Бастауыш мектепте Дүниетану сабағын жаңартылған білім бағдарламасына сүйеніп оқыту арқылы оқушыларға адамгершілік тәрбие беру


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 42 бет
Таңдаулыға:   

Жаңартылған білім беру бағдарламасы бойынша рухани-адамгершілік тәрбие беру мазмұны

Зерттеу жұмысының өзектілігі: Балаларға рухани-адамгершілік тәрбие беру мәселесі - қазіргі қоғамның алдында тұрған ең өзекті мәселелердің бірі. Бұл мәселеде күрделілік туындатып отырған басты себептер: жас ұрпақты алдына әлі күнге дейін нақты жағымды өмірлік бағдарлар қоя алмай отырғанымыз, балалармен, жастармен мәдени-әлеуметтік іс-шаралардың өткізіу ауқымының азаюы, отансүйгіштік тәрбиенің ақсауы, т. б. Бұқаралық ақпарат құралдарында жауыздық пен қатыгездік үлгілерінің көп көрсетілуі, тыйым салынуына қарамастан, киноларда, деректі фильмдерде, интернетте, жаңалықтарда алкогольді ішімдіктер мен темекі өнімдерінің астыртын да ашық жарнамасының көбеюі салдарынан жас ұрпақтың бойында адамгершілік мәдениетін қалыптастыру қиынға түсіп отыр. Бұған ата-аналардың әлеуметтік тұрмысының төмендігі, үй бетін көрмей, күні-түні бала-шағасына нан тауып беру қамымен жүргенде, салт-дәстүр, отбасылық құндылықтарды қалыптастыру мүмкіндігінің де азайып отырғанын қосыңыз. Бұл жағдайда, балалардың адамгершілік құндылықтар жайлы көзқарастарын қалыптастыру туралы айтудың өзі қиын. Балалардың тілек-қалаулары көбінесе тұрмыстық, материалдық шеңберден аспайды, зиянды әдеттері қалыптасады.

Сондықтан бүгінгі танда жаңартылған білім беру бағдарламасына сәйкес бастауыш сыныптардағы білім беру мен тәрбиенің мазмұнын да түбегейлі жаңарту керек. Осыған орай, қазіргі мектептегі білім және тәрбие беру жүйесінде оқушыларды рухани бай, саналы, жан-жақты мәдениетті болуға, еңбексүйгіш және бәсекелестікке бейім тұлғаны тәрбиелеп қалыптастыру өзекті мәселеге айналып отыр.

Адамгершілік тәрбиені беретін мұғалім, бүгінгі қоғамның сұранысына сай олардың бойында адамның ең ізгі қасиеттерінің болуын қалыптастыру - бүгінгі мектептің міндеті. Бастауыш бiлiмнiң мемлекеттiк стандартында оқушыларды ғылымдар негiзiмен таныстырып қана қоймай, баланың жалпы ойын дамыту, алған білімі мен тәрбиесін тәжiрибеде қолдана бiлуі үшiн дербес жұмыс iстеу дағдыларын, адамгершiлiк мәдениетiн қалыптастыру талап етiледi. Бүгiнгi заманның педагогикалық, психологиялық зерттеулерiнiң анықтауы бойынша, мектептiң бастауыш сыныбындағы кезеңi - баланың қай жағынан болсын ең қарқынды дамитын кезеңi.

Егер бастауыш сыныпта оқытылатын «Дүниетану» пәнінде оқушылардың адамгершiлiк мәдениетiн қалыптастыру әдiс-тәсiлдерi тиімді қолданылса, онда «Дүниетану» пәні оқушылардың адамгершілік мәдениетін қалыптастырудың бір құралына айналып, дүниеге көзқарастары кеңейгенімен қатар, тәрбие деңгейлері де артар еді, өйткені «Дүниетану» пәнінің оқушылар бойында адамгершілік мәдениетін қалыптастыруда мүмкіндігі өте көп.

Әлбетте адамгершілік тәрбиесі адамның барлық іс-әрекетіне (оқу-танымдық, еңбек, спорттық, шығармашылық және т. б. ) байланысты болады. Осы талапқа орай, «Дүниетану» пәнін оқыту арқылы жас ұрпақты адамгершілікке тәрбиелеуді олардың кішкентай кезінен бастап-ақ ғылыми негізде іске асырып отыруға тиіспіз.

2016 жылдан бастап Қазақстандағы жалпы білім беретін орта мектептер сатылап жаңартылған білім беру бағдарламасы бойынша жұмыс істеуге ауыстырыла бастады. Қазіргі уақытта басқа пәндермен қатар, «Дүниетану» пәні де осы жаңартылған бағдарлама негізінде білім береді.

Әрине, жаңартылған білім беру бағдарламасы жоқтан пайда болған дүние емес. Оны әзірлеу үшін еліміздің ұстаздары, ғалымдары қаншама жыл бойы халқымыздың, шетелдердің ең озық білім беру жүйелерін салыстырып, зерттеп, зерделеді. «Жаңа дегеніміз - ұмытылып кеткен көне ұғымдар» деген бір қанатты сөз бар. Сол үшін де, адамгершілік тәрбиесінің мәселелерін қарастырған кезде, осы салада көптеген зерттеулерін, еңбектерін қалдырған педагог ғалымдардың, ұстаздардың тәжірибесін бір саралап шықтық.

Жалпы педагогика тарихында адамгершілік тәрбиенің теориялық негізін қалаған Я. А. Коменский, Ж. Ж. Руссо, К. Д. Ушинский, А. С. Макаренко, В. А. Сухомлинский және т. б. ұстаз-ғалымдарды атауға болады. Қазақ педагогика тарихында адамгершілік тәрбиесін жан-жақты қарастырған Әл-Фараби, Ж. Баласағұни, Ы. Алтынсарин, Ш. Уәлиханов, А. Құнанбаев, жастарға ізгілік тәрбие идеясын ұсынған Ж. Аймауытов, А. Байтұрсынов, М. Дулатов, М. Жұмабаев, Ш. Құдайбердиев және т. б. ағартушыларды атай аламыз.

Кейінгі онжылдықтарда адамгершілік тәрбиесінің мән-мазмұнын В. Г. Афанасьев, С. Абдильдин, Р. Б. Әбсаттаров, Л. М. Архангельский сынды педагог зерттеушілер философиялық тұрғыдан қарастырса; Ж. Пиаже, Л. С. Выготский, А. В. Запорожец, Л. В. Занков, В. В. Давыдов, Д. Б. Эльконин, Қ. Б. Жарықбаев, Ж. И. Намазбаева, Қ. Т. Шериазданова және т. б. педагог-ғалымдардың; С. Қалиев, К. К. Құнантаева, А. А. Бейсенбаева, С. Ұзақбаева, Қ. Қ. Жанпейісова, А. Г. Қазмағамбетов, М. Ә. Құдайқұлов, Г. П. Хайруллин, Ш. Майғаранова, Б. К. Момынбаев, Л. К. Керимов, Э. И. Шнибекова, т. б. зерттеуші ғалымдардың ғылыми еңбектерінен адамгершілік тәрбиесіне қатысты психологиялық аспектіден қарастырған құнды пікірлерді алуға болады.

Дегенмен, қазіргі заман талабына сай мектептерде жаңартылған білім беру бағдарламасы бойынша адамгершілік тәрбиесін қалай беруге болады, әсіресе «Дүниетану» пәнінің бағдарламасы негізінде қандай жұмыстарды жоспарлауға болады деген сұрақ бойынша ізденістер мен зерттеу жұмыстары өте аз, тіпті жоқ десе де болады.

Жарық көрген философиялық, тарихи педагогикалық, психологиялық және әлеуметтік ғылыми әдебиеттер, сонымен қатар докторлық, кандидаттық диссертацияларға жасалған талдау нәтижесінде, жалпы адамгершілік тәрбиесіне байланысты еңбектердің көптігіне қарамастан, «Дүниетану» пәнін оқыту барысында адамгершілікке тәрбиелеу мәселесіне арналған нақты ғылыми жұмыстың жоқтығы дәлелденді.

Сондықтан қазіргі мектеп жағдайында адамгершілік тәрбиесін беру, оның мазмұнын бір жүйеге келтіру жұмыстарын мектептің алғашқы сатысынан бастау және «Дүниетану» пәнін оқыту кезінде адамгершілік мәдениетін қалыптастыру мәселесін жаңаша тұрғыда қарау қажеттілігі бұл мәселенің теория мен тәжірибе жүзінде шешілу деңгейі арасында қарама-қайшылық тудырады.

Бұл аталған қарама-қайшылықты шешу жолдарын бастауыш мектептегі зерттеу мынадай педагогикалық шарттарын анықтайды: «Дүниетану» сабақтарында жаңашыл әдіс-тәсілдерді пайдалана отырып, бастауыш сынып оқушыларының бойында адамгершілік мәдениетін қалыптастыру.

Ғылыми-педагогикалық әдебиеттерде бұл мәселені зерттеу қоғамдағы болып жатқан түбегейлі өзгерістер тұрғысынан өз дәрежесінде жүргізілмеуі, жүйеліліктің болмауы - бұл жұмыстың көкейкестілігін дәлелдейді.

Аталған проблеманы шешу қажеттілігі зерттеу жұмысымыздың тақырыбын «Бастауыш мектепте жаңартылған білім мазмұны негізінде дүниетану сабағы арқылы адамгершілік мәдениетін қалыптастыру» деп таңдауға мүмкіндік берді.

Зерттеу объектісі: Оқушыларды адамгершілікке тәрбиелеу процесі.

Зерттеу пәні: Бастауыш мектепте «Дүниетану» сабағын жаңартылған білім бағдарламасына сүйеніп оқыту арқылы оқушыларға адамгершілік тәрбие беру.

Зерттеудің мақсаты: Бастауыш мектеп оқушыларының бойында «Дүниетану» сабақтары арқылы адамгершілік мәдениетін қалыптастыруды теориялық тұрғыда негіздеу. Қазақстан Республикасының болашағына үлес қоса алатын, адамгершілігі жоғары, жауапты, шығармашыл, бастамашыл, құзыреттілік дағдылары қалыптасқан тұлғаны тәрбиелеудің әдістемелік жүйесін қамтамасыз ету.

Зерттеудің ғылыми болжамы: Егер бастауыш мектепте «Дүниетану» сабақтарын жаңартылған білім беру бағдарламасы бойынша, жаңашыл әдіс-тәсілдерді пайдалана отырып оқушылардың бойында адамгершілік мәдениетін қалыптастырудың педагогикалық, психологиялық мәні тұлғалық-бағдарлық, іс-әрекет тұрғысынан анықталса, бастауыш сыныптардағы «Дүниетану» сабақтарында қолданылатын әдіс-тәсілдердің мақсатына сай жас ерекшеліктері ескерілсе, бастауыш сынып оқушыларының адамгершілік қасиет-сапаларына ықпал ететін әдіс-тәсілдердің теориялық негіздері айқындалса, сабақта және сабақтан тыс уақытта «Дүниетану» пәні тақырыптарын пайдаланудың жүйелі әдіс-тәсілдері қолданылса, бастауыш сынып оқушыларын «Дүниетану» сабақтарында адамгершілікке тәрбиелеу жұмысы жақсарып, адамгершілік қасиеттері мол ұрпақты тәрбиелеу мүмкіндіктері кеңінен туындайды.

Зерттеудің міндеттері:

- жаңартылған білім беру бағдарламасында белгіленген әдіс-тәсілдердің, іс-әрекет түрлерінің адамгершілік тәрбиесін арттырудағы мәнін педагогикалық, психологиялық тұрғыдан қарастыру;

- бастауыш сынып оқушыларын «Дүниетану» сабақтарында адамгершілікке тәрбиелеудің ғылыми-теориялық негіздерін айқындау;

- бастауыш сынып оқушыларының адамгершілік қасиет сапаларына ықпал ететін әдіс-тәсілдердің негізгі ерекшеліктерін ашып көрсету;

- педагогикалық эксперимент-тәжірибе жұмыстарын өткізу барысында «Дүниетану» сабақтарында жаңашыл әдіс-тәсілдерді пайдаланудың әдістемесін ұсыну.

Зерттеудің жетекші идеясы: Бастауыш сынып оқушыларының бойында адамгершілік мәдениетін қалыптастыруда «Дүниетану» сабақтарында пайдаланылатын әдіс-тәсілдерді тұлғалық-бағдарлық, іс-әрекеттік тұрғыдан қарастыруды қажет етеді.

Зерттеудің әдіснамалық және теориялық негіздері: Философия, тарих, психология, педагогика ғылымдарының тұжырымдары, еңбектері, жеке тұлғаның қалыптасуы мен дамуындағы іс-әрекеттің ролі мен зандылықтары алынды; адамгершілік тәрбиесінің теориясы; тұтас педагогикалық процесс теориясы.

Зерттеудің әдістері: Философиялық, психологиялық, педагогикалық, оқу-әдістемелік әдебиеттерге теориялық талдау жасау, социометрия, әңгімелесу, сауал-сұрақтар алып оны талқылау, педагогикалық бақылау, эксперименттік тәжірибелік жұмыстар.

Зерттеу базасы: Тәжірибелік-педагогикалық жұмыстар Түркістан облысы Шардара ауданы «Ұзын-Ата» ауылында орналасқан «Ұзын-Ата» жалпы орта мектебінің бастауыш сыныптарында жүргізілді.

Зерттеудің ғылыми жаңалығы мен теориялық мәні:

- қоғамымыздың бүгінгі таңдағы әлеуметтік-экономикалық ерекшелігіне сай бастауыш мектепте жүргізілетін оқу-тәрбие жұмыстарының жетілдірілуіне және баланың жан-жақты үйлесімді дамуына «Дүниетану» сабақтарын жаңартылған білім беру бағдарламасы арқылы қол жеткізіп, бастауыш сынып оқушыларының бойында адамгершілік мәдениетін қалыптастырудың теориялық негіздері айқындалды;

оқушылардың бойында адамгершілік қасиеттер мен сапалардың қалыптасуына ықпал ететін әдіс-тәсілдердің негізгі ерекшеліктері және «орта», «қоршаған орта», «отан», «адамгершілік» түсініктерінің бүгінгі күннің талаптарына сай педагогикалық, психологиялық мәні анықталды.

Зерттеудің практикалық маңызы:

- бастауыш сыныптағы «Дүниетану» сабақтарын жаңартылған білім беру бағдарламасында белгіленген жаңашыл әдіс-тәсілдермен өткізу арқылы оқушыларды адамгершілікке тәрбиелеудің жолдары мен бағыт-бағдарлары көрсетілген.

- «Дүниетану» сабақтарында оқушыларды адамгершілікке тәрбиелеу» бағдарламасы жасалып, мектеп тәжірибесіне ұсынылды.

Диплом жұмысының құрылымы: Диплом жұмысы кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен және қосымшадан тұрады.

І. БАСТАУЫШ МЕКТЕПТЕ «ДҮНИЕТАНУ» ПӘНІН ЖАҢАРТЫЛҒАН БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАСЫ БОЙЫНША ОҚЫТУ

1 «Дүниетану» пәнінің маңыздылығы

Дүниетану пәнінің оқушылардың танымдық деңгейлерін жетілдірудегі, функционалдық сауаттылықтарын арттырудағы маңызы зор. Бұл пән арқылы оқушылар қоршаған ортамен, айналадағы құбылыстармен, өзінің жан-жағындағы заттармен бұрынғыдан да етене танысып, олар жайлы өзіндік ой тұжырымдай бастайды. Бұл жағдайды, әсіресе, бастауыш сынып оқушыларына қарасты айтқан жөн. Өйткені бұл шақ олардың, Абай атамыз айтқандай, нағыз «естісем, білсем, көрсем» деп тұратын кезеңдері, айналасындағы дүниені тануға құмар болатын шақтары. Сондықтан бастауыш сыныптағы әр балаға жеке тұлға ретінде қарап, олардың білім-ғылымға деген ынтасын арттыру, ақыл-ой қабілетін жетілдіру, өмірлік ұстанымдарының қалыптасуына ықпал ету, жеке басының қасиеттерін дамытуды уақыт талабына сай жүзеге асыру қажет. Бұл міндет сабақ барысында тиімді әдіс-тәсілдерді кеңінен қолдануға жетелейді.

«Дүниетану» пәні оқушылардың қоршаған ортаны, түрлі қоғамдық, мәдени және табиғи үдерістер мен құбылыстарды толық әрі өзара байланыста танып-білуіне мүмкіндік береді. Олардың оқу-білімге деген ынта-зердесін, қызығушылығын оятып: «Біз кімбіз?», «Қайдан шықтық?», «Қайда тұрып жатырмыз?», «Бізді не қоршап жатыр?» «Біздің өткеніміз бен келешегіміз қандай?», - деген сұрақтар төңірегінде ойлануына мүмкіндік береді.

«Дүниетану» пәнінің жаңартылған білім бағдарламасы Қазақстан халқының әлеуметтік, моральдік, шығармашылық және коммуникативтік өмір тәжірибесі жөнінде кеңінен мағлұмат береді. Оқушылар өзі, өз үйі мен отбасы туралы ой қозғаудан бастап, қоршаған ортаның, дүниенің сырларын да түсіне бастайды.

«Жаңартылған білім мазмұны арнайы кестеге сәйкес кезең-кезеңмен енгізіледі: 2016 жылы - 1-сынып, 2017 жылы - 2, 5, 7 сыныптар, 2018 жылы - 3, 6, 8, 10-сыныптар, 2019 жылы - 4, 9, 11, 12-сыныптар. 2020 жылға қарай 12 жылдық құрылыммен жаңартылған білім мазмұнына көшу барлық сыныптарда аяқталады».

«Дүниетану» пәнін оқыту:

  • оқушыларда өзіндік, қоғамдық және ұлттық сана мен отансүйгіштік қасиеттерді қалыптастырады;
  • оқушыларға қоршаған ортасы туралы ғылыми негіздерді меңгерте отырып, тарихи, географиялық тұрғыдан ойлауын дамытады;
  • оқушылар қазақстандық қоғам және өзін қоршаған әлеуметтік ортаның барлық деңгейі: өз үйі, отбасы, жергілікті және ұлттық қоғамдастық туралы білімді меңгереді;
  • оқушылар Қазақстан географиясының негіздерін, оның ландшафты және табиғи жағдайы туралы біледі;
  • Қазақстанның және бүкіл әлемнің өткен және бүгінгі күн оқиғалары, олардың себептері, өзгерістері, сабақтастығы, ұқсастықтары мен айырмашылықтары туралы білім қалыптастырады;
  • өткен замандағы оқиғалардың қазіргі әлемнің қалыптасуына және бүгінгі таңдағы оқиғалардың болашақтың қалыптасуына қандай әсер тигізетіні туралы түсінеді;
  • адамның тіршілік әрекетінің қоршаған ортаға тигізетін әсері туралы біліп, оның тұрақты болашақтың дамуына қажеттілігін түсінеді;
  • оқушыларда өз халқының және өзге халықтардың мәдениеті, дәстүрін сыйлай білу, ұлттық және жалпы адами құндылықтарды құрметтеу сезімі қалыптасады, олар адамдардың құқықтары мен міндеттерін түсінеді;
  • қоғамдық тәртіп нормаларын біледі, оларды ұстану қажеттілігін түсінеді және әлеуметтік ортада қауіпсіздік тәртіп ережелерін сақтай білумен танысады;
  • адамгершілік қасиеттерді, толеранттылықты қалыптастырады.

«Дүниетану» пәні бойынша бағдарлама тарих, география және қоғамтану ғылымдары бойынша оқушылардың алғашқы білімдері мен түсініктерін қалыптастыруға ықпал ететін ойлау дағдыларын дамытады. «Дүниетану» пәні бағдарламасының құрылымы аталған ғылымдардың мазмұнын кіріктіру және оқу материалдары мен оқу мақсаттарын анықтауда «спираль» принципін ұстану негізінде құрастырылған. Оқу бағдарламасының мазмұны: отбасы, қоғам, қауымдастық, ұлт, мемлекет, қарым-қатынас, елді мекендер, климат, ландшафт, табиғи және техногендік апаттар, мәдениет, дін, денсаулық және т. б қоршаған ортаның негізгі аспектілерін қамтиды.

Бағдарлама пән мазмұнын меңгеру, қажетті оқу және практикалық (зерттеу, коммуникативтік, өмірлік) дағдыларды игеруге мүмкіндік береді.

2 «Дүниетану» пәні бойынша оқу бағдарламасының мақсаты

«Дүниетану» пәнінің мақсаты - оқушыларда адамды қоршаған әлеуметтік, мәдени және нақты орта туралы бастапқы білімді, ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтар мен әлеуметтік тәжірибе туралы түсінігін, қоршаған ортада тиімді қарым-қатынас ережелерін қолдана білу дағдысын қалыптастыру.

«Дүниетану» пәні оқушылардың жеке тұлға ретінде дамытуға, отбасында, жергілікті, аймақтық, ұлттық, жаһандық ауқымда алатын өзіндік орнын түсінуге мүмкіндік береді.

«Дүниетану» пәні бойынша бағдарлама қоршаған ортада болып жатқан тарихи, географиялық және әлеуметтік үдерістерді түсінуге мүмкіндік беретін нақты білім мазмұнын игеруге бағытталған. Тарих бағдарламаның уақыттық шегін белгілейді - уақытты сезіну, география - кеңістікті тани білу, өзінің орнын сезіну, ал қоғамтану - қоғамдық ортаны сезінуге ықпалдасады.

«Дүниетану» пәні бағдарламасы оқушылардың тану, зерттеу, дәлелдемелерді қарау және мәселелерді шешу арқылы пайда болатын сыни тұрғыдан ойлай білу дағдыларын дамытады, сонымен қатар жеке және топпен жұмыс істеу дағдыларының қалыптасуына бағытталған.

Оқу бағдарламасы оқушылардың төмендегідей дағдыларын дамытуға бағытталған:

  • сұрақ қою, оған жауап таба білу; зерттеу жүргізе отырып тарихи, географиялық және әлеуметтік сұрақтарға жауап бере білуді;
  • тарихи, географиялық және әлеуметтік ғылымдардың әдістеріне және басқа қолжетімді ресурстарға сүйене отырып, зерттеулерге қатысу, сұрақтарға жауап беру, эксперименттер жүргізуді;
  • жекелеген үдерістерді талдау және оқиғалардың хронологиялық реттілігін түсіну, тарихи, географиялық және әлеуметтік ғылымдардың деректерін қолдана алу;
  • пікірсайысқа қатысу, дауласу, мәлімдеу, әңгіме құру, таныстырулар жүргізу арқылы сөйлеу дағдыларын дамыту;
  • интернет, сандық ақпараттық құралдарды және коммуникациялық технологияларды (АКТ) пайдалана отырып ақпараттарды іздеу, оны таңдау, қолдану, салыстыру, талдау, жүйелеу, түсіндіру және өңдеуді;
  • алынған ақпаратты ұсыну және талқылауды;
  • алған білімдерін ой-пікірлер, болжаулар, теорияларды тексеруде қолдана отырып, қорытындылар мен алынған мәліметтерді дәлелдеу;

«Дүниетану» пәнін меңгеру барысында оқушылардың оқу сапасын арттыру мақсатында, ой-пікірлерімен алмасу, оларды дамыту, сонымен қатар тиімді жұмыс атқару үшін оқушылар өзара бірлесе отырып жұмыс істейді.

Оқушылар үйренеді:

  • қоғамдағы негізгі тәртіп ережелерін сақтауды;
  • сыныпта, мектепте және қоғамдық орындарда сыпайылықты, көңіл бөлуді, сыйлай білуді, әдеп сақтауды;
  • жұпта және топта бірлесіп жұмыс істеуді, ұжымда тиімді қарым-қатынас орнатуды;
  • өз сезімдері мен өзге адамдардың эмоцияларын сезіне және түсіне отырып, өз әрекеттерінің тиімділігін арттыруды;
  • әлеуметтік ортада өз көзқарасын білдіру, тыңдау, талқылау, диалогтар мен дебаттарға қатысу дағдыларын дамытуды (сөйлеу дағдыларын) .

Оқулық материалы негізінде оқушының танымдық негізін жетілдіреді. Олардың өздерінің бұрыннан білетін ақпараттарын ойда қорытып, оған жаңаша көзқараспен қарауларына мүмкіндік болады. Адамның дүниені тануы әдетте өзін-өзі танудан басталмақ.

Оқулықтағы 1-4 тараулар осындай оқушы жанына бұрыннан етене жақын тақырыптар болып келеді. Барлық мәселе оның өзі және айналасындағылар жайында болады. Ал енді 5-8 тараулар 1-сынып оқушылары үшін біршама күрделі.

«Саяхат», «Салт-дәстүр және ауыз әдебиеті» тараулары оқушыны тарихқа тағзым ете білуге үндейді. Бұл тараулар әрине 1-сынып оқушыларына тың тақырыптар. Алғашқы адам туралы түсінік қалыптасып, ежелгі ата-бабаларымыз бен ұлы даламыздың тарихына көз жүгіртеді. Алтын адам туралы ақпарат алып, көне түркі жазуының тарихына бойлайды. Бұдан басқа еліміздің мемлекеттік рәміздері жайлы біршама толық ақпарат алып, Бәйтерек туралы түсінігін кеңейтеді. Тәуелсіздік жайлы ұғым-түсініктері кеңей түседі. Ал 7-8 тараулар оқушылардың өз денсаулықтарына ат үсті қарамауларына негіз болады.

Бұл арада оқушының тақырыпты терең меңгеруі оның функционалдық сауаттылығын арттыра түседі. Яғни дүниетану пәнінде айтылған іс-әрекеттерді күнделікті өмірде кәдеге жаратып, оны өмірдегі басты ұстанымдары ретінде дағдыға айналдыруы негізгі мақсат болып саналады.

Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан-2050» стратегиясында «Ұлт денсаулығы - табысты болашағымыздың негізі» деп көрсетілген. Ал денсаулық кепілі салауатты өмір салты екендігі белгілі. Халықтың денсаулығы - мемлекеттің қымбат қазынасы. Ол - әр адамның баға жетпес байлығы. Елбасымыз атап көрсеткендей, денсаулығы мықты адам ғана қоғамға лайықты қызмет етеді, оның дамуына ықпал етіп, ел экономикасын жақсартуға өзіндік үлес қосады.

Жалпы салауаттылық ұғымының аясы өте кең био-әлеуметтік категория болып табылады. Ол ұлттың салт-дәстүрі, әдет-ғұрпы, мәдениеті мен дінімен тығыз байланысты болса, дене және жан тазалығын сақтауы да осы салауаттылықтың негізгі көрінісі болып саналады. Әсіресе, өсіп келе жатқан жас ұрпақты дұрыс тәрбиелеудің, жас буынның санасында ізгілікті қасиеттерді қалыптастырудың маңызы зор. Мектеп қабырғасындағы оқушының жүріс-тұрысынан бастап, бүкіл өмірлік ұстанымының қалыптасуына дейінгі кезеңде орынды ықпал ете білу қай қоғамда, қай кезеңде болмасын өз өзектілігін арттыра түспек. Еліміздің көк байрағын желбіретіп, түтінінің түзу ұшуына бірден-бір себепкер өскелең ұрпақ болғандықтан, балалар мен жасөспірімдердің бойында салауатты өмір салтын қалыптастыру, денсаулықты сақтау және нығайту мәселелері ерекше көңіл бөлуді қажет етеді.

Дүниетану пәнінде оқулықтағы ақпаратты меңгерте отырып, олардың тақырып бойынша қосымша білім алуы да қамтамасыз етіледі.

Бұлардың барлығы мына мақсаттарды жүзеге асыруға бағытталады:

- денсаулықты сақтау;

- денсаулықты нығайту;

- аурулардың алдын-алу.

Ол үшін атқарылатын іс-әрекеттер:

- спортпен шұғылдану

•- дұрыс тамақтану;

- еңбек үрдісін дұрыс ұйымдастыру, дене және ой еңбегін алмастырып отыру;

- уақытымен демалу т. т.

Аталған тарау негізінде оқушылардың бойында қандай жеке бас қасиеттерін қалыптастыра аламыз:

- Адам ағзасының біртұтас екендігін түсіндіру арқылы, денсаулықтың ағзаның барлық мүшелерін күту нәтижесінде ғана жақсы болатындығын түсінеді.

- Тазалық шараларын, дене тазалығының алғышарттарын меңгереді;

- Тамақтану тәртібін жадыда ұстап, тамақтың құрамына мән беретін болады;

- Тамақтануға қатысты тазалық шараларын қайталап оқиды;

- Дұрыс тамақтанудың денсаулыққа қандай қатысы бар екендігін жете түсініп, тамақтану ережелерін орындауға ұмтылады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бастауыштың педагогикалық үдерісін пәнаралық байланыс негізінде ұйымдастырудың әдістемелік ерекшеліктері
Дүниетану сабақтарында өзіндік жұмыстарды пайдалану мүмкіндіктері
Жаңартылған білім мазмұны бойынша бастауыш сыныптарда оқу процесін ұйымдастыруда қолданатын педагогикалық тәсілдері мен әдісмемелер технологиясы
Бастауыш мектепте жаңартылған мазмұнында білім беруді жоспарлау әдістемесі
Бастауыш сыныптың білім беру бағдарламасының құрылымы
Жаңартылған білім беру бағдарламасы
ДҮНИЕТАНУДЫ ОҚЫТУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
БАСТАУЫШ МЕКТЕПТЕГІ МУЗЫКА ПӘНІ
Шығармашылық ойлау дағдысы
Оқушылардың коммуникативтік дағдыларын дамыту
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz