Елдің саяси жүйесі мен жастардың саяси білім алуы арасында байланыс


“Елдің саяси жүйесі мен жастардың саяси білім алуы арасында байланыс”
Саяси жүйе дегеніміз не? Ол елімізде қандай рөл атқарады деген сұраққа жауап беріп кетсем деймін. Саяси жүйе дегеніміз ол, еліміздің өмір сүру сапасын, елдің барлық бағыттағы салаларының, мәселен экономикасын, әлеуметтік жағдайларын, елдің қандай бағытта дамитының анықтап қоятын, немесе елімізге ұсынып жатқан әр түрлі бағдарламалар да белгілі бір асырылып жатқан саясат десекте болады. Саясат ол өте көп ауқымды саланы, басқарады десек те болады. Ал саясатты жасайтын адамдарды біз саяси тұлғалар деп атаймыз. Мен бұл жерге Габриель Алмонд пен Давид Истонның саяси жүйе неден жасалады деген мысалдарын келтіріп кетсем деймін.
Саяси жүйені жасайтын ең бірінші ол саяси билік, яғни мемлекеттің конструкцияларың реттейтін, заңдарды жасайтын жоғарғы саяси тұлғалар. Одан кейін көбінесе демократиялық елдерді қарастырсақ, бұл жердегі әлеуметтік топтардың бірігіп, елдің саясатына кірісу үшін, арнайы бір саяси партияларды құруы. Және де адамдардың саясаттағы жасайтын істерінде, саяси жүйені құрайтын басты факторлар болады. [1] .
Ия, Қазақстанның да саяси бағыты демократиялық жолмен дамиды. Сондықтан еліміздегі әр адамның ойы, біздің еліміздің дамуы үшін, өте маңызды деп ойлаймын. Еліміз қанша жылдан бері тәуелді болып жүріп, қазіргі уақытта ғана құқықтық зайырлы демократиялық тәуелсіз елге айналдық. Ал Қазақстанның саяси жүйесі, еліміздегі халыққа сүйеніп, елдің ұлттық құндылықтары бойынша қалыптасады. Және де елімізді қалыптастырып, іргетасын ұстап тұратын ол халық, ал саяси билік сол халықтың қызметшісі деген оймен елдің саяси билігіміз ақырындап қалыптасып келе жатыр. [2]
Еліміз демократиялық мемлекет болғандықтан, бізге әр адамның саяси білімі жоғары болғаны маңызды деп ойлаймын. Сондықтан саяси жүйеге барлық адам, әсіресе жастар қатысуы керек, себебі саяси жүйеге тек өз үлесін белгілі бір саяси элита ғана өз үлесін қосқан жағдайда, мемлекеттің саясаты дұрыс дамымайды. Жастардың саяси білімін арттыруы, мемлекеттік жағдайының шындығын түсінуі, және де оны жақсарту үшін саяси білімі бар жастардың келешекте дұрыс болашақтын қалыптасуына, олардың саяси белсенді рөл атқарып елдің тұрақты дамуына өздерінің үлкен үлесін қосады. Мәселен көптеген жастар саяси жағдайды түсінбей, оған бей жайт қараса, елдің саяси дұрыс шешімдер қабылдауы екі талай болады, және де жастар өзінің ойын, бар қоғамдық мәселені шешуге өзінің идеясын қоса алмайтын болады. Елде саяси маргиналдардың көптігі орын алады. Жалпы айтқанда Жастардың елге деген қосатын саяси үлесі елдің либерал - демократиялық бағытта қарқынды дамуына үлкен септігін тигізеді. [3] .
Ал Саяси жүйені тек қана саяси элита ғана өзінің үлесін қосқан кезде, біз авторитаризмді ғана бұл жерде көреміз. Қарапайым жастар саяси мәселелерге бей жайт қарағанда, онда мемлекет өз ойындағын істеп кетеді, адамдардың жақсы өмір сүру кепілділігі азаяды. Және де мемлекет қарапайым халықтың жағдайын дұрыс түсінбегендіктен елдің саясаты дұрыс дамымай, оның әлеуметтік саяси, экономикалық жағдайының құлдырауына әбден кепілдік болуы мүмкін. Кей саяси тұлғалардың, немесе басқа кәсіпте айналысатын адамдар айтуы мүмкін, саясат ол өте қауіпті зат, және де оған араласудың қажеті жоқ, себебі ол адамды жұтып қояды деп. Бірақта бізге саясат өзінің бағдарламаларын кіргізу емес, халықтың қалауын жасау біздің болашақта дамуымыз үшін, бұл өте маңызды деп ойлаймын. Себебі саясатты халық жасамаса, онда саясаткерлер халықпен ойнауы мүмкін. [4] . Ал егерде жастар саясатқа өзінің қызығушылығын танытса, онда олар биліктің кез келген дұрыс деп санамаған саяси шешімдеріне қарсы тұра алады және өздері үшін, халқы үшін керекті, дұрыс саяси нұсқаны таңдай алады. Саясат перспективаны қалыптастырып және өмір сапасына тікелей әсер ете алады. Мемлекет халықтын көмегімен құрылатының біз әрқашанда жадымызда ұстап, ұмытпауымыз қажет.
Саясатқа әр жас өзінің белгілі бір қызығушылығын таныту білуі керек. Мұны елдің саяси конфликтілерді, дұрыс емес саяси шешімдерді жіберіп алмау үшін және себеп-салдарлық байланыстарды бақылау үшін әр жас саясаттан бей хабар болмауы еліміздің дамуымызға үлкен септігін тигізеді. Әр жастың саясатты түсінуі - бұл қоғамды өзгерту әрекеті. Егер сіз саясатты түсінетін болсаңыз, онда жағдайды түсініп, ол жағдайды түзетуге өз ықпалын тигізе алады. Саясатқа әрбір азамат араласып, халықтың мүдделерін қорғауы керек. Сонда адамдардың саяси білімділігі, еліміздегі демократиямыздың дамуына, экономикасы жағынан алдыңғы қатарлы елдерге шығуға, табысқа жетуге және де еліміздегі әр түрлі қауіптерді азайтуға өзінің көмегін әбден береді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz