Тұлғаны қалыптастырудағы Абай тәлімінің негіздері


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
Аты-жөні, тегі
Алимкулова Мадина Ермековна
Аты-жөні, тегі: ЖОО-ның атауы
Алимкулова Мадина Ермековна: «Тұран-Астана» университеті
Аты-жөні, тегі: Мекенжайы
Алимкулова Мадина Ермековна: Нұр-Сұлтан қаласы, Арнасай көшесі 7
Аты-жөні, тегі: Телефон, e-mail
Алимкулова Мадина Ермековна:

87785806070

alimkulova_madina@inbox. ru

Аты-жөні, тегі: Ғылыми мақаланың атауы
Алимкулова Мадина Ермековна: Тұлғаны қалыптастырудағы Абай тәлімінің негіздері
Аты-жөні, тегі: Секция
Алимкулова Мадина Ермековна: Жастардың психологиялық-педагогикалық санасын қалыптастыруындағы Абай мұрасының ұлттық-рухани құндылықтары.
Аты-жөні, тегі: Конференцияға автордың келу мүмкіндігі
Алимкулова Мадина Ермековна: Ғылыми шығармашылық ізденіске қызығушылық

УДК 159, 9

Алимкулова Мадина Ермековна

«Педогогика және психология» кафедрасының 2 курс студенті

«Тұран Астана» университеті

Нұр-Сұлтан қаласы, Қазақстан Республикасы

e-mail: alimkulova_madina@inbox. ru

Ғылыми жетекшісі: п. ғ. к. доцент Н. Ә. Тойбазарова

e-mail:t-nagima@mail. ru

Тұлғаны қалыптастырудағы Абай тәлімінің негіздері

Аннотация. МақаладаАбайдың психологиялық көзқарастары мен пайымдауларының маңыздылығы туралы қарастырылады, сонымен қатар тұлғаны қалыптастырудағы қара сөздердерінің тәрбиелік мәні айтылады.

Түйінді сөздер. Абайдың қара сөздері, психологиялық көзқарас, тұлға, мінез, жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым, білім.

«Абайды таныту арқылы біз Қазақстанды әлемге танытамыз, Қазақ халқын танытамыз Абай әрқашан біздің ұранымыз болуы тиіс»- деген Елбасының сөзін негізге ала отырып болашақ ұрпақтың текті, саналы болуына Абай Құнанбайұлының ұшқыр ойлары мен өткір пікірлері, пайымдары психологиялық көзқарастарды өмірлік тәжірбиеде қолдануды негіз етті [1] .

Абайдың айтуынша, «мінез - ғылым мен ақылды сақтап тұратын сауыт іспеттес». Абай өзінің психологиялық көзқарастарына психологиялық талдау жасай отырып, халқына асыр мұра етіп қалдырған еңбектерінде болашақ ұрпақ тәрбиесі бағытындағы ынта-ықыласын көрсете білді.

Абай қара сөздері немесе Ғақлиялары-тамыры тереңге жайылған ағаш іспеттес. Бұтақтары ретінде философия, психология, эстетика сонымен қатар педагогикалық бағыттардағы ойларға бойлаған. Абай қара сөздерін қай жаста оқысақта, әртүрлі өмірлік тұжырымдама жасаймыз. Себебі, оның құндылығы кетпейтін асыл мұра. Қара сөздердің өзегі ретінде жеке тұлғаны қарастырған. Негізгі мақсаты-тұлға тәрбиесінің түрлі аспектілері (әлеуметтік, тұрмыстық) . Абайша айтатын болсақ, «нағыз адам». «Нағыз адам» қандай болуы қажет, мінезін, тұлғасын, ойын жан-жақты қарастырып, өзге қасиеттерден жат болуға шақырады.

Абай нағыз психолог болмаса да, әрбір сөзінде халық психологиясы тақырыбын, жалпы халықтық өмірі туралы ой толғаныстарымен бөлісіп, өрбітіп отырған.

Тұлға мәселесі ұлы ойшылды ерекше толғандырған болатын. Адамның тұлға ретінде қалыптасуы үшін әлеуметтік тұрғыдан да, саяси тұрғыдан да бірінші «Талап, еңбек, терең ой, қанағат, рақымды» ерекше атап көрсеткен. Тұлға ретінде: толыққанда жетілген адам, білімді, табанды, адамгершілігі мен ақыл-ойы жоғары болуы тиіс дейді [2] .

Психология ғылымында тұлғаны қоғамның сыртқы орта факторларынан, өз бойынан өткізе отырып, белгілі бір психикалық құрылымды қалыптастырушы ішкі шарттардың жиынтығы ретінде қарастырылуымен байланыстыруға болады. Тұлға дамуы, өсуі, үнемі өзін-өзі жетілдіріп отыруы үшін ең алдымен қажеттілік қажет [3] .

Соның ішінде жетінші қара сөзінде Абай жас балада анадан туғанда екі түрлі негізгі қажеттіліктің болғандығын көрсетті: «біреуі ішсем, жесем, ұйықтасам» деп туады. «Бұлар тән құмарлары, бұлар болмаса тән жанға қонақ болмайды, һәм өзі өспейді, қуат таппайды», «екіншісі білсем көрсем, үйренсем» демеклік. Неге? Ол қалай болды? Нәтижелі ме? Бұл қандай? - деп көзімен көрген қызықтарын, естіген ақпараттарына қызығушылық танытады. Бұл жан құмары. Қоршаған ортадағы болып жатқан құбылысқа, әсіресе білімге осындай құлшыныспен, танып білуге деген ұмтылысымен көрінуі тиіс деген ойды білдірген.

Орта ғасырда өмір сүрген Жүсіп Баласағұни былай деген екен:

« . . . қалар мұра-сөз кісіге,

Сөзді мұра тұтсақ, пайда ісіңе.

Кісіден мирас ата сөзі ғой,

Ата сөзі-ұқсақ құттың көзі ғой.

Тәрбиенің тылсым күші Абай айтқан ұлағатты сөздерінде десек қателеспейміз.

Ұлы Абай «Ғылым, білімді әуел бастан бала өзі ізденіп таппайды». Басында зорлықпен, яки алдаумен үйір қылу керек, үйрене келе өзі іздегендей болғанша.

«Күллі адам баласын қор қылатын үш нәрсе бар. Әуелі-надандық, екінші-еріншектік, үшінші-залымдық», - деп білемін дейді отыз сегізінші қара сөзінде.

Абай он төртінші қара сөзінде: « . . . көбі ақылсыздықтан азбайды, ақылдының сөзін ұғып аларлық жүректе жігер, қайрат байлауы жоқтығынан азады» -дейді.

Ұлы Абай оның шығармашылығы, өшпес ойлары - тарихтың қойнауында ғана емес, бүгінгі күнде де көкейтесті, маңызды кетпеген құндылықтар. Оның идеялары мен ой толғаулары, өмірлік ұстанымы болашақ ұрпаққа үлгі болатындай эталон ретінде қарастыруға болады.

Абай «Отыз бірінші қара сөзінде»: «Естіген нәрсені ұмытпастықққа, төрт түрлі себеп бар: әуелі-көкірегі байлаулы берік болмақ керек; екінші-сол нәрсені естігенде я көргенде ғибратлану керек; үшінші-сол нәрсені ішінен бірнеше уақыт қайтарып ойланып, көңілге бектіру керек; төртінші-ой кеселі нәрселерден қашық болу қажет». Ой кеселдері деп отырғанымыз салғырттық, өз ісіне немқұрайлы қарау, жауапкершілікті сезінбеу, я бір нәрсеге құмарлық пайда болу секілді. Бұл аталған төрт нәрсе барша ақыл мен ғылымды тоздыратұғын нәрселердеп ойын қорытындылаған болатын. Абайдың «Өзіңнен өзің есеп алу керек» деген міндеті жастарға арналып айтылғандай [4] .

Ұлы Абай Құнанбайұлы «адамды тәрбиелеуге, өзгертуге болмайды дегеннің тілін кесу қажет» деген ұлағатты сөздері адам мінезін қай жаста болмасын, кез келген жағдайда басқа арнаға бұруға, өзгертуге болатындығын көрсетеді.

Мінез-жеке тұлғаның өзіне ғана тән-қылық, іс-әрекет негізінде қалыптасқан даралық өзгешеліктердің жиынтығы ретінде атауға болады[5] .

Ақжан Әл-Машаки де «Әл-Фараби және Абай» еңбегінде «Ғалым болмай немене балалықты қисаңыз», «Ондай болмақ қайда деп айтпа ғылым сүйсеңіз», «Болмасаң да ұқсап бақ, бір ғалымды көрсеңіз» деген үш сөздің түп тамыры туралы айта келіп, « . . . біздің қазақ халқында Әл-Фарабидің кең даналыққа толы, зор әділетті адамдығына ұқсаскелерлік адам алдымен Абай деп білеміз» - деген болатын[6] .

Абай Құнанбайұлы психологиялық күшті арттыру мақсатында алты түрлі шарт ұсынған болатын.

Бірінші шарт: Мақтан үшін іздену болмау керек. Шын құмарлық пен мейірлену керек. Шала мейір дәл солай шала байқалады. Өз қажеттіліктері мен мұмкіндіктерін асыра пайдалануды шала мейірлікке жатқызады.

Екінші шарт: Ғылымнан ақиқат табу мақсатын қою керек. Ғылыми ізденісте ең алдымен мақсат қоя білу маңызды.

Үшінші шарт: Шындыққа көз жеткенде ғана соны ғылым тұту керек.

Төртінші шарт: Ақыл-ойды жетілдіріп отыру керек.

Бесінші шарт: Еріншектік, салғырттықтан сақ болу.

Алтыншы шарт: Ұстамдылық, табандылық ол үшін соны ұстайтын беріктік пен қайрат керек.

«Ұлы Абай, оның шығармашылығы, өлмес ойлары-тарихтың игілігінде ғана емес, бүгінгі күнде де көкейкесті, маңызы бар құндылықтар. Оның идеялары мен ұстанымы халықтың сана сезіміне, тіпті әлемдік ой дүниесіне бойлап кетті, өйткені Абай өз еңбегінде адам болмысының нақты мәселелерін көтеріп, жалпы адамзаттық құндылықтарды жақтады. »

Мұхтар Әуезов Абай қарасөздері туралы « . . . Абайдың осы қарасөз дейтін мұралары көркем прозаның өзінше бөлек, бір алуаны болып қалыптанады. Бұлар сюжетті шығармалар емес. Бұрынғы жазушылар қолданған естелігі, мемуар да емес. Стиль, мазмұн жағынан алғанда, осы шығармалар Абайдың өзі тапқан, бір алуан көркем сөздің түрі. Кейде бұлар сыншылдық, ойшылдық және көбінше адамгершілік, мораль, мәселеріне арналған өсиет, толғау тәрізді » дейді.

Абай қарасөздері-тұнған ақыл, өмір шежіресі, даналық түйінді пікір. Абайдың мұраты-адамды адамгершілік, кісілік жағынан жетілдіру арқылы қоғамды жетілдіру, қазақты ілгері дамыған елдер қатарына қосу еді. Оның қарасөздеріндегі қоғамдық, педагогикалық, психологиялық көзқарастары осыны көздейді. Әл-Фараби: «Жақсы мінез-құлық пен ақыл біріккенде ғана олар адамшылық қасиеттер болып табылмақ»- деп жазса, Абай атамыз «Нұрлы ақыл, жылы жүрек, ыстық қайрат, осы үшеуінің басын қос, бәрін жүрекке билет деп ұқтырып айтушының аты ғылым екен. Осы үшеуі бір кісіде табылса, табанының топырағы қөзге сүртерлік қасиетті адам сол. Үшеуің ала болсаң, мен жүректі жақтадым, құдайшылық сонда» -депті [7] .

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бастауыш білім беру сатысында қазақ халық дәстүрлерін тәрбие құралы ретінде пайдаланудың педагогикалық шарттары
Қазіргі кезде педагогика ғылымы әлеуметтік-мәдени өзгерістер
Қазақтың салт - дәстүрлер құрылымы
Қазақтың салт - дәстүрлер құрамы
Этнопедагогикалық білімдер
Орта ғасырда Орталық Азиядағы тәрбие туралы ой-пiкiрлердiң қалыптасуының теориялық негіздері
Оқушыларға патриоттық тәрбие беру
Мектеп оқушыларына ұлттық тәрбие берудің теориялық негіздері
Тәрбие жұмыстарының негізгі формалары
Бaстaуыш білім беру сaтысындa қaзaқ хaлық дәстүрлерін тәрбие құрaлы ретінде пaйдaлaнудың педaгогикaлық шaрттaры туралы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz