Жер ғылымдардың негізгі бағыттары болып келетін ғылымдар
1-cұрақ. Жер ғылымдардың негізгі бағыттары болып келетін ғылымдарға тоқталыңыз және оларға ғылыми тұрғыдан сипаттама беріңіз.
Жер туралы ғылымдар немесе геоғылымдар - Жер ғаламшарын, оның литосферасын, гидросферасын, атмосферасын және Жер маңындағы ғарышты зерттейтін ғылымдар.
Барлық ғеоғылымдар физика, математика және биология ғылымдарының заңдылықтарын және әдіс-тәсілдерін жиі пайдаланады. Бұл байланыстардың нәтижесінде геофизика және геохимия ғылымдары қалыптасты. Сол сияқты, астрономиямен, физикалық географиямен, геодезиямен, тау-кен ісімен, металлургиямен тығыз байланысты.
Геоғылымдардың негізгі бағыттары болып келесі ғылымдар саналады:
1. Геодезия, картография және геоинформатика;
2. География;
3. Геофизика, гляциология және метеорология;
4. Геология, палеонтология, минералогия және петрография;
5. Гидрология және океанография.
Жер қыртысының, литосфераның заттық құрамын зерттейтін геологиялық пәндер
1. Топырақтану
2. Дистанциялық зондылау және фотограмметрия (көбіне геодезияның бір бөлігі деп есептеледі)
3. Кристаллография
4. Минералогия
5. Петрография
6. Петрология
7. Литология
8. Геохимия
Геологиялық процестерді зерттейтін геология пәндер кешені (динамикалық геология):
:: геотектониканы (тектониканы), :: құрылымдық геологияны,
:: вулканологияны, :: сейсмологияны :: геоморфологияны біріктіреді.
Геологиялық процестердің тарихи сабақтастығын зерттейтін ғылымдар кешені:
:: стратиграфия, :: фациялар туралы ілім,
:: геологиялық формациялар туралы ілім, :: палеогеография.
Тау жыныстарына кіріккен тіршілік қалдықтары мен іздерін зерттеу нәтижесінде сол тіршілік түрлерінің пайда болуын және даму барысын зерттейтін ғылым саласы - палеонтология.
Іс-тәжірибе шараларын қамтамасыз ету мәселелерімен айналысатын геология салалары:
:: кен байлықтары жайлы ілім
:: гидрогеология
:: инженерлік геология
:: аймақтық геология.
Кен байлықтарын зерттеудің және игерудің әдістемелік шараларын және геол.-экон. тиімділігін зерттейтін салалар:
1. Іздеу-барлау істері; Кеніштік геология; Шахталық геология
2-cұрақ. Жер қыртысының құрамы мен құрылысын жəне оның терең қойнауында жүріп жатқан эндогнедік процестердің өзіндік ерекшеліктеріне тоқталып, оның даму заңдылықтарын ашып беріңіз.
Тік бағыттағы әркелкілік
Жүйелі зерттеулер негізінде жер қыртысының құрамында үш қабық (немесе қойнауқат) бөлінген. Олар құрамы, қасиеттері және жаралуы бойынша әр-түрлі таужыныстардан тұратын стратисфера (шөгінді қабық), гранитті және базальтты қабаттар.
Стратисфера (латынша "стратум" - қабат) шөгінді және жанартаулық-шөгінді, яғни саз бен сазды тақтатастардан (42%), құм (20%) мен жанартаулық (19%) таужыныстардан тұрады. Бұл қабық Жер бетін толығымен дерлік жауып жатады әрі терең ойпандарда оның калыңдығы 20-25 км шамасына (мысалы, Каспий маңы ойпаңы) жетеді. Оның жер қыртысы бойынша орташа алғандағы қалыңдығы 3 км.
Шөгінді таужыныстарға шамалы дислокациялану, біршама төмен тығыздық пен диагенезге сәйкес келетін шамалы өзгерісгер тән. Жанартаулық таужыныстар шектеулі таралған. Барлық шөгінді таужыныстардың орташа тығыздығы 2,50 гсм3, оның мәні 2,28- 2,80 гсм3 шамасында болады. Шөгінді тыста серпімді толқындар таралуының жылдамдығы оны құрайтын таужыныстардың заттық құрамына, нығыздалу дәрежесіне байланысты болып, 1,8-5,0 кмс аралығында өзгереді.
Стратисфераны құрайтын таужыныстарды зерттеу алғаш олардың суда (сулы ортада) осыдан 3,8 - 4,0 млрд жыл бұрын жарала бастағанын көрсетеді. Ол кезде атмосфера ауыр және ыстық болған, қазіргі Айдағы жағдайға жақын келеді. Сондықтан жер бетін құраған бастапқы магмалық таужыныстар күшті кышқылдар буына канықкан атмосфераның ықпалынан қарқынды ыдырауға ұшыраған. Ыдырау өнімдері уақыт өте келе шайылып, сушараларға барып тұнып, шөгінді таужыныстар түзілген.
Гранитті қойнауқат деп шартты түрде оны құрайтын таужыныстардың граниттерге ұқсастығына байланысты атаған. Ол гнейс (37,6%), гранодиорит (19,9%), гранит (18,1%), амфиболит (9,8%), кристалды тақтатас (9,0%), сонымен қатар габбро, мәрмәр, сиенит, т.б. таужыныстардан тұрады.
Гранитті қойнауқатты құрайтын таужыныстар заттық құрамы мен олардың дислокациялану дәрежесі бойынша әр-түрлі. Олар өзгеріске түспеген әрі метаморфталған таужыныстардан тұрады. Гранитті қойнауқаттың тығыздығы таужыстардың құрылысы мен құрамына байланысты 2,60-2,80 гсм3 шамасында өзгеріп, оның орташа мәні 2,70 гсм3 болады.
Гранитті қойнауқат шөгінді қабықтан күрт сейсмикалық шекара бойынша бөлінеді (шекарада жылдамдықтың секірісі 0,7 кмс). Гранитті қойнауқаттағы серпімді толкындар таралуының қабаттық жылдамдығы 5,0-6,5 кмс аралығында өзгереді, орташа мәні 6 кмс шамасында. ТМД аумағында гранитті қойнауқаттың қалындығы 6 км- ден 40 км-ге дейін. Бұл қойнауқат кейде қимада жоқ болуы да мүмкін. Гранитті қойнауқаттың төменгі шекарасы Конрад сейсмикалық беті (шекарасы) деп аталады.
Базальтті қабық - жер қыртысының үшінші қойнауқаты. Ол кристалды ауырлау таужыныстардан тұрады. Олар қасиеттері бойынша базальттарға - магмалық таужыныстарға жақын. Қойнауқат әр-түрлі дәрежеде метаморфталған магмалық таужыныстардан тұрады. Кей жерлерде базальтті қойнауқат пен мантия аралығында базальттан тығыздығы жоғары таужыныстар орналасады, олар эклогит қабаты деп аталады.
Базальтті қойнау таужыныстарының орташа тығыздығы 2,9 гсм3 ал тығыздық мәнінің өзгеруі 2,8-3,2 гсм3 аралығында. Сейсмикалық толқындардың (Vp) таралу жылдамдығы 6 кмс-ден 7,5 кмс-ке дейін. Толқындар таралуының ерекшеліктері базальтті қойнауқаттың тік бағыттағы қимасында петрографиялық құрамы әркелкі комплекстер болуымен сипатталады.
ТМД аумағының континенттік бөлігі аукымында базальтті қойнауқаттың орташа қалыңдығы 20 км шамасында болады. Ал жекелеген аудандарда (тау жоталарының астында) оның қалындығы 30-40 км-ге жетуі мүмкін. Сонымен қатар базальтты қойнауқаттың калыңдығы 12-13 км, тіпті кейде 5 -- 7 км-ге дейін азаятын бөлікшелер де бар (Каспий маңы синеклизасы, Днепровск-Донецк ойпаңы, т.б.). Біздің планета жер қыртысының орташа қалыңдығы 33 км, ал Қазақстан ауқымында -- 40-45 км. Планетаның жекелеген бөліктерінде оның мәні орташа қалыңдықтан едәуір ауытқиды. Мәселен, жер қыртысының минимал қалыңдығы (7-12 км) мұхиттарға тән, ал максимал қалыңдық (70-80 км) -- континенттердің биік таулы алқаптарында. Жер қыртысының астыңғы шекарасы жер бетін айнадағы бейнедей қайталайды. Континенттер астында ол мантияға тереңдей батады, мұхиттар астында Жер бетінде жақындайды, бұл құбылыс "изостазия" принңипіне сай келеді. Жер қыртысы мантиядан Мохоровичич шекарасы (М ажырамасы немесе беті) арқылы бөлінеді.
Көлбеу бағыттағы әркелкілік. Жер қыртысы құрылысының аудандық әркелкілігі алдымен оның континенттер мен мұхит ойпаңдары ауқымындағы құрылысының әр-түрлі болуымен білінеді. Бұл жағдайды алғаш рет сейсмикалық деректер бойынша Б.Гутенберг анықтаган. Геологиялық құрылысының типі бойынша ажыратылатын қыртыс бөлікшелері құрылымдық элементтер деп аталады.
Кеңістіктегі даму заңдылықтары бойынша мұхиттар мен континенттер, яғни І-ші реттік планеталық құрылымдар -- өздерінің геологиялық құрылысы мен даму сипаты бойынша айтарлықтай өзгешеленеді. Осы 1-ші реттік құрылымдық элементтер ауқымында геологиялық құрылысы мен даму ерекшеліктері бойынша ІІ-ші реттік құрылымдар бөлінеді: континенттерде - платформа және геосинклин (таулы-қатпарлы) алқаптар; мұхиттық қыртыста - платформалар мен мұхит орталық жоталар. Аталған 11-ші реттік құрылымдар өз кезегінде құрылымдық ерекшеліктері бойынша ұсақ (жоғары реттік) құрылымдық элементтерге бөлінуі мүмкін, мысалы: жаһандық (ІІІ-ші реттік), аймақтық (ІV-ші реттік) және жергілікті (V-ші реттік). Қыртыстың минимал қалындығы платформаларда, максимал қалындығы геосинклиндерде (таулы-қатпарлы алқаптарда) байқалады.
Платформа - байтақ тектоникалық тұрақты алқаптар. Олар жер қыртысы калыңдығының орташа және тұрақты мәндерімен, шөгінді таужыныстардың көлбеу немесе көлбеуге жақын жатысымен, жазық бедерімен сипатталады. Платформалардың құрылысы екі ярусты болып, көнелеу кристалды іргетастан және оны жауып жататын шөгінді тыстан тұрады. ТМД аумағында Шығыс Еуропа және Сібір көне платформалары орналасқан.
Геосинклин деп сызықтай созылған қозғалмалы тектоникалық белдемдерді айтады. Олар қалыңдығы 70-80 км-дей жер қыртысынан тұрады және оның күрт ауытқуларымен, таужыныстардың қатпарлы-жарылымды бұзылысты жатысымен, таулы бедерімен сипатталады. Геоморфологиялық планда геосинклиндер таулы-қатпарлы құрылыстардан тұрады. Мысалы: Орал, Кавказ, Памир, Тянь-ШаньЖер қыртысының негізгі даму заңдылықтары. Табиғатта кездесетін барлық заттар әруақытта да өзгеріп, дамып отырады. Өзгеріссіз және мәңгілік еш-нәрсе болмайды.
"Мәңгілік" деп, тек "материяны" ғана айта аламыз. "Материя" токтаусыз козғалыста болып, біртүрден екінші түрге ауысып өзінің пішінін ылғи да өзгертіп отырады. Бірақ, бұл процестер қалай болса солай ретсіз жүріп жатпайды. Материя қозғалысы, оның өзгеріп, дамуы белгілі бір заңдылықтарға негізделген.
Қазіргі кездегі түсінік бойынша, Жер шарының жалпы дамуы жерді құрайтын мантиялық алғашқы заттардың біртіндеп жіктелуі-мен (дифференциация) түсіндіріледі: массасы ауыр заттар, меншікті салмарының ауырлығына байланысты төмен шөгіп, жердін, ядро қабатын құрайды, ал жеңіл заттар жоғары көтеріліп, мантия қабатын және жер қыртысын құрайды.
Геологиялық, геофизикалық және геохимиялық зерттеулердің негізінде жер қыртысының континенттік (материктік) жәие мұхиттық тектері ажыратылады. Бұлардан басқа, қосымша, субмұхиттық және субконтиненттік шекараның ауыспалы тектерін ажыратура болады.
Жер қыртысының материктік тегінің пайда болу тарихын геосинклиналдық теория арқылы түсіндіруге болады.
Жерді құрайтын алғашқы заттардың дифференциадиясы негізінде пайда болған жер қабығы геосинклиналдық даму процестерінің нәтижесінде Жер қыртысының континенттік тегін қүрайды.
Геосинклиналды аймақтар мен белдеулердін, геологиялық тарихын зерттеу жұмыстарының негізінде, олардың алғашқыда иіліп майысу сатысынан өтіп, қатпарлану әрекеттеріне байланысты қатпарлы тау жоталары пайда болатындыры дәлелденді.
Жер қыртысының негізгі даму заңдылықтары. Тектоникалық қозралыстардың тарихын зерттеу жұмыстары, олардың даму қарқыны әруақытта әр түрлі болатындығын көрсетеді.
Тектоникалық зерттеу жұмыстарына сүйене ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz