Ұлылардың рухани үндестігі: Абай, Пушкин, Гёте


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   

Ұлылардың рухани үндестігі: Абай, Пушкин, Гёте.

Аталмыш мақалада ұлы ақын Абайдың еңбектерін саралап, тілі басқа, тілегі бір әр халықтың ұлы ақындары Абай, Пушкин, Гёте шығармашылығындағы рухани тамырластық пен үндестік туралы талданады.

Ұлы ақын, жарық жұлдыз, терең теңіз, алып мұхит, сабақтастық, рухани мұра, мың қырлы, мың тәлімі бар ақын, дүниетаным, көзқарас.

Орыстар үшін - Пушкин, ағылшындар үшін - Шекспир, грузиндер үшін - Руставели . . . қандай ұлы құбылыс болса, Абай да қазақтар үшін сондай теңдессіз құбылыс.

Қ. Кулиев.

Абай - қазақ даласын надандықтың айсыз қараңғы түні бүркеп, тұншықтырып тұрған кезде, еліне дем болуға, қараңғы жерге нұр болуға ағып түскен жарық жұлдыз. Ол мың қырлы, мың тәлімі бар ұлы ақын. Осы уақытқа дейін Абай туралы қанша айтылып, қаншама зерттеу жұмыстары жазылып келсе де, ол әлі талай тың жұмыстарға негіз болмақ. Осы орайда Абайды сан зерттеген М. Әуезов былай деген: «Абай - терең теңіз, алып мұхит. Абайды таныған сайын, оның түбіне маржандарын алу үшін сүңги беруің керек, сүңги беруің керек. Ал мен оның бетін ғана қалқыдым. »

Абай өлеңдерінің тілі көркемдіктің ең жоғарғы дәрежесіне айналды. Сөзі аз, мағынасы көп терең Абай сөздері жалпы адамның түсінуіне ауыр екені рас. Бірақ ол ауырлық Абайдың жаза алмағанынан емес, тыңдаушылардың түсінерлік дәрежесінің төмендігінен. Өз уақытында тыңдаушы таппаған Абай Құнанбайұлы талай күйінеді. Бүгінгі таңда біз Абай арман еткен көзі ашық, көкірегі ояу қазақпыз. Ендеше, Абай өлеңдерін өз дәрежесінде қабылдай білуге міндеттіміз.

Абай бар жоғы 4 жыл мұсылманша, 3 ай орысша оқыған екен. Соған қарамастан өзінің талабы мен зеректілігі, зор еңбегінің арқасында ана тілінен басқа араб, парсы, түрік тілдерін игерген. Соның ішінде Абайдың орыс тіліне деген ықыласы ерекше болған. Бұл қызығушылығын Петербургтен жер аударылып келген жас төңкерісшіл Михаэлис шыңдай түсті.

Михаэлистің көмегімен Абай орыс, батыс әдебиетімен терең таныса бастайды. «Дүниеге көзімді ашқан - Михаэлис» - деген екен, досына риза болған Абай. Ол орыс классиктері Пушкин, Лермонтов, Салтыков, Щедрин, Некрасов, Толстой шығармаларын оқып білумен қатар, олардың шығармаларын қазақ тіліне аударған. Сол арқылы қырдағы қалың қазаққа Европа мәдениетінің есігін ашқан.

Алғашқы танысқан орыс ақыны Александр Сергеевич Пушкин болды. Пушкинның «Евгений Онегині» Абай көңіліне тіпті жақын келді. Осы шығармадан үзінділер күйінде 8 өлең аударды. Бұл өлеңдердің ішінде «Татьянаның сөзі» қазақ даласына ән болып таралды.

Пушкин мен Абай Отанымыздың өткен замандағы екі ұлы ақыны - Пушкин мен Абайдың бір-бірімен творчестволық жақындығы, поэзиядағы екеуінің ақындық өнер үйлестігі, ұлы орыс халқы мен қазақ халқының терең достығынан, бұл екі халықтың да алдында тұрған озат арманынан, игі нысанынан туды. Қазақ халқының қалың бұқарасы орыс халқының қалың бұқарасымен достық көзқараста болғаны, орыс халқын аға санағаны сияқты озық пікірлі орыс әдебиетін, оның Пушкин сынды данышпан өкілін Абай да өзіне үлгі, мектеп деп білді. Сондықтан Абай ақындық еңбегінің бірсыпырасын тек орыстың классик поэзиясын қазақ тіліне аударуға жұмсайды.

Абай Құнанбайұлының аудармашы ретінде шеберлігі сондай, кей аудармалары тың өлеңнен артық шығып жатты, сөзбе - сөз аударма дейміз бе, аналитикалық аударма дейміз бе, жоқ еркін аударма дейміз бе, осы тәсілдердің бәрін шебер пайдаланған. Сондай аудармалардың бірі «Қараңғы түнде тау қалғып өлеңі». Бұл өлеңді Абай орыстың ұлы ақыны Михаил Юрьевич Лермонтовтан аударады. Ал Лермонтов болса немістің ақыны Гетеден аударған екен. Үш елдің үш ұлы ақындары Гете - Лермонтов - Абайдың өмірі мен шығармашылығында, дүниетанымы мен көзқарастарында көп ұқсастық, үндестік байқалады. Осы аударманың да ерекше сәтті шығуының сыры осы болса керек.

Халықтың саналы түрде түсініп болмаған, стихиялы тілектерін саналы түрде айтып, бұл үшін өз бойына жинаған нәрді пайдаланып, сол кездегі орыс мәдениетінің шыңына құлаш ұра, ақын жалпы мәдениеттік, жалпы тарихтық маңызы бар бүкіл ұлттық қазына жасайды. Оның творчествосында көрінген Белинскийдің, Чернышевскийдің эстетикалық принциптері, оның өлмес, өшпес лирикалық туындылары, Пушкинді, Лермонтовты, Крыловты аударушы және насихаттаушы ретіндегі ағартушылық қызметі, адамгершілік қасиеті жоғары адамның маңызы мен ұлылығы туралы поэмалары - айрықша бағалы қазына. Бұл шығармаларда Абай халық тағдыры, халықты езушіліктен құтқару амалдары туралы тікелей айтпайды, бірақ та Абай мұрасының бұл саласы да терең халықтық болып табылады.

Пайдаланылған әдебиеттер: Әуезов М. “Абай Құнанбаев” 1995ж., Алматы

Мырзахметұлы М. “Абайтану” 2014ж., Астана

Байғалиев Б. “Абайдың өмірбаяны архив деректерінде” 1995ж., Алматы

Google. kz ғаламтор материалдары.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Аударма жайында
Шәкәрім поэзиясының еуропа, орыс әдебиетімен байланысы
Вильгельм Блейк, Джордж Гордан Байрон, Гете мен Мөшһүр-Жүсіп шығармаларындағы үндестік
Онегиннің мінездемесі
Абай мен Пушкин шығармаларындағы үндестік
Ұлылардың ұлысы - Абай ақын
Ж.Аймаутов - әдебиет сыншысы
Абай - лирик ақын
Абай шығармашылығы - адамзат даналығының таусылмас қазынасы
Шәкәрім поэзиясындағы адамгершілік құндылықтар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz