Айтыс өлеңдерінің әдебиет тарихындағы орны



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
Айтыс өлеңдерінің әдебиет тарихынан алатын орны мен мәні ерекше. Өйткені, бұл жанр аса бай халық әдебиетінің ертеден-ақ өнімді де арналы жеке бір саласын құрап келді. Тіпті, ол бүгінгі өмірімізді бейнелеуге де елеулі үлес қосып отыр. Сондықтан бұл жанрдың суырыпсалма (импровизация) дәстүріне қарым-қатынасы мен өзіндік табиғи белгі-сипаттарын, оның сан ғасырлар бойы даму ерекшеліктері мен бүгінгі айтысқа жалғасу жолдарын, айтыстағы шындықтың орны мен көркемдік мәселесін арнайы зерттеу қазіргі қазақ әдебиеттану ғылымының басты міндеттерінің бірі болып саналады. Айтыстың дәстүрі бізден басқа қырғыз, қарақалпақ, алтайлықтармен қатар түрік елінде де бар, дегенмен олардағы айтыс дәл біздегідей көлемдік, көркемдік биік деңгейге көтеріле қоймаған. Мұның халқымыздың ғасырлар бойғы кәсіп-тіршілігі мен салтына, әдет-ғұрпына байланысты көрініс тапқаны ешбір дау туғызбайды. Сондықтан еліміздің рухани өмірімен ертеден біте қайнасып бірге жасап келе жатқан бұл қайталанбас өнер ұлттық мақтаныш ретінде бағалануға тиіс. Қазақ айтыстарының ерекше жанр ретінде танылып, ел арасынан жиналуы, баспа бетінде жариялануы және зерттеу нысанына алуы ХІХ ғасырдың екінші жартысынан бастау алады. Бұл ретте академик В.В.Радловтың Жар-жар, Жұмбақ, Жанақ пен Түбек, Ұлбике мен Күдері қожа, Шортанбай мен Орынбай, Мәнек пен Опан қыз айтыстарын, Ы.Алтынсарин мен Я.Лютштің хрестоматияларында Жанақ пен бала, Орынбай мен Қожа, Болы-Толық пен Әзілкеш, Айдос пен Қарашаш, жыр тартыстарын атап өтуге болады. Мұнан өзге Т.Сейдалин мен С.Жантөриннің, Н.И.Гродековтың, А.В.Васиьевтің, М.Ивановтың т.б. Ресейдің орталық қалаларындағы, Түркістан өлкесіндегі баспасөз беттерінде, сондай-ақ Түркістан уалаяты, Дала уалаяты, Қазақ, Айқап сияқты төл басылымдарда жиі жарияланып отырды. Сонымен қатар Қазан төңкерісіне дейін Біржан мен Сара, Айқын қыз бен Жарылқасын қожа, Жүсіпбек пен Шөкей қыз сынды айтыстар жеке жинақ ретінде Қазан қаласынан бірнеше рет қайталанып басылып келді. Кеңес кезеңінің алғашқы жылдарында осы жанрды жинау шараларына Ә.Диваев, С.Сейфуллин, Ш.Сарыбаев, І.Жансүгірұлы т.б. зиялы қауым өкілдері белсене араласып, жаппай басылым көруіне мұрындық болды. Аталған шаралар кейін де жалғасын тауып, жеке жинақтар ретінде жарыққа шығып отырды. Бұған Айтыс топтамаларының 1942 (1-т.), 1965-1966 (1, 2, 3-т.), 1988 (1, 2-т.) жылдардағы томдары айғақты дәлел болады. Оған жекелеген халық ақындарының кітаптарындағы айтыстарды қосқанда, қанша мол мұраның кейінгі ұрпаққа қайта оралғанын аңғару қиын емес. Қазақтың айтыс өнерін ХХ ғасырдың тоқсаныншы жылдарынан бастап шет елдердегі қандастардың қолындағы жәдігерлер де толықтырып, халқымыздың осынау рухани құндылығын ұлықтауға, дамытуға атсалысқаны баршаға мәлім. Қазақ айтысының суырыпсалмалық (импровизациялық) өнердің ерекше дамыған биік шыңы екендігін, оның ұлттық сипаттарын дәлелдеу үшін жазылған зерттеулер ХІХ ғасырдың екінші жартысынан бастап жарияланып, Ресей, Еуропа ғалымдарын таңдандырып тастаған еді. Әсіресе, олар жұмбақ айтыстарды суырыпсалма өнердегі аса ірі құбылыс деп түсінді. Мұндай жыр сайысына түсу үшін айтыскердің бойында ақындық дарынмен қатар үлкен тапқырлық, білгірлік қасиеттер қалыптасуы керек. Айтыс кезінде жасырылатын жұмбақтың қаншалық терең болғанына қарамай, оның жауабын қолма-қол, табан астында жүйелі көркем тілмен қайтару айтыс ақындарының барлығына бұйыра бермейтін биік зердені қажет етті. Жоғарыда айтылғандай, айтыс мәтіндерін жинау, сақтау, жүйелеу, жариялау, зерттеу үрдісі Кеңес кезеңінде ерекше қарқын алды. Себебі ХХ ғасырдың жетпісінші жылдарына дейін айтысты ұлттық өнер ретінде қадірлеген, ұрпақтан-ұрпаққа ауызша жеткен осы қасиетті дәстүрді жеткізуші, дамытушы Жамбыл, Шашубай, Нартай, Кенен, Үмбетәлі, Саяділ сияқты ондаған ақындардың көзі тірі еді. Олар отызыншы жылдардағы ойранды жылдары да, ел басына күн туған Ұлы Отан соғысы тұсында да қолдарынан домбыраларын түсірмеді, отты жырлары арқылы үзіліп бара жатқан қарапайым жандардың келешекке деген үмітін жалғады. Өшіп бара жатқан өнерді қайта жандандырып, жадтарында сақталған айтыс мәтіндерін хатқа түсіртті. Осы жанашырлық әрекеттердің нәтижесінде Қазақстанның Ұлттық, Орталық ғылыми кітапханаларының, М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының сирек қорларында жүздеген жәдігерлер жинақталды. Бүгінгі таңда аталған қорларда шығу төркіні үш ғасырды қамтыған бір жарым мыңнан астам айтыс пен олардың ішкі жанрлық түрлері, версиялары, нұсқалары сақталған. Бұны жүздеген жылдар бойы қалыптасып, шарықтай дамып, ұлттық мұраға айналған айтыстың оннан бір бөлшегі деп санауға болады. Себебі халқымыздың рухани құндылықтарға деген салғырт мінезі, қоғамның әр кезеңдеріндегі саяси-идеологиялық түйіткілдері олардың толық, сапалы түрде хатқа түсуіне, түпнұсқа негізінде жариялануына кедергілер келтіріп отырды. Бірақ халқымыздың жадында барға - қанағат, қанағат қарын тойдырар, ештен кеш жақсы деген ұлағатты ұғымдар жатталып қалған. Осы саланы іргелі түрде зерделеген ғалымдардың пікірлеріне қарағанда, Қазақстан мен дүниежүзінің өзге де елдеріндегі қандастарымызда сақталған мәтіндерден 20-25 том көлемінде Айтыс жинақтарын жарыққа шығаруға мүмкіндіктер бар. Бұл ретте Қытай елінде үлгі аларлық тәжірибелер аз емес. Мысалы, бұған тоқсаныншы жылдардың басында Шыңжаң өлкесінің әр қазақ ауданында ел арасынан жиналып, төрт кітаптан басылым көрген фольклорлық, авторлық ауыз әдебиетінің үлгілері айқын дәлел болады. Қазақстанда да рухани дүниелерге деген қызығушылық мемлекет тарапынан қолдау тауып, нәтижелі іс-шаралар жүргізіліп жатқаны белгілі. Атап айтқанда, 2004 жылдан бері Президент Н.Назарбаевтың бастамасымен Мәдени мұра мемлекеттік бағдарлдамасы жүзеге асырылып, Бабалар сөзі сериясымен бір ғана фольклорлық туындылардан жүз том жинақ шығару жоспары қалыпты жұмыс істеу үстінде. Қазір осы сүбелі жобаның негізінде топтаманың тоқсан томы баспаға ұсынылып, оны 2013 жылы аяқтау міндеттелген. Сондықтан қолдағы бар мүмкіндіктерді пайдалана отырып, Айтыс жинақтарының көптомдық топтамасын шығаруға тәжірибе де, қаржы көздері де жеткілікті деп есептеуге болады. Қазақ халқымен ғасырлар бойы бірге жасасып, оның рухани өмірінен елеулі орын алып келген осы айтыс жанрының Қазан төңкерісіне дейін дәл қазіргідей мол жиналып, зерттелмегені жоғарыда ескертілді. Алайда, сол тұстың өзінде-ақ халық бойындағы сарқылмас суырыпсалмалық дәстүр мен айтыс өнерінің қоғамдық-әлеуметтік маңызын дұрыс бағалап, ол жөнінде алғаш ғылыми ұстамды пікір айтқан қазақтың тұңғыш ғалымы, ағартушы-демократы - Шоқан Уәлиханов еді. Бұдан кейінгі кезеңдерде орыс оқымыстылары В.В.Радлов, А.В.Васиьев, Г.Н.Потанин, Н.Рычков, А.Янушкевич, П.Н.Распопов, сондай-ақ қазақтың төл ғалымдары А.Байтұрсынұлы, Х.Досмағамбедұлы, С.Сейфуллин, М.Әуезов, С.Мұқанов, Қ.Жұмалиев, Е.Ысмайылов, С.Бегалин, З.Ахметов, З.Қабдолов, С.Қасқабасов, М.Жармұхамедұлы т.б. қалам тартып, айтыстың жанрлық сипатын, синкреттік табығатын, көркемдік ерекшеліктерін жан-жақты ашуға қол жеткізді. Әсіресе, профессор М.Жармұхамедұлы бұл салаға байланысты ұзақ жылдар іргелі зерттеулер жүргізіп, монографиялық еңбектер жазды. Ол айтыстың жанрлық сипатына байланысты бұрынғы-соңды зерттеулерді зерделей келіп, оны мынандай ішкі түрлерге жүйелейді: 1) "Салт-әдет және мысал айтыстар": а) "Бәдік айтысы", ә) "Жар-жар" үлгісіндегі айтыстар, б) Қыз бен жігіт айтыстары, в) Қайымдасу және қағысулар, г) Мысал айтыс; 2) Ақындар айтысы: а) Дін айтысы, б) Жұмбақ айтысы, в) Жазба айтыс. Айтыс - халықтың тұрмыс салтымен, этнографиялық болмысымен тығыз байланысты өрбіп отырғанмен, кейде қоғамдық санамен де астасып кететін өміршең жанр. Бұған бірнеше дәлелдер келтіруге болады. Біріншіден, қоғамның дамуына және сұраныстың болмауына байланысты жоғарыда көрсетілген айтыстың бірнеше түрлері қолданыстан шығып, ұмытыла бастағаны аңғарылады. Мәселен, бәдік айтысы әу баста төрт түлік малға келген ауру-індеттерге байлданысты туып, бара-бара жастардың ойын-сауық кезіндегі әзіл-қағыстарға ұласқан болса, кейінгі бір ғасыр аясында ауызға алынбай, ұмытыла бастаған. Ал үйлену салтына қатысты айтылатын жар-жар үлгісіндегі айтыстар да сипатын өзгертіп, келін түсіру кезінде жалпы тойшы қауым қосылып орындайтын қысқа жыр кейпіне түсіп қалғандығы белгілі. Қайымдасу мен қысқа қағысу айтыстары да әдетте қыз бен жігіттің, болмаса жеңгесі мен қайнысының бір-бірін дәріптеп мақтасуынан, яки әжуә-күлкі етіп тиісе қағысуынан басталады. Мұның көне үлгілерінде бастапқы екі жол екі жаққа бірдей бастан-аяқ өзгеріссіз қайталанады да, айтылар негізгі ой соңғы, шешуші тармақтарда ғана беріледі. Бұл ерекшелік қайымдасудың әуел баста түр-мазмұны жағынан тым қарапайым, жаңа талап жастарға құрастырып айтуға мейлінше жеңіл болғанын аңғартады. Мысал айтыстардың негізі жеке авторларға тән болса да, айтушылары біртіндеп ұмытылған соң, халықтық туындыларға айналып кеткенін аңғару қиын емес. Тіпті, ХХ ғасырдың алғашқы жартысында мысал айтыстарды шығарушылары туралы мәліметтер де жиі ұшырасады. Көшпелі елдің тұрмыс-күйі мысал айтыстар арқылы сан-алуан тақырып маңында өрбіп отырады. Әдетте, халықтың әлеуметтік тұрмыс жағдайы төрт түлікпен өлшенетіні белгілі. Бұл тұрғыда жаны малының садағасы болған қазақ үшін басты жау - жыртқыштар. Адам мен қасқыр арасындағы айтыстың мол болатыны да сондықтан. Ер қанаты болған аттың иесімен сырласуы да ит-құстан кем түспейді. Барлық мысал айтыстардаң мазмұндық сипатына үңіле қарағанда, айтушының тұрмыс-тіршілігінің (кедей, жетім, жесір, қойшы, таз, т.б.) белгі-нышаны байқалып отырады. Осыған орай ақындар дәулеттілер мен билік иелеріне деген ішкі қыжылын, қарсылығын білдірудің құралы ретінде айтысты ұтымды пайдаланған. Аталған мысалдарға қарағанда, "Салт-әдет және мысал айтыстарға" жататын жыр тартыстарының көпшілігі жастар арасында өтетіндігі, дәлірек айтқанда, келешекте ірі ақындар айтыстарында бақ сынайтын талапкерлердің өсу баспалдақтары, шыңдалу мектебі іспетті болған. Өкінішке орай бұл айтыс түрлерінің Қыз бен жігіт айтысынан өзгесі ұмытылып, бірнеше ұрпақтың жадынан шығып қалды. Сондықтан жанрдың осы түрлерін заман үрдісіне қарай жаңғыртып, халыққа қайтару бүгінгі ғалымдар мен мәдениеттанушылардың азаматтық парызы болып қалма бермек. Ақындар айтысының тарихына тереңірек көз жіберсек, бұл дәстүрлі өнер Қазақ мемлекетінің тәуелсіздігіне қауіп төнген жоңғар шапқыншылығы кезеңінде ұзақ уақыт үзіліп қалғанымен, ХҮІІІ ғасырдың аяғында қайта жанданып, ХІХ ғасырдың екінші жартысынан бастап дамудың шарықтау шегіне жеткенін көруге болады. Қазан төңкерісінен кейін де саябырсып, балапан басына, тұрымтай тұсына дегендей заман туғаны белгілі. Ұлы Отан соғысы жылдары халықты ынтымақ-бірлікке, отаншылдыққа шақырып, жігерлендіру мақсатында айтыс қайта ұйымдастырыла бастады. Бірақ оның мазмұндық сипаты өзгешеленіп, дәстүрлі табиғатына өзгерістер енгізілді. 1943 жылдың тамыз айында Қарағанды қаласында өткен ақындар айтысы мемлекет идеологиясын насихаттап, еңбекшілердің жеңіске деген үмітін оятты. Кейін бұл үрдіс жазба айтыс түріне ауысып, республикалық баспасөз беттерінде жалғасын тауып жатты. Көтерілетін тақырыптар да өкіметтің жоба-жоспарларына сәйкестендірілді. Мысалы, соғыстан кейінгі жылдары шаруашылықтарды қайта қалпына келтіру, тыңды көтеру мәселелеріне ерекше көңіл бөлінді. Ауылдық, аудандық, облыстық айтыстардың жеңімпаздары 1961 жылы Алматыда бас қосып, аяғы республикалық деңгейдегі үлкен айтысқа ұласты. Кейінгі жылдары да аудандарда, облыстарда түрлі деңгейдегі айтыстар ұйымдастырылып отырғанмен, 1971 жылғы Жамбылдың туғанына 125 жыл толуына арналған жыр бәйгесінің орны ерекше болды. Бұл айтыста Қазақстанның түкпір-түпкірінен жиналған Әлімқұл Жамбылов, Шолпан Қыдырниязов, Бикен Сембаева, Жақсылық Сәтібеков, Қалихан Алтынбаев, Көпбай Омаров сияқты ондаған ақындардың жыр бәсекесінен арыдан үзілмей келе жатқан суырыпсалма дәстүрдің озық үлгілерін көруге болады. Сәл үзілістен кейін бұл дәстүр жалғасын тауып, ақындар айтысының заманға сай мазмұны жетілдіріліп отырды. Жалпы қазақ ауыз әдебиетінің бүгінгі күнге жеткен ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ әдебиетіндегі айтыс өнерінің өзіндік өрнегі
Әсет Найманбайұлы шығармашылығы
Жиенбай жырау шығармашылығы
Ежелгі түркі тілді ру-ұлыстарымен бірге жасаған көркем сөз өнерін түсіндіру
Жамбыл және оның ақындық ортасы
ХАЛЕЛ ДОСМҰХАМЕДҰЛЫ – ЖАЗБА ӘДЕБИЕТІН ЗЕРТТЕУШІ
Көкбай Жанатайұлы
Халел Досмұхамедұлының әдеби мұрасы
Жабаев Жамбыл– қазақ халық поэзиясының әйгілі тұлғасы
Абайтануға кіріспе
Пәндер