Танымдық қызығу ерекшеліктері


Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   

Танымдық қызығу ерекшеліктері

Қазіргі кезде бастауыш мектептерде оқыту мазмұнын жаңарту жұмыстары жүргізіліп, одан әрі жетілдіре түсуге даңғыл жол ашылды.

Бала өмірінде 6 жаста үлкен өзгеріс болатыны белгілі. Бала мектеп оқушысына айналады. Бастауыш мектеп оқушыларының жас ерекшелігі өсіп-жетілуіндегі елеулі өзгерістерімен сипатталады. Баланың мектеп жасына өтуі оның іс-әрекетінің, қарым-қатынасының, басқа адамдармен қатынасының өзгеруімен байланысты түсіндіріледі. Негізгі іс-әрекет түрі оқу болады, өмірі өзгереді, жаңа міндеттер пайда болады.

Бастауыш мектеп жасындағы баланың танымдық іс-әрекеті оқыту үрдісінде жүзеге асады. Осы жаста қарым-қатынас шеңберінің кеңеюінің маңызы артады. Баладағы өтіп жатқан осы өзгерістер педагогтерден бүкіл оқыту-тәрбиелеу жұмысын нақты мақсатқа бағыттауды талап етеді. Негізгі іс-әрекет түрі - оқу. Осы оқу арқылы олардың таным үрдісі (қабылдау, зейін, ес, қиял, ойлау) дамиды.

Бастауыш мектеп оқушысының қабылдауы тұрақсыз және ұйымдаспауымен ерекшеленеді, сонымен қатар оларда "білуге құмарлық, әуестікте" байқалады. Олар өздеріне күнделікті жаңа бір нәрсені ашып отыратындықтан қоршаған ортаны қызығумен қабылдайды.

Олардың зейіні де еріксіз, тұрақсыз болып келеді. Сондықтан бастауыш мектепте балаларды оқыту мен тәрбиелеу үрдісі, негізінен, зейінді тәрбиелеуге бағытталады. Мектеп өмірі баладан ерікті зейінін жаттықтыруды, назарын бір орталыққа біріктіру үшін ерік күшін жинақтауды талап етеді. Балалардың ерікті зейіні оқу мотивтерімен бірге дамиды (оқу іс-әрекетікің табысты болуына деген жауапкершілік) .

Бұл жастағы балалар өте сезімтал. Оның сезімі тәуелсіз және өте ашық болады. Бұл жастағы балалардың қиялы өте шапшаң, фантазияға берілгіш келеді. Балалардың қиялына мүмкіндік берсе, оларды қандай да болсын бір іске оп-оңай-ақ тартуға жеңіл. Сонда балалар қиын істерді де құштарлықпен орындайды.

Баланың бүкіл өмір бойында оның даму үрдісі жүріп жатады. Даму үрдісінде баланың таным белсенділігі арта түседі. 6-7 жастағы балалар заттарды түсіне, түріне, көлеміне қарап ажырата бастайды, олардың құрылысын, пайдалану тәсілдерін білгісі келеді. Күнделікті өмір барысында бала шындық дүниенің құбылыстары мен заттарын анықтай білуге, адам баласының жинақтаған бай тәжірибесін үйренуге талаптанады. Балалардың бір нәрсені құмартып білуге талаптануын таным ынтасы дейді. Балалар өте байқағыш, еліктегіш, әр нәрсеге үңіле қарайды, көп нәрсе оларды ойлантады.

Балалар әдетте өзіне түсініксіз оқиғалардың, құбылыстардың сырын білуге құмартады. Күн сайын олардың алдында жаңа сұрақтар туады. Сол сұрақтың жауабына олар ересектерден күтеді, өйткені, олардың түсінігінше, ересектердің білмейтіні болмайды. Мұндай ерекше сұрақтар балалардың ақыл - ой еңбегімен шұғылданудағы ниетін, ықыласын сипаттайды. Сондықтан ересек адамдар бала сұрағын жауапсыз қалдырмауға тырысқаны жөн. Себебі сұрағына жауап ала алмаған бала келешекте сұрақ қоюдан жасқаншақтайды. Ал бұл баланың дүниені тануын кері әсер етуі әбден мүмкін.

Егер мектеп жасына дейінгі балалардың қызығуы ойын іс-әрекетімен байланысты болып келсе, бастауыш сынып жасында қызығудың дамуы оқу іс-әрекетінде жүзеге асырылады. Кеңестік психологтар зерттеулері бойынша 7 жастағы оқушыны мектепке қатысты жағдайлардың барлығы қызықтырады: жаңа адамдар (мұғалім, сыныптағы оқушылар), жаңа орын (мектеп, сынып), іс-әрекеттің жаңа түрі (оқу) және т. б.

Әр түрлі жастағы оқушылардың танымдың қызығуының өзіндік мазмұны, ерекшеліктері зерттеушілер үшін қиыншылық тудырады. Өйткені, танымдық қызығудың қалыптасуы және дамуы - жеке бастың дамуы барысында жүзеге асатын өте күрделі үрдіс. Жалпы алғанда, қызығудың қалыптасуы бала айналысатын іс-әрекетке және жеке өмір тәжірибесіне байланысты болады. Соңдықтан да баладағы танымдық қызығудың даму деңгейін тек нақты жасқа байланысты деп те қарастыруға болмайды. Бір жастағы балаларда тұрақтылығы, бағыттылығы, мазмұны жағынан бірдей емес қызығу болуы мүмкін.

Балалар жасына байланысты осы мәселені зерттеу бірқатар кеңестік ғалымдардың жұмыстарында қарастырылған: Н. Рыбникова, Л. Гордон, Беляева, Ж. Цветкова, Л. Маневцова. Н. Постникова, К. Романова, Р. Римбург, П. Сирбиладзе (мектеп жасына дейінгі кезең), И. Шевченко (жеткіншек жас), В. Ильина, В. Иванова, Н. Костина, Л. Рожина (ересек мектеп жасы) .

60-жылдардың басында бастауыш мектеп оқушылары бойынша А. Абдуллаева, М. Морозова, Чо Чун Силь, Ф. Гусейнова (бастауыш сынып оқушылары қызығуының жүйесін зерттеу), А. Дусавицкий (оқушылардың танымдық қызығулары дамуына оқыту құралдарының әсері), Л. Склярский (үлгірімі нашар оқушылардың танымдық қызығулары дамуының ерекшеліктері), М. Щеломенцова (бастауыш мектеп жасында танымдық қызығудың дамуында ғылыми-көркем кітаптардың рөлі) еңбектері шықты. Бастауыш сынып оқушыларының танымдық қызығуына жақын мәселелер В. Дорохова, Р. Жданова, Е. Киричук, О. Саулина, Л. Трегубованың жұмыстарында да қарастырылған.

Қызығу өте ерте жастан қалыптасады және оның алғашқы көріну түрі әуестік, құмарлық түрінде болады. Баланың бірінші жылында-ақ оны ашық түсті заттар, қатты шыққан дыбыстар, заттардың қозғалысы өзіне тартады. Бала күнделікті осы тітіркендіргіштерді үзіліссіз қабылдайды және оларды қайта-қайта қабылдауға тілек білдіреді. Алайда, объектіге деген бұл бағыттылықты оның эмоциялық тартымдылығына сәйкес уақытша және оны қызығудың алды деп те есептеуге болады.

Білуге құмарлық - бала табиғатына тән қасиет, ол баланың көргендерін тануына, оған терең енуіне көмектеседі. Баланың мұндай құмарлығы өзін қоршаған дүниені көруге, білуге, ұстауға деген қызығушылығынан байқалады. Балалардың өте ерте балалық шағында «қайда?», «неге?», «бұл не?», «неліктен?» және т. б. сұрақтар қоюын оларда танымдық қызығуының пайда болуымен байланыстыруға болады. Әрине кішкентай баланың қойған мұндай сұрақтары белгілі дәрежеде, қоршаған ортаға деген танымдық қызығудың бастауы десек болады.

Балалардың қызығуы әлі бетімен пайда болмайды, ол әлеуметтік ортаның ересектердің әсерінен пайда болады. Балалардың қызығулары олардың жас және дербес ерекшеліктеріне байланысты болғандықтан оқу -тәрбие жұмыстарын ұйымдастыруда әр түрлі жаста балалардың өздеріне лайықты қызығулары болатынын ескеру қажет.

Адамның бар қасиеті, мінез - құлқы, қызығу сезімдері әрекет үстінде болады. Әрекет үстінде балалар әр түрлі заттардың қасиеттерін байланыстырып бір шешімге келеді. Балада белгілі білім жүйесі қалыптасады.

Балалар үздіксіз дамиды, олардың танымдық белсенділігі артқан сайын негізгі үлгіні ата - анасынан, мұғалімнен алады. Баланың танып білсем деген ниетін қалыпты дәрежеде сақтап, танымдық белсенділігін одан әрі күшейту үшін танымдық қызығуын арттыру маңызды. Ал танымдық қызығуы артуы үшін зат болсын, әрекет болсын, соны жақсы білуі керек, оны үйрететін бірінші кезекте үлкендер.

Өзін қоршаған ортаның шындығын ұғып білуге ұмтылудың бір көрінісі - балалардың сұрақ қойғыштығы. Есейе келе балалар тек заттар турал ғана емес, әрі айналасындағы әлеуметтік көріністер жөнінде нақты білім, хабар, түсінік алғысы келеді. Ересектерден балалар өз сұрақтарына жауап күтеді. Осыдан келіп, оның ізденісіне, білуге ұмтылысына мұқият қарау керектігі туады.

Балалардың қоғамда алатын орны, үлкендермен қарым-қатынасы, әлеуметтік өмірге араласуы, олардың өзіне ғана тән ішкі әлемі, қызығуы, қабылдауы, ойлауы, қиялы , тағы басқа да көптеген мәселелер ғылымның сан-саласын тоғыстыратын күрделі әлем.

Балада мектеп жасына дейінгі жастың соңына қарай үлкендердің әсерімен мектептегі оқуға деген қызығу қалыптаса бастайды. Осыған байланысты бастауыш мектеп жасында балалардың алғаш мектепке келген күнінен бастап оларды не қызықтыратынын, олардың қызығуының өзіндік ерекшеліктері қандай болатынын, сабаққа қалай қызығатынын жан-жақты білу үшін оқу-тәрбие жұмысын жақсы ұйымдастырып, жақсартудың, оқу үлгірімін арттырудың маңызы зор. Бала оқуға, сабақты үлгіруге, жалпы білімге білімге қызығып тұpca, оқудағы іс-әрекеті сәтті болады, білімді де сапалы меңгереді. Баланың оқу пәніне, тәрбие жұмысына қызығуы болмаса, онда "оқудың да, тәрбиенің де" нәтижесі дұрыс болмайтыны түсінікті. Сондықтан қызығудың балалардың жақсы оқуына, оқығанын жақсылап ұғып алуына, оларды дұрыс тәрбиелеуде, олардың бойында адамгершілік қасиеттерді қалыптастыруда ықпалы зор.

Баланың қызығуын орнықтыратын: мектеп, оқу үрдісі, тәрбие, мұғалімдер ұжымы. Бала мектепке оқуға қызығып келеді. Оқи бастаған соң жақсы оқыған пәніне қызыға түседі, сәттілігі көбейген сайын қызығуы арта береді. Сәтімен меңгерілген білім қуаныш туғызады. Пәнге қызыққан сайын білімді сәтті меңгерген бала алдымен оқудың мазмұнына, оқытудың әдісіне қызыға бастайды. Бала әуелі жеке пәнге, кейін бірнеше пәнге қызығады. Бара-бара бір уақытта бірнеше пәнге, сонан соң барлық пәнге қатарынан тұрақты қызығады. Сөйте-сөйте оқудың барлық саласына қызығу дамып өріс алады. Тұрақты қызығу ересек және жасөспірім кезінде орнығады.

Мақсатсыз жұмыс - ең қызықсыз жұмыс. Сондықтан да оқушылардың оқуға қызығуы туындауы үшін олардың не істеп жатқанын және қандай нәтиже алатынын білуі, сонымен қатар жұмыс мақсатының балаларға түсінікті болуы аса қажет. Оқушыларға өздерінің бос уақытын мақсатты қолданып, өз қызығуын қанағаттандыру үшін іс-әрекеттің әр түрімен шұғылдануы қажет. Таңдап алған саладағы белсенді оқу мен іс-әрекет, танымдық мүмкіндіктер қызығудың дамуына негіз болады.

Адамның кез келген әрекеті белгілі себептен туып, нақты мақсатқа жетуге бағытталған. Оқушы іс-әрекетінің негізгі түрі: оқудың да өзіне тән мотивтері болады. Егер балалардың іс-әрекетінде мотив болмаса, ол белгісіз үрдіске айналуы мүмкін. Мұғалімге және оқушыға тиісті мотивтерді білу оның әрекетінің мақсатын дұрыс анықтау үшін аса қажет. Демек, қажеттілік пен қызығу осы түрткіге негіз болады. Балалар бітімнің қажеттілігін сезінуі қажет, ал қажеттілік олардың оқуға деген қызығуын арттырады. Оқуға байланысты негізгі түрткінің бірі - қызығу. Бұл адамды еліктіріп әкететін ынтызарлық. Оқудың жемісті болуы оған деген қызығудың нәтижесі. Оқушы оқуға өзі қызықпаса, оны зорлап оқытуға болмайды. Ескертетін бір жайт, балаға барлығы оңай болатын оқу ешбір қызықты болмайды, таным мен қуаныш әкелмейді.

Баланың қоршаған өмірге қызығуы болса, ол өзін қызықтыратын құбылысты бақылауын күшейтеді, өзінше оны ойлап байқайды, осыған байланысты өзінше шешім шығаруға тырысады. Осындай іс-әрекет барысында қызығу өз-өзінен дамиды және баланың ақыл-ойы дамуына әсер етеді.

Қызығудың тағы бір ерекшелігі, оның әсерінен іс-әрекет сипаты тез өзгереді. Қызығу бар кезде іс-әрекеттің жақсы нәтижесі ғана қамтамасыз етіліп қоймай, оның сапаты тұтастай өзгереді: белсенді, дербес жан-жақты, шығармашыл, тереңдетілген және т. б.

Алда тұрған негізгі міндет - бала үшін қызықсызды қызықтыға

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Танымдық қызығу үрдістерін дамыту жолдары
Оқушылардың оқу- танымдық қызығушылығын қалыптастырудың педагогикалық-психологиялық мәселелері
Тұлғаның шығармашылық қабiлеттерiн дамытудың теориялық негiздерi жайлы
Оқыту процесінде оқушылардың танымдық белсенділігін арттырудың педагогикалық шарттары (5-6 сынып ағылшын тілі сабағында)
Оқушылардың танымдық қызығушылығын қалыптастырудағы мектеп пен университет арасындағы сабақтастықтың ғылыми-педагогикалық негіздері
Бастауыш мектеп оқушыларының оқу-танымдық қызығушылығын зерттеу тәсілдері
Бастауыш сыныпта ана тілі пәнін оқыту барысында оқушылардың оқу-танымдық қызығушылығын дамыту
Танымдық қызығушылық
Бастауыш сынып оқушылардың оқу-танымдық қызығушылығын арттырудың жолдары
Сабақта оқушылардың дара ерекшелік қабілеттерін қалыптастырудың теориялық негіздері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz