Н. Кузанский, Ф. Ницше, Ф. М. Достоевский, Кьеркегор философиясы және модернизмнің философиялық, дүниетанымдық принциптерінің байланысы (ғылыми шолу)


әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті
«Филология» факультеті
Әдебиеттегі модернизм және постмодернизм
пәнінен сөож;
тақырыбы:
. Н. Кузанский, Ф. Ницше, Ф. М. Достоевский, Кьеркегор философиясы және модернизмнің философиялық, дүниетанымдық принциптерінің байланысы (ғылыми шолу)
Орындаған: Асанғожа А.
Қабылдаған: Имаханбет Р.
Алматы, 2022жыл
Н. Кузанский, Ф. Ницше, Ф. М. Достоевский, Кьеркегор философиясы және модернизмнің философиялық, дүниетанымдық принциптерінің байланысы (ғылыми шолу)
Қайта өрлеу дәуірі философиясының негіздемесі қалыптастырған модерн-философ-жазушылар хақында
1. Қайта өрлеу дәуірінің ерекшелігі
Қайта өрлеу немесе Ренессанс дәуірі (фран. - Renaissance) Еуропа тарихында XIV-XVI ғасырлар бойы жалғасқан феодализмнен капитализмге өту кезеңіне тап келді. Ренессанс отаны болып Италия саналады. Аталған өтпелі кезеңнің орын алуына қандай жағдайлар себеп болды? Әлеуметтік-экономикалық тұрғыда кәсіптер мен саудасаттық, балық шаруашылығы, тоқыма өндірісі қарқынды дами бастады. Сауда-саттық пен балық аулау арқылы байып алған шаруалар өз қожайындарынан іргелерін аулақ салып, еркін адамдарға айналды. Олар еркін жалдамалы еңбекті пайдаланып, әртүрлі шеберханалар мен дүкендер салды. Сөйтіп, капиталистік қатынастардың бүршіктері пайда болып, феодализм бірте-бірте шегіне берді. Қалалар жылдам қарқынмен өсіп, тауарлар импорты мен экспорты серпінді жүзеге асырыла бастады, сән пайда болып, шетелдерден тәтті-тәрім, жібек мата әкелінетін болды. Феодалдық қоғамның бірсарынды өмірі осындай экономикалық және әлеуметтік өзгерістердің дүмпуінен күрт өзгерді. Өмір түбегейлі өзгеріске ұшырады. Еуропа жедел адыммен капитализмге бет алды. Әлеуметтік-экономикалық және әлеуметтік өзгерістердің дүмпуінен күрт өзгерді. Өмір түбегейлі өзгеріске ұшырады. Еуропа жедел адыммен капитализмге бет алды. Әлеуметтік-экономикалық салада орын алған күрт өзгерістер рухани өмірде де жаңашылдық үдеріске жеткізді: а) өндірістік күштерді дамыту қажеттігі схоластиканы кейін ысырып тастап, жаратылысты ғылыми тұрғыда тануға, табиғатты зерттеуге себепкер болды; ә) бірақ табиғат дегеннің өзі не? - Материя. Бұл, өз кезегінде, ойшылдарды материализм б) табиғатқа жүргізілген кез келген зерттеу әртүрлі тәжірибелер жасауға байланысты болады, философия тілінде бұл эмпиризм деп аталады; в) фактілердің жинақталуына қарай оларды қорытындылау қажет болды, демек, рационализм (лат. - ratio - ақыл, сана) пайда болды; г) бұл, өз кезегінде, зиялы қауым (интеллигенция) рөлін арттырады. Егер Орта ғасырларда оны, негізінен, діни қайраткерлер көрсетсе, ал қазір ақсүйектердің зиялы қауымы пайда болды; д) енді, ақыр соңында, даралық (индивидуализм) үшін жол ашылды: ортағасырлық корпоративизм екінғы орынға талантты, жоғары дарынды тұлғалар шықты, олар өз мақсаттарын іске асыра отырып, суретші, мүсінші, сәулетші, музыкант болып қалыптасады; е) олар, өз кезегінде, «Studia Humanitatis» (гуманитарлық зерттеулер) деп аталатын үйірмелер ұйымдастырады. Бұл Қайта өрлеу заманының аса маңызды жетістігі болды. XIV ғасырдың екінші жартысынан бастап антика дәуіріне, оның мәдениетіне, өнеріне, философиясына қызығушылық артты. Адамдар антика мәдениеті мен әдебиетін қаншалықты білетініне қарап бағаланатын бболды. «Ренессанс» («Қайта өрлеу») деген терминнің өзін антика жетістіктерін игеруге деген құштарлықтан шығаруға болады. Бірақ бұның бәрі ерте заманға жай ғана оралу дегенді білдірмейді. Бұл жерде көне заманды жаңаша өзгерген нақтылық негізінде қайта жаңғырту туралы сөз болып отыр. Сондықтан Қайта өрлеу іс жүзінде ескіні қалпына келлтіру емес, жаңаны іздеу дегенді білдіреді. Егер көне заман философиясының қақ ортасында табиғи-ғарыштық өмір, ал Орта ғасырларда «құтқарудың» діни мәселесі болса, ал Қайта өрлеу дәуірінде аксүйектік өмір, адамның осы дүниедегі, осы дүние үшін қызметі алдыңғы орынға шығады. Адам бақытқа осы өмірде, Жер бетінде жетуге тиіс. Адамға бетбұрыс қана Қайта өрлеу деген дүниетанымдық дәуірдің ерекше сипаты болып табылады, сол себепті бұл дәуірдің философиялық ойлауын антропологиялық ойлау, яғни Адам Ғалам орталығы және әлемде болып жататын барлық оқиғалардың мақсаты болып табылатын көзқарас деп сипаттауға болады. «Ренессанс» деген терминнің өзі алғаш рет италиялық өнер тарихшысы Джорджо Вазари (XVI ғасыр) еңбектерінде кездескен, бірақ тарихтану санаты ретінде ол XIX ғасырда, Якоб Буркгардтың 1860 жылы жарық көрген «Италиядағы Ренессанс мәдениеті» деген еңбегінен бері қарай қолданысқа ене бастады.
Н. Кузанский және оның философиялық идеялары
Қазіргі заманғы ой-пікірлерге алғашқы жол салушылардың бірі, табиғат философиясы мен космологиясының жарқын өкілі болған Николай Кузанский (1407-1457) - Қайта өрлеу дәуірінің ірі философы. Негізгі еңбегі - «Оқымысты білімсіздік». Қалай ойлайсыз: оғаш, әрі қарама-қайшы атау емес пе?! Шындығында, «оқымысты» сөзі бірінші кезекте «білімсіздік» емес, «білімділік» деген сөзбен орайласады. Олай болса, Кузанскийдің ой желісімен жүріп көрейік. Табиғаттың қандай да бір құбылысын танып біле отырып, біз оны бұрыннан таныс басқа құбылыстармен салыстырамыз. Қашанда кеңістікте және уақытта шектеулі, бізді қоршаған заттарды танып білу осылай іске асады. Бірақ шексіздікті зерттеу барысында біз әп-сәтте басқа жағдайға тап боламыз, өйткені оны көз алдымызға елестете алмаймыз және оны бірдеңемен салыстыру мүмкін де емес. Осы жерде адамның қашанда шектеулі ойы және бізді оқымысты білімсіздікке келтіретін шексіздік арасында қарама-қайшылық туады. Кузанскийдің көрнекті теолог қана емес, сонымен қатар неміс кардиналы болғанына, демек, ортағасырлық конкордатқа бағынуға міндетті болғанына байланысты, оның табиғат философиясының да, космологиялық көзқарасының да дін шектерінен шығуына болмағанын және шықпағанын ерекше атап айтқан жөн. Бірақ соған қарамастан, оның әлемді және адамды танып білуі болашаққа бағытталды.
Н. Кузанский философиясының басты тақырыбы қарама-қайшылықтардың: абсолютті максимум және абсолютті минимумның сәйкестігі туралы ілім болып табылады. Абсолютті максимум («Біртұтас - ол барлығы») - дара. Ол - жоғарғы шек. Оған ештеңе қарсы тұрмайды. Солай болғанда, абсолютті минимум онымен сәйкес келеді. Кузанскийдің пікірінше, Абсолютті максимум - ол Құдай. Онда бәрі бар деген мағынада ол барлығын өзіне жинаған. Демек, Ол бәрінде Өзі бар болғандықтан, барлығының да дамуы Оның Өзі болып табылады. Құдайды жаратудан алыстатсаң, болмыссыздық немесе ештеңе емес қалады. Шексіз Құдайды табиғатқа осылай пантеистік («Барлығы - Құдай») жақындату Кузанскийді Ғаламның пайда болуын және Ғарыштың құрылысын жаңаша түсіндіруге алып келді. Өз заманының ірі діни қайраткері ретінде кардинал Кузанский көпшілік қабылдаған креационизмге ашықтан-ашық қарсы шыға алмады. Бірақ оның ойларының желісі әлемді Құдай жаратқаны туралы қағидадан іс жүзінде шеттегеніне сендіреді. Құдай мен әлем қатынасын ол бүтін мен бөлшектің қатынасы сияқты көреді: Құдай - ол бітпейтін, шексіз максимум, ал Ғалам немесе бітпейтін әлем - ол шектеулі максимум. Осы тұрғыдан алғанда, Құдай, әлбетте, - біз енді шексіздік туралы айтып отырғандықтан, мүлдем танылмайды. Құдайды бізді қоршаған әлемнің ешбір затымен қатар қою, салыстыру мүмкін емес. Егер Құдай - шынайы шексіздік болса, онда Ол жаратқан Табиғат тек шексіздік мүмкіндігіне ие. Егер солай болса, онда көкжиектен келесісі, оның артынан үшіншісі ашыла береді. Құдай танылмайтын болса да, біртіндеп оның құпияларына ене отырып, Ол жаратқан Табиғатты танып білуге болады. Өзінің осы ойын Кузанский математикалық жолмен көрсетуге әрекет етеді: егер біз көпбұрыштың шеңберге салынған санын көбейте берсек, онда ол оған көбірек ұқсайтын болады, ал егер шектеусіз көбейтсек, онда көпбұрыш пен шеңбер бірбүтінге айналады. Егер теңбүйірлі үшбұрыштың бір бұрышын жоғары тартсақ, онда бұрыштары сөзсіз бір-біріне жақындай береді, ал егер шшектеусіз созсақ, онда бір сызық шығады, яғни олар бірігіп кетеді. Осыдан барып Кузанский қарама-қайшылықтардың сәйкестігі (coincidentia oppositorum) деген ұстанымға келеді. Әлем қарама-қайшы, бірақ қарама-қайшылықтар бір-біріне өтеді. Егер соолай болса, онда адамның ақыл-ойы қарама-қайшылықтарды және олардың бір-біріне 104 өтуін танып біліп, бірте-бірте шексіздікке, демек, ҚҚұдайға жақындай береді. Сол себепті әрдайым шектеулі заттарды зерттей отырып, біз оларды шексіздікпен байланыстыруға тиіспіз. Заттарды танып біле отырып, адам зердесінде олардың шынайы бейнесін ғана емес, сонымен қатар мүмкін болатын, өзгерген бейнесін де сақтайды. Демек, адам шығармашылық үшін, тудыру үшін жаралған. Ол - адами Құдай (лат. - Humanus Deus) . Адам жанының қабілет-мүмкіндіктерін зерттей келе, ол сезімді (лат. - sensus), ақыл-ес (лат. - ratio) және парасатты (лат. - intellectus) бөліп көрсетеді. Ақыл-ес адамның сезімдері мен парасаты арасындағы делдал іспетті. Сезімдермен тығыз байланысқан ақыл-ес ғылымды тудырады. Алайда адамның таным мүмкіндіктері бұлармен шектелмейді. Тіпті жан-жануарлардың да сезімдері және, қарабайыр болса да, ойлау қабілеті бар. Адамды жануарлардан ажырататын шешуші айырмашылық адамның ақыл-есінің оның парасатымен тығыз байланысты екендігінде, өйткені соңғы бірде-бір жануарда жоқ. Парасаттың болуы нәтижесінде біз болмыстың шекті негіздеріне қол жеткіземіз, терең метафизикалық сұрақтарға жауап бере аламыз. Ақыл-естің бұл тән мен сезім әлеміне ешқандай қатысы жоқ. Ол уақыттан және өтпелі дүниеден тыс, олардан мүлдем азат. Парасат тым жалпы, тұрақты, мәңгі нәрселерді зерттейді, сол себепті ол пайымға қарағанда, Құдай берген ақылға тым жақынырақ. Әрбір адам - өз заманының ұрпағы. Сондықтан Н. Кузанский Сенімді Ақыл-ойдан жоғары қояды. Бірақ бұл соқыр сенім емес, өйткені «ақылды сенім тудырады, ал сенімді ақыл анықтайды». Ақыл-ойдың көмегімен ғана біз шексіз Құдайға жақындай аламыз. Құдай, бір жағынан, барлығын барлық жерде қамтиды, ал, екінші жағынан, еш жерде ештеңе де қамтымайды. Егер біз шардың кез келген жерінде бір нүкте белгілесек, ол соның ортасы болады. Сонымен бірге нүктенің кішкентайлығы соншалықты, тіпті оны жоқ деуге болады. Құдайдың математикалық белгісі (символы) деген - осы. Сөйтіп, Кузанскийдің пікірінше, Ғарыштың түпқазығы мен шеңбері - ол Құдай, сондықтан әлем шексіз емес. Алайда оны шекті деп те ойлауға болмайды, өйткені оның шегі жоқ. Нәтижесінде, Орта ғасырларда Жердің сондай деп саналғаны сияқты, әлемнің орнықты орталығының (түпқазығының) жоқтығы туралы идея пайда болған. Кузанский астрономияда әлемнің геоорталық суретін жойған Коперник революциясын осылай дайындаған. Шындыққа жету мәселелерін айтар болсақ, онда, Кузанскийді Кузанскийдің ойынша, ол өзінің қарама-қайшылығы - өтірікпен бірге берілген. Олар, күн мен түн сияқты, - жарық пен көлеңке. Әлемдердің ішіндегі ең жоғарғы, жарыққа толы дүниеде де көлеңке бар, ал толықтай қараңғы, ең төменгі әлемде де жарықтың сәулелерін көруге болады. Демек, адамның ең терең танымдары да қателіксіз емес. «Нағыз білгіш те өзінің білмейтінін біледі», - деп тұжырымдайды ойшыл. Айтылғандарды қорытындылай келе, Н. Кузанскийдің диалектикалық ақылы Жаңа дәуірдің ғылымы мен философиясының қалыптасуы мен өркендеуіне орасан зор ықпал еткенін тағы бір рет ерекше атап өткенді жөн көрдік. Жаңашыл кезеңдер легінде ықпалдастық себебімен үйлесетін модернизм үшін де бұл даму тарихының елеулі үрдісін құрайды.
Фридрих Вильгельм Ницше 1844 жылы Саксонияда дүниеге келді. Оның әкесі лютерандық пастор еді, ол кішкентай Фридрих 5 жасқа толғанда дүние салды. Болашақ философтың тәрбиесімен анасы, әжесі және немере әпкелері айналысты. Бұл шаңырақта әрдайым діни көңіл күй салтанат құрды. Жас Ницше 1854 жылдан 1858 жылға дейін жергілікті гимназияда, яғни орта мектепте, кейінірек мектеп-интернатта оқыды. Ол жастайынан грек мәдениетін сүйіп өсті; сондай-ақ музыкамен және поэзия мен әуестенді. 1864 жылы Ницше Бонн университетіне түсіп, филологияны игерді. Кейінірек Лейпциг университетіне ауысты. Дәл о осы уақытта Шопенгауэрдің және оның атеизмінің әсерімен өзін христиан деп санауды тоқтатты. Докторлық дәрежесінің жоқтығына қарамастан, Базель университетінің философия профессоры болып тағайындалды. Бірінші дәрісін ол 1869 жылы оқыды. Келесі жылы Франция-Пруссия соғысы басталып, бұл уақытта Ницше дала госпиталінде санитар болып қызмет етті. Біраз уақыт ол қатты ауырып жатты, бірақ кейін Базельдегі жұмысына қайта оралды. Осы кезеңде композитор Рихард Вагнермен жақындасып, оның Люцерн көлі аумағында орналасқан үйінің тұрақты қонағына айналды. Ницшенің ертеректе жазған «Беймезгіл ойлар» сияқты туындылары пікірталас тудырды және ғылыми қауымдастық оларды қабылдамады. Ол мен Вагнердің арасындағы достық біртіндеп салқындай түсті, өйткені Ницше Вагнердің шығармаларын «тым христиандық» деп санады. Ницшенің философиялық идеялары ешқашан логикалық тұрғыда жүйелі болған емес: алдыңғы еңбектерінде ол Сократтың рационалды ойлау әдісін сынға алса, кейінгілерінде Сократтың рационалды дүниетанымын және француз Ағарту дәуірі қоғамдық өмірге енгізген идеяларын мадақтады. Бірақ көптеген философтардың ойларына даму тән екенін атап өтпеуге болмайды. Ол өз философиясын метафизиканы сынаудан және моральдың материалистік негізі бар екенін тұжырымдаудан бастады. Оның пікірінше, ізгілік пен зұлымдық - әуел бастан-ақ адамның белгілі іс-әрекеттерінің қоғамдық пайдасын немесе зиянын көрсететін тәсіл. Адамдар этикалық пайымдауларға қажетті осындай негіз туралы түсініктерінен айырылып қалды. Осы сәттен бастап олар ізгілік пен зұлымдық туралы абсолютті ұғымдар ретінде ойлай бастады. 1879 жылы қабылданған тәртіпті ұнатпаған, оның үстіне денсаулығын да нашарлатып алған Ницше университет кафедрасынан кетуге мәжбүр болды. Осы сәттен бастап оның өмірі, дімкәс денсаулығына қолайлы тұрғылықты жер іздеу мақсат еткен көшпелі тірлікке айналды. Оған, әсіресе, таулар ұнайтын.
1882 жылы жарық көрген «Көңілді ғылым» еңбегінде ол христиандықты «өмірдің жауы» деп жариялады. Кейінірек бүкіл уақыттың дүркін-дүркін қайталанатын циклдерден тұратыны туралы идеяны дамытты. Ол бұрын болғанның бәрі сөзсіз қайталанады деп пайымдады. Оның бүкіл әлемге арналған жолдауы сияқты болған бұл идея оған аян ретінде келді және «Заратустра осылай деген» туындысында парсылық данышпан Заратустраның өсиеттері түрінде жазылды. Циклдердің мәңгі қайталанатыны, Асқақ адам және құндылықтарды қайта бағалау туралы идеялары баяндалған Ницшенің ең атақты кітабы дәл осы болса керек. Бұл еңбек - оның философиясының даму кезеңдерінің бірі ғана. Кітап декламациялық және көріпкелдік мәнерде жазылған.
1886 жылы жарияланған «Ізгілік пен зұлымдықтың арғы жағында» кітабы - Ницше ойларының байыптырақ үлгісі. Одан кейін өзінің бұрынғы досы Вагнердің өткір сынаған шығармаларын жариялады. Соңғы еңбектері Ницшенің психикасында ауытқу бар екенін байқатты. 1889 жылы ол Базель клиникасына емдеуге жатқызылды, одан шыққан соң Веймарда әпкесімен бірге өмір сүрді. Ол нағыз танымалдылыққа ие болды, бірақ есалаң деп саналды. Ницше 1900 жылы қайтыс болды.
Ойлары Оның көзқарастарын көп адам «ақсүйектік анархизм» деп атады. Ол екі түрлі құндылықтар жүйесін ұстанған: бір жағынан - соғыс, қатыгездік, адамның өзін дәріптеуі; екінші жағынан - философия, поэзия және музыка. Ол өз заманындағы қоғамның саясатына, адамгершілікті және әлеуметтік тіректеріне батыл қарсы шыққан философия профессоры болды. Ницше ұстанымдары этикалық сипатта. Ол адамда белгілі бір тұлғалық қасиеттердің болғаны дұрыс, бірақ оларға аз ғана адам ие бола алады деп санады. Оның пікірінше, көпшіліктің негізгі міндеті - азшылықтың үстемдік құруына қажетті жағдай жасау. Адамдар, оның көзқарасына сәйкес бақытқа немесе жайлы өмірге ұмтылуды көздемеуі тиіс. Нағыз ізгілік парасат та, пайда да әкелмейді: оны ұстанушылар басқалардан оқшауланып, алшақтайды, тәртіпке қарсы келеді және бағыныштыларға зиянын тигізеді. Жоғары деңгейлі тіршілік иелері бағыныштыларға қарсы соғыс жүргізуі тиіс. Ал демократиялық үрдістер - дарынсыздықты қолдау. Дегенмен Ницшенің көзқарасы жоғарыдағыларға құмарлық пен аңсардың жетегінде өмір сүруге болады деген тұжырым емес. Ол спарталық тәртіпке сенді және адам өзгенің жанын қалай ауыртса, өзі де ауруға солай төтеп беруі қажет деп пайымдады. Оның пікірінше, жігердің қуаты - асыл қасиет. Қайғы-қасіретке бой алдыру - әлсіздік. Ол мемлекетке емес, қаһарманға сенді. Ницше әйелдерді жек көрді. Бұл көзқарас оның ақыл-ойынан да, өмір тәжірибесінен де туындамаған. Ол христиандық әрқашан «құлдық сананы» қолдайды деп тұжырымдай отырып, христиандыққа қатысты дұшпандық көңілін айқын көрсетті. Христиандықтың ақиқаттығы немесе жалғандығы туралы пайымдауға ол ешбір қызығушылық танытқан жоқ. Оны жек көрді, өйткені христиандық адамдар арасындағы айқын айырмашылықтардың болуын жоққа шығарды. Жаңа Өсиет, Ницшенің сөзімен айтқанда - «адамдардың ең төменгі түрін» идеалдандыру. Христиандық, философтың түсінігінде, адамның жүрегін баурап, рухын жаншып, қуатын сарқып және ең соңында билікке ұмтылысын жоймақ. Мұның бәрі зиянды. Ол болашақтың адамы - бекзат адам қатыгез және рақымсыз болады, өз бауырларын құрбан етуден қорықпайды деп тұжырымдады. Оның бүкіл өмірі қатаң ережелерге бағынады, зорлық зомбылық жасап, қулық-сұмдықты өмір мәні етеді.
«Заратустра осылай деген» Көптеген оқырмандар «Құдай өлді» деген лепестегі сөзді Ницшенің ең әйгілі сөзі ретінде қабылдайды. XIX ғасырда Германияның тарих сахнасындағы ықпалының артуы және ғылыми ойдың қарқынды дамуымен көптеген неміс ойшылдары дәуіріндегі өзгерістерге үмітпен қарады. Ал ол болса, өз дәуірін құндылықтар түбегейлі дағдарысқа ұшыраған аласапыран кезеңге теңеді. «Заратустра осылай деген» еңбегінде Ницше 30 жасында шөл далаға кетіп қалған Заратустра есімді адамның тарихын баян етеді. Оған шөл даладағы өмір салты ұнағаны сонша, ол жерде ұзақ уақыт ғұмыр кешеді. Кейін жұрт ішіне қайтып келген соң «Құдайдың өлгенін» айтады. Оның тұжырымдауынша ғылымның өркендеуі адамдардың христиандық құндылықтарға мүлдем мән бермеуіне әкелді. Өркениетке ненің ізгі, ненің зұлым екенін анықтап беретін дін тарапынан болатын қуатты ықпал ендігі жерде болмайды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz