Туған жер - әр адамның баға жетпес, асыл атамекені


«Туған жер»
Әр адамның баға жетпес, асыл атамекені бар. Ол туған жері. Туған жер дегеніміз әркімнің туылған кезінен бастап өмір сүрген, бала кезінен сол жерде ойнап күліп, бар өмірінің қызықты кезін кешкен жері десе де болады. Туған жер адамның қай жерде жүрсе де әрқашан жүрегінде қалып, бірге болу керек. Ал бұл жерді әр адам өзінің мекен еткен жерін қайда болмаса да ұмытпау қажет. “Аққу көлін аңсайды, адам туған жерін аңсайды” деп ата бабамыз айтып кеткен еді.
Көптеген ғасыр бойы біздің ата бабаларымыз, туған жері үшін, жаулардан қорғанып, туған жерін ешкімге бермей, сол ұрпақтың төккен қанша еңбек, тер мен қан, қуаныш пен үлкен азаптарды кешірді. Әбілқайыр ханңан кетіп, елдің негізгі іргетасын қалаған Керей мен Жәнібек, Қасым ханның ақылдылығы, оның қазақ халқының арасында ежелден қалыптасқан қазақ салт дәстүрі негізінде Қасым ханның қасқа жолы деген заң жинағының құрылуы, Есім хан мен Тәуке ханның Есім ханның ескі жолы мен жеті жарғы заңдар жинағын шығарып, қазақ халқының территориясын күшейтіп бірлікке шақыруы, Абылай ханның Жоңғар агрессиясына төтеп беруі мен оған қоса алып Орыс аюы мен Шығыс айдаһарының ортасында тұрып, қазақ атын сақтап қалған айлакер ханымыздың туған жер деп жүрегі лаулап елімізге қосқан үлесі, және де қазақ батырларының, арқасын жау астына тіке қойып, өз елім, өлең төсегім деп еліміздің қорғаны болғандарын біз келесі ұрпақ, мәңгі жүрегімізде сақтауымыз қажет. Қаншама батырымыз, туған елім деп жүрегі лаулап, екінші дүние жүзін есімізге алып кетсек те, елі жері үшін аты ұмытылмас қазақтарымыз болған еді. Туған елім деп қаншама ақын жырауларамыз әндетіп, қазақ жастарының рухани лаулап тұруына өзінің көп үлесін қосты.
Айта келе ия, біздің отанымыз ол Қазақстан. Мемлекетіміз орасан зор тарихқа толы, өзінің ұлы тұлғаларымен, керемет және тарихы терең, көркем қалаларымен, керемет тұрғындарымен ерекшеленетін, басқа елмен терезесі тең мемлекет. Қазір біз еліміздің арғы батырларымыздың шелектеп төккен қан мен терісінің арқасында біз тәуелсіз, бақытты, орасан зор байтақ мемлекетте өмір сүріп отырмыз. Қазіргі уақытта әр біздің қандасымыз отанына оралып, туған жерлеріне өзінің туын тігіп, жерге деген зор махаббатын көрсетіп, он тоғыз миллон халықты, өзіне 200 түрлі ұлт өкілдерін сыйғызып отыр. Біздің елімізде Алланың күн шуағына бөленген, бақытты әрі зор орасан, кең байтақ елімізде, қаншама көрікті жерлері бар елімізде паналап жатырмыз. Біздің Қазақстанымыздың табиғаты туралы қаншама ақын жазушылар, суретшілер табиғатымыздың әсемділігі мен әдемілігі туралы, баға жетпес гауһар тастай деп, айтып, бейнелеп кеткен еді.
Қазақ елі территориясымен тоғызыншы орынды алатын, өзіне үш Түркия, 5 Франция, 7 Жапонияны сыйғыза алатын орасан зор байтақ мемлекетімізде өмір сүріп отырмыз. Еліміз өзінің тәуелсіздігін алғанына небәрі отыз жылдай болып қалған еді. Егемендігіміздің арқасында еліміз халықаралық аренаға шығып, басқа елдермен терезесін теңестіре алатын тәуелсіз, қарқынды даму үстіндегі мемлекет болды. Сондықтан әр қазақ баласы, өзінің тарихын, жеті атасын жатқа біліп, туған тілінде сөйлеп, салт дәстүрін бойына сіңіріп, туған жерін жүрегінің тұсында сақтау керек. Әрине бұл жерде несіне жасырамыз, қазіргі уақытта көптеген қазақ жастары, өзінің туған тілінде сөйлемей, тілдеріне батыс елдердің өзге сөздерін қосып тіліміздің көркін кетіріп жатыр, тілің ұмытқан, елінен де айырылды деген сөз. Себебі әр елдің тірегі ол мемлекеттік тілі болып келеді. Бұл жерде көптеген қазақтың өзінің шежіресін білмеуін де қозғауға болады. Әрине шежіре білу бұл рушылдық емес, бұл тектіліктің, қазақ елінің ежелден қаны таза ел екенің білдіреді. “Жеті атасын білген, жеті рудың қамын жер” - деп ата бабаларымыз бекер айтып кетпеген. Отанын, салт дәстүрін, ұлттық құндылықтарынан айырылып, басқа елдің жетегінде кетіп бара жатқан жастарымызда кездеседі. Сол үшін біз бірлігімізді сақтап, тіліміз, дінімізді сақтап, қазіргі еліміздің қорған батырлары біз болуымыз қажет. Мәселен тарихқа үңілсек, кезінде тарихта мыңнан астап елдер болған еді. Бірақ алайда олардың көздері бұлыңғыр, тарихтары өздеріне белгісіз, және де рухани мен білімі жағынан сауатсыздылықтын кесірінен, мықты әрі қалыптасқан, бірлігі бар арыстандарға тез ақ жұтылып кеткен еді. Сол себепте Қазақ елінің бірлігі мен отан сүйгіштігі, патриоттылығы мен тарихы мен тілінің тіректілігі, қазіргі сәтте еліміз үшін өте маңызды.
Ал Мен үшін туған жер деген не? деген сұраққа жауап берсем деймін. Әрине туған жер деген сөздің мазмұның әр адам әр қалай түсінеді. Бірақта мен үшін туған жер деген мені өмірге алып келген Анам, тәрбиелеп өсірген әкем, менің әпкем және ағаммен туған туысқандарымды есіме түсіремін. Себебі туған жердің маңызы, оған деген махаббатының негізін қалап берген, осы адамдар болған еді. Одан кейін бірге өскен, қиын сәтте көмегін беретін достарым, білімге жетелеген ұстазым, әр өмір жолымда кездескен жолдастарым есіме түседі. Маған осы адамдар туған жердің қымбаттылығын, ол туралы ақын жыршыларымыздың жырлаған әндері, еліміз үшін, тәуелсіздігіміз үшін күрескен қазақ бабалары туралы, менің руым және де жеті атамның тарихын айтып, туған жердің маңыздылығын бойыма сіңіріп берген болатын. Көп адамда туған жері деген сөзді естеріне алғанда, жақын адамдары, олармен өткен кездерін естеріне алады деп ойлаймын. Туған жерге деген сүйіспеншілік маған біздің елде тұратын адамдардың ерекшелігі, олардың тұрмыс тіршілігіне, табиғатына, тарихи жағдайларына байланысты дамып қалыптасқан. Біздің қарапайымдылығымыз, тазалығымыз, кешірімділігіміз, ақкөңілділігіміз, қонақжайлығымыз бен ұстанған салт дәстүріміз бізді ерекше таңқалдырады. Және де біздегі ерекше қасиет, ол аса қатты үлкен адамдарды құрметтеп сыйлау, мәселен автобусқа отырған кезде, кез келген қазақтың орнынан лезде тұрып, орын бергені, біздің елімізге деген махаббатымды одан сайын өршіте түсіреді. Біздің еліміздегі көрнекті жерлер, әр түрлі ландшафтқа толы таулы қыраттар, Іле Алатаудың тау мұздықтары, әдемі тау өзендері, қойшылардың жұпар өгіздері жайылып жүрген сүйкімді аңғарлар, Хан Тәңірі шыңы Қазақстанның ғана емес, бүкіл әлемнің ең әдемі және тау шыңы, Ақтаудың ерекшеліктері Маңғышлақ үстіртінің әдемі және бірегей шөлді ландшафттары, Американың Гранд Каньонынан кем түспейтін, он екі миллион тарихы бар Шарын Каньоны, Ең ежелгі Тараз, Түркістан қаласындағы ежелгі тарихи рухани маңызы зор, кесенелерге толы жерді де айтып кетсек, онда біздің елімізге деген махаббаттылығымыз өшпеу керек деп ойлаймын.
Менің ойымша, отан біздің өмірімздің ішіндегі ең маңызды орын алатын ерекше құндылығымыз. Біз өзімізді Швеция, Америка, Қытай деп қай елде тұратынымызды таңдамаймыз, алайда әр адам өзінің отанына қызмет етіп, сүю қажет деп ойлаймын.
Туған жеріміз деген ол тек туған ел туралы ғана емес, сонымен бірге ол әр елдің өзінің рухани құндылықтарын жатқызамыз. Олар тіл, менталитеті, мәдениеті және де салт дәстүрлері. Осы құндылықтарға арналған әрбір отбасында өзінің халық әндері шырқалып, еліне тән мерекелері тойланады, және де әр ұлттың өзінің халық рухы орнайды. Әр адам өзінің елін танып білу үшін, ол өз елінің әрбір бұрышына барып, тануға тырысады.
Ал егер туған жеріндегі адам шетелде тұрып өмір сүрсе, ол жүрегінде мәнгі өзінің туған елі туралы ойлап, жүрегінде сақтауы қажет.
Осылайша. біздің туған жеріміз отанымыз, Қазақ халқына деген ең үлкен сыйы болып келеді. Мен дәл осы қазақ елінде дүниеге келгеніме шын жүректен қуанамын және де ата бабаларымыздың бізге қалдырған өсиетін мен әрқашанда жүрегімде сақтап, еліміздің қорғанышы болып, еліміз үшін атын асқақтауға қолымнан келгенше еңбектенемін.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz