Абайдың қарасөздеріндегі ғылымға, кәсіп игеруге қатысты тұжырымдар


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   

әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті

«Филология» факультеті

1928559_kaznu-logotip

ХІХ-ХХ ғасырлардағы әдеби даму бағыттары

пәнінен сөож;

тақырыбы:

Абайдың қарасөздеріндегі ғылымға, кәсіп игеруге қатысты тұжырымдар

Орындаған: Асанғожа А.

Қабылдаған:Карбозов Е.

Алматы, 2022жыл

Абайдың қарасөздеріндегі ғылымға, кәсіп игеруге қатысты тұжырымдар

Алғашқы қарасөзі шартты түсіндірмеге арналған хакімнің қалған тізбекті ойларының барлығы дерлік жан ілімін нұрландырар бөгенайы бөлек философия.

Еңбек пен кәсіп игеруге өзге халықтардың ыждаһаты барлығын және сол халықтарды сынаушы өз халқының бойындағы талпыныстан әлдеқайда жоғары екендігіне көз жеткізеді. Тіршілік мұраты үлгі етілген халықтардың еңбекқорлық, ілімге құштарлық, дінге беріктік сынды басып озған жақсы тұстарының халықтық таным мен болмысты жасап тұрған күнделікті дағдылардың, амал-әрекеттердің тұтас ғұмырға әсер етуші факторларына тоқталып, оқырманға қалдырған әділетті шешім бойынша сұрақтар негіздейді.

() Осылайша хакім үшінші қарасөзімен сабақтасып жатқан нәзік байланысқа жол ашады. Өзі жасаған тұстағы қазақты объект ете отырып, психологиялық иіріммен ұлттың азаматтығынан жөнсіздік пен ерсі қылықтардың барын біліп, және соны айқындап береді. Дарадан күрделіге, жекеден ортаққа ауысып отырған желілі ойлардың құндылығы да сол бағыты ағартушылық-демократтық негізде қаланған, нақты қисынға саятын дүние.

Жетінші қарасөзіндегі: «Жас бала анадан туғанда екі түрлі мінезбен туады. Біреуі - ішсем, жесем, ұйықтасам деп тұрады. Бұлар тәннің құмары, бұлар болмаса, тән жанға қонақ үй бола алмайды һәм өзі өспейді; қуат таппайды . . . »дей келе, кез келген ғылымның орнығуына үйренсем, білсем, көрсем деген тілектерден құралатын жан негіздеріне көп көңіл бөлуді нұсқайды.

Осы негізде бесінші қарасөзіндегі қазақтың мақсұты деп танытататын ең жоғары материалды игілікті тек мал басымен өлшейтін мақалдарды, көзқарастарды солғын сананың арзан ойлары деп бағамдайды. Рас, сол дәуірдегі қазақ кәсібінің ұлтандысы - мал шаруашылығы-етін. Алайда,

« . . . Балам адам болсын десең, үйлендіруге асықпа . . . мал аямай оқыт . . . » дейді. Сондағысы, ұрпақтың ендігі жақсы өмірі енші мен ептілік һәм ет тірлікпен жинаған мал-мүлікте емес, білім арқылы ғана өркендерін нұсқаған.

Табиғаты күрделі ғаламның сырларына үңілмеушіліктен де туындап жататын надандықпен адал да өнімді еңбек дос болып жарытпайтынын, ғылымның жан ілімімен егіз екенін, төмендік қана тән пендеге, жан кеселдеріне душар болған кісіге ғылымның оның оңай қонбайтынын, талапты өреге мейірлене пейіл екенін тарқатып та айтқан хакімнің тұжырымдарын уақыттың белгісіздік өнері ақиқат жұртында қалдырмасы анық. Бүкіл қазақты бар аспектіден толғаған Абайдың биігі қандай деп ойланудан бұрын, әр қазақ Абайша ойлана ала ма деген сұрақ қойыла қалса, өзім үшін ішімдегі Абайдың күрсінері анық.

Абай өлеңдері мен қара сөздеріндегі нарықтық экономиканың мәні

Бүгінде басқа елдермен тең құқылы қарым-қатынас орнатып, дербес экономикалық саяси даму жолына түскен Қазақстанның өткен тарихында даналар мен өмірдің әр саласын сараптаған ойшыл-ғұламалары аз болмаған. Солардың бірі - ұлы тұлға, хакім-философ, қазақтың алғашқы ағартушы- демократы Абай Құнанбаев.

ХІХ - ХХ ғасырларда өмір сүріп, талай шығармаларын ұрпақтарына өсиет етіп қалдырған ғұлама ақын Абай Құнанбаевтың экономикалық мәдениетін бүгінгі нарықтық экономикамен ұштастырған абзал. Өйткені оның жалпы адамгершілік, философиялық, экономикалық мәні зор. Сондықтан да Абай ақынның экономикалық мәдениетін осы замандағы нарықтық экономикамен ұштастыруды жөн көрдім.

Абай бабамыздың еңбектерінде айтылған көптеген ғибратының сан-саналы нарықтық экономикада атқаратын ролі мен маңызы зор. Әрине, ұлы ақынның жазып қалдырған экономикалық трактаты жоқ. Абай кезінде экономикалық жоғары білім алған адам емес. Бірақ, оның мәдениеті де және тәжірибелік маңызы да өте мол.

Абай атамыздың 38 сөзінде айтылғандай «Әрбір ғалым -хакім емес (данышпан, дана адам), әрбір хакім-ғалым». Абайдың ғылым, тәрбие, педагогикалық, философиялық көзқарастарын, экономикалық мәдениетін білдіретін өлеңдері мен басқа да шығармалары, қара сөздері көп. Сондықтан да өз төңірегіндегі құбылыстардан ой қорытып, тұжырым жасап қабілетті хакім-философтың өлеңдері мен қара сөздеріндегі өміршең көзқарастарын экономикалық қағидаларға тоғыстыруға болады. Оған мысал Абай поэзиясынан да, қара сөздерінен де көптеп табылады.

Ширек ғасыр ел ісіне араласып, тікелей билік тізгінінде жүріп, жүзеге асыра алмаған ой-армандарын философиялық тұрғыдан қорыта отырып, өлеңге, ғақлия тіліне аударды. Халықтың ұғымына, сөз қабылдау ерекшелігіне жақын түріне ауыстырды және соның бәрін бірінші кезекте ертеңгі күннің иесі, болашақтың адамы - жастарға арнады.

Абай «Жасымда ғылым бар деп ескермедім» дегенде, ол өзін мысалға келтіре отырып, адам, қоғам өмірінде білімнің аса маңызды орын алатынын айтады. Белгілі «Ғылым таппай мақтанба» атты өлеңіндегі «Талап, еңбек, терең ой, қанағат, рахым ойлап қой, бес асыл іс білсеңіз» дейтіні Абай атамыздың жас ұрпаққа айтар ойларының жиынтық қорытындысы деп түсінуге болады.

Жалғыз өзі жастардың санасын өзі ойлаған бағытқа шындап бұра алмасына көзі жеткен Абай бір кезде ашынып та кетеді. «Заман ақыр жастары…Өнімсіз іске шеп-шебер… Сиырша тойса мал болып, өреге келіп сүйкенер… деп күйінеді.

1893 жылы жазылған «Бойы бұлғаң» атты өлеңінде: «Бас құрасып, мал сұрасып, бермегенмен кетісер» деп біреудің арқасында еңбексіз күн көргісі келетіндерді аяусыз мінге алады.

1895 жылы жазған «Талай сөз бұдан бұрын көп айтқанмын» дейтін

өлеңінде «Не ғылым жоқ немесе еңбек те жоқ, ең болмаса кеттің ғой мал баға алмай» десе, «Аш қарын жұбана ма майлы ас жемей?» деген өлеңінде:

Еңбек жоқ, қарекет жоқ, қазақ кедей,

Тамақ аңдып қайтеді тентіремей…деп елдің жалпы жағдайын

сипаттаса, мұның арты неге әкеп соғатынын да ескертеді. «Бір жілік пен бір аяқ қымыз берген, дереу сені жұмсайды бір жұмысқа…»

Абай айнала жұртын тіршілік әрекетін жасап, адал еңбек етуге шақырудан бас тартпайды.

1896 жылы «Малға достың мұңы жоқ малдан басқа» дейтін өлеңінде:

«Еңбекті сат, ар сатып неге керек? Үш-ақ нәрсе - адамның қасиеті: ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек» деп толғаса, тағы бірде:

Сенбе жұртқа, тұрса да қанша мақтап,

Әуре етеді ішіне қулық сақтап.

Өзіңе сен, аз күшің алып шығар

Еңбегің мен ақылың екі жақтап.

Егер осы сөздердің астарына үңілер болсақ, адамның басты үш қасиеті: ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек нышандары кісіге туа бітсе де еңбек, өнер, ғылым арқылы ғана дамып, өсуіміз сөзсіз.

Елдің экономикалық өміріне, тұрмыс-салтына салыстырмалы түрде сипаттама беруі ақын Абайдың негізгі ерекшелігі. Мысалы, екінші сөзінде «Сарттың екпегені жоқ, саудагерінің жүрмеген жері жоқ, қылмаған шеберлігі жоқ…» Ноғай… Шыдамды, еңбекқор, мал тапқыш. Тұрмыстары сәнді. Олардың ерекше қасиеті - бірін-бірі күндеп, қызғанып қудаламайды. Себебі, олар шаруа қуады, өнер іздейді, мал табады. Ал орыс үшін қазақ қолындағы құлы мен күңінен де жаман жабайы мақұлық іспетті. Қазақ кімге күлсе, солардың бәрі қазақтан алда, озық тұр. Өйткені олар еңбекті, өнерді, ғылымды тіршілік, өмір базарының қаруы еткен. Негізінен қазақ халқының экономиканы меңгерудегі талпынысын басқа ұлттардың шаруашылық жүргізу дағдыларымен салыстыра талдауы осыны дәлелдейді.

Ұлы дана қазаққа егіншілік мәдениетін меңгерудегі реттілікті сақтауды, терлеп еңбек етуді аманат етеді. Солай істеген жағдайда ғана тұрмысы салтанатты болатындығын айтады. Бұл қағида еліміз нарықтық қарым-қатынастарға түбегейлі көшкен бүгінгі шақта ерекше өміршең. Нарықтық экономика кезінде көп салалалы шаруашылықты дамытудың маңызы зор екенін өмірдің өзі көрсетіп отыр. Өмірдің өзі «Байдың малы - бір жұттық» деген қағиданың растығын дәлелдейді. Бұл жөнінде Абай 33-ші сөзінде : «Егер мал керек болса, қолөнер үйрену керек. Мал жұтайды» дейді. Бұған қоса Абай осы сөзінде: «Мал жұтайды, өнер жұтамайды. Алдау қоспай, адал еңбегін сатқан қолөнері - қазақтың әулиесі сол» дейді.

42-ші сөзінде: «Қазақтың жаманшылыққа үйір бола беретұғының бір себебі - жұмысының жоқтығы, дейді Абай атамыз. Егер егін салса, я саудаға салынса, қолы тиер ме еді…».

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ғылымсыз жасалған дүние ойсыз дүние
Абай Құнанбаевтың қара сөздерінің тәрбиелік мәні
Ана тілі сабақтарында Абай шығармаларын оқушыларды адамгершілікке тәрбиелеу құралы ретінде пайдаланудың әдіс-тәсілдері
Әл-Фараби өмірі
АБАЙ ҚАРАСӨЗДЕРІНДЕГІ АДАМГЕРШІЛІК МӘСЕЛЕСІ
Абай қарасөздеріндегі афоризмдер
Әуезов және Абай
Бастауыш сыныпта Абай шығармаларын оқыту туралы
Абай Құнанбаев қара сөз кітабының авторы
Абай қарасөздеріндегі ұлттық мүдде
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz