Мәдениет пен ғылымдардың байланысы


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   

Кіріспе

Мәдениет - адамның өз қолымен, ақыл-ойымен жасағандары және жасап жатқандарының бәрін түгел қамтиды. Жай ғана сауат ашудан және тазалық ережелерін сақтаудан бастап, өмірдің асқан үлгілі шығармаларын жасағанға дейінгі ұғымды қамтып жатқан - мәдениет саласының өрісі кең.

Мәдениет - тарихи құбылыс. Оның дәрежесі мен сипаты қоғамдық өмірдің жағдайларына байланысты өзгеріп отырады. Тарихи дәуірлердің алмасуы мәдениеттің мазмұны мен формаларына сөзсіз терең өзгерістер енгізеді.

Бұлардың арасында ең түбегейлісі - мәдени әрекет. Әрекеттену - жалпы адам мен қоғамның өмір сүру тәсілі, тіршіліктің тірегі. Мәдени әрекет деп, әдетте, мәдениет игіліктерін өндіруге, таратуға, тұтынуға бағытталған мақсатқа сәйкес әлеуметтік іс-қимылдарды атайды. Мәдени игіліктерді толассыз жасау нәтижесінде адам өзінің де мәдени деңгейін көтереді. Осы әрекеттің қайнары, түпкі қозғаушы күші ретінде ғылым адамның талап-мұқтаждарын, мәдени қажеттіліктерді бөліп қарастырады. Осылардың қатарына біз мынандай адамдық қажеттіліктерді жатқызамыз: өмірдің мәні мен мағынасын іздеу, өмірден өз орнын табуға ұмтылу, шығармашылыққа талпыныс, альтруизм, гумандылық және тағы басқалары. Мәдени орта ұғымы мәдениеттің коммуникациялық (қатынастық) табиғатымен тығыз байланысты. Мәдени орта заттық-материалдық, әлеуметтік ұйымдар мен ұжымдардан, рухани қызмет орындарынан тұрады. Оларға техника мен қүрал-жабдықтардың даму деңгейі, тұрмыстық мәдени дәрежесі, адамдардың білімділігі, кәсіптік шеберлігі, рухани мәдениетті сақтау және насихаттау ұйымдары (мұрағаттар, мұражайлар, кітапханалар, клубтар және тағы басқалар) жатады.
Мәдениеттің сан-салалығы, ол шешетін міндеттердің әр түрлілігі оның сан алуан компоненттері мен бөлімдерін құрайтын құрылымды күрделендіре түседі. Мәдениетті әлеуметтік қызметтің бір түрі ретінде қарастырғанда мынадай екі ерекшелік байқалады:
Мәдениетті нормалардың, әдістердің, рәсімдердің жиынтық процесі ретінде қарастыратын субъектілік, қызметтік ерекшелік;
Мәдениетті мәдени процестің, шығармашылық қызметтің белгілі бір қортындысы, нәтижесі ретінде қарастыратын объектілік, құндылықтық көзқарас.
Мәдениет әлемі екі қосалқы жүйеге бөлінеді: материалдық және рухани құндылықтар; - мәдениеттің материалдықтұрпатына әдеттетехниканың, еңбектің, тұрғын үйдің жағдайы, киімнің сипаты, сондай - ақ мемлекеттік жүйе, сот өндірісі, армия білім жүйесі сияқты организмдер жатады; - мәдениеттің рухани көрінісіне ғылым жетістіктері, өнегелік, өнер, дін, құқықтық және саяси сана, тиісті идеялар, нормалар, теориялар жатады.

Мәдениеттің құрылымы оның тиімділік, жүйелелік деңгейі тұрғысынан берілуі мүмкін. Осы көзқарас тұрғысынан ол екі қосалқы жүйеге бөлінеді: - ғылыми, тиімділігі жоғары, теориялық сана; - әдеттегі, жүйесіз, қас-қағым сәттік сана, онда көңіл-күй сәттерінің, нанымның ролі орасан зор.

Мәдениет жеке-дара емес. Ол әрқашанда басқа мәдениеттер мен байланыса отырып тіршілік етеді. Әрі соның нәтижесінде жетістіктерге де жетеді. Осы орайда Э. Гуссерльдің “Философия және еуропалық адамзаттың дағдарысындағы” мынандай жолдары еске түседі. “Мәдениеттің мазмұны адамзат өмір сүруінің бірлескен тәжірибесімен анықталады”. Расызнда, мәдениет дегеніміз адаммен қатарласа өмір сүру мүмкішілігінің табиғи тәсілі. Әрбір мәдениет басқа мәдениет тәжірибесін өзіне пара-пар, лайықты деп қана қарастырмай, өзіндік болмысты кеңейту, ұлғайту мүмкіншілігі деп теқарастырғаны жөн. Мәдениеттер сұхбаты мәдениеттерді байытады, өйткені “Басқа-менің шегім емес, менің басқа мүмкішілігім” мұндай қоғамда қағида болмасын, мәдени-әлеуметтік өзімшілдікке жол бермейді. Олай болатын болса, бүгінгі таңда өркениет аралық, халықаралық, ұлтаралық және т. б. шиеленістерді тежеудің бірден-бір пәрменді құралы мәдениеттер сұхбаты болып отыр. Мәдениет шынайы адамдық құбылыс, адам бар да мәдениет бар. Адам о, баста өз-өзімен ғана шектеле алмайды, қашанда өзінің нақты болмасынан құбылысының мәнін ашуға көмектеседі. Ал мәдениеттің мәні оның болмыстық сұхбаттылығында, әмбебаптылығында. “Мәдениет жеке адам ретінде тұлғаландырылғанда, ал мәдениеттер қарым-қатынасы жеке тұлғалар қарым-қатынасы ретінде қарасытырылғанда ғана мәдениет шынайы мәдениет болып есептеледі. “Белгі” - сезіммен қабылданатын, басқа бір зат, құбылыс, қатынастың өкілі түрінде көретін нәрсе. Белгі - ақпараты қабылдау, сақтау, өңдеу және беру үшін қолданылады. Контекстке байланысты әр түрлі түсіндірілетін және көп мағыналы таңбаға қарағанда белгінің кесімді анықталған бір мағынасы бар.

Тілдік және тілдік емес белгілерді ажыратады. Тілдік белгілер бір-біріне тәуелсіз емес және белгілі бір құрастыру, түсіну және қолдау ережелеріне сай тұтастықты қалыптастырады. Нәрсе туралы ақпаратты сол нәрсені қабілеттілігі абстаркты-ұғымдық ойлаумен байланысты адамзаттың мәдени тарихындағы маңызды жетістік болды. Көркем мәдениет саласында өнердің ерекшелігінен пайда болған әрбір өнер түрлерінің өзіндік бейнелеу-белгілеу жүйелері бар. Бояулы сурет өнерінде белгілік құрылымдарға жататындары: сықақ, түс, ырғақ, композиция. Олардың нақтылы тоғысуы белгілі бір мазмұнды, яғни көркем ақпаратты білдіретін белгі жүйесін құрастырады. Заманның мәдени-көркем стилінің белгі жүйесін талдау оның дәлдік типтерін аңғаруға негіз болды. Оның өзі адам санасына тән сол дәуірдегі әлем бейнелерімен танысуға мүмкіндік береді.

Мәдениет пен ғылымдардың байланысы

Тағы айта кететін жайт, осы экология мәселелеріне байланысты Шығыс пен Батыстың арасындағы айырмашылық туралы. Интровертивтік Шығыс мәдениеті табиғатқа жақын, ол үстемдік етуге шақырған жоқ. Сонымен, мәдениет адам мен табиғатты бөліп тұрған «қытай қорғаны» емес, керісінше, олардың арасындағы нәзік үндестік және рухани қыл-көпір. Осы үндестікті (гармонияны) одан әрі жетілдіру - адамзаттың алдындағы келелі міндет.

Адам және мәдениет мәселесін тереңдете түсетін тағы бір жайт адамның қабілеттілігіне, жан-жақтылығына, шексіздігіне байланысты. Американ ғалымы К. Поппер айтқандай, адам бірдей үш дүниеге: физикалық, ментальдық (психикалық) және идеалдыққа жатады. Сонда мәдениет осылардың қайсысымен көбірек анықталады деген заңды сұрақ туады. Егер біз мәдениетті тек материалдық және рухани бөліктерге бөлудің қарадүрсін шеңберінен шыға алсақ, онда мәдениеттің өзінің ішкі мағынасында идеалды екендігіне көзіміз жетеді. Себебі, адамды қоршаған заттар, дүние - бұл мәдениеттің сыртқы көрінісі ғана, оның мәні - руханилықты адам әрекетінің нәтижесінде заттандыруда жатыр. Мәдениеттің ішкі мәні қоғамдағы өмір сүріп жатқан адамдардың өзіндік санасында, парасаттылық сезімдерінде, рухани ізденістерінде айқындалады.

Қазіргі заманғы ғылымдар жүйесіндегі мәдениеттанудың алатын орны және оның басқа ғылым салаларымен байланысы. Мәдениеттану жеке пән ретінде XIX ғасырдың соңғы ширегінде қалыптаса бастады, сондықтан да оны әлі де болса да буыны бекімеген жас ғылымдар саласына жатқызамыз. Мәдениеттану - мәдениет туралы ғылым, сонымен қатар философиялық ілім, өйткені ол философияның басты саласы - мәдениет философиясын қамтиды. Мәдениеттану қоғамда болып жатқан түрлі процестерді (материалдық, әлеуметтік, саяси, адамгершілік, көркемдік т. б. ) барынша қамтып, мәдениет дамуының жалпы заңдылықгарын, оның өмір сүруінің принциптерін және бір-біріне этно-әлеуметтік, саяси-моральдык, ғылыми-көркемдік және тарихи сипаттамаларымен, жағдайларымен ерекшелінетін алуан мәдениет түрлерінің өзара байланыстары мен тәуелділіктерін зерттейді. Мәдениеттану пәні сонымен қатар жергілікті және региональды мәдениеттердің сапалық ерекшеліктерін, олардың өзара байланыстары мен мәдениеттің басқа түрлерімен мирасқорлығын, қарым-қатынасын зерттей отырып, адамзат баласының біртұтас мәдени даму процесінің жалпы заңдылықтарын анықтайды. Демек, мәдениеттану пәні түрлі қоғамдар барысындағы мәдени өмірді жан-жақты қамти отырьш, ондағы басты мәдени процестерге ғылыми тұрғыдан талдау жасайды. Мәдениеттануды тек қана гуманитарлық ғылымдар саласына ғана емес, жалпы теориялық пәндер қатарына да жатқызуға болады. өйткені бұл пән адамзат баласының мәдени өмірдегі толып жатқан құбылыстарын жүйелі түрде қарастырады. Ал мәдени процестердің мәнін ашып көрсетуде түрлі ғылым салаларының өкілдері, атап айтқанда, этнографтардың, әдебиетшілердің, социологтардың, психологтардың, тарихшылардың, демографтардың және т. б. ат салысатынын ескерсек, мәдениеттанумен барлық ғылымдар саласының айналысатындығын айқын аңғаруға болады. Шындығында да, мәдениеттануға осы уақытқа дейін түрлі ғылым салалары, атап айтқанда, антропология, психология, тарих, педагогика зор ықпал етті. Енді осы аталған ғылым салаларының мәдениеттануға қалайша ықпал ететіндігін қарастырып көрейік.

Антропологияның басты бағытының бірі - қоғам мен адамды салыстырмалы тұрғыдан зерттеу. Осы тұрғыдан алып қарағанда, "антропология" мәдениет деген ұғымның мағынасын анықтауда үш жағдайға назар аударады. Олар:

1. Қоғам мен адамның мәдени қалыптасуы (ағартушылық) ;

2. Қоғамдық және адамзаттық салт-дәстүрлердің, әдет

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Әлеуметтік-гуманитарлық ғылымның философиялық мәселелері
Ғылым тарихы мен философиясының дамуының әлеуметтік мәні
Социология ғылым ретінде
Әлеуметтанудың құрылымы мен қызметі
Социология ғылымы туралы жалпы түсінік беру
Ғылым дамуының тарихи кезеңдері: салыстырмалы талдау
Өркениеттер мен мәдениеттегі ғылым мен философияның байланысы
Тіл мәдениеті
Философияның мәдениеттегі орны және ролі
Педагогика жəне басқа ғылымдар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz