Теңгенің құнсыздануы тауар тапшылығын тудыра ма


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   

Студенттің аты-жөні: Абдықадыр Бауыржан

Мамандығы : 6В04103

Курсы : 1(3 ж)

Тобы: УС-Ф-19-1к

Оқытушының аты-жөні: Усембаева Г. Т.

Сөз саны: 826

Тақырыбы : «Теңгенің құнсыздануы тауар тапшылығын тудыра ма?»

Кіріспе

Қазіргі таңда әрбір елде болатын ішкі және сыртқы факторлардың әсерінен, ақша айналымы девальвацияға ұшарайды, яғни құнсызданады. Біздің елімізде де теңгенің құнсыздануы жылдар бойы басты мәселелердің бірі болып келеді.

Біз білетіндей, теңгенің құлдырауы АҚШ мемлекетінің валютасының өсуімен тікелей байланысты, оған қоса елімізде болып жатқан бұндай құбылыс сауда теңгерімі мен төлем теңгерімінің күрт нашарлауының, валюталық сақтық қорлардың сарқылуының, халықаралық нарықтарда ұлттық валюта бағамының құлдырауының салдары болып табылады [1] .

Теңгенің құнсыздануы, еліміздің экономикасына, көптеген еңбек сфераларына өзінің оң не теріс ықпалын тигізеді. Соның ішінде тауар айналымына да.

Осы зерттеу жұмысы барысында, теңгенің құлдырауы әсерінен болатын тауар айналымындағы өзгерістер жайлы қарастырмақпын, яғни теңгенің девальвацияға ұшарағаныны тауар тапшылығы тудыруы мүмкін бе?- деген сұраққа жауап іздейтін боламын.

Әдебиетке шолу

Теңгенің құнсыздануының әсері тауар айналымына да қатысты. Атап өткендей: оның импорты, экспорты, тұтынушылар арасындағы айналымы.

Теңге девальвациясы доллардың қымбаттап, теңгенің арзандауына апарып соғады. Ал әлемдік нарықтағы тауар бағасы доллармен бағаланады, нақтырақ эскпорт және импорт жасау кезінде.

Сонымен, елімізден өндірілген тауар, халықаралық саудаға шығарылатын тауардың құны алдымен АҚШ долларымен, сосын ұлттық валютамен есептеледі. Бұл тауар мен ақша тепе-теңдігін сақтау үшін жасалады. Қазақстандық кәсіпкер өз тауарын АҚШ долларымен сатып, капиталды Қазақстан нарығына алып келеді. Сосын ол қаржысын ішкі нарықта пайдалану үшін ұлттық валютаға айырбастайды. Сәйкесінше, доллар құны өскен сайын, оның теңгедегі эквиваленті де арта береді. Демек, әлемдік рынокта Қазақстан тауарларының бағасы да қымбаттайды деген сөз. Бұл жерде осы үрдісті ұтымды пайдалана білген тауарды экспорттаушылар ұтады деген тұжырымға келуге болады [2; 3] . Бұдан, теңгенің құнсыздануы Қазақстан тауарларының әлемдік рыноктағы бағасына оң әсер ететіндігі дәлелденеді.

Сонымен, теңгенің девальвацияға ұшырауы сыртқы тауар айналымына оң әсер етіп, тауар тапшылығын тудырмайтынын қарастырдық, ал ішкі сауданың жағдайы қандай? Білікті экономист осы тұрғыдан: теңгенің құнсыздануы еліміздегі тауар бағасына бірден әсер етпейді. Дегенмен, бұл азаматтардың әрекетіне байланысты: доллар бағамының төңірегінде азық-түлікке қатысты дау туса, жанталасып үйіп-төгіп сатып ала бастаса, ол сұранымы жоқ тауар бағасының шарықтауына әкеп соғады. Валютаның әлсіреуі тұтыну тауарларының бағасына бірден әсер етпейді. Бұл процесс ұзақ уақытты қажет етеді. Теңгенің құнсыздануы тауар бағамына тікелей әсер етпейді [4] .

Кейбір экономист-ғалымдардың пікірінше, экономика заңдылығы бойынша кез келген елде ұлттық валютаның құнсыздануы отандық тауарларды экспорттауға, оның көлемін арттыруға оң әсерін тигізетіндігін айтады[5] . Бұл жайлы жоғарыда біз дәлелдемелер келтіріп, девальвацияның тауар айналымына тигізетін оң тұстарын атап өттік.

Бірақ та, еліміз экспорттан гөрі сырттан әкелінетін тауарларға көбірек тәуелді. Елге қажетті күнделікті заттардың көпшілігі сырттан тасымалданады. Демек, теңгенің құнсыздануынан алдымен тұтынушылар көбірек зардап шегетіні сөзсіз. Доллар құнының көтерілуіне байланысты жалақыға қарап отырған жұрттың табысы бірден 20 пайызға төмендеді [5] .

Бүгінде билік өкілдері, халық арасында наразылық тудыомас үшін, күнделікті тұтынатын азық-түліктің бағасын тұрақты ұстап тұру бағытында көптеген шараларды жасап жатыр. Әзірше азық-түлік өнімдерінде айтарлықтай өзгеріс байқала қойған жоқ. Есесіне, тұрмыстық электротехникалық бұйымдарды сататын iрi дүкендер тауарларының бағасын 20 пайызға көтеріп үлгерді. Техникалық құрылғыларды былай қойғанда, тұрмыстық химия, ұнтақтар сататын жекеменшік дүкендер де өнімдерін қымбаттатып жатыр[5] .

Тұтынушылар тарапынан, осылай теңгенің құнсыздануы, әділетсіз сипат береді. Бұл, жалақының төмендеуі, не көтерілмеуі, сонымен қатар тұтыну тауарларының, оның ішінде күнделікті тұрмыста қолданылатын заттардың көтерілуі, қарапайым халықтың тұрмыс деңгейін төмендететін факторға айналуда. Сәйкесінше, халықтың наразылығыда бұл тұрғыда артуы түсінікті жағдай.

Ендеше, осы тұжырымдарды бақылай отырып, басты сұрағымызға жауап берсек, теңгенің құнсыздануы сыртқы тауар айналымында, тауар тапшылығын тудырмайды, керісінше айналымды жақсартады. Алайда, ішкі тауар айналымы, құнсыздану нәтижесінде тауар тапшылығы тумайды, бірақ та бұл тұтынушылар тапшылығын тудырады.

Зерттеу әдісі

Жоғарыда қойылған сұраққа жауа беру үшін, тұтынушылар арасында сауалнама жүргізілген болатын. Зерттеу жұмысының мақсаты, теңгенің құлдырауы тауар тапшылығын тудыра ма ? деген сауалға тұтынушылардың жауабын анықтау. Зерттеу онлайн сауалнама түрінде, әлеуметтік желі( instagram) және пошта арқылы жүргізілді. Gmail. com поштаға және әлеуметтік желілерге сауалнама сұрағы жіберілген болатын. Сауалнамаға, 70-115 адам қатысқан болатын. Қойылған сұраққа иә немесе жоқ деген жауап белгіленуі арқылы, бастысы қойылған сұраққа жауап алынды.

Зерттеу нәтижесі

Сауалнамаға қатысып, жауап берген тұтынушылар арасында бәрі нақты жауап берді. Gmail. com пошта желісі арқылы 70 адреске сұрақ жіберіліп, жауап алынды. Оның ішінде : тауар тапшылығы туады деп - 23 адам, « иә, тудырады» деген жауапты тандаса, қалған 47 адам, «жоқ, тудырмайды» деген жауапты тандаған болатын. Ал әлеуметтік instagram желісі арқылы 115 адам арасында жауап алынды, оның ішінде: тауар тапшылығы туады деп - 27адам, « иә, тудырады» деген жауапты тандаса, қалған 88 адам, «жоқ, тудырмайды» деген жауапты тандаған болатын.

Қорытынды

Зерттеу мақсатында қойылған негізгі сұраққа жұмыс барысында толық жауап берілді. Интернет- ресурстары мен экономист- ғалымдарының пікіріне сүйене отырып, сауалнамаға қатысқан жалпы 185 тұтынушының көзқарасының арқасында, қойылған сұраққа нақты жауап алынды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасының ¥лттық ақша жүйесі
Қазақстан Республикасындағы 1993 жылғы ақша реформасының экономикалық мазмұны мен нәтижелері
Қазақстан Республикасының ақша жүйесі мен ұлттық валютаның қызметі
Қазақстанда Ұлттық валюта - теңгені енгізу және оның тұрақтылығы
Қазақстан Республикасының ақша жүйесі
Ақша реформасының маңыздылығы
Инфляцияның даму факторлары мен оның салдары
Қазақстан Республикасындағы Ұлттық валютаның қалыптасу және бекітілу мәселелері
Ақша жүйесі және оның негізгі типтері
Инфляцияның экономикадағы ролі мен мәні
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz