Міндеттеме ұғымы және олардың түрлері


Мазмұны
Кіріспе
1. Міндеттеме ұғымы және олардың түрлері
2. Міндеттеменің орындалуын қамтамасыз ету
3. Міндеттемені тоқтату
Қорытынды
Пайданылған әдебиеттер тізімі
Кіріспе
Міндеттеменің мазмұны оның тараптарының құқықтары мен міндеттерін құрайды. Құқық берілген тарапқа тиесілі субъективтік құқықты талап ету құқығы деп, ал міндетті жақта жатқан міндетті - борыш деп атау қабылданған.
Міндеттемелік құқықтың ерекшелігі сол - ол қоғамдағы қалыпты қатынастарды да, сонымен қатар қандай да бір қатынастардың (қорғаушы міндеттемелер, міндеттемені орындамағандық үшін жауапкершілік, міндетттемені қамтамасыз ету) бұзылуын да реттейді.
Міндеттемелік құқық қатынастарының негізгі ерекшеліктері, экономикалық тұрғыдан алғанда, еңбектің мүліктік нәтижелерінің ауысуынан туындайды (өндіріс өрісінен айналым өрісіне, ол арқылы тұтыну өрісіне ауысуы) .
Міндеттеме субъектісі болып саналатын тараптар: борышкер және несие беруші. Міндеттеме, әдетте, көпжақты емес, екіжақты болып келеді. Егер бірнеше борышкер немесе бірнеше несие беруші болса, ол міндеттемедегі адамдардың көптігін білдіреді, бірақ бәрі бір бұл жерде екі тарап.
Міндеттеменің мазмұны оның тараптарының құқықтары мен міндеттерін құрайды. Құқық берілген тарапқа тиесілі субъективтік құқықты талап ету құқығы деп, ал міндетті жақта жатқан міндетті - борыш деп атау қабылданған.
Міндеттемені орындау процесіндегі өте маңызды мәселе - орындау мерзімі және орны. Міндеттемелер орындалу мерзімі анықталған және орындалу мерзімі талап етілетін кезбен анықталған болып бөлінеді. Тақырыптың өзектілігіне байланысты міндеттемеге заңи тұрғыдан жан-жақты сипаттама беруге талпыныс жасалды.
1. Міндеттеме ұғымы және олардың түрлері
«Міндеттеме» ұғымы әртүрлі мағынада пайдаланылады: 1) құқық қатынасы; 2) борыш, міндет; 3) осы міндет көрсетілген құжат (қолхат, квитанция, вексель, чек, облигация, мемлекеттік қазыналық міндеттеме) .
АҚ-ның 268-бабында міндеттеме құқықтық қатынастар ретінде беріледі: «Міндеттемеге сәйкес бір адам (борышкер) басқа адамның (несие берушінің) пайдасына мүлік беру, жұмыс орындау, ақша төлеу және т. б. сияқты белгілі бір әрекеттер жасауға, не белгілі бір әрекет жасаудан тартынуға міндетті, ал несие беруші борышкерден өз міндеттерін орындауын талап етуге құқылы. Несие беруші борышкерден атқарылғанды қабылдауға міндетті».
Міндеттемелік құқық қатынастарының негізгі ерекшеліктері, экономикалық тұрғыдан алғанда, еңбектің мүліктік нәтижелерінің ауысуынан туындайды (өндіріс өрісінен айналым өрісіне, ол арқылы тұтыну өрісіне ауысуы) .
Егер өндіріс өрісінде сатып алу-сату ресімделсе, онда мүлік, еңбек нәтижесі ретінде өндіріс өрісінен айналым өрісіне, сонан соң қайтадан өндіріс өрісіне ауысады. Егер халық тұтыну тауарларын сатып алу-сату жүргізілсе, онда мүлік айналым өрісі арқылы өндіріс өрісінен тұтыну өрісіне ауысады. Мүліктік өндіріс өрісінен айналым және тұтыну өрісіне ауысуымен байланысты барлық қатынастар міндеттемелік қатынастар болып табылады.
Міндеттеменің түрлері: 1) Міндеттемелерді олардың негіздері бойынша топтастыру міндеттемелік құқықтың құқықтық институттарын шарттық және шарттан тыс деп топтастырумен сәйкес келеді, ол жайында бұрындары айтылған. Бұл тарауда міндеттемелік құқық қатынастарын өзге негіздемелер бойынша топтастыру келтіріледі, ал олар міндеттемелік құқық жүйесінде құқық институттарын бөлумен сәйкес келмейді, бірақ топтастырудың неғұрлым ортақ негіздеріне сүйеніп тұрғызылады.
2) Құқықтар мен міндеттердің ара қатынастары бойынша міндеттемелер былайша бөлінеді:
- біржақты- міндеттеменің бір тарапында тек құқық болады, ал екінші жағында тек міндеттер (заем, зиян келтіру) ;
- өзара немесе екіжақты - міндеттеменің әрбір қатысушысында құқық та, міндеттеме де бар, яғни олар борышкердің де, несие берушінің де рөлінде болады (АК-ның 269-бабының 3-тармағы) . Мысалы, сатып алу-сату шартында сатушы тауарды беру міндеттемесі бойынша борышкер және тауарға ақша төлеу міндеттемесі бойынша несие беруші; ал сатып алушы- керісінше.
3) Орындау нысанының анықтылығы тұрғысынан міндеттемелер былайша бөлінеді:
- белгілі бір мазмұндағы міндеттемелер - дағдылы және көп таралған;
- балама міндеттемелер - борышкер өзі жасауға тиісті бірнеше әрекеттердің ішінен біреуін таңдауға құқылы. Мысалы, өсиет қалдырушы мұрагерге бас тартылғанды пәтермен қамтамасыз ету, немесе оның жалданған пәтері үшін белгілі бір уақыт бойы ақып төлеп тұру құқығын береді. Зиян келтірудегі міндеттемеде борышкер зиянның орнын заттай толтыруға, немесе келген шығынды төлеуге міндетті;
-факультативтік міндеттемелер- борышкер белгілі бір әрекет жасауға міндетті, ал ол мүмкін болмаса - басқа әрекет жасайды. Мысалы, борышкер несие берушіге автомобиль бергу міндетті, бірақ ол оны қандай да бір себептермен жасай алмаса, автомобильдің құнын төлеуге немесе сондай мүлік беруге тиіс.
Кейде альтернативтік және факультативтік міндеттемелер арасындағы айырмашылық байқалмайды, дегенмен ол бар. Көбіне, ол, орындау нысаны кездейсоқ жойылғанда пайда болады.
4) Міндеттеме нысанының сипаттамасына қарай олар бөлінетін (бөліп орындауға болатындар - заем дайындап жеткізу) және бөлінбейтін (бөліп орындауға болмайды, мысалы - үй құрылысы, сурет салу т. б. ) деп бөлінеді.
Міндеттемедегі тұлғалардың көптігі АК-тің 286-бабында былай делінген: «Егер міндеттемеге бірнеше несие беруші немесе бірнеше борышкер қатысса, несие берушілердің әрқайсысы міндеттемені орындауды талап етуге құқылы, ал борышкерлердің әрқайсысы заңдардан немесе міндеттеме шарттарынан өзгеше туындамайтындықтан, басқалармен тең үлесте орындауға міндетті (үлесті міндеттеме) .
Адамдар көптігі болғанда міндеттеме үлесті және ортақтасқан болып бөлінеді.
2. Міндеттеменің орындалуын қамтамасыз ету
Борышкердің несие беруші өзінен талап етуге құқылы әрекетті жасауы (немесе әрекеттен тартынуы) . Бұл әрекеттің нақты сипаты орындалуға жататын міндеттеменің түріне байланысты (тауарларды беру, жұмыс жасау, қызмет көрсету, шығынды өтеу және т. б. ) әрекеттен тартыну орындалуы әрқашан да белсенділікті керек ететін міндеттемелерге тән емес. Мысал ретінде автордың басқа баспаға қолжазбасын өткізбеу міндетін келтіруге болады. Сондықтан да, авторлық шартты орындаудың мазмұнына қолжазбаны басқа баспаға беру әрекетінен тартыну кіреді. Принциптер: 1) тиісінше орындалу принципі - тиісті борышкердің, тиісті несие берушіге, тиісті мерзімде, тиісті орында, тиісті затқа қатысты және тиісті тәсілмен орындауы; 2) нақты орындау принципі - залалдың өтелгендігіне қарамастан міндеттемені заттай орындау керектігінде (яғни, міндеттеменің нысаны болып келетін сол әрекеттердә жасау) .
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz