Бастауыш сынып оқушыларының қазақ тілінен функционалдық сауаттылығын арттыру



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 16 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны
Кіріспе
І Бастауыш сынып оқушыларының қазақ тілінен функционалдық сауаттылығын арттырудың теориялық негіздері
0.1 Қазақ тілінен оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттырудың психолгиялық негіздері.
0.2 Бастауыш сыныптарда қазақ тілі сабағында функционалдықты арттырудың маңызы
0.3 Жаңа әдіс-тәсілдері арқылы қазақ тілін меңгерту жолында оқушылардың сауаттылығын арттыру.
ІІ Қазақ тілі сабақтарында бастауыш сынып оқушыларының функционалдық сауаттылығын арттыру жолдары.
2.1 Қазақ тілі сабақтарында бастауыш сынып оқушыларының функционалдық сауаттылықтың анықталу кезеңі
2.2 Қазақ тілі сабағын оқыту барысында оқушылардың функционалық сауаттылығын қалыптастыру кезеңі
2.3
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Қосымша

Кіріспе
Бар ғылымның бастауы - мектеп,
сондықтан біздің басты мақсатымыз - білім сапасын жақсарту
Н.Ә.Назарбаев
Тегінде адам баласы бір-бірінен ақыл, білім, ар мінез деген нәрселерден озады - деп ұлы ақын Абай Құнанбаев айтқандай қазіргі заман- тек білім мен ғылымның заманы. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев Қазақстанның болашағы - білімді ұрпақта-деп, ертеңгі келер күннің бүгінгіден гөрі нұрлырақ болуына ықпал ететін, адамзат қоғамын алға апаратын құдірет тек білімде.
Елбасы Н.Назарбаев 2012 жылғы 27 қаңтардағы Әлеуметтік - экономикалық жаңғырту - Қазақстан дамуының басты бағыты атты Қазақстан халқына Жолдауында мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту бойынша бес жылдық ұлттық жоспарды қабылдау жөнінде нақты міндет қойды. Бұл аталған міндет еліміздің әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 елдің кіруі маңызды процесс болып табылады. Қазақстан үшін маңызды стратегиялық міндетті шешу жағдайында тұлғаның ең басты функционалдық сапалары белсенділік, шығармашыл тұрғыда ойлауға және шешім қабылдай алуға , кәсіби жолын таңдай алуға қабілеттілік, өмір бойы білім алуға дайын тұруы болып табылады. Бұл функционалдық сауаттылық дағдылары мектеп қабырғасынан бастап қалыптасады.
Функционалдық сауаттылықты дамытудың жалпы бағдары Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында көрсетілген. Басты мақсат жалпы білім беретін мектептерде Қазақстан Республикасының зияткерлік, дене және рухани тұрғысынан дамыған азаматын қалыптастыру, оның физикалық құбылмалы әлемде әлеуметтік бейімделуін қамтамасыз ететін білім алудағы қажеттіліктерін қанағаттандыру болып табылады. Осы мақсатқа қол жеткізу арқылы еліміздің оқыту деңгейі мен сапасы жағынан жетекші елдер қатарына қосылады деп күтілуде. Бұл жолда жасалынатын жұмыстардың бағыттары осындай:
Оқушылардың тұлғалық қабілеттерінің дамуындағы функционалдық;
Сауаттылықтың мәні мен маңызын оқыту үдерісінде саралай түсу;
Қазақ тілі пәнің оқыту үдерісінде оқушылардың функционалдық сауаттылығын мәдени танымдық , коммуникативтік, ақпататтық - технологиялық, оқу- танымдық құзіреттіліктер негізінде дамыту әдістемесін басшылыққа алу;
Қазақ тілінен оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыратын басты ұғымдарды анықтау;
Оқушылардың қазақ тілінен функцияналдық сауаттығын қалыптастыруға ұсынылған әдістемелік жүйелердің тиімділігін практикада сабақтың нәтижелері арқылы дәйектеу.
Зерттеу жұмысының мақсаты - бастауыш мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын қалыптастыру жолдарын анықтау, оқушылардың мәтін мазмұнын түсіне білуі және оларға ой жүгірте білу, мәтін мазмұнын өзіндік пайымдау жасауға пайдалануға білуге баулу.
Зерттеу жұмысының міндеттері:
Бастауыш мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылықты арттырудың әдіснамалық , ғылыми әдістемелік, психологиялық негіздерін талдау;
Бастауыш мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын арттырудың әдістерін анықтау;
Зерттеу жұмысының әдістері - талдау, жинақтау, іздену, бақылау, оқушы жұмысын зерттеу, анкета, тест т.б.
Зерттеу жұмысының нысанасы - оқушылардың еңбек біліктері мен шығармашылық қабілеттері.
Пәні- бастауыш сыныптағы қазақ тілі пәні.
Диплом жұмысының құрылымы: кіріспеден, 2 тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен және қосымшадан тұрады.

І Бастауыш сынып оқушыларының қазақ тілінен функционалдық сауаттылығын арттырудың теориялық негіздері
6.1 Қазақ тілінен оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттырудың психолгиялық негіздері.
Қазақ тілі оқыту барысында оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту - олардың психологиялық қырынан даму мәселесінде қарастыруды қажет етеді. Оқушылардың дамуы дегеніміз - оның өмірлік күш-қуаты мүмкіндіктерінің жүзеге асырылуы. Сондықтан сол дамытатын қабілеттерді және олардың оқу-танымдық үдерістегі қызметі ерекше қажет. Ал оқушыны белгілі бір психикалық алғышарттарға ие болып келетін, танып білу мүмкіншіліктері мол жеке тұлға деп қарастыру - теориялық ұғым жасаушы суъектінің болмысын анықтау болып табылады.
Психологияда баланың дамуы туралы екі түрлі бағыттағы көзқарас бар: бірі - баланың дамуын жеделдетуге болады , екіншісі - баланың дамуын табиғи күйінде қалдыру керек, тежеңкіреу керек. Себебі, қоғам баланы ертерек есейтуге әрдайым бейім тұратындықтан оның өмірлік күшінің толық пісіп - жетілмеуі мүмкін.
Қоғам дамуы барасында балаға әсер ететін ықпалы зор күштер болады. Бала соның негізінде белгілі бір даму жетістіктеріне ие болып, қалыптасады. Бірақ, оқу - танымдық процесс білім беру мен тәрбиелеуді бір тізгінде ұстайтын болғандықтан, баланың сыртқы және ішкі даму барысындағы тепе - теңдікті бұзып алмау жағына сақ болу керек. Ол үшін оқушы тіл туралы алған білімдерін интериоризациялауы тиіс. Бұл жерде қазақ тілін функционалдық мақсатта оқыту маңызды рөл атқарады. Оқушылар тілдің грамматикалық ережелерін есте сақтап, жатқа қайталап айта алады. Осы тілдік құбылыстар туралы білімін коммуникативтік мақсатта еркін пайдалану қабілеті болмайды, кейбір кездері тілдің грамматикасын игерген оқушы сабақтан тыс кездерде сол тілде жақсы сөйлей алады. Қазақ тілін оқыту сабақтарында тілді жылдам және сапалы игеру үшін міндетті шынайы түрдегі қарым-қатынастар жағдаяттарды ұйымдастырылуы керек. Мұндай сөйлеу - тілдік жағдаяттары арқылы оқушылар саналы түрде қазақ тілін меңгере алады. Тілдің саналы түрде игерілуі баланың танымдық қабілеті мен таным күштерінің бірігуі арқылы іске асып отырады. Баланың дамуға бейіс таным күштерін байқаған мұғалім арнайы жұмыс арқылы оны ұштай түсуі тиіс. Мұғалім оқушының қазақ тілінде сауатты жазуын қамтамасыз ету барысында міндетті түрде оның танымдық қабілеттерінің де дамуын да ескеріп отырғаны жөн. Даму барысы оның физиологиялық даму мүмкіндіктерімен үйлесе келуін де қажет етеді.
Мұғалім оқу - танымдық процестің жетекшісі мен ұйымдастырушысы ретінде оқушының биологиялық және әлеуметтік дамуын үйлестіріп отыруды басты назарда ұстайды. Жасөспірім кезінде баланың танымдық қызметі ерекше белсенділікпен өтеді. Абай Құнанбаевтың 7-ші қара сөзінде айтылған танымдық қызығушылық енді мектепте түрлі салаларды меңгерумен арта түседі. Осы ретте оқушының қазақ тіліндегі коммуникативтік құзіреттілігінің оны белгілі бір шынайы ситуацияларға түсіре отырып, төселдірілуіндегі даму процесі туралы айтып өту керек. Осы кездегі оқушының қабылдауы, зейіні, қиялдауы туралы мәліметтер алуы қиын болғанымен, ес пен жады, сөйлеу мен ойлау сияқты таным процестерін тану мүмкіндіктері мол.
М.Мұқанов білім мағынасының бәрі де ақпараттан тұратынын атап көрсетеді. Сондықтан да ақпараттың шығатын көзі, келетін мекенжайы болады. Ақпарат шығатын жерінен келетін мекенжайына канал байланыстары, радио, телеграф немесе хабар адамның рецепторларына берілсе, онда шетке және ортаға тебетін нервтар арқылы жіберіледі. Нысандардан рецепторлар адамға келген ақпарат оның басында сан алуан өзгерістерге ұшырап, белгілі жүйеге келтіріледі де, осының нәтижесінде келген хабарлар әр түрлі білім дәрежесіне айналады.
М. Мұқанов үрдісінің элеметтерін былай көрсетеді: қабылдау, зейін, ес пен жады. М. Мұқанов жеткіншектердің таным үдерістерін былайша сипаттайды. Күнделікті оқу материалдарын ұғыну қабылдаудын басталады. Қабылдау тек бір нәрсе қарау немесе соны тыңдау ғана емес, баста бар бейнелермен объектілерді салыстырып түсіну. Сондықтан қабылдау оқу үдерісінде ойлануды талап етеді. Қабылдау дегеніміз - мағлұматтарды тұтастығымен бейнелеу. Егер де берілген, қамтылған материалдар қызықты болса, онда оқушылар осыған ғана көңіл бөліп, қиын материалдарды оқығысы келмейтіні кездеседі. Нәтижесінде, жеткіншек материалды тұтас қабылдай алмай, ақпараттың қандай да бір кесіндісі сияқты етіп, есінде сақтай алмауы мүмкін. Оқушының зейіні сабаққа қалыптас са, онда ол назарын бір нысаннан екінші нысанға аударып отыруға толық мүмкіндігі бар. Оқушының жады мен есі едәуір дамыған және де білім мазмұнын мағынасына қарай есінде қалдыруды ұнатады. Сонымен қатар ол естіген көпке дейін есінде сақтап, қажет кезінде есіне түсіре алады.
Функционалдық сауаттылық дегеніміз - адамдардың әлеуметтік, мәдени, саяси және экономикалық қызметтерге белсене араласуы, яғни бүгінгі жаһандану дәуіріндегі заман ағымына, жасына қарамай ілесіп отыруы, адамның мамандығына, жасына қарамай үнемі білімін жетілдіріп отыруы. Ондағы басты мақсат жалпы білім беретін мектептерде Қазақстан Республикасының зияткерлік, дене және рухани тұрғысынан дамығын азаматтын қалыптастыру, оның әлемде әлеуметтік бейісделуі болып табылады. Қоғамның дамуына байланысты сауаттылық ұғымының мәні тарихи тұрғыдан өзгергенің тұлғаға қойылатын талаптарда оқу, жазу, санай білу қабілеттерінен гөрі белгілі бір қоғамда өмір сүруге қажетті білім мен біліктердің жиынтығын игеру, яғни функционалдық сауаттылыққа жету, қалыптастыру, меңгерту. Қазіргі әлемдегі, еліміздегі өріс алып отырған түрлі бағыттағы дамулардың әсерінен қоғамның адамға қоятын талаптарының өзгеруі нәтижесінде функционалдық сауаттылық ұғымы кең тарала бастады.
Қазіргі әлемдік білім кеңістігіндегі халықаралық стандарт талаптарына сай оқыту үдерісінің орталық тұлғасы білім алушы субъект, ал ол субъектінің алған білімінің түпкі нәтижесі құзіреттіліктер болып белгіленуі білім беру жүйесінде функционалдық сауаттылықты қалыптастыру мақсаты негізінде алынып отыр.
Жай сауттылық - адамның оқу, түсіну, қысқа мәтіндерді құру және қарапайым арифметикалық әрекеттерді орындауы. Функионалдық сауаттылық - адамның сыртқы ортамен қарым - қатынасқа түсе алу қабілеті және сол ортаға барынша тез бейімделе алуы мен қарым қатынас жасай алу деңгейінің көрсеткіші. Олай болса, функционалдық сауаттылық тұлғаның белгілі бір мәдени ортада өмір сүруі үшін қажетті деп саналатын және оның әлеуметтік қарым қатынас жасауын қамтамасыз ететін білім, білік, дағдылардың жиынтығынан тұрады. Ал кең мағынасында ол тек білім мен білімділік әлеміне барудың жолы ғана емес, ол ұлттың, елдің немесе жеке адамдар тобының мәдени және адамды дамытудың тетігі ретінде қолданылады. Мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығы дегеніміз - оқушының пәнді терең түсіну қабілетін дамыту, алған білімін сыныптан тыс жерде, кез келген жағдайда тиімді пайдалана білуін қамтамасыз ету. Егер осы шарттар бастауыш сыныпта орындалса, оқушының функционалдық сауаттылығы қалыптасады.
Бастауыш сынып оқушыларының функционалдық сауаттылық мазмұны келесі мағынада сипатталады:
Оқу, жазу сауаттылығынан;
Жаратылыстану ғылымындағы сауаттылығына;
Компьютерлік сауаттылықтан;
Денсаулық мәселесіндегі сауаттылықтан;
Құқықтық сауаттылығынан.
Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытуда оқу бағдарламасындағы әрбір пәннің рөлі зор. Соның ішінде бастауыш сынып оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамытуда білім берудің алатын орны ерекше. Осы ретте, оқушыға халықтың қоғамдық өмірін, арман мүддесін танытуда, оларға идеялық - саяси, рухани - адамгершілік, этикалық - эститикалық т.б. тәрбие беруде, дүниеге көзқарасын, мінезін, жалпы мәдениетін қалыптастыруда көркем әдебиетті қуатты құралдардың бірі ретінде пайдалану - бастауыш сынып пәнінің басты мақсаты болып есептелсе, тіліміздің өзіндік қалыптасқан нормаларын, жалпы айтқанда грамматикасын үйрету - қазақ тілінің басты міндеті болып табылады.
Білім алу - батылдық,
Оны толықтыру - даналық,
Ал шебер қолдана білу - өнер!
Сабақ беру - үйреншікті жай ғана шеберлік емес, ол - жаңадан жаңаны табатын өнер - деген екен Жүсіпбек Аймауытов. Сондықтан қазіргі таңда оқушыларға саналы тәрбие мен сапалы білім беру ісін жаңа талап тұрғысынан өзгеріп, оқыту тәсілдерін үнемі жетілдіріп отыруға міндеттіміз.
Елбасымыз Н.Назарбаев: Қазіргі заман мұғалімі - рухани дамыған әрі әлеуметтік тұрғыдан есейген, педагогикалық құралдардың барлық түрлерін шебер меңгерген білікті маман, өзін - өзі әрдайым жетілдіруге ұмтылатын шығармашыл тұлға. Ол жоғарғы білімді шығармашыл тұлғаны қалыптастырып, дамыту үшін жауапты деген.
Олай болса шығармашыл тұлғаны қалыптастыру үшін әр сабағымызда біз тек оқулық шеңберіндегі білімді үйретумен шектеліп қана қоймай, кең түрде әр баланың талабына, деңгейіне сай жұмыстарды саралап, ыңғайластыруымыз керек. Тұлға құзіреттілігін дамыту үшін, бастауыш сынып оқушыларының функционалдық сауттылығын арттыруда жаңа инновациялық әдіс - тәсілдердің ең тиімдісін пайдалану жоғарғы нәтиже береді.
Диалогтық интербелсенді оқыту арқылы оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру. Осы мақсатта төмендегі әдіс - тәсілдерді қолдануға болады:
Екі таяқша әдісі;
Төрт сөйлем әдісі;
Тұжырым кестесі;
Эйлер дөңгелегі;
Оқу процесінде қолданылған интербелсенді әдістерді қолдану кезіндегі оқушының іс - әрекеті критериалды бағаланып, рефлексия жүргізілсе онда біздің де алдымызда отырған оқушының жұмысы, даму деңгейі бірден көрінеді және олардың функционалды сауатты болып дамитындығы сөзсіз. Яғни біз аталған мақсат, міндеттерімізді, Ел басымыздың алдымызға қойған заман талабын орындауға өзіміздің бір үлесімізді қосамыз деген ойдамыз. Интербелсенді әдісте оқушылар төмендегідей білім, білік, дағды, машықтарға үйренеді:
Терең ойлау, жеке рефлексиялық қабілеттерді дамыту;
Ақпаратты өздігімен түсініп, жан - жақты талдап, таңдап алу;
Өздігімен жаңа түсінік пен білім құрастыру;
Пікірталастарға қатысып, өз ойы мен пікірін дәлеудеу;
Шешім қабылдау және қиын мәселелерді шешу.
Қазақ тілінен функционалдық сауаттылықты қалыптастыру
ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Қазақ тілінің функционалдық-коммуникативтік грамматикасы
Психологиялық негіздері
Қазақ тілін сапалы оқытуды ұйымдастырудың тиімді жүйесі
Педагогикалық негіздері
Оқушылар білімін құзыреттілік негізінде бағалау
Жаңа оқыту технологиялары

1-сурет ‒ Қазақ тілінен функционалдық сауаттылықты қалыптастырудың
теориялық негіздері

20.1 Бастауыш сыныптарда қазақ тілі сабағында функционалдықты арттырудың маңызы

20.2 Жаңа әдіс-тәсілдері арқылы қазақ тілін меңгерту жолында оқушылардың сауаттылығын арттыру.
Мектеп - үйрететін орта, оның жүрегі - мұғалім. Оқушының бойына білім нәрін дарытуға көмек беретін функционалдық сауаттылық мұғалімнің бойында болуы тиіс. Барлық елде балаға білім беру ерекше орын алып келеді. Балалардың ойлау қабілетін дамытуға, байлығымыз да, бақытымыз да болған Мәңгілік тәуелсіздігімізді көзіміздің қарашығындай сақтай білуге оқушыларды тәриелеу мұғалімдердің басты борышы. Мұғалім сабақты түрлендіріп, өмірмен байланыстырып өтуінде, пәндік білімдеріне, ептіліктеріне және сауаттылығына сүйене отырып, оқу пәндері арқылы, оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру негізінде жүзеге асады.
Тек білім ғана бәсекеге қабілетті тұлғаны қалыптастыра алады. Сондықтан да мұғалім сапалы білім, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ тілінен оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастырудың педагогикалық негіздері
СӨЙЛЕУ ӘРЕКЕТІН ДАМЫТУ АРҚЫЛЫ БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ФУНКЦИОНАЛДЫҚ САУАТТЫЛЫҒЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ ӘДІСТЕМЕСІ
Қазақ тілі сабағын оқыту барысында оқушылардың танымдық қызығушылықтарын арттыру
Бастауыш сынып оқушыларының функционалдық сауаттылығын арттыру
Бастауыш сынып оқушыларының функционалдық сауаттылығын қалыптастыру
Педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру және оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру
Бастауыш сынып оқушыларының функционалдық сауаттылығын қалыптастырудың теориялық негізі
ОҚУШЫЛАРДЫҢ ФУНКЦИОНАЛДЫҚ САУАТТЫЛЫҒЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДАҒЫ ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТІ ПӘНІНІҢ МАҢЫЗЫ
Оқу сауаттылығын арттыруға бағытталған мәтіндер
Сабақтан тыс уақытта кіші мектеп оқушыларының математикалық сауаттылығын жетілдіру жолдары
Пәндер