ЗАМАНАУИ АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫҢ КІТАПХАНАЛАРДЫ АВТОМАТТАНДЫРУ ЖҮЙЕСІНДЕ ҚОЛДАНЫЛУЫ


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   

ЗАМАНАУИ АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫҢ КІТАПХАНАЛАРДЫ

АВТОМАТТАНДЫРУ ЖҮЙЕСІНДЕ ҚОЛДАНЫЛУЫ

Бөрібаев Б., т. ғ. к. проф., А. Аубакиров, Д. Жакай - магистранттар

Email: aubakir. adilbek@gmail. com, dinazhakay@gmail. com

2 Әл-Фараби ат. Қазақ ұлттық университеті, Алматы қ.

Қазіргі таңда ақпараттық технологиялардың жылдам дамуы кітапхана жүйесінде де өз қолданысын табуда. Заманауи технологиялар кітапхана жұмысын жоғары деңгейде ұйымдастыруға, құжаттармен және мәліметтер қорымен тиімді жұмыс істеу процесін оңтайландыруға, сондай-ақ оқырмандарға сапалы қызмет көрсету мүмкіндігін береді [1] .

Елімізде оқырмандармен атқарылатын құжат айналымын жетілдіру ісі жылдан жылға ілгері дамып келеді. Қазіргі уақытта Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті (ҚазҰУ) кітапханасында электрондық каталог, веб-сайт, электрондық кітапхана, QR-код қолдану сияқты замануи технологиялар кеңінен қолданылып келеді [2] .

Веб-сайт. ҚазҰУ кітапханасының веб-сайты елімізде қалыптасқан тілдік нормалар­ға сәйкес үш тілде әзірленген. Әрбір оқырман веб-сайттан өздеріне арналған бөлімнен кітап­хананы қолдану ережесін және жаңадан келген оқырмандар үшін қысқаша нұсқау­лық­тарды көре алады. Веб-сайттың басты бетінде кітапханада жоспарланған түрлі іс-шаралар мен жаңалықтар тұрақты түрде жарияланып тұрады. Сонымен қатар мұнда нақты уақыт режимінде оқырмандарға кеңес беруге арналған jivosite онлайн-чат сервисі орнатылған.

Электрондық каталог . Кітапхана жүйесіндегі электрондық каталог - ақпарат іздестірудегі бірсыпыра мекемелерде қолданылатын басты құрал болып табылады [3] . Оның классикалық каталогтан айырмашылығы, электрондық каталогта ақпаратты кеңейтілген критерийлер бойынша іздеу мүмкіндігі бар. Мысалы, әдеттегі классикалық каталогта оқырман өзіне қажетті материалдарды тек алфавиттік реттілікпен орналасқан авторлар тізімі бойынша немесе қажетті әдебиеттер тақырыбы бойынша іздей алады. Ал электрондық каталогта мәлімет іздеудің негізгі критерийлерінен басқа көптеген қосымша мүмкіндіктері қарастырылған. Каталог бойынша іздеудің 3 түрі бар: қарапайым іздеу, кеңейтілген іздеу, кәсіби іздеу. Оқырманның сұранысы jirbis. kaznu. kz веб-сайтынан ajax-технологиясы арқылы Ирбис жүйесінде өңделіп, нәтижене веб-парақшада көрсетіледі. Электрондық каталогтағы іздеу процесінің сызбасын 1-суреттен көре аламыз. Оқырман электрондық каталогқа интернетке қосылған кез келген компьютер немесе мобильдік құрылғы арқылы қол жеткізе алады.

Jirbis деректер базасы

ДББЖ

SQL-сұраныс

Нәтиже

1-сурет. Электронық каталогтағы іздеу процесінің орындалуы

QR-код. Соңғы жылдары QR кодтар көптеген салаларда ақпаратқа қол жеткізудің ыңғайлы әдісі ретінде танымал бола бастады. Бұл штрих-код символдардан тұратын әр түрлі ақпаратты кодтайды. Оқырмандар үшін де QR кодты қолдану тиімді тәсілге айнала бастады. Жапондық Denso-Wave компаниясы жасап шығарған екі өлшемді штрих-код ҚазҰУ кітапханасында да өз қолданысын табуда. Мысал ретінде ұялы телефоныңыздың камерасын 2-суретте көрсетілген QR кодқа жақындатсаңыз Әл-Фараби кітапханасының веб-сайтына тікелей сілтеме ала аласыз.

https://lh6.googleusercontent.com/tznmeluxIWf57Ujt0ZPcrmO0IO_gEC6PHbJtDRfC82_vBBoGVHfSZ6Rhlmu9Bjw6P0V2QeiUGRYjE0HDm6I8xJLtznh_bBzInxjoOoX46E6SBg5LRaLpRIRIlmE-XF2vkrRZ40ip

2-сурет. Әл-Фараби кітапханасының QR коды бейнесі

QR кодтың артықшылығы:

  • үлкен көлемдегі мәліметтерді шағын ауданда сақтау жүзеге асырылған;
  • кітаптарды, авторларды және кітапхананың құзыреттілігін насихаттау үшін инно­ва­циялық технологиялар түрінде қызмет етеді;
  • оқырманға қосымша ақпарат берудің тиімді әдістері іске қосылған;
  • ұтқырлық мүмкіндіктері кітапхана келушілерін кеңірек қамту мүмкіндіктерін береді;

Электрондық кітапхана . Егер оқырманның кітапханаға келу мүмкіндігі болмаса ол өзіне қажетті материалдардың электрондық нұсқасын elib. kaznu. kz веб-сайтынан іздеп таба алады. Кітапхананың бұл қызметін толықтай қолдану үшін оқырман міндетті түрде веб-сайтта тіркелу процесінен өтуі қажет. Электрондық кітапхана жүйесінде де түрлі крийтерилер бойынша іздеу жүргізуге болады.

Электрондық кітапханада оқырман тіркелу процесінен өткенен кейін оның жеке кабинеті пайда болады. Жеке кабинетте оқырманның өз (персоналды түрде) мәліметтері, таңдаған кітаптары, жиі қолданатын құралдары көрсетілетін болады.

Сонымен қатар оқырман веб-сайтта тіркелген болса, оған түрлі қосымша мүмкіндіктер ашылады, солардың бірі - онлайн тапсырыс беру. Онлайн тапсырыс 3-суретте көрсетілген форма арқылы жүзеге асырылады. Оқырманның онлайн-тапсырыс арқылы келген материалы оны цифрлық түрге келтіретін «Элар» сканері арқылы жүзеге асырылады. Одан кейін материалдың толық библиографиялық сипаттамасы арнайы парсер арқылы Ирбис жүйесінен алынып, elib. kaznu. kz электрондық кітапханасына жүктеледі. Тапсырыс толықтай орындалғаннан кейін оқырманның электрондық поштасына тапсырыстың дайын екендігі жайлы хабарландыру жіберіледі.

3-сурет. Онлайн-тапсырыс формасы

Электрондық кітапхана платформасындағы ұсыныс жүйелерінің (recommender systems) құрылымы мен мүмкіндіктерін жетілдіру.

Кітап оқу процесі адамның ойлау жүйесін мен сол саладағы білімін тереңдетіп, көзқарасын өзгертуге ықпал етеді. Осыған байланысты кітап оқу - кітап таңдаудан, дәлірек айтсақ, кітапты дұрыс таңдаудан басталады.

Жалпы кітап таңдауда жүйелілік және нақтылық қажет екені анық. Сондықтан кітаптың рейтингісі оған берілген рецензияларының көп болуына, ұсынылған мерзіміне, пайдаланған адамдардың санына немесе кітап көлеміне, басылым жылына, т. с. с. параметрлерге байланысты өзгереді. Бірақ жоғарыдағы іс-әрекеттерді оңтайландыру үшін арнайы ұсыныс жүйесі қарастырылған. Ол деректерді интеллектуалды түрде талдау арқылы жүзеге асырылады.

Электронды кітапхана жүйесіндегі оқырмандарға кітап ұсыну жүйесі бірнеше тиімді әдістер негізінде құрастырылған. Атап айтсақ, мұнда кітаптың танымалды негізделген қарапайым жүйе іске қосылған. Қазіргі уақытта танымалдыққа негізделген қарапайым ұсыныс жүйесін әртүрлі кітаптарға арналған пайдаланушылардың рейтингісінің негізінде құруға болады.

Жалпы электрондық кітапхана жүйесіндегі ұсыныс жүйесінің алгоритмдері төменде көрсетілген бірсыпыра іс-әрекеттерді қамтиды [5] . Жаңадан тіркелген қолдану­шыға оның факультеті немесе зерттеу аймағы бойынша кітаптар ұсынылады. Мұнда сол зерттеу аймағындағы рейтингі жоғары кітаптарды таңдау ісі қарастырылған. Онда оқырман­дардың жас ерекшеліктеріне байланысты (яғни 17-18 жастағы қолданушы болатын болса) және оқитын факультеттерінің атына қарай, алгоритм автоматты түрде бұрынғы статистикаға байланысты сол топтардың жиі оқитын кітаптарын ұсынады. Мұндай жағдайларда, оқырмандардың жеке мәліметтері мен кітап рейтингтеріне негізделген ұсыну алгоритмі жұмыс істейді, бұл қазіргі кездегі рейтингке негізделген тиімді әдіс болып табылады.

Қолданушы тіркелген соң және бірнеше кітаптарды таңдап алғаннан кейін, электронды кітапхананың деректер қорында оқырманның таңдаған кітаптары туралы мәлімет толық сақталынады. Осы мәліметтер мен басқа да қолданушылардың сандық және сапалық деректері салыстырылады. Талданған мәліметтерге сәйкес жиі қолданыстағы кітаптар қолданушыға бірден ұсынылады. Бұл әдісті коллаборативті сүзгі әдісі деп атайды [6] .

Колллаборативті сүзгі әдісінің қолданушыға және элементке бағытталған алгоритмдері қолданылады. Қолданушыға бағытталған коллаборативті сүзгі әдісі (Collaborative filtering based on user-user method) - электронды кітапхана қолданушысына жаңа ұсыныс жасау үшін оның жеке әрекеттер профиліне ұқсас келетін қолданушылардың (жақын көршілердің) арасындағы танымал кітапты ұсынады. Бұл әдіс «қолданушыға орталықтандырылған» деп аталады, өйткені ол қолданушылардың элементтермен өзара әрекеттесуіне негізделген және сәйкес келетін қолданушылар арасындағы қашықтықты есептейді [7] .

Элементке бағытталған коллаборативті сүзгі әдісі (Collaborative filtering based on item-item method) қолданушымен өзара әрекеттесетін элементтерге ұқсас элементтерді табуға негізделген. Егер қолданушы белгілі бір кітапты «жақсы» деп бағаласа, онда оған келесі ұсынылатын кітаптар осы кітапқа ең жақын келетін кітаптар ретінде алынады. Яғни, «жақсы» бағаланған кітап пен қалған кітаптар арасында сәйкестік орнатылып, ең жақын қашықтықтағы кітаптар ұсынылады.

Қолданушы мен элементке бағытталған коллаборативті сүзгі әдістерін салыстыратын болсақ, қолданушыға бағытталған әдіс элементтермен өзара әрекеттесу тұрғысынан алғанда ұқсас пайдаланушыларды іздеуге негізделген. Әдетте, әрбір қолданушы тек бірнеше элементтермен әрекеттескендіктен, кез келген жаңа тіркелген әрекеттесулерге сезімтал болып келеді (жоғары дисперсия) . Бірақ бұл әдіс қолданушыға нақтыланған дербес нәтижелерді алуға мүмкіндік береді [8] .

Элементке бағытталған коллаборативті сүзгі әдісі элементаралық байланыста белгілі бір элементке ұқсас элементтерді іздеумен ерекшеленеді (4-сурет) .

4-сурет. Қолданушыға бағытталған және элементке бағытталған коллаборативті сүзгі әдістерінің айырмашылығы

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Автоматтандырылған ақпараттық ресурс орталығы
Автоматтандырылған ақпараттық оқыту жүйесінің даму кезеңдері
Мектеп кітапханасының ақпараттық жүйесін құру
Жаңа әлеуметтік – мәдени жағдайда оқырмандарға қызмет көрсету
Кітапхананы жаңа технологиялармен қамтамасыз ету
Инновацияны зерттеудің әдістемесі мен бағыттары
Қазақстан Республикасы кітапханалары жаңа жағдайда: мәселелері, даму жолдары
Электронды ақпараттар қорын қалыптастыру
Кітапханаларды автоматтандыру тарихы
Тестілеуге арналған ақпараттық жүйелер
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz