Қазіргі әлемдегі аймақтық және жергілікті қақтығыстар мәселелері
Кіріспе
Лаңкестік, экстремизм мен қазіргі әлемдегі оның құбылыстарына қарсы тұру мәселелері жекелеген мемлекеттер үшін де, сондай-ақ жалпы дүниежүзілік қоғам үшін де - ең маңызды мәселелердің бірі болуымен негізделеді. Оны соңғы уақытта лаңкестік акциялардың өзінің жеке адами және жеке ұлттық мәнін өзгерте отырып, жалпы дүниежүзілік құбылысқа айналған ауқымымен және сипатымен түсіндіруге болады. Осыған байланысты адекватты әдістер және лаңкестік пен діни экстремизмді жеңу мен жою механизмдерін дайындау мақсатында осы құбылыстардың мәнін нақты анықтап алу керек. Экстремизм, жалпы түрі бойынша қоғамда қолданылатын нормалар мен ережелерді жоққа шығаратын қоғамға қарсы пікірлер мен әрекеттер болып табылады. Қоғамның саяси саласында пайда болған экстремизм саяси экстремизм деп, ал діни салада көрініс тапқан экстремизм діни экстремизм деп аталады. Дін барлық әділетсіздікке, жалғандыққа қарсы күресу мен қарсы тұруға рухани негіз болып табылады. Сондықтан адамзат өмірінің әртүрлі кезеңдерінде түрлі елдерде, әртүрлі діни наным аясында діни экстремизм пайда болған, ал ол діни наным практикасына қайшы келіп, оған кедергі жасаған. Бұдан басқа, билік режимімен келіспеуді көптеген жағдайда діни экстремизм формасында өршіткен. Мысалы, христиан әлеміндегі діни шиеленістерді (Лютер реформациясы) христан және мұсылман елдерінде діни фундаментализм көріністерінің пайда болуын еске түсіргеннің өзі-ақ жеткілікті. Қазіргі уақытта дін маңызды рөл атқарып, секулярлы қоғамдағы адамдар санасын қалыптастыра бастады. Адамгер- 6 Қазіргі әлемдегі діни экстремизм: саясаттанулық талдау шілік мінез-құлық, толерантты сананы қалыптастыру саласында дәстүрлі дін рөлі тарихи даму барысында белгіленеді. Бірақ әлемде жағдай өзгеріп отырады және дінде интеграциялық және дезинтеграциялық әлеует бар, дінді саяси стратегияда пайдалануға болады, міне, нақ соны діни экстремизмнің жетекшілері мен апологеттері қолданады. Қандай да болмасын қоғамның күрделі әлеуметтік-саяси жағдайларын пайдалана отырып, олар қоғамда, дұрыс діни наным жоқ, қоғам әбден бұзылып кеткен және оны қандай да болмасын діни экстремизм формалары арқылы тазалау керек деп түсіндіреді. Осы мақсатта діни экстремизмді діндар емес елдерге экспорттау жүзеге асырылады. Егер ХХ ғасырдың басында діни экстремизмнің бейнесі, үрдістері және т.б. жалпы болатын болса, постмодерн жағдайында ол әртүрлі елдер мен әртүрлі жағдайларға тез бейімделетін формалар мен бағыттарды қабылдай бастады.
II. Жұмыс барысы
Әлемнің екі полюсті және суық соғыс аймағында да, жалпы ғаламшарымызда өршіген шиеленіс - бұл аймақтық және жергілікті қақтығыстар. Бұл қақтығыстар көптеген мемлекеттердің экономикалық, әлеуметтік және саяси дамуына мемлекеттерде миллиондаған адамдардың өліміне әкелді. Ал осындай қақтығыстарды қазіргі таңда политология ғылымының саласы - конфликтология, ал саяси география жүйесінде - геоконфликтология қарастырады.
Екі жүйенің конфронтацияға келуінің нәтижесінде әлемдегі суық соғыстық аймақтар мен жанжалдар біраз азайды. Мысалы, бейбітшілік келісімдер арқылы Оңтүстік- Шығыс Азияда (Камбоджа), Африкада (Наимбия, Ангола), Латын Америкасында (Никарагуа), Сальвадор, Еуропаның біраз мемлекеттері және ТМД мемлекеттері арасында саяси жағдайлардың шешімі табылды. Дегенмен, ХХІ ғасырдағы туындап жатқан аймақтық және жергілікті қақтығыстар халықаралық қауіпсіздікті күшейтуді талап етпек . Оның көбісі лаңкестік толқынның туындауына және жанжалдық зонадан тыс шығу әрекеттеріне ие. Бір сөзбен айтқанда, әлемнің саяси картасын қақтығыс, жанжалдарсыз түсіну мүмкін емес. Енді осыған байланысты бірнеше мәселелерді қарастырайық.
II.1 Қазіргі әлемдегі аймақтық және жергілікті қақтығыстар мәселелері
Қазіргі заманда адамзаттың жаһандану мәселелерінің бірі ретінде экстремизмге қарсы күрес болып табылады. Діни негіздегі экстремизм мәдени, экономикалық және заңды кеңістіктердегі жаһандану үрдісінің байланысы, бұл объективті үрдіс топтар мен жалпы адамзаттық құндылықтар арасындағы қақтығыстар мен конфликтілерді, әртүрлі мәдениеттегі халықтардың және діни наным-сенімдердің наразылығын тудырады. Қазіргі өркениет пен дәстүрлі діндер туралы көзқарастар қарама-қайшылықтарға ие болуда. Батыста мемлекеттік шекараны алып тастап, біріккен Еуропаны құру мақсатында, дәстүрді жеңілдету мақсатында, конфессиялардың тарапынан негативті қарама-қайшы пікірлердің пайда болуынан қарқынды таластарды тудыруда. Шығыста дәстүрлердің қақтығыстары өркениет заманында жаппай қантөгісті алып келуде. Бұған дәлел қазіргі таңдағы алыс және жақын шетелдердегі қоғамдық-саяси хал-ахуалы дәлел. Қазіргі таңда діни наным-сенім жағ - дайында жалпы экстремизм деген терминге ғалымдар ортақ бір нақты мазмұн беретін анықтама берген жоқ. Сан түрлі пікірлер айтылуда. Нақтылап заңи тұрғыда айтатын болсақ қоршаған ортаға, қоғамға үлкен қауіпті құбылыс. Діни экстремизм бұл қоғамдағы дәстүрлі діннің құндылықтарын жоққа шығару. Қоғамда зайырлықты қалыптастырмау үшін, оған қарсы әрекеттер жүргізе отырып, қоғамға белгілі бір діни конфессиялар арқылы, діни ағымдар бойынша өз түсініктері мен көзқарастарын жүргізуде. Жоғарыда аталған іс-әрекет - терді жасайтындарды қоғам тұлғалары экстремистер деп атайды. Соңғы уақыттары экстремистер өз мақсат - тарына жету үшін қанды террорлық әрекетті құрал ре - тінде қолданып, әлем жұрт - шылығын алаң - датып отыр. Экстремизм - нің қай түрі болса да тұтас әлемге, мемлекеттің ұлттық қауіпсіздігіне, елдің аумақ - тық тұтастығына, азаматтардың құқы - ғына және бостандығына үлкен қауіп төндіреді. Кез келген ел үшін діни экстремизмнің ең қауіп - ті түрі - дінді жамылып, діни наным сенімдерді ұрандата бүр - кемелеп ұлттар мен діндер арасына қарама-қайшы бір-біріне от қойып, шағыстыру. Оның арты үлкен қақтығыстарға әкеледі. Діни экстремизмнің негізгі мақсаты - өз дінінің басқа діни конфессияларға басым екенін мәжбүрлі түрде мойындату. Халыққа өз діни идеологиясына сүйене, соған сай құқықтық нормаларды жасап, бөлек мемлекетті құру негізгі ұштасқан мақсаттарының қатарына жатады. Қоғамдық пікірге сүйене келе діни экстремизм бұл діни фана - тизмнің тысқары шектен шыққан түрі. Яғни, кез келген экстремизмнің мәні насихат жүргізушілердің пікірлеріне құлақ аспай қосылмаған - дарға зорлық-зомбылық әрекеттерді ұштастыра отырып көрсету болып табылады. Діни экстремизм ғаламды жер шарындағы өмір сүріп жатқан адамзат қоғамына өзіндік сипатына тән көзқарасы мен діни фанаттық идеологиясын қалыптастырып дамыту мақсатында әрекет етуді ұйымдастырады. Терроризмнің шыңға шығып өркендеуі діни экстремизммен тығыз байланысты. Қазіргі таңда өмір сүріп жатқан қоғамымызда діни экстремизм қарқынды бағытта қанатын жайып, қоғамымызды дүрліктіру жолында. Халықаралық экстремизм мен терроризмге қарсы тиімді күрес жүргізу үшін барлық қоғам мүшелерімен ұйымдаса отырып, бірігіп күшейту қажет. Себебі жеке дара бұл күшпен күресу мүмкін емес, күресу үшін жаппай біріге отырып жеңу жолдарын қарастыру қажеттігі туындап отыр. 2006 жыл - ы 8 қыр - күйек - те БҰҰ Бас Ассамблеясы Ғаламдық террормен күрес стра - тегиясын қабылдады. Бұл құжат - та БҰҰ-ға мүше мемлекеттер экстремизм мен терроризмнің барлық пішінін бір жақты айыптайды және осыған қарсы тығыз ынтымақтастық арқылы әрекет етуге дайын екендігін көрсетеді. Стратегияны әр мемлекет шы - найы түрде іске асырып жатса, діни экстремизм мен күрес шын мәнінде өз нәтижесін берер еді.
II.2 Дүние жүзіндегі ең шиеленістік аймақ. Таяу Шығыс
Таяу Шығыс шиеленісінің пайда болуы, тууы, дамуы сияқты мәселелері - әлемдік тарихта кеңінен зерттеліп жүргенімен, қазақстандық зерттеулерден шеттетіліп қалған тың дүние. Таяу Шығыс шиеленісі тарихындағы араб-израиль соғыстарының ішіндегі ең күрделі, осы күнге дейін соғыс салдарынан зардап шегуші тараптар талаптарының жүзеге асырылмай отырғандығымен ерекшеленіп отырған маусым соғысы тарихын зерттеудің маңыздылығы әлі күнге зерттеушілердің назарынан түскен жоқ. Араб-израиль қақтығыстарының осы уақытқа дейін толастамауы, Таяу Шығыс жанжалының реттестірілмеуі бұл шиеленістің халықаралық бейбітшілікті дағдарыстык деңгейге жеткізіп, мұсылман елдеріндегі ахуал мен әлемдік экономикалық жүйеге әсер етті.
Екінші дүниежүзілік соғыстан әлемдегі биполярлық жүйе АҚШ пен КСРО үстемдік еткен екі әскери саяси топқа бөлінуімен, қырғи-қабақ соғыс рухындағы қақтығыстар мен әлемдік саясаттағы дағдарыстарды әскери саяси тәсілмен шешу басымдылығымен сипатталады.
Жер бетінде қанша ұлыс болса, сонша құндылық бар. Әлем сахнасында болып жатқан барлық өзгерістер мен үдерістер осы құндылықтардың түйісуі не әрқилы болуымен тығыз байланысты. Біреулер дінді, біреулер ұлтты, біреулер ұлттық мүддені, біреулер тілді, біреулер өркениет, мәдениет және тарихты құндылық санайды. Бұл мәселеде жер тұрғындарының бәрі бір ортақ пікірге келе бермейді. Алайда, құндылықтар қанша сан- алуан болса да, солардың ішінде барлық адамзатқа ортақ баға жетпес құндылық бар. Ол - бейбітшілік пен қауіпсіздік.
Халықаралық өмірдің басты құндылығы - бейбітшілікті нығайту және жалпыға бірдей қауіпсіздікті қамтамасыз ету. Қазіргі жаһандану заманында жердің бір түкпірінде болып жатқан дағдарыс лебі тікелей не жанама түрде барлық жер бетіндегі елдерді толық шарпып өту қаупі бар.
1947 жылы БҰҰ-ның шешімімен екі мемлекет құрылуы тиіс болатын. Оның бірі құрылып, екіншісі құрылмай қалды. Соның салдарынан қазақ бітіспес дау ретінде айтатын жер дауы әлі күнге жалғасып келеді. Ал қақтығыстың түйінін тарқату мәселесіне келетін болсақ, адамзат баласы күшпен ештеңе тындыра алмайтынын мойындайтын уақыт жетті. Өзара түсіністік пен келісім ғана бейбіт реттеудің алғышарты бола алады.
Жалпы, палести - налық арабтар мен еврейлердің бір-бірімен өлермен болып өштесетін, бітіспестей тіре - сетін жөні жоқ. Өйткені бұл екі ел - бір-бірімен тамырлас туыс, түп аталары-бір: Ибраһим пайғамбар. Оның Сара атты әйелі құрсақ көтермеген. Сол әйелдің өзі пайғам - барға мысырлық жалшы қызды қосады, одан Исмаил туады. Исмаилден бүкіл араб жұр - ты тараған. Ал тағы бір еврей қызымен некесінен Исаақ туды да, одан еврейлер тарады. Сондықтан да діні басқа екі жұрт - бір-біріне бауыр.
Халықаралық қауымдастықтың күшін біріктіре отырып, жанжалды әділеттілік пен халықаралық құқық негізінде бейбіт саяси жолмен шешу процесінде БҰҰ-ның ролі өте зор. Тек 1947-1982 ж.ж аралығында БҰҰ Бас Ассамблеясы палестина проблемасын қарай отырып, 30-дан астам резолюция қабылдады. БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі тек 1967-1980 ж.ж. аралығында осы мәселеге қатысты 15 резолюция қабылдады. БҰҰ - ның резолюциялары Таяу Шығыста түбегейлі, әділетті бейбітшілік орнатуға бағытталған. Алайда Халықаралық сионизм мен АҚШ-тың қуатты қолдауына арқа сүйеген Израиль БҰҰ-ның және басқа да Халықаралық ұйымдардың қарарлары мен шешімдерінің көпшілігін орындамауда.
а) Палестина мен Израиль
Палестина Ұлттық билігіне Норвегия келісіміне сәйкес саяси және дипломатиялық қолдауымен қатар орасан зор экономикалық және қаржылық жәрдем көрсетуде. Еуроодақ 1994-2002 ж.ж. аралығында Палестина Ұлттық билігінің инфраструктурасы мен экономикасының дамуына және палестиналық босқындарға жәрдем ретінде 1,6 млрд АҚШ долларын бөлді. Ресей Федерациясы Таяу Шығыс жанжалын бейбіт реттеу мәселесінде басты демеуші болып есептелетін Төрттіктің бірі болып табылады.
Бүгінгі жаһандану заманында ірі азиялық мемлекет ретінде Қазақстанның тәуелсіз сыртқы саясатында, ұлттық мүдделерді қорғауда тепе-теңдікті қамтамасыз етудің маңызы ерекше. Сондықтан, қазақ дипломатиясы осы тұрғыда мүдделі тараптармен өзара тиімді ынтымақтастықты орнатуға және оларды дамытуға бағытталған.
Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев айтқандай, Дүниені қайдағы бір ассиметриялық соғыс дүр сілкіндірді. Тұрақты әскері жоқ эксаумақтық ұйымдар мен мемлекеттік айғақтары сайма - сай элемдік деңгейдегі державалар арасындағы соғыс. Жаңа геосаяси күш өзін жан түршіктірер тасжүректік түрғысында танытты. Таяу Шығыста бейбітшіліктің тезірек орнауы жөніндегі көзқарастарамыз ортақ, сонымен қатар қақтығыстарды шешуде дипломатиялық жолды алга тартып өтті, деді өз сөзінде Н. Назарбаев. Оған еліміздің 2010 жылы Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы мен 2011 жылы Ислам ынтымақтастығы ұйымы Сыртқы істер министрлер кеңесіндегі төрағалығы дәлел. Еуропа, Азия және Африка түйісуінде геосаяси ұтымды орналасқан, көмірсутегі шикізатының әлемдік қорларының үштен екісі сол жерде шоғырланған, адами және экономикалық ресурстарға бай Таяу Шығыс халықаралық қатынастар жүйесінде әр заман ерекше көңіл аударарлық аймақ болып келеді. Таяу Шығыс Қазақстан сыртқы саясатында да басымдық орын алады. Себебі бұл аймақ географиялық жақындығымен, экономикалық әлеуетімен және халықтарымыздың тарихи, мәдени, діни тамырларының шырмалануымен себептеледі. Таяу Шығыс елдерінің сыртқы саясатына мұнайдың бай қоры ықпал етеді. Израильден басқа Таяу Шығыс мемлекеттерінің ішкі ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz