Қазақстан тәуелсіздік жолында: даму кезеңдері және ұлттық құрылыс идеялары


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТІРЛІГІ

Абылай хан атындағы Халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті

БӨЖ

Тақырыбы: Қазақстан тәуелсіздік жолында: даму кезеңдері және ұлттық құрылыс идеялары.

Орындыған: Ермекова Айза Ермековна

Қабылдаған: Қарабаева Запихан Мұхтарқызы

Группа: ФМО 103-группа

Ұлттық сана -ұлттар мен ұлыстардың рухани дамуының мәнін, деңгейі мен ерекшеліктерін айқындайтын әлеуметтік, саяси, экономикалық, эстетикалық, философиялық, діни және өзге де көзқарастар жиынтығы. Мейлі, қазақ немесе басқа ұлт болсын ұлттық сананы олардың жекелеген өкілдері туғызбайды, ол ұлттық қауымдастықтағы ұжымдық санада пайда болады.

Халық пен зиялыларды біріктіріп отыратын, ел ішінен зиялыларды қоғам алдына шығаратын ұлттық сана. Ұлтымыздың тарихына, тарихи өміріне қарап ұрпақты ұлттық мүддеге қызмет етуге бағыттауда, зиялылыққа тәрбиелеу ісінде ерекше маңызға ие болған ұлттық сананың рухына көз жеткіземіз. Шыныменде қиыншылығы мен сыны қатар жүрген уақыт ішінде елін, жерін, ұлттық рухын қорғайтын ұрпақты тәрбиелеп, қоғам алдына шығаруда халықтың арман тілегінің орындалуына ықпал еткен бір ғана дүние ұлттық сана. Қайткен күнде де атамекеннен, елдің тұтастығынан, тәуелсіздіктен қасиетті, қадірлі нәрсе жоқ деген бабалармызда ортақ түсінік болған. Осының нәтижесінде ұлттың тарихы қалыптасып, қоғам өмірінде тұлғалар дәстүрі жалғасып отырған.

Соңғы кезде Қазақстанның этникалық, этносаяси қауымдастығын зерттеуде ұлттық сана-сезім мен оның өсу проблемасы үлкен маңызға ие болып отырғаны белгілі. Осыған байланысты ғылыми әдебиет пен мерзімді баспасөзде «ұлттық сана-сезім және оның өсуі» деген ұғымның өзін айқындауда айтарлықтай алшақтықтар байқалып жүр. Мұндай алшақтықтар, біріншіден, аталмыш құбылысты танып-білудің күрделілігінен; екіншіден, оның ұзақ уақыттар бойы ғалымдар назарынан тыс қалып келгендігінен, үшіншіден, ұлттық сана сезім ұлттық санамен тендестіріле қаралғандықтан, ал төртіншіден, оның мәніне дұрыс түсінік берілмей, тіпті жөн-жосықсыз бұрмалануынан туындаса керек.

Ұлттық сана бар жерде мақсат, ұлт мұраты, ұлттық идея қатар өмір сүрмек. Бұлар қатар өмір сүрген қоғамда мемлекетің мүддесіне жаны ашитын, аянбай қызмет ететін, халыққа дұрыс ақылын айтатын адамдар қатары қалыптасады. Себебі халықты мемлекетімен біріктіріп отыратын ұлттық сана, ұлттық санасы терең адамдар. Алаш зиялысы Міржақып Дулатов 1911 жылы «Айқап» журналында жазған мақаласында былай деген: «Біздің әрбір ісіміздің негізі бос, өмірі қысқа. Оқығандарымыз бар - қалтасы тесік, байларымыз бар - төбесі тесік. Екеуі бір жерге желімдеседе қосылмайды. Басқа білімді жұрттың жұрттық адамдары майданға бір іс шығармақшы болса (айталық, газет, журнал хақында) әуелі план түзейді»

Зиялылардың қоғам алдындағы міндеті халықты біріктіріп, ортақ ел игілігіне жатарды бастап отыратын ұлттық сананы қалыптастыру. Ұлттық сана зиялылардың тарих, ұлттық идея, ұлт руханияты бағытындағы ізденістері негізінде қалыптасып отырады. Міржақып Дулатов жазғандай зиялылар ұлттық идеяның жүзеге асуына тікелей ықпал етіп отыратын адамдар. Ұлттық идея ел мүддесіне негізделген тәжірибелерден, идеялардан, стратегиялық мақсаттардан құралған, барлық ұлттық құндылықтарды бойына жинақтаған, оның ұрпақтың игілігіне айналуын негіздейтін дүние. Сондықтанда бұл жүзеге асу үшін мемлекет пен халықтың бірлігі қажет. Мемлекет пен халықты ұлттық идеяға біріктіріп отыратын ұлттық идеология.

Әр ғасырдың өз ерекшелігі бар. Ол ерекшелік ғасырдың ғылымдағы, экономикадағы жаңа дүниелерімен де көрінеді. Мемлекеттің стратегиясы ел игілігіне бағытталып отыратындықтан ұлт жоспарының алдында жаңа дүниелерді бағындыру міндеті ең бірінші тұрады. Сондықтанда алаш зиялылары ұлттық мүддеге қызмет етуде әрбір жеке адам үшін ұлттық сананың ерекше құндылық екендігін атап көрсеткен.

Ұлттық санасы бар адам, ұлттық санасы биік қоғамның кез келген мәселесіне тереңнен, ұлттық мүдде тұрғысынан қарайды. Пайдакүнемдік, жағымпаздық, парақорлық, мансапқорлық қоғам болмысына жат мінез болып есептеледі. Ұлттық санасы биік қоғам үшін мемлекет халықтың, ұрпақтың өмір сүретін ортақ үйі. Яғни қоғамын өз үйіндей сезініп, оған қызмет ету мәдениеттілік болып табылады. Алаш тұлғасы Әлихан Бөкейханов айтып кеткендей, «Жалпақ жұрттың көкірегінде жақсылық болмаса, жұрт жұрт болып тіршілік қылып жүрмек емес. Жұрт пайдасына таза жолмен тура бастайтын ер табылса, қазақ халқы соның соңынан ерер еді . . .

Әділдік жоқ жұртта, береке бірлік болмайды. Байлықты өнермен, шаруамен, қызметпен іздемей, жұртты тонап, момынды жылатып іздеген мырзалар қысты күні үңгірде жатып өз аяғын сорған аю мысалында ғой, қанша қомағайланса да, сорғаны өз аяғы» . Қай уақытта да қоғамның интеллектуалдық өрісін қалыптастырып, нығайтып және сақтап отыруды зиялылар өз міндетіне алып отырады. Ұлт зиялыларының болмысына тән ерекшеліктер қоғамның мәдениетіне айналатын жауапкершіліктері арқылы көрінеді.

Қазақ зиялылары тарихта осы парызды орындаған адамдар. Олардың осы бағыттағы қызметтері қалыптасу ерекшеліктерімен қатар, қазақ қоғамының құндылықтарын, ұлттың бірегейлігін, ұлттық бірегейліктің рухын бейнелейді.

Әдебиет:

Дулатұлы М. Алты томдық шығармалар жинағы. 2-том: Көсемсөз, әдеби сын және зерттеу мақалалары, қазақ тілінде жазылған кітаптар көрсеткіштері. - Алматы: Мектеп, 2013. - 392 б.

Бөкейханов Ә. Шығармалар. - Алматы: Өнер, 1994. - 383 бет.

ХХ ғасырдың басындағы, қазақ халқының идеологиялық өкілдері рөлін атқарған қазақ ұлттық демократиялық интеллегенциясы өзінің алдына халқын дағдылы санадан бостандықтың, тәуелсіздіктің ең жоғары мұраттарына бастайтын нақты жолды міндет етіп қойды. Ол қазақ халқының объективті мүдделері мен жағдайын жүйеге түсірілген теориялық білім ретіндегі идеолдогиялық деңгейде ұғынып білдіруге, оның саяси күрес бағдарламасын тұжырымдауға ұмтылды. Демократиялық ұлттық интеллегенция қоғамның таптарға бөлінуі мойындамай бүкіл халық атынан әрекет етті. Олар өз халқына тәуелсіздік және отаршылдық құлдықтан азаттық алу жолындағы күресте көмектесуге ұмтылды, әрбір адам мен әрбір халықтың жеке бостандыққа және бүкіл адамзат мәдениетінің жетістіктері мен табыстарына еркін қол жеткізу құқығы сияқты жалпы адамзаттық қазыналар жолында күресті. Осы мақсатпен қазақ интелегенциясы 1905 жылдан бастап саяси қызметті қызу өрістетті. Қазақ интелегенциясы саяси қызметінің қорытындысында «Алаш» партиясы құрылды

Ресей боданында болуынан бастап тәуелсіздік алғанға дейінгі Қазақстандағы мемлекеттік басқару эволюциясы мәселесін оқу барысында ұғымдық- санатты аппаратты жасаңыз.

Қазақ елінің Ресей боданына айналуы XVIII ғасырлардан бастау алады. Осының басталу себебі еліміздің жан жағынан жаулардың шабуылынан Кіші жүз ханы Әбілқайыр Ресей патшалығының құрамына кіріп, бұл халықтың қорғануына, қарумен қамтамасыз етуіне көмектеседі деп сенді. Өйткені көршілес елдер тарапынан болатын шабуылдар халықты көп күйзеліске ұшыратты, әсіресе жоңғарлардың шығыстан ойран салып ірі соққылар беруі, қазақтардың әлеуметтік-экономикалық өмірін қиындата түсті. Сыртқы саясаттағы жағдай қазақтарды бұл жағдайдан шығу жолын іздеуге мәжбүр қылды.

1726 жылы Кіші жүздің ханы Әбілқайыр, старшиндар Сүгір, Едікбай, Қажыбай, Құлымбай және басқалары Ресейге, оның қол астына өту туралы өтініш білдіру арқылы Қойбағарды жіберген еді. Алайда ханның өтініші ол жылы жауапсыз қалдырылды, сонда да Әбілқайыр хан өзінің бодандығынан және пиғылынан қайтпай, 1730 жылы қыркүйекте Уфа арқылы елші жібереді. 1731 жылы 19 ақпанда императрица Анна Иоанновна Кіші жүздің қазақтарын Ресейдің қол астына алу туралы грамотаға (ресми құжатқа) қол қойды. Бұл грамотаға қол қою кезінде бірқатар шарттар қойылатыны ескерілді.

  • Біріншіден, Кіші жүз қазақтары Ресейге адал қызмет етуге және башқұрттардың үлгісі бойынша мұқият жасақ төлеп тұруға міндетті болды.
  • Екішіден, Ресейдің қол астындағы өзге халықтардың тарапынан қазақтарға шабуыл жасауға тыйым салынуы тиіс болды.
  • Үшіншіден, қазақтарға олардың жаулары шабуыл жасай қалған жағдайда Ресей қазақтарды қорғауға міндеттенді.
  • Төртіншіден, Әбілқайыр Ресейдің қол астындағы халықтардан алынған тұтқындарды

қайтаруы, ал қалмақтармен және башқұрттармен тату-тәтті бейбіт жағдайда өмір сүруі тиіс болды.

Алайда содан көп кейінгі оқиғалар ол шарттардың бірде-біреуін екі жақтың да орындамағанын көрсетті. Екі жақ та өздерінің пайдаларын көздеумен болды. Империяның қол астына қараудың жалған сипаттары ғана орын алды.

Қазақтардан ант алу үшін патша үкіметі Әбілқайырға 1731 жылғы 30 cәуірде Санкт-Петербургтен А. И. Тевкелев бастаған елшілікті жіберді. Оған Кіші жүздің билеушілерін Ресейдің кол астына қалай өткізуі керектігі жөнінде жан-жақты нұсқау берілді. Кіші жүздің ат төбеліндей билеуші тобын қалағанынша дүние-мүлік беріп, тікелей сатып алу жағын да қарастырып көруді тапсырды. Дипломатиялық тапсырмамен келгендердің құрамында башқұрттың ықпалды старшины әрі батыры Таймас Шайымов тa болды.

Қазақ өлкелік партия комитетінің бірінші хатшысы Ф. И. Голощекин 1926-27ж шабындық және егістік жерлерді бөлу науқанын «кіші Қазан» деп атады. 1925 жылы Қазақстанға келген соң, мұнда Қазан төңкерісі болмаған, сондықтан «Кіші Қазанмен» желпіп өту керек деген тұжырым жасады. Ф. Голощекин бастаған Қазақстан өкіметі мен үкіметі бұл әлеуметтік-саяси науқанды жерге жаппай орналастыру реформасына апаратын алғашқы баспалдақ ретінде қабылдады.

“Кіші Қазанның” мақсаты - қазақ ауылында социалистік өзгерістерді жүргізу және кедейлер мен батрактардың көмегіне сүйене отырып, кеңестендірудің әлеуметтік базасын жасау еді. Голощекин Қазақстанда 1917 жылғы Қазан революциясы іске аспаған, сондықтан “Кіші Қазан” революциясын жасау керек деп өз тұжырымын айтты. Осы саясат барысында 1925-1928 жылдары өткізілген іс-шаралар:

1. Қазақ ауылын кеңестендіру;

2. Жайылымдық-шабындық жерлердің қайта бөлу;

3. Ірі бай шаруа қожалықтарын тәркілеу бағыттарында жүзеге асырылды.

Ауылдарды «кеңестендіруге» бағыт алу. Қазақ ауылдарында кеңес үкіметінің төменгі сатыдағы билік органдары жергілікті кеңестерді құру міндеті қойылды. Ауылда 1925 жылға дейін коммунистерді және олардың теңестіру ұстанымын қолдамайтын байлар мен ауқатты шаруалардың ықпалы әлі күшінде еді. Көптеген аудандарда ауылдық Кеңестер болмады, немесе Кеңес басшысы байлар табынан да табылатын. Мұндай жағдайға Орталық та, жергілікті коммунистер де қарсы болды.

1926-1927 жылдары бұрын болмаған жерлерде Кеңестер құрылып, ал бұрыннан қызмет жасап жүрген жерлерде қайта сайлау жүргізілді. Жергілікті байлар ықпалынан кеңестерді қорғау үшін олардың пайыздық құрамын - кедейлер, батрақтар, әйелдер мен коммунистердің қанша болуы керектігін жоғарыдан бекітті. 1927 жылдың қаңтарында ҚазАКСР Орталық Атқару комитеті (ОАК) ауылдық Кеңестерге жер дауы мен су мен жайылымдарды бөлу сияқты кейбір азаматтық және еңбек мәселелерін қарастыру және шешу құқығы берілді.

1928 жылға қарай белгіленген пайыздық үлесіне сай ауылдық, болыстық Кеңестердің құрамы 50-60%-ға жаңартылды. Бұл жағдай орталық билікке алыс аймақтарды басқаруды жеңілдете түсті.

Жайылымдық-шабындық жерлердің қайта бөлу. Шабындық және егістік жерлерді бөлу науқаны 1926 жылы 20 мамырда шыққан Қазақ АКСР ОАК-нің қарары бойынша“Жерге орналаспай жер пайдаланатын көшпелі және жартылай көшпелі аудандардың шабындық және егістік жерлерін уақытша қайта бөлу туралы” заңы бойынша шабындық және жайылымдық жерлерді бөлу құқығы жергілікті атқару комитеттері мен ауылдық кеңестерге бекітілді.

1926-1927 жылдары 1250 мың десятина жайылымдық және 1360 мың десятина шабындық жерлер ірі байлардан тартып алынып кедейлерге таратылды.

Жерді қайта бөлу негізгі - экономикалық жағдайды жақсарту мәселесіне шеше алмады. Себебі қазақтың дәстүрлі мал шаруашылығының ерекшелігі ескерілмеді. Жер бергенімен мал бермеді. Ауылдағы кедей шаруалардың қожалықтары ғана емес, тіпті орта шаруа қожалықтары да бұл кезеңде ауылшаруашылық құрал саймандарына, егетін тұқым және т. б. заттарға өте зәру болды. Малсыз жерді пайдалану, жер өңдеу техникасының болмауы жерді пайдалана алмады. Сондықтан көптеген кедей шаруалар жерден бас тартып, бұрынғы иелері-байларға қайырып берді. Осылай бұл реформа сәтсіздікке ұшырады. Партиялық органдар жерді тек бөлудің жеткіліксіз екендігін түсіне бастады.

Қазақ ауылының дәстүрлі табиғатымен әлі толық таныса қоймаған Қазақстанның жаңа басшысы қазақ ауылының негізі шаруалар бұқарасын өз соңынан ертіп кетуі үшін терең әлеуметтік өзгерістер қажет екенін, ал, ол 1926-1927 жылдардағы шабындық және егістік жерлерді қайта бөлу реформасы мұндай терең өзгерістерге барар жолдағы алғашқы қадам ғана екенін ұғына қоймады. Егер Ф. Голощекин айтқандай, 1926-1927 жылдарындағы шабындық және егістік жерлерді қайта бөлу қазақ ауылында кеңес өкіметінің жеңісіп қамтамасыз еткен болса, онда 1928 жылғы ірі қазақ байларын тәркілеу де, 1929 жылдан басталған күштеп ұжымдастыру да қажет болмайтын еді.

1937 жылғы Қазақстандағы репрессия ең алдымен Қарағандыдан басталды. Осы жылы маусымайында Қарқаралы округтік партия комитетінің хатшысы ҚарқаралыМ. Ғатаулин ұсталды . Өйткені ол 1932 жылдын өзінде-ақ Ғ. Мүсірепов, М. Дәулетқалиев, Қ. Куанышев, Е. Алтынбековтермен бірге Қазақстан өлкелік партия комитетінін сол кездегі 1-хатшысы Ф. И. Голощекиннің үстінен БК(б) ПОК-не хат жазған болатын. Бұл хат Қазқстан Компартиясы тарихында «Бесеудің хаты» деген атпен белгіледі. Осы хатқа байланысты М. Ғатаулин үнемі бақылауда жүретін. Сол тұста онымен бірге Н. Нұрсейітовты, М. Ордбаевты, Ж . Баймолдинді тұтқынға алады. Сол жылдың күзінде осы іс бойынша А. Асылбеков, Н. Нұрмақов, С. Сейфуллин, Т. Рысқұлов т. б. ұсталып, ату жазасына кесілді . Бұдан кейін осы облыста кызмет істеген Ғ. И. Пинхасик, Ә. Макатов, Ж. Сәдуакасов, М. Тәтімов, Ж. Сұлтанбеков, X. Әміров, О. Беков, X. Жүсіпбеков, Т. Нұртазин, С. Талжанов, Р. Әлсенов, А . Асылбековтыңәкесі-Мүсәпір, С. Сейфулиннің әкесі - Сейфулла, Хасен Жетпісбаев сияқты карттар камауға алынып, ауыр жазаға ұшырады . Бұлардан басқа «Қарағанды ісі», «Қарқаралы ісі» деген жалған қылмыспен сан қазақ сотталды. Сөйтіп, 1937 ж. кезінде Қазақстанның Петропавл, Қостанай, Семейоблысы тәрізді Қарағанды обл . Ішкі істер басқарма сынын қызметкерлері де ерекше қаталдығымен көзге түсті . Тіпті Ұлы Отан соғысының ауыр жылдарында Карағанды чекистерінің ұйымдастыруымен 1944 ж. қаланың Жамбыл атындағы орта мектебінің бір топ жастары- 3. Әбділдин, Б. Жақсылықов, А. Рүстемов, Ж. Өмірбеков т. б . « ЕСЕП » («Елін сүйген ерлер партиясы » ) атты ұлтшылдық ұйым құрды » деген айыппен қамауға алынып, жауапқа тартылды. Ал 1951-52ж. Карағанды оқытушылар институтының профессор К. Жұмашев, аға оқытушысы А. Нарешев, осы институттың түлектері Б. Ысқақов, М. Теміров, Р. Нарешев т. б. жоғарыда аталған ұйымға қатысы болған деген айыппен қамауға алынып, әрқайсысы ұзақ жаза мерзіміне сот алып кетті . Бұл репрессия нын жалғасы 1963-64ж. дейін созылып, сол жылдары ұлтшылдық ұйым құрды деген жаламен К. Жүнісов, К. Сауғабаев т. б . институттан шығарылып, түрліше жазаларға ұшырады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мемлекет және құқық теория негіздері
Саяси ғылымдардың негізгі кезеңдері мен қалыптасуы
Экономикалық дамудың қазақстандық үлгісі
Қазіргі театр өнері
Қазақстанның қазіргі заман тарихы пәнінің оқу-әдістемелік кешені
ХХ ҒАСЫРДЫҢ БАСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ЗИЯЛЫЛАРЫ
Қазақ философиясының қалыптасуының тарихи ерекшелектері
Қазақстан Республика Конституциясының қағидалары
Саяси және құқықтық ілімдер тарихының пәнімен әдісі
ЖАҢА ДӘУІРДЕГІ МЕМЛЕКЕТ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚТАНУ ТАРИХЫ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz