Азаматтық құқықтың түсінігі, пәні және реттеу әдістері. Азаматтық құқықтың қайнар көздері және жүйесі



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
Еуразия Технологиялық Унверситеті

СӨЖ
Тақырыбы: Азаматтық құқықтың түсінігі, пәні және реттеу әдістері. Азаматтық құқықтың қайнар көздері және жүйесі.

Дайындаған: Абдықадыр Б.
Тексерген:

Алматы, 2020 жыл

Азаматтық құқықтың түсінігі, пәні және реттеу әдістері. Азаматтық құқықтың қайнар көздері және жүйесі.
Азаматтық және азаматтық заңдар ұғымына,жүйесіне және олардың қолданылуына қатысты барлық мәселелер көлемін зерттейтін құқықтық ғылым саласын азаматтық құқық ғылымы деп таниды.
Азаматтық құқық ғылымының міндеті-азаматтық-құқықтық нормалар жүйесінің және оның жекелеген буындарының пайда болуы мен мазмұнының ерекшеліктерін анықтайтын жағдайларды зерттеу. Егер азаматтық құқықтың пәні қоғамдық қатынастардың белгілі бір саласы болса,азаматтық құқық ғылымының пәні құқықтық нормалардың жиынтығы-нақ азаматтық құқықтың өзі болып табылады.
Азаматтық құқық ғылымы бұрын қолданылып келген құқықтық жүйелерді,олардың жетістіктері мен кемшіліктерін,даму бағыты мен оған ықпал ететін факторлады бағалай келе,азаматтық құқықтың даму тарихына айтарлықтай көңіл бөледі.

Азаматтық құқық ұғымы, пәні, әдісі мен жүйесі
Азаматтық құқықтың даму тарихын зерттеуде ғылымның өзінің,оның жасаушылары мен зерттеушілерінің тарихы,ғылыми тұжырымдамалары мен көзқарастардың тарихы едәуір орын алады. Азаматтық құқық ғылымы дүние жүзі құқықтық жүйесінің ерекшеліктерін зерттейді,мұндай ерекшеліктердіңпайда болу себептерін анықтайды,оларды салыстырды және бағалайды.
Азаматтық құқық ғылымы қолданыстағы азаматтық заңдарға және оның практикалық тиімділігіне сыни баға беруге зор көңіл бөледі,заң актілерін дайындау барысында жіберілген қателіктер мен кемшіліктерді,құқықты қолданудың нақты саяси, экономикалық және әлеуметтік жағдайларына заңдардың сәйкестігін анықтайды.
Азаматтық құқық ғылымы қашан да ғылыми көзқарастардың,мектептер мен бағыттардың күрес жүргізуі жағдайында дамыды.Мұндай күрес ғылыми ұстанымдар мен идеялардың әлсіздігін анықтауға,ғылыми ақиқатты дәлелдеуге мүмкіндік береді. Ол әдетте ғылыми пікірталастар,айтыстар түрінде,арнаулы ғылыми жарияланымдар мен мерзімдер баспасөз бетінде, ғылыми конференцияларда,семинарларда,талқы лауда,өзінің ұстанымдары мен тұжырымдамаларын қорғауға мүмкіндік беретін өзге де түрлерде жүргізіледі.
Құқықтық қатынастар дегеніміз- бұл нақты қатынастардың нысаны ғана.Қоғамдық қатынастарды құқықтың түрлі салаларының нормалары
реттеп отырады.
Азаматтық құқық негізінен меншік қатынастарын және тауар-
ақша айналымы саласында қалыптасатын қатынастарды реттейді.
Азаматтық құқық сондай-ақ өзіндік мүліктік емес қатынастарды да реттейді. Мүліктік емес игіліктер өзіндік мүліктік емес қатынастардың объектілері бола алады.
Азаматық - құқықтық қатынастар дегеніміз-азаматық құқық нормалары реттеген қоғамдық қатынастар.
Азаматтық құқықтық қатынастардың ерекшеліктері, азаматтық құқықтық реттеудің объектісі мен әдісіне байланысты. Азаматтық құқықтық қатынастардың аса маңызды белгісі,ең алдымен,оған қатыстысушылардың заң жүзіндегі теңдігі.
Азаматтық құқықтық қатынастардың субъектілері билік пен өзара бағыну қатынастарында болмайды,өзара міндеттермен және құқықтармен ғана байланысты болады. Азаматтық құқықтық қатынастарға қатысушылардың бірінің екіншісіне міндеттерін орындау жөнінде талап қоюы биліктің өкілетігіне емес, оған тиесілі субъективтік азаматтық құқыққа сүйенеді.
Азаматтық құқықытық қатынастар субъектілерінің теңдігін олардың
мүліктік дербестігіне сүйенеді.Азаматтық құқықтық қатынастар ерікті болады.
Азаматтық құқықтық қатынастардың түрлері.
Азаматтық құқықтық қатынастардың нормалары реттейтін объектіге қарай азаматтық құқықтық қатынастардың мынандай түрлерін ажыратады:
1)мүліктік қатынастар
2)мүліктік қатынастармен байланысты мүліктік емес өзіндік қатынастар
3)мүліктік қатынастармен байланысы жоқ мүліктік емес өзіндік қатынастар
Азаматтық құқықтық реттеудің объектісі,ең алдымен мүліктік
қатынастар болғандықтан,азаматтық құқықтық қатынастардың басым бөлігі мүліктік сипатта болады. Мүліктік азаматтық құқықтық қатынастардың объектісі материалдық игіліктер мен құқық (мүлік) болып табылады.
Меншік қатынастары,мүліктің бір тұлғадан екінші тұлғаға өтуіне
(сатып алу-сату,айырбас,займ және т.с.с) делдалдық жасайтын қатынастар
мүліктік азаматтық құқықтық қатынастарға жатады.Интеллектуалдық
шығармашылық қызметінің нәтижелері мүліктік қатынастармен байланысты мүліктік емес өзіндік құқықтық қатынастардың объектісі болып табылады. Адамның жеке басына қатысты материалдық емес құықтар менигіліктер-ар-намыс,қадір қасиет,іскерлік бедел және т.с.с мүліктік қатынастармен байланысы жоқ мүліктік емес өзіндік қатынастардың объектісі болып табылады.
Сонымен қатар, Абсолюттік және салыстырмалы азаматтық құқықтық қатынастар болады.Абсолюттік құқықтық қатынастармен құық берілген адамға міндетті ретінде үшінші адамдардың беймәлім тобы қарсы тұрады,мұндай құқықтық қатынастарда іс жүзінде әркім және барша жұрт міндетті болып шығады.Мысалы,меншіктің құқықтық қатынастары абсолюттік қатынастарға жатады,мұнда меншіктің субъективтік құқығына барлық үшінші тұлғалардың бұл құқықты бұзбау,оны жүзеге асыруға кедергі жасамау міндетті ұштасады.
Салыстырмалы құқықтық қатынастарда нақты адам міндетті болып табылады.Салыстырмалы құқықтар құқық берілген тараптың да міндетті тараптың да нақты тұлғаларын байланыстырады,яғни дербестелген болып табылады.Мәселен ,зиян келтірген адам жәбірлеушіге зиянның орнын толтыруға,сатып алушы өзі сатып алған заттың құнын төлеуге міндетті.Кез-келген адам абсолюттік құқықты бұзып алуы мүмкін,тиісінше,мұндай құқық субъектісіне оны кез келген адамның бұзуынан қорғау құқығы ұсынылады. Мәселен, автордың шығармасына қол сұғылмау құқығын кез келген адам бұзуы мүмкін. Салыстырмалы құқыты міндетті адам ғана бұза алады. Мердігер атқарған жұмыстың ақысын талап ету құқығын тек тапсырыс беруші бұза алады.Демек,салыстырмалы құқық нақты адамдар тарапынан болатын құқық бұзушылықтан қорғаумен қамтамасыз етілген,келтірілген мысалда-тапсырыс беруші тарапынан қорғалады.
Азаматтық құқықтық қатынастар заттық және міндеттемелік азаматтық құқықтық қатынастар болуы мүмкін. Заттық құқықтық қатынастарда құқық берілген субъектінің затқа өзінің әректетімен ғана жүзеге асатын құқығы болады. Заттық құқықтық субъектісі өзінің заттқа деген мүддесін басқа адамдардың көмегімен жүгінбестен,затқа иікелей әсер ету жолымен қанағаттандыра алады.Атап айтқанда,меншік құқықтық қатынастары заттық құықтық қатынастар болып табылады.Меншік иесіне өзіне тиесілі затты иеленуге,пайдалануға және оған билік етуге құқылы,ал міндетті субъектілер-қандай да бір әрекеттер жасамауы тиіс,оларға меншік иесінің өзқұқығын жүзеге асыруына кедергі жасамау жөнінде енжар міндет жүктеледі.Міндетемелік құқық субъектісінің затқа деген мүддесі басқа адамның белгілі бір әрекеттер жасауы жолымен қанағаттандырылуы мүмкін.Міндеттемелік құқықтық қатынастарда құқық берілген адам міндетті адамның белгілі бір әрекеттер жасауды талап етуге құқылы (бөгде әрекет құқығы).

Азаматтық құқықтық қатынастардың субъектілері мен объектілері
Азаматтық құқықтық қатынастарға қатысушы тұлғалар олардың субъектілер болып табылады.Азаматтық құқықтық қатынастар суъектілерінің ауқымы АҚ-ның 2-тарауында айқындалған.Құқық оның ішінде азаматтық құқық реттеп отыратын қатынастар қоғамдық қатынастар,яғни адамдар арасындағы қатынастар болып
табылады.жекелеген индивиттер,сондай-ақ олар құрайтын ұжымдық түзілімдер осындай қатынастардың қатысушылары бола алады.
Заң актілерінде және өзге де нормативтік құқықтық актілерде азаматтық құқық субъектілерін белгілеу үшін әдетте тұлғалар деген ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Аграрлық құқық
Азаматтық құқықтың қайнар көздерінің түрлері
Халықаралық жеке құқық туралы
Азаматтық құқық пәні
Азаматтық құқық қағидалары түсінігі
Әкімшілік құқықтың жүйесі
АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҢ ПӘНІ, ЖҮЙЕСІ
Азаматтық құқықтың пәні мен түсінігі
Азаматтық сот ісін жүргізу құқығының ұғымы және жалпылама сипаттамасы
Әкімшілік құқықтың әдісі
Пәндер