Абай шығармаларындағы ізгілік тәрбиесі


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   

Абай шығармаларындағы ізгілік тәрбиесі.

Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің

профессоры, п. ғ. к, ФН. Жумабекова, Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану мамандығының 1 курс магистранты Ж. Нұрман

Ізгілік - бұл сөздік қорымыздағы ерекше, мәні айқын, парасатты сөз. Адамның ең асыл қасиетін анықтайтын бірден-бір ұғым. Ізгілік тәрбиесі дегеніміз - тәлім-тәрбиенің әсерімен адамгершілік сананы қалыптастырудың, білімділікті, адамгершілік сезімді дамытудың жолы.

Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқевтың «Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан» атты мақаласында: Абайдың мол мұрасы қазақ ұлтының жаңа сапасын қалыптастыруға қызмет етеді. Оның шығармаларындағы ой-тұжырымдар әрбір жастың бойында халқына, елі мен жеріне деген патриоттық сезімді орнықтырады. Сондықтан хакім Абай еңбектерінің нәрін өскелең ұрпақтың санасына сіңіру және өмірлік азығына айналдыру - ұлтты жаңғыртуға жол ашатын маңызды қадамның бірі. Абай - әлемдік деңгейдегі ойшылдардың қатарындағы ғажайып тұлға» - деген болатын. Шынында да, дана ақын шығармалары тек қазақтың ғана емес, бүкіл адамзат баласының рухани өмірін жан-жақты байыта алады. Өйткені Абай туындыларының мазмұны жалпыадамзаттық құндылықтарға толы. Оның қара сөздері - әлем халықтарының ортақ қазынасы. Бұл - классикалық үлгідегі өнегелі ойлар шоғыры. Нақыл сөз, ғибратты сөз, ғақлия сөздер деп әрқилы аталғанымен, бұл - ерекше жанр. [1]

Абай Құнанбаев қазақ халқының ұлы классик ақыны, қазақ әдебиетінің негізін салушы, ұлы ойшылы, ұлтымыздың мақтанышы. Абайдың поэтикалық шығармалары эстетикалық, этикалық, психологиялық және педагогикалық ой-пікірлерге толы. Оның пікірінше, табиғат біздің санамыздан тыс және бізге тәуелсіз өмір сүреді. «Адам баласы көзімен көріп, құлақпен естіп, қолмен ұстап, тілмен татып, мұрнымен иіскеп сырттағы дүниеден хабар алады, - дейді. [2]

Абай: «Адам бол!» - деген ойларынан нағыз адам болу үшін тек қана өзіңді тану арқылы сыртқы мәдениетке, тілге, дінге мән бере отырып дамуға сол арқылы адамгершіліктің-қайырымдылық, биік талғам, шындық, әділдік негіздерін қабылдауға ықпал етеді. «Адам баласы бір-бірінен ақыл, ғылым, ар, мінез деген нәрселермен озады» - дейді. Адамдықты көрсететін қасиеттер мен құндылықтар: жан мен рух, мінез, әрекет, тәжірибе, білім, өнер, кәсіптік икемділік. Абайдың рухани-адамгершілікті өрбітуге байланысты осындай көрсеткіші ақыл мен білім, рухтың тазалығы . Тыныштық қуаты - жүректе, келісім қуаты - қайратты, ерікті, иманды кісіде. Адамның кісілігі: - әсерлі, әдепті, табысты өнерінде. Адамның ең биік қасиеті - Адам бола білу!» - дейді. [3]

Адамгершілік деген ұғым мен оның адамгершілік тәрбиесі оның әрбір шығармасынан айқын және күшті түрде көрініп отырады. Абай адамдықтың биік деңгейін иманмен өлшеген. Өзінің қара сөздерінде «Толық мұсылман болмай - толық адам болмайды» деп, кесіп айтқан. Толық адамның тұла бойындағы ізгі қасиеттер «Ғылым таппай мақтанба» өлеңінде сипатталған.

Бес нәрседен қашық бол,

Бес нәрсеге асық бол,

Адам болам десеңіз.

Тілеуің, өмірің алдыңда,

Оған қайғы жесеңіз.

Өсек, өтірік, мақтаншақ,

Еріншек, бекер малшашпақ

Бес дұшпаның білсеңіз.

Талап, еңбек, терең ой,

Қанағат, рақым, ойлап қой -

Бес асыл іс, көнсеңіз .

Күллі aдaм бaлaсын қор қылaтын үш нәрсе бaр: олaр - нaдaндық, еріншектік, зaлымдық. Абай өз айналасында болып жатқан барлық әділетсіздікті, өтірік пен алдауды, надандық пен қараңғылықты көрді. Әсіресе жастарды адамгершілік тұрғыдан тәрбиелеу жолында күресіп, бар дауыспен қараңғылыққа, ескілікке қасарыса қарсы шықты. Адамгершілік тәрбие бойына сіңген адамды Абай батыл, ер, көзге айтудан қорықпайтын, күрестің адамы боларға тиіс деп түсінеді. Өлеңге келер болсақ, өте түсінікті өлең. Жаман мен жақсының ара жігін бөліп, талдап жазған. Жігіттер, ойын арзан, күлкі қымбат», «Өлең- сөздің патшасы, сөз сарасы. », «Адамның кейбір кездері» адамгершілік тәрбиесі сипатталған .

Қара сөздерінде адамгершілік, ізгілік туралы жазған. «Он жетінші» адамгершілік, имандылық, адалдық, парасаттылық, еңбекқорлық, қайырымдылық сияқты ізгі қасиеттер «Отыз екінші сөзіндеде», «Қырық төртінші» қарасөзінде адамгершілік, тәрбиелік тақырыпты жайындағы ойлары, ақыл, қайрат, жүрек туралы ой айтқан.

Абай шығармалары, ұрпaқты Aбaй үлгісінде тәрбиелеу - ізгілікке, имaндылыққa, aдaмдыққa, биік aдaмгершілікке бaстaйтын жол.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ поэзиясының адамгершілік, ізгілік дамытудағы рөлі
Ақын жазушылар шығармашылығындағы рухани адамгершілік
Осыдан былай қарай, имандылық тәрбиесі жөнінде
Мектепке дейінгі балалардың халық тәрбиесі
Ізгілік ұғымын дамытудағы ғалымдар көзқарастарының рөлі
БАСТАУЫШ МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫНА ҚҰЛЫҚ ТӘРБИЕСІН БЕРУДЕ АБАЙ ШЫҒАРМАЛАРЫНЫҢ АЛАТЫН РОЛІ
Ұлттық тәрбиенің өзегі - адамгершілік тәрбиесі
А. Құнанбаев, Ш.Құдайбердиев, М.Әуезов шығармаларындағы тәлім-тәрбиелік ойларды ғылыми-педагогикалық тұрғыдан негіздеу
Абай еңбектерінің негізінде ана тілі оқу сабағында оқушылардың құлықтық тәрбиесін қалыптастыруын жетілдіру
Шәкәрім шығармаларын оқу – тәрбие жұмысында пайдалану
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz