Биология сабақтарында проблемалық оқытудың ерекшеліктері



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
03.00.08. Н.А.Бекенова1., А.М.Жанузакова 2
УДК 574
1к.б.н,доцент,
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті
Алматы қ.,Қазақстан

21-курс магистранты
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті
Алматы қ.,Қазақстан
Биология сабақтарында проблемалық оқытудың ерекшеліктері

Аңдатпа

Бұл мақалада мектептегі сабақтарда қолданылатын проблемалық технология арқылы оқыту ерекшеліктері қарастырылады. Биология сабақтарында проблемалық технология арқылы оқытуды қолдана отырып оның тиімділігін анықтау, оқушының танымдық , ойлау және шығармашылық қасиеттерін дамыту баяндалады. Проблемалық оқыту - ойлау операциялары логикасы мен оқушылардың ізденіс әрекетінің заңдылықтарын ескере отырып жасалған оқу мен оқытудың бұрыннан мәлім тілдерін қолдану ережелерінің жаңа жүйесі. Проблемалық оқыту әдісі арқылы оқушылардың ой-өрісін арттыруға , соған байланысты оқыту материалын салыстыруға, жүйелеуге, қорытындылауға оқушыларды уйретуге болады.
Түйін сөздер: Проблемалық оқыту технологиясы, интерактивті әдістер, оқушылардың тұлғалық дамуы

Н.А.Бекенова[1]., Жанузакова А [2]
[1]к.б.н,доцент,
[2] магистрант 1 курс
Казахский национальный педагогический университет имени Абая
г. Алматы , Қазақстан

Особенности проблемного обучения на уроках биологии
Аннотация
В данной статье рассматриваются особенности обучения с помощью проблемных технологий, используемых в школьной учебе. Занятия по биологии описывают эффективность проблемно-ориентированного обучения за счет использования проблемно-ориентированных технологий обучения, развития познавательных, мышлительных и творческих качеств ученика. Проблемное обучение - это новая система правил использования законного языка преподавания и обучения, основанная на логике мыслительных операций и законах поискового поведения учеников. Посредством проблемного метода обучения ученики могут улучшить свое восприятие и научиться сравнивать, систематизировать и обобщать учебный материал.

Ключевые слова:

N. A. Bekenova1, Zhanuzaqova A.M 2,
1candidate of biological science, associate professor
2master student
Kazakh national pedagogical university after Abay
c. Almaty, Kazakhstan

Features of problem-based learning in biology class
Summary

This article discusses the features of learning using problem technologies used in school. Biology classes describe the effectiveness of problem-based learning through the use of problem-oriented learning technologies, the development of cognitive, mental and creative qualities of the student. Problem learning is a new system of rules for the use of the legal language of teaching and learning, based on the logic of mental operations and the laws of the search behavior of students. Through the problem-based learning method, students can improve their perceptions and learn to compare, systematize and synthesize educational material.

Key words :

Қазіргі уақытта қоғам шығармашылық әлеуетті жоғары азаматтарды қажет етеді. Шығармашылық ізденіске жетелейтін бір жол - проблемалық оқыту технологиясы.проблемалық оқыту технологиясының негізгі ерекшелігі- жеке тұлғаның танымдық қабілеттерін және танымдық үрдістерін белсенді сөздік қорын дамытуға бағытталуда. И.Лернер проблемалық оқытудың 4 түрін атап көрсетеді: ділгірлік баяндама, эвристикалық, жеке ізденіс зертеу әдістері. Проблемалық баяндаудың негізгі мазмұны : мұғалім проблемалық жағдай туғыза отырып, ізденіс материалдарын өзі баяндап түсіндіреді, логикалық іс-әрекеттің, қайшылықтардың пайда болу негіздерін, оларды шешудің жолдарын көрсетіп береді. Үйренушілер әңгіменің желісіне зер салып , сұрақ қояды, өз болжамдарын ұсынады, ғылыми ізденіс жүргізеді. Жеке жартылай ізденіс әдісі үйренушіліерден қойған ділгірлікті өз бетінше шешуді талап етеді.
Проблемалық оқытудың негізі- проблемалық ситуация туғызу. Проблемалық ситуация дегеніміз - шешуді талап ететін, іздендіретін, ойландыратын күрделі жағдайдың тууы. Ол уйренушілердің ойлануына, ізденуіне өздерерінше қорытынды жсауға жетелейді. Проблемалық ситуацияны пікірлесім түрлері, пікірлесім уақыттары арқылы шешуге болады. Проблемалық сұрақтар өткен материалды қайта жаңғыртып уйренушілерді іздендіріп, топтың ойлау белсенділігін арттыруда ерекшелігін көрсетеді.
Проблемалық оқыту оқушылар үшін қиыншылық деңгейі бойынша әртүрлі болуы мүмкін, ол оның проблеманы шешу үшін қандай және қанша іс-әрекеттер жүзеге асырылатынына байланысты. В.А. Крутецкий оқушы мен мұғалімнің іс-әрекеттерін бөлу негізінде дәстүрлі оқытумен салыстыра отырып, оқытудың проблемалығы деңгейінің сызбасын ұсынды.

Проблемалық оқытудың негізгі психологиялық және педагогикалық мақсаттары:

oo Оқушылардың шығармашылық ойлау қабілеттері мен дағдыларын дамыту;

oo Оқушылардың белсенді ізденіс нәтижесінде игерген білімдері мен дағдылары дәстүрлі оқыту әдістеріне қарағанда есте тез және берік сақталады;

oo Түрлі проблемаларды көріп, қойып, шеше білетін белсенді оқушы тұлғасын қалыптастыру;

Проблемалық оқытудың ең негізгі мақсаты-қазіргі заманғы ғылым жетістіктеріне сүйене отырып, продуктивтік және творчестволық оқу процесінің логикалық жолдарын баяндау. Міндеттер: мұғалімнің проблемалық оқыту процесінің ұйымдастыруының негізгі тәсілдері мен формаларын көрсету, оқытудың ғылымилық дәрежесін жоғарылатып, оқушылардың неғұрлым тиімді жалпы дамуына жағдай тудыру.

Проблемалық оқытудың мақсаты-ғылыми таным нәтижелерін, білімдер жүйесін ғана меңгеріп қоймай, сонымен бірге бұл нәтижелерге жету жолының өзі де, процесінде меңгеру, оқушының танымдық дербестігін қалыптастырып, оның творчестволық қабілеттерін дамыту.

Проблемалық оқытуда мұғалімнің түсіндіруі мен оқушылардың репродуктивтік қызметті талап ететін міндеттер мен тапсырмаларды орындауы жоққа шығарылмайды.

Проблемалап оқыту әдісін жүргізу дидактиканың заңдылықтарына байланысты ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Оқушылардың әмбебап оқу әрекеттерін қалыптастыру әдістемесі
Оқытудың белсенді әдістерін тиімді қолдану
Биология сабақтарында проблемалық оқыту
Оқушылардың өзара оқыту сабақтары
Биология сабақтарында ойын технологиясын пайдаланып өткізу әдстемесі
Жаратылыстану және биология сабақтарында АКТ технологияларын қолдану
Биология сабақтарында оқытудың белсенді әдістерін іске асыру
Тиімді әдіс - тәсілдерді биология сабақтарында пайдалану біліктілігін қалыптастыру
ПРОБЛЕМАЛЫҚ ОҚЫТУ НЕГІЗІНДЕ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ЗЕРТТЕУ ДАҒДЫЛАРЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Заманауи педагогикалық технологиялар
Пәндер