анықтауға болады.
Термин табиғатына деген екі көзқарас бар: субстанциялы және функционалды.
Субстанциялық көзқарас бойынша термин математикалық символдар типтес ерекше таңба болып табылады. Ал функционалды көзқарасқа арнайы кәсіби ұғымды білдіретін қызметін терминнің басты дифференциалды таңбасі ретінде тану тән.
Терминге деген функционалды амал термин мен жалпылама сөздерді бір бірінен ажырататын негізгі белгі ретінде ұғым ұғымын айқындауды қажет етеді.
Терминдер - ерекше сөздер. Иә, олар да қарапайым сөздер секілді әріптерден, дыбыстардан құралған, яғни терминдер бұл сөздер. Бірақ терминнің ішкі бөлігі, мазмұны қарапайым сөздерден ерекшеленеді. Лексикалық семантика терминологиясын пайдалану арқылы термин мазмұнын сөздің арнайы стилистикалық шектелген лексикалық мағынасы ретінде елестетуге болады. Алайда термин және "арнайы лексикалық мағына" термин семантикасының терең мағынасын аша алмайды. Термин сөздің семантикалық ерекшелігін терминнің таңбалық табиғаты арқылы бақылауға болады.
Термин семантикасының логикалық мәнін қарастыра отырып, басқа да лингвистикалық ерекшеліктерге назар аудару керек: уәжділік (мотивированность), бірмағыналылық, жүйелілік. Әрқайсысына жеке қысқаша тоқталып өтсек.
Уәжділік. Термин басқа сөздерге қарағанда бір ғана тәсілмен пайда болады - ол жасалады, арнайы ұғымды атау үшін ойлап табылады. Алдымен арнайы ұғым пайда болады, содан кейін оның атауы үшін таңба. Осы мағынада термин қайталанба (вторичен), демек әрдайым уәжді. Келесі мәселе - уәжділік дәрежесі, оның формасының "анықтылығы" ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Терминологиялық бірліктердің лексикографиялық сипаты
Қазақша сөздіктің құрылымы мен терминжасам тәсілдері
Когнитивтік парадигмадағы терминология
Ағылшын тілді терминдерді аударудың техникалық әдістері
Сөз тіркесі түріндегі терминдер
Дипломатиялық құжат тілінің терминдері
Қаржы және экономика саласы терминдерін қазақ тіліне аудару ерекшеліктері
Дипломатиялық терминдер
Кәсіби терминдерді қазақшалау
Мұнай және газ саласындағы терминологиялық өрістің ерекшелігі
Пәндер