Химия пәнінен интербелсенді әдістерді қолданудың ерекшеліктері


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   

Химия пәнінен интербелсенді әдістерді қолданудың ерекшеліктері

« Бүгінгі күннің ең маңыздысы-білім ғана,

Елдің ертеңі бүгінгі ұрпақтың қолында,

ал ұрпақтың тағдыры ұстаздың қолында» Н. Ә. Назарбаев

Әлемдік бәсекелестік зама­нында әрбір адамның білім са­пасын, қабілеттік деңгейін, жұмыскерлігі адамның білімі мен білік­тілігі қазіргі кезеңде мемлекет­тердің бәсекеге қабілеттілігінің ең маңызды көрсеткішіне айналып отыр. Бәсекеге қабілетті, интеллектуалдық күші жетік маман кадрлар болмай, әлемдік бәсекеге төтеп бере алатындай экономика дамымайды. Қай заманда да өр­ке­ниеттің өрлеуі интел­лек­туалдық шығармашылық қабілет­тің негізінде іске асады. Мемлекеттің бәсекеге қабілетті болуы, оның өркендеуі мен ертеңі болашақ ұрпақтың қолында. Сол себепті елбасымыз мектептердегі, жоғары оқу орындарындағы білім беру сапасымен педагог мәртебесіне ерекше көңіл бөлуде.

Білім беру яғни, оқыту формасы адамзат қоғамының дамуымен бірге қалыптасты. Оқыту үдерісінің ең ертеде қалыптасқан түрі жеке оқыту түрі болды. Келесі кезең жеке-топтық оқыту әдісі болды. XVII ғасырдың басына қарай бұл оқыту формалары қоғам қажеттілігін өтей алмай қалды. Осы кезеңнен бастап алғашқы топтық-сабақ жүйесінің негізі қалыптаса бастады. Сыныптық-сабақтық жүйесінің авторы ретінде Я. А. Каменскийді атайды.

Оқытуды ұйымдастырудың бұл түрінің сипаттамалары мынандай:

  • оқушылардың негізгі бірлігі сабақ;
  • оқушылар жастары бойынша сыныптарға бөлінеді;
  • мектептегі оқыту кезеңі;
  • сабаққа қатысу бәріне міндетті;
  • сабақ кестесі, үзіліс, демалыс кезеңдері жыл бойын қамтиды;
  • сыныптағы барлық оқушылардың жұмыстары бір тақырып және бәріне ортақ бір жоспар бойынша жүзеге асырылады;
  • оқыту барысын мұғалім басқарады;

Бұл оқыту формасы оқытушы мен оқушының қарым-қатынасы тек дәстүрлі субьект-обьекті ретінде ғана жүзеге асырылды. ХХI бәсекелестік заманында бұл оқыту формасымен жаратылыстану-ғылым сабақтарын өтуге қолайсыздық туғызады.

Қазіргі педагогикада оқытудың жаңа бірненше моделін атап көрсетуге болады:

  • пассивті оқушы оқытуың «обьектісі» рөлін атқарады (тыңдау және көру) ;
  • активті (белсенді) оқушы оқытудың «субьектісі» болып шығады (өзінді жұмыс, шығармашылық жұмыс, лабораториялық-практикалық жұмыс) ;
  • интербелсенді- inter (өзара), akt (әрекетттесу) . Оқыту барысында жеке тұлғалар арасынеда танымдық қарым-қатынас орнап, оның субьектілерінің бәрі өзара қатынасқа түседі. Әр оқушының жеке жұмысы мен оның жеке тұлғасын дамыту адамдардың бір-бірімен сөйлесу және өзара әрекеттеу барысында жүзеге асады.

Интербелсенді оқыту үдерісін пайдалану - өмірлік жағдаяттарды модельдеуді, рөлдік ойындарды қолдануды, мәселені бірлесіп шешуді қарастырады. Оқу үдерісінің қандай да бір қатысушысын немесе идеяны (яғни, жақсы оқитындарға ғана назар аудару сияқты) ерекшелеуді шектейді. Бұл моделге адамгершілікпен, демократиялық жолмен келуді үйретеді. Уақытты тиімді пайдаланумен, қосымша ақпарат көздері пайда болады-кітаптар, энциклопедиялар, сөздіктер, компьютерлік іздеу бағдарламалары.

Оқытудың интербелсенді әдістерін 4 топқа бөлуге болады:

- топтық оқыту; - фронтальдық оқыту;

- ойын барысында оқыту; - пікірталас барысында оқыту.

Топтық оқу әрекеті - оқытуды шағын топтарда ұйымдастыру формасы. Мұндай оқыту оқушылар үшін өз құрбыларымен ынтымақтастық жасауға, әр адамның қарым-қатынасқа табиғи ұмтылысын жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Топтық оқытуға жұппен жұмыс, шағын топтағы жұмыс, аквариум жатады.

Фронтальдық интербелсенді әдістерге бүкіл сыныптың бір мезгілдегі бірлескен жұмысын қамтитын әдістерді жатқызуға болады: «Микрофон», «Аяқталмаған сөйлемдер», «Миға шабуыл», «Оқи отырып, үйренемін».

Ойын барысында оқыту әдістеріне рольдік ойындар, драматизациялау жата- ды. Пікірталасқа оқыту әдісі оқыту үдерісінде оқушылардың танымдық әрекетінің маңызды тәсілі, өйткені пікірталас - даулы мәселені көпшілік алдында кеңінен талқылау. Бұндай әдістерге «Ток-шоу», «Пресс» әдісі, «Бағытыңды таңда» әдістері жатады.

Жатылыстану-ғылыми пәндерінде нақтырақ айтқанда химияны оқытуда интер-белсенді әдістерді пайдалану өзіндік оң әсерін тигізеді. Мысал келтіретін болсақ,

8-сынып оқулығындағы металдар және бейметалдар тақырыбын дәстүрлі оқытуда 2- сағат өтуге тура келеді. Ал, интербелсенді әдістерді қолдану арқылы 1-сағатта-ақ өте аламыз. Сабақты жинақты өтудің негізі көзі бұл-жоспар құру.

Бірінші-өткен тақырыпқа шолу «Миға шабуыл»;

Екіншісі-Өткен тақырыпты жаңа тақырыппен байланыстыру;

Үшінші-Жаңа тақырыптың толықтай ашылуы;

1) Сыныпты бірдей 2 топқа металдар мен бейметаладар атауымен бөлеміз;

2) Топтар арасында тақырып бойынша түсіндірме жүргіу(постер қорғау) ;

3) Кумбизм әдісі «металдар», «бейметалдар»

  • салыстыру
  • қолдану
  • саралау
  • ойынмен байланыстыру(Венн диаграммасы)
  • талқылау

4) эксперименттік уақыт «пәнге деген қызығушылығын арттыру»

1-топқа металдардан магний мен оттекті әрекеттестіру арқылы жарық пен жылу бөлінуі(экспериментті оқытушы жасайды әрі түсіндіреді) ;

2-топқа бейметалдардан йод пен крахмалды әрекеттестіру барысында түссізденіп бірнеше минут арасында қайта көк түске боялу себебін түсіндіру(экспериментті оқытушы жасайды әрі түсіндіреді) ;

5) Кім жылдам? «кесте түрінде»

  • ең белсенді бейметалл?
  • Ең жеңіл металл?
  • Ең белсенді галоген?
  • Ең жеңіл сілтілік меалл?
  • Қалқанша безіне қажетті бейметалл?
  • Сүйек қүрамына кіретін металл?
  • Ең жеңіл элемент?
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бейорганикалық химияны оқытуға арналған интерактивті оқыту құралдарын жасау әдістемесі
Оқытудың педагогикалық технологиялары
Мектептегі химияны оқыту барысында инновациялық технологияны пайдалану
Инновациялық оқыту әдістемесі
Алтынсариннің педагогикалық жаңашылдық технологиясы
Оқушылардың танымдық белсенділігі дамуының деңгейлері
Химия пәнін оқытуда ұжымдық оқыту технологиясын қолдану
Оқыту мен білім беру процесіндегіақпараттық технологияларды қолднудың теориялық негіздері
Орта мектептің химия курсында «мұнай және мұнай өнімдері» тарауын оқытуда интербелсенді әдісін қолдану
Интербелсенді оқыту әдістерінің орта-кәсіптік білім беру саласындағы ерекшеліктері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz