ҚР БАНК СЕКТОРЫНДАҒЫ ИНТЕРНЕТ БАНКИНГТЫҢ ДАМУ МҮМКІНШІЛІГІН ТАЛДАУ


Мазмұны
КІРІСПЕ
- ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ ҚАРЖЫДАҒЫ ЦИФРЛЫ БАНКИНГТЫҢ ДАМУЫНЫҢ ҚАРҚЫНЫ
2 ҚР БАНК СЕКТОРЫНДАҒЫ ИНТЕРНЕТ БАНКИНГТЫҢ ДАМУ МҮМКІНШІЛІГІН ТАЛДАУ
2. 1 ҚР Екінші деңгейлі банктердің интернет банкинг қосымшасын қолдануы мен оның артықшылықтарын талдау.
2. 2 АҚ «Каспи» және АҚ «ЦентрКредит» банк мысалында интернет банкинг қосымшасының банк қызметіне, қаржылық көрсеткіштеріне әсерін бағалау.
3 ҚР ЦИФРЛЫ БАНКИНГТЫҢ ДАМУ БАҒЫТТАРЫН БАҒАЛАП, ОНЫҢ ТИІМДІЛІГІН АРТТЫРАТЫН ШЕШІМДЕР ҚАРАСТЫРУ
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
Кіріспе
ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ ҚАРЖЫДАҒЫ ЦИФРЛЫ БАНКИНГТЫҢ ДАМУЫНЫҢ ҚАРҚЫНЫ
Қазіргі технологияның дамыған заманында күнделікті өмірдегі әрбір процесс технологияның қатысынсыз жүре алмайды. Қай сала болмасын өзінің актуалдылығы мен тартымдылығын жоғалтпас үшін, қызмет барысына жаңа технологияларды енгізуде. Шаруашылық қызметімен айналысатын тұлғалардан бастап ірі кәсіпорындар үшін және мемлекеттің дамуы үшін жаңа технологияның енгізу негізгі мәселелердің бірі болып табылады. Соның ішінде ғаламтор дами бастау алғаннан бері дамып, цифрлану процесі тоқтаусыз еңгізіліп келе жатқан бір сала интернет-банкинг болып табылады. Интернет-банкингті дамыту нарықтағы бәсекелестікке қабілетті болу үшін қазіргі таңдағы банктердің негізгі миссиясы болып табылады. Себебі ақпараттық технологиялардың дамуымен көптеген компанияларға түрлі автоматтандырылған ақпараттық жүйелерді пайдалана отырып, бизнестің тиімділігін арттыруға болады. Қазіргі таңда ақпараттық жүйелерді енгізу негізгі өзекті мәселе екендігін әлемдегі ақпараттық жүйелердің алатын орны арқылы көз жеткізе аламыз.
Интернет-банкинг технологиясының даму прогресін келесі фактілермен растауға болады. Datamonitor компаниясының бағалауы бойынша 80 миллионнан астам еуропалықтар интернет-банкинг жүйесін пайдаланған (онлайн банк жүйелерін тек 23 млн. адам пайдаланған) . Қазір әлемде 100 млн. астам үй шаруашылығы интернет-банкинг қызметтерін пайдаланады. Еуропалықтар американдықтардан әлдеқайда белсенді. [1] Ал Қазақстан нарығына келетін болсақ, бүгінде Қазақстанның барлық банктерінің интернет-банкинг жүйесі бар. Мобильді банкинг сервистерін банктердің 60% - ы (20 ЕДБ) ұсынады, олар банктердің барлық клиенттік базасының 90% - ын қамтиды. Мобильді және интернет-банкинг жүйесінде 11 миллионға жуық пайдаланушы тіркелген, олардың үштен бір бөлігі (26%) тұрақты түрде қаржылық операцияларды жүзеге асырады. Күн сайын халық цифрлық банкинг арқылы 6 миллиард теңге сомасына төлем карточкалары бойынша 400 мың операция жүргізеді. Заңды тұлғалардың қаржылық операцияларының шамамен 70% - ы қашықтықтан сервистер арқылы өтеді. [1]
Бүгінгі күні қазақстандық банктердің көпшілігі IT саласында елеулі өзгерістерді еңгізіп жатыр. Қазақстанда бүгінгі күні екінші деңгейдегі 27- банк бар және олардың арасындағы бәсекелестік өте жоғары, сондықтан олар бизнестің мүмкін болатын өзгерістеріне жоғары бейімделуді талап ететін нарықтың үлкен көлемін иелену үшін жаңа жолдар мен шешімдерді іздеуге тура келеді және оны табысты енгізу үшін ақпараттық технологиялар мен бизнес процестерді автоматтандыруды жақсарту қажет.
Қызмет көрсету нүктелерінің саны мен банктердің аймақтар бойынша қызмет көрсету нүктелерінің біркелкі бөлінбеуі арасында үлкен айырмашылық бар, нәтижесінде елдің 60% - ға жуық тұрғындарына банк қызметтері қол жетімсіз. Және бұл проблеманы банктердің көпшілігі шалғай облыстардағы немесе жергілікті жерлердегі филиалдар мен бөлімшелерді дамыту арқылы шешуге ұмтылмайды, себебі жаңа қызмет көрсету орталықтарын құру шығындық шешім болып табылады, сонымен қатар тұрғындары аз болуы, халықтың жалақысы қалалық облыстарға қарағанда едәуір көптігі негізгі кедергілердің бірі болып табылады. Осыған байланысты соңғы жылдары ағымдағы жағдайды түзету және жаңа клиенттерді тарту үшін банктер онлайн-арналарды дамыту және қашықтан банктік қызмет көрсету үшін түрлі жобаларды енгізуде.
2019 жылдың бастапқы 9 айында электрондық ақша жүйесінің эмитенттері 436, 4 млрд теңге сомасына электрондық ақша шығарды, бұл өткен жылғы деректерден 13, 5% - ға артық. "Қазақстанның электрондық ақша жүйесі арқылы 443, 5 млрд теңге сомаға 117 млн транзакция өткізілді. Бұл көрсеткіштер жеке тұлғалар арасындағы аударым операцияларын және заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлердің пайдасына тауарлар мен қызметтер үшін төлемді қамтиды", - деп хабарлады ұлттық төлем жүйелері департаментінің директоры Ерлан Ашықбеков. Қазақстан нарығында 22 электрондық ақша жүйесі жұмыс істейді, олардың эмитенттері 10 банк пен "Қазпошта"АҚ болып табылады. 2019 жылы электрондық ақшаның 5 жаңа жүйесі жұмыс істей бастады: "Senim", "Alfa Pay", "Money Pay", "One Click" және "КАЗЕВРОМОБАЙЛ". Қазақстанда электрондық ақша интернет коммерцияны, коммуналдық қызметтерді, ұялы байланысты төлеу, кредиттерді өтеу және т. б. үшін пайдаланылады. [2] Жоғарыдағы Ұлттық Банктің мәліметтеріне сүйене отырып Қазақстандағы электронды ақша жүйесінің қарқынды дамып, күнделікті тұрмыста пайдаланылуы жиелеп жатқанын көреміз.
Сонымен қатар еліміздегі екінші деңгейлі банктердің цифрлану дәрежесін анықтайтын тағы бір фактор- айналыстағы төлем карточкаларының мөлшері. Соңғы жылдары айналыстағы төлем карточкаларының саны және тиісінше қолма-қол ақшасыз операциялардың көлемі жоғары қарқынмен өсуде. 2019 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша эмиссияланған және таратылған төлем карточкаларының жалпы саны 30, 6 млн бірлікті құрады. "2019 жылдың 9 айында төлем карточкаларын пайдалана отырып, қолма - қол ақшасыз төлемдер мен ақша аударымдарының жалпы көлемі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда екі есе артып, 8, 9 трлн теңгені құрады", - деп хабарлады төлем жүйелері департаментінің директоры Ерлан Ашықбеков. Қолма-қол ақшасыз транзакциялардың негізгі үлесі банктердің онлайн сервистері арқылы жүргізілді. Бүгінгі таңда онлайн сервистерде 18 млн-ға жуық пайдаланушы тіркелген, олардың 34% - ы тұрақты түрде операциялар жүргізіп келеді, бұл халықтың банктердің қашықтан цифрлық арналарының қажеттілігін растайды. Күн сайын онлайн сервистер арқылы 21 млрд теңгеден астам сомаға 1, 3 млн операция жүргізіледі. [3] Бұл дегеніміз Қазақстандағы ақпараттық жүйенің еңгізілуі мен банк секторының цифрлану қарқыны жыл өткен сайын көбейіп, онлайн қызметтердің мүмкіншіліктері артатындығын көрсетеді. Ал банк секторының цифрлануы жалпы еліміздегі ақша қозғалысының жаппай электорнды түрде қозғалып, жасырын операциялардың азаюына біршама көмегін тигізуі мүмкін деп түсінеміз.
Осылайша, Қазақстандық эмитенттердің төлем карточкаларын пайдалана отырып жасалған транзакциялардың көлемі 2019 жылы 30, 9 трлн. теңгеге жетіп, саны 1, 6 млрд бірлікті құрады (2018 жылғы көрсеткіштермен салыстырғанда сәйкесінше 54, 7%-ға және 93, 9%-ға ұлғайды) . Оның ішінде қолма-қол жасалмайтын операциялар саны мен көлемі 2, 3 есе (транзакциялардың саны 1 195, 4 млн. бірлік және транзакциялардың көлемі 14, 5 трлн. теңге), ал қолма-қол ақшаны алу операциялары бойынша тиісінше 31, 2%-ға (транзакциялардың саны 375, 8 млн. болды) және 20, 8%-ға (транзакциялар көлемі 16, 4 трлн. теңге) өсті. [5]
Қазақстан аумағында қолма-қол жасалмайтын операциялардың негізгі үлесі POS-терминалдар (қолма-қол жасалмайтын төлемдердің жалпы саны, көлемінен сәйкесінше (45, 7% және 26, 0%) және интернет/мобильді банкинг (тиісінше 53, 7% және 72, 6%) арқылы жүргізілді. Қолма-қол ақшаны беру операциялары негізінен банкоматтар арқылы жүзеге асырылған (қолма-қол ақшаны беру бойынша операциялардың жалпы саны мен көлемінен сәйкесінше 93, 5% және 86, 5% үлес алады) . [5]
Интернет-банкингке бұлай акцент қойылудың басты себебі соңғы жылдардағы еліміздегі интернет жүйесінің кең ауқым алып, қолданушылардың саны артуы болып тұр. Себебі интернет пайдаланушылар үшін қазіргі таңда оңай әрі тез қызмет көрсетулер тартымды болып табылады. «Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі» министрі Асқар Жұмағалиевтің айтуынша Қазақстанда Интернет пайдаланушылар саны 2018 жылы 81, 3 пайызға жетті және әлемдік рейтингте Қазақстан 45-ші орынға көтерілген екен. [6] Бұл өсім қазіргі таңдағы интернет-банкингтің қарқынды түрде дамуының себебін түсіндіретін бір фактор болып табылады.
Негізі мобильді банкингті дамыту банк клиенттеріне шот бойынша операциялар туралы смс-хабарлама жіберуден басталды, ал қазір транзакциялар туралы ақпарат, ақша аудару, үзінді көшірме алу және қызметтерді төлеу (коммуналдық, ұялы байланыс үшін және т. б. ) сияқты қызметтердің кеңейтілген спектрін алуға болады. Жыл өткен сайын ЕДБ-тер өздерінің ұсынатын қызметтерін жақсартып, жаңартып отыруда. Сол себептен клиенттердің көпшілігі банкті таңдағанда қашықтықтан банктік қызмет көрсетудің, атап айтқанда интернет-банкинг сапасына, қолайлылығына және функционалдығына назар аударады. Банктер неғұрлым талғампаз клиенттердің талаптарына жауап беруге тырысады: бірегей сервистерді енгізеді, провайдерлердің функционалдығы мен тізімін кеңейтеді, барынша ыңғайлы интерфейс жасайды. Рейтингтер мен сараптамалық пікірге қарағанда, банктер арасында "Қазкоммерцбанк", "Халық банкі", "Kaspibank", "Сбербанк" және "Банк Центркредит"ең табысты болып табылады.
Интернет-банкинг ашқан алғашқы банктердің бірі-Қазкоммерцбанк. 2000 жылы Homebank қаржы порталы ашылды. Адам және сайттың белсенді пайдаланушыларының саны айына шамамен 200 000 пайдаланушыны құрайды, және мобильді қосымша 180 мың еседен астам орнатылған, бұл бәсекелестердің көпшілігінен айтарлықтай асып түседі. [4] Келесі тізімдегі банк жеке тұлғаларға қызмет көрсету бойынша алдыңғы орында тұрған банктердің бірі Kaspi Bank. 2008 жылы қайта іске қосылғаннан кейін KaspiBank жаңа форматта өз өнімдерін интернет арқылы жылжытудың агрессивті стратегиясын пайдалана бастады. Стандартты емес шешімдердің бірі бөлімшелерде коммуналдық және ұялы төлемдерді қабылдаудан бас тарту болды, бірақ барлық төлемдер бойынша комиссиясыз онлайн төлеу мүмкіндігі болды. Мұндай өзгеріс 2013 жылға қарай банкті сайттың ай сайынғы кірушілер саны бойынша көшбасшылардың біріне айналдырды. Кейбір бағалаулар бойынша, 300 мың ай сайынғы кіріс көрсеткішімен ол тіпті "Қазкоммерцбанк" - тан асып түсті. Басқа артықшылықтарға сайттың қолайлылығы және озық жарнама жатады.
ЦентрКредит Банкі заңды тұлғаларға арналған банктік қызмет ұсынады, бұл қызмет арқылы қашықтықтан қаржылық операцияларды басқаруға мүмкіндік береді. Функционалды мүмкіндіктерінің санына байланысты заңды тұлғалар жеке келуді толығымен немесе ішінара алып тастай алады, осылайша төлемдер мен басқа да маңызды рәсімдерге кететін уақытты қысқартады.
Жеке тұлғаларға арналған Интернет-банкинг транзакциялардың заңдылығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін клиенттің электрондық цифрлық қолтаңбасы қолданылады, бұл процестің өзгермейтіндігін қамтамасыз етеді. Оның көмегімен банктік шоттардағы қаржыны үнемдеуге қатысты барлық әрекеттерге қол қойылады (расталады) . Банкке жүгінген кезде ЭЦҚ әрбір жеке клиентке жазылады. Мұндай қолтаңбалардың әрқайсысы үшін тек пайдаланушыға белгілі жеке код беріледі. Осы тәсілдің арқасында қызмет арқылы орындалатын кез-келген операция сенімді және қауіпсіз болып табылады.
Ерекшеліктері:
• Центркредиттегі банк операциялары сенімділігі мен жылдамдығының жоғары деңгейімен сипатталады;
• қызмет тұтынушыларға аутентификацияның әр түрлі әдістері, соның ішінде Kaztoken арқылы ХСЖ-нің әртүрлі нұсқаларына қол жеткізуге мүмкіндік береді;
• қызметті пайдаланудың арқасында клиенттер депозиттерге байланысты операцияларды орындай алады - шоттар ашу және жабу;
• ыңғайлы интерфейс және ыңғайлы кросс-шолғыш дизайны, қолданудың ыңғайлылығын қамтамасыз етеді;
• қызметті пайдаланушы шоттағы қалдықтар туралы қысқаша анықтама ала алады;
• Қызмет уақытылы және сенімді SMS хабарлама мен тәулік бойына электронды пошта арқылы ескертулер ұсынады. [7]
Сонымен қатар банк тек заңды тұлғаларға ғана бұл қызметті ұсынбайды. 2017 жылдардан бастап жеке тұлғаларға арналған StarBanking атты интернет банкинг қызметін ұсынған болатын. [7] Бұл құрал клиенттердің банкке келу сиякты ұзақ уақытты алатын операцияларды азайту үшін жасалған ынғайлы банкинг болып табылады.
Ал Каспи банкіне келер болсақ, бұл банк негізгі қызмет түрлерін көп бөлігін жеке тұлғалар пайдаланады. Оған дәлел халықтың арасында кеңінен тараған «KaspiGold» төлем картасы. Соңғы жылдары төлем карталары арқылы жасалған төлемдер мен аудармалардың көлемінің күрт өсуі осы картаның әсерінен екенін сөзсіз түсінеміз. Оның негізгі ерекшелігі комиссиясыз жылдам әрі сенімді аударма жасау мүмкіндігі. Қарапайым халық арасында кеінен таралған бұл карта қазіргі таңда өте танымал екені факт.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz